СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА

Бүгінгі талап – білім беруді жаңғырту

Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА
Уақыты: 25.06.2020
Оқылды: 80 Печать страницы
Бүгінгі талап – білім беруді жаңғырту

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал, жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында», - деп жас ұрпақ пен ұстаздарға үлкен сенім мен зор жауапкершілік артқан болатын. Бір ғана қазақ халқы емес, бүкіл әлемді әбігерге салған пандемия жағдайында білім саласында бірқатар өзгерістер орын алғаны белгілі. Осындай қиын заманда цифрландыру аясында оқушыларымыз қашықтықтан оқуға мәжбүр болды. Ұстаздар да сын сағатта тығырықтан жол таба білді. Бұл жағдайда ата – аналардың да еңбегі ерлікке бағаланады.
Ауданда 41білім беру мекемесі жұмыс жасайды. Оның ішінде 25 мектеп, 14 мемлекеттік және 1 жеке балабақша, 1 қосымша білім беру мекемесі.
Ауданның 980 мұғалімі 7438 оқушыға білім береді.Пандемия кезінде 50 мұғалімге мектептерден уақытша қолдануға компьютер, моноблок, ноутбук берілді. 1 мұғалімге Қазтелеком АҚ арқылы интернет жүргізілді.
Биылғы жылы мектепті 319 түлек бітірді, оның 22 «Алтын белгі» белгісінің, 26 «Үздік аттестат» иегері болды.
2020 жылғы 25 мамырда ауданның барлық мектептерінде онлайн режимінде «Соңғы қоңырау» мерекесі аталды. 3-4 маусым күндері ҚР Білім және ғылым министрлігі «Соңғы қоңырау» өткізу тұжырымдамасына сәйкес, 11- сынып түлектеріне арналған аттестат тапсыру салтанатты жиыны өтіп, мектептер қауіпсіздік шараларын қатаң сақтады. Бұл күн 11 жыл бойы тәрбие мен білім нәрін бойына құйып, балалық шағын алаңсыз өткізген жас түлектердің алтын ұя мектебімен қоштасу күні болды.
ҰБТ тапсыруға 262 түлек өтініш беріп, тіркелді. ҰБТ тапсыру 2020 жылғы 20 маусым – 5 шілде аралығына жоспарланып отыр.
Оқу жылының аяғында аудан мектептеріндегі орташа білім сапасы –65,6%.  Мектепті 1678 оқу үздігі, 3201 оқу екпіндісі аяқтады.  
Аудан оқушылары көптеген байқауларға қатысып, үздіктер қатарынан көрінді.  Республикалық «Жыр алыбы - Жамбыл»  тақырыбындағы жас  ақындар айтысының облыстық іріктеу кезеңінен өткен Мұқаншы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Жансая Қанат жас ақындар айтысында грамотамен марапатталды. Б.Бекмаханов атындағы II Республикалық тарих пәні олимпиадасынан Мұсабек атындағы ОМ және М.Құрманов атындағы № 2 ОМ  «Үздік ұжым» номинациясымен және кубогімен марапатталды. А.Байтұрсынов атындағы IV Республикалық қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасында Жетіжал ОМ «Үздік ұжым» номинациясымен және кубогімен марапатталды. «Ұлттық код. Тарихи сана. Ұлттық бірегейлік» - республикалық сырттай практикалық конференциясында Б.Құндақбаева атындағы  № 1 орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Қ.Байсов, Мұқаншы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі С.Байдолдина Алғыс хат және сертификаттармен марапатталды.
Қазіргі заманауи білім беруде әр оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгерген ұстаздар. Жұқтыру қаупіне, барлық қиындықтарға қарамастан үздіксіз оқу үрдісін ұйымдастырғаны үшін аудан ұстаздарына алғыс айтамын.
Аудан оқушыларына жазғы демалысты жақсы өткізіп, келесі оқу жылында амандықпен келулеріне тілектеспін.
Жаңа оқу жылымыз жаңалықтарға толы болсын!

Тлеумұрат СЕЙТНИЯЗОВ,
 аудандық білім
 бөлімінің басшысы

 

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.