Жаңалықтар

Біріксек жеңеміз

Мемлекет басшысы 29 маусым күні мемлекеттік қызметкерлермен және бірқатар облыс, қала әкімдерімен еліміздегі індетті алдын- алу мақсатында бейнеконференция өткізді. Өз сөзінде Президент Қасым- Жомарт Тоқаев уақытында қолданылған шаралар мен карантиндік жүйе ауыр індеттің елімізге дендеп енуіне біраз болса да сеп болғандығын айтты. Дегенмен, карантин жүйесін алып тастау арқылы дерттің 7 есеге өскендігін байқаймыз. Кейір облыстарда ауырған адамдардың қарасы көбейіп, ауруханаларды тіпті орындар мен дәріханаларда арнаулы дәрілердің тапшылығы байқалады. Дерттің өсімі әсіресе, Атырау облысында байқалады, және Алматы қаласында да аурудың ошақтары көбейіп тұр. Осы тұрғыда мемлекет басшысы бірқатар қала әкімдеріне сөгіс жариялап, қайтадан карантиндік жүйені енгізуді ұсынды. Жиындар мен жиналыстарға пайдаланатын қаражатты дәрі- дәрмек пен қажетті құралдарға жұмсауды тапсырды. Отандық телеарналардан арнайы бағдарламалар ұйымдастырып, дәрігерлермен тікелей байланыс орнатып, халықтың сұрақтарына...
Толығырақ... Оқылды: 268 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.06.2020

IMD БАҒАСЫ: КӘСІПКЕРЛЕР ЕКІНШІ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ТӨМЕНДЕГЕНІН АТАП ӨТТІ

Осы айда Халықаралық менеджментті дамыту институтының (Institute for Management Development, Швейцария) әлемдік бәсекеге қабелеттілікті зерттеу орталығы «IMD-2020» жаһандық бәсекеге қабілеттілік рейтингінің нәтижелерін жариялады. Елдің бәсекеге қабілеттілігі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетті бизнес қалыптасатын ортаны жасау және қолдау қабілетімен қабылданады. Қазақстан сауалнама негізінде қалыптасатын және кәсіпкерлердің жемқорлықты қабылдауын көрсететін парақорлық пен жемқорлыққа қарсы іс-қимыл индикаторы бойынша екінші жыл қатарынан өз орнын жақсартты. Биыл бағалауға қатысқан 63 мемлекеттің арасында еліміз 29-дан 27-ге, яғни 2 орынға көтеріліп, 10 баллдың 5,01 баллын алып, орташа әлемдік көрсеткіштен (4,80) асты. Бұл еліміздің осы рейтингке қатысқан кезеңдегі ең жоғары нәтижесі (2018 жылы – 39 орын және 3,43 б.; 2019 жылы – 29 орын және 4,28 б.). Қазақстан бұл талап бойынша Польшадан (28 орын), Израильден (30), Оңтүстік Кореядан (31), Литв...
Толығырақ... Оқылды: 232 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.06.2020

Талдықорғанда карантин кезінде 10 000 маска әлеуметтік кәсіпорында тігілді

2020 жылдың көктемі бәріміз үшін оңай болған жоқ, ол көптеген адамдар үшін нағыз сынақ болды, әсіресе шағын кәсіпорындарға әсер етті. Бірақ уақыт «толқынға ілесіп», ағымдағы жағдайға тез бейімделе алатын адам ғана аман қалатынын көрсетті. «Жігер» мүмкіндігі шектеулі азаматтарды құқықтық және әлеуметтік қорғау жөніндегі Алматы облыстық қоғамдық бірлестігі 2011 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Оның басты бағыты - жұмыссыз әйелдерді жұмысқа орналастыру. Бірлестік базасында тоқыма қайта өңдеу бойынша тігін цехы жұмыс істейді. 2019 жылы қоғамдық бірлестік әлеуметтік кәсіпкерлік жолымен жүруді шешті, «Ескі заттардың жаңа өмірі» жобасын әзірледі және «Әрекет» жобасы аясында «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорынан грант ұтып алды. Грант қаражатына өнеркәсіптік тігін жабдығы сатып алынды, ол жұмыс орындарының санын кеңейтуге мүмкіндік берді. Халықтың әлеуметтік осал топтарынан 12 әйел жұмысқа орналастырылды....
Толығырақ... Оқылды: 241 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.06.2020

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазір той тойлайтын уақыт емес екенін айтты.

«Қазір «тойың тойға ұлассын» дейтін уақыт емес. Технологиядамыған замандасіз қандай да бір себептермен және мақтаныш істермен айналысуды доғару керек.Осындай қауіпті пандемия кезінде тіпті біздің кейбір азаматтар маған хат жазып, тойды өткізуге мүмкіндік беруімді сұрайды. Біз қиын күрес кезеңінде тұрмыз. Сондықтан еңбек өмір салты мен басты міндетімізге айналуы керек. Біз енді саналы түрде ойлауымыз керек, той туралы ойламауымыз керек. Бұл ақыл, ғылым, білім және еңбек дәуірі», - деді ол. Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы сіздің мақалада көтерген мәселелер өте маңызды тақырыптардың бірі екені сөзсіз. Әсіресе ана тілі туралы ойыңыз. Халқымыз «Ана тілін білмеген ақылы жоқ желікбас» деп бекер айтпаса керек. Ана тілінің қадір-қасиеті кез келген қоғамда өзектілікті жоғалтқан емес. Ұлт болып қалыптасумыздың ең қажет аспектісінің бірі тіл болса, сол тілімізді дамыту, орынды қолдану, атадан балаға қалған аманат ретінде қабылдауды санасына сіңірсек ешқашан...
Толығырақ... Оқылды: 272 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.06.2020

ПРЕЗИДЕНТІМІЗДІҢ АЙТҚАНДАРЫ КӨҢІЛ ҚУАНТАДЫ!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген «Қазақ халқының тағдыры тарих таразысында тұр» атты сұхбатында халықаралық қоғамдастықтың алдында кемшін ұлт ретінде көрінбеу үшін қандай қадамдар жасау керек екендігін тізбектеп берді. Соның ішінде ең бастысы мемлекеттік қызметке қазақ тілін жетік білетіндер тағайындалуы керек, тілге деген қажеттілікті арттырған жөн деуі қуантады. Сонымен қатар, еліміздің әлеуметтік және экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етіп, халықтың табысын сақтау үшін де арнайы шаралар қабылдап жатыр. Тағы бір айта кетер жәйт дәл қазір cоvid19 үдеп тұр. Той деген пандемияны шарықтататыны анық. Сондықтан той асабасы, әншілер халықтың тарапынан шақырылған болса саналы түрде бас тарту керек. Денсаулығымызды ең алғашқы орынға қойсақ, індетті де азайтатыныз анық қой. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, халық болып осы мәлімдемедегі Президент айтқан талаптар мен қарапайым ережелерді бұлжытпай орындап, қатерден аман шы...
Толығырақ... Оқылды: 219 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.06.2020

Пневмонияны анықтаудың оңай жолдары

Елімізде соңғы күндері өкпе дертінен ажал құшқандардың саны артып кетті. Тәулік сайын пневмония диагнозы қойылған науқастардың да көрсеткіші көбейіп жатыр. Еліміздегі барлық өңірлердегі ахуал қиын. Сонымен, елімізде соңғы күндері көп айтылып жатқан пневмония дертін қалай анықтап, алдын алуға болады? Пневмонияның басты себебі ретінде пневмококкты инфекцияны айтып жатады, ал пневмококк оның қоздырғышы болып саналады. Өкпе тіні қабынуынан пневмония туындайды, қабыну өз кезегінде альвеолаларды қоздырып, ондағы қабыну сұйықтығын дамытады екен. Дертке шалдыққаныңызды дене температурасының көтерілуінен, кеуденің ауырып, қақырығы мол жөтелдің пайда болғанынан білуге болады. Ал А типті пневмонияда құрғақ жөтел, бастың ауырып, тамақтың қышынуы, әлсіздікті байқайсыз. Пневмония бар-жоғын флюорографиядан өту арқылы біледі, яки өкпені рентгенографиядан өткізу керек. Ілгеріде айтып кеткен белгілерге қарап, пневмонияның тұмау деп ойлап қателесетіндер көптеп кездеседі. Сол сияқты қазіргі кезде бұ...
Толығырақ... Оқылды: 63 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 25.06.2020

Коронавирус диагнозынан қорықпау қажет

Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Коронавирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу» тақыры бында баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мен еліміздің жетекші инфекционист дәрігері Динагүл Баешева қатысты. Шара барысында Бас санитарлық дəрігер еліміздегі коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында коронавирустық инфекцияның эпидемиялық жағдайы туралы баяндады. «Бүгінде республикада 28 856 жағдай тіркелген. Оның ішінде 18 231 симптомы бар жəне 10 625 симптомсыз жағдай. Өткен аптада 7 840 жағдай тіркелген. Оның ішінде 2 923 симптомы бар (37%), 4 917 симптомсыз (63%). Алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттану 1,4 есеге өскен. Сегіз аймақта – Ақмола, Қостанай, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында өткен аптамен салыстырғанда сырқаттану 2 еседен 6 есеге дейін өсті. Бес аймақта – Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары, Нұ...
Толығырақ... Оқылды: 73 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 25.06.2020

Бүгінгі талап – білім беруді жаңғырту

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал, жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында», - деп жас ұрпақ пен ұстаздарға үлкен сенім мен зор жауапкершілік артқан болатын. Бір ғана қазақ халқы емес, бүкіл әлемді әбігерге салған пандемия жағдайында білім саласында бірқатар өзгерістер орын алғаны белгілі. Осындай қиын заманда цифрландыру аясында оқушыларымыз қашықтықтан оқуға мәжбүр болды. Ұстаздар да сын сағатта тығырықтан жол таба білді. Бұл жағдайда ата – аналардың да еңбегі ерлікке бағаланады. Ауданда 41білім беру мекемесі жұмыс жасайды. Оның ішінде 25 мектеп, 14 мемлекеттік және 1 жеке балабақша, 1 қосымша білім беру мекемесі. Ауданның 980 мұғалімі 7438 оқушыға білім береді.Пандемия кезінде 50 мұғалімге мектептерден уақытша қолдануға компьютер, моноблок, ноутбук берілді. 1 мұғалімге Қазтелеком АҚ арқылы интернет жүргізілді. Биылғы жылы мектепті 319 түлек бітірді, оның 22 «Алтын бе...
Толығырақ... Оқылды: 81 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 25.06.2020

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ 2020 ЖЫЛДЫҢ 5 АЙЫНДА ЖЕДЕЛ-ТЕРГЕУ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

Ағымдағы жылдың 5 айында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментімен 105 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді, оның 70%-і немесе 75-і сыбайлас жемқорлық болып табылады. Ауырлық дәрежесі бойынша сыбайлас жемқорлық қылмыстар көбінесе ауыр және аса ауыр қылмыстар ретінде сараланады, оларға 65% немесе 68 қылмыс келеді. Жедел-тергеу тәжірибесіне талдау көрсеткендей, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың үлесі көбінесе парақорлықпен байланысты (Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 366, 367,368 баптары бойынша), оларға әрбір екінші тіркелген қылмыс 56% немесе 42 қылмыс келеді, 18,7% немесе 14 - лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану фактілеріне келеді, 3% немесе 2 - сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету, 6,7% алаяқтық немесе 5, билікті асыра пайдалану 8% немесе 6. Есептік кезеңде (2020 жылдың 5 айында) сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке 42 адам тартылды, оның ішінде әртүрлі деңгейдегі 18 бірінші басшылар. Қ...
Толығырақ... Оқылды: 64 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 25.06.2020

ӘСКЕРГЕ БАРУ – ТАЛАП ПА, ТАҢДАУ МА?

Қазақ халқының тәрбие жүйесінде жас ұрпақты, қоғам мүшелерін Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп, қалыптастыру жетекші орын алады. Өйткені, Отан, халық, ел, жер деген ұғым өте ауқымды. Бұған шын мәнінде адамның бүкіл болмысының қатысы бар. Өзінің бүкіл халық болып, мемлекет болып құрылу тарихында талай тар жол, тайғақ кешулерді, басынан кешіріп үнемі шапқыншылардың шабуылына төтеп берумен өмірін өткізген халқымыз елді, жерді қорғаудың қадірін ерте түсініп, баласын ана сүтімен бірге Отанын сүюге және қорғауға тәрбиелеген. Егемен елдің болашағы жастардың қолында екенін ескерсек, бүгінгі өр ұландар туған жердің ертеңіне алаңдап, аянбай тер төгуі қажет. Әлемдік аренада мемлекеттің мықтылығы ғылым, спорт, мәдениет және экономикада ғана емес, сонымен қатар абырой мен айбынды асыратын әскер құрамының да орны бөлек. Себебі мемлекеттің беріктігі мен халықтың тыныштығын күзететін қорғаныс күштерінің мықтылығы өте маңызды. Алайда соңғы уақы...
Толығырақ... Оқылды: 110 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 25.06.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.