Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында «Коронавирустық инфекцияны диагностикалау және емдеу» тақыры бында баспасөз мәслихаты өтті. Жиынға Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мен еліміздің жетекші инфекционист дәрігері Динагүл Баешева қатысты.
Шара барысында Бас санитарлық дəрігер еліміздегі коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында коронавирустық инфекцияның эпидемиялық жағдайы туралы баяндады. «Бүгінде республикада 28 856 жағдай тіркелген. Оның ішінде 18 231 симптомы бар жəне 10 625 симптомсыз жағдай. Өткен аптада 7 840 жағдай тіркелген. Оның ішінде 2 923 симптомы бар (37%), 4 917 симптомсыз (63%). Алдыңғы аптамен салыстырғанда сырқаттану 1,4 есеге өскен. Сегіз аймақта – Ақмола, Қостанай, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында өткен аптамен салыстырғанда сырқаттану 2 еседен 6 есеге дейін өсті. Бес аймақта – Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары, Нұр-Сұлтан қаласында сырқаттану 20 пайыздан 50 пайызға дейін өсті. Қалған 4 аймақта Алматы, Шымкент қалалары, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында аурудың өсуі байқалмады. Жалпы, жағдайдың 37 пайызы байланыста болған адамдар арасында тіркелген. 38 пайызы профилактикалық тексеру кезінде анықталған. 25 пайызы жіті респираторлық вирустық инфекциямен ауыратын пациенттердің арасында. Өткен тəулікте елімізде сырқаттанудың 499 жаңа жағдайы тіркелді. 816 симптомсыз вирус тасымалдаушы тіркелді. 127 науқас қайтыс болды. 11 158 адам емделіп шықты. Бір тəулік ішінде 261 адам емделді. 17 571 науқас емін жалғастыруда. Оның ішінде стационарда 8 229, амбулаториялық бақылауда 9 342 адам бар. Жұмыста, отбасында жəне қоғамдық ортада вирус жұқтырғандармен байланыс қаншалықты көп болса, вирустың таралу деңгейі де соншалықты тез болады», - деді А.Есмағамбетова. Сонымен қатар ол ПТР-тестілеулерге қатысты да пікір білдіріп, наурыз айында елімізде небəрі 34 зертханада 12 мыңға дейін зерттеу жүргізген болса, бүгінде зертханалар саны 56-ға жетіп, күніне 30 мыңға жуық зерттеу жүргізіліп жатқанын, наурыз айынан бері елімізде 1 400 000 зерттеу жасалғаны, оның 80%-ы қоғамның тиісті мүшелеріне тегін өткізілгенін атап өтті. «ПТР-тест – бұл диагностикалық тест. Яғни қандай да бір көрсеткіштер аясында жасалатын тест. Бұл көрсеткіштер клиникалық жəне эпидемиялық болып бөлінеді. Клиникалық көрсеткіштер – ағзада коронавирус инфекциясы барын жоққа шығармайтын ауру симптомдары бар адамдарға арналған тест. Бұл тест дəрігердің бағыттауымен өткізілуі шарт. Эпидемиялық көрсеткіштер – бұл эпидемиялық көрсеткіштер бойынша тест тапсыруға жататын адамдар тобына арналған. Яғни ең алдымен, коронавирус инфекциясы бар науқаспен жақын байланыста болғандар. Бұл көрсеткішті эпидемиолог дəрігер анықтайды. Қазіргі таңда мемлекеттік жəне жекеменшік секторындағы жұмыс берушілер іссапардан немесе кезекті еңбек демалысынан келген жұмысшылардан ПТР-тестлеуден өтуін талап етеді. Осы жерде жұмыс берушілерге айтарымыз, егер сіздің кəсіпорныңыз ашық болса, бұл талап сіздің ұжымыңызды вирустың енуінен қорғамайды. Яғни жұмыскерлер мекемеге таңда келіп, кешке қайтып, күнделікті жұмыс режимімен жүреді. Ол жұмыстан шыққаннан кейін қоғамдық көлікке отырады, қоғамдық ортаға барады, достарымен кездеседі, қандай да бір қызметтер алады. Демек, вирус жұқтырып алу тəуекелі басым. Ал жұмыс берушінің ПТР-тест талап етуі зертханалық орталықтарға қосымша жүктеме туғызып, нағыз тест тапсыруы керек адамдардың тестке деген қол жетімділігіне кедергі келтіріп отыр. Сондықтан тестілеуден өтуі керек адамдар ғана тест тапсыруы қажет, - деді А.Есмағамбетова. Жетекші инфекционист дəрігер Динагүл Баешева коронавирустың да басқа жұқпалы аурулар сияқты əртүрлі дəрежесімен деңгейі бар екенін атап өтті. «Вирус адам ағзасына кіргеннен кейін инкубациялық кезеңі басталады. Бұл дегеніміз – вирустың көбею уақыты. Ол кезең 14 күнге дейін созылады. Сол себепті ауырған адам 14 күнге дейін оқшаулануы керек деген ұстаным осымен байланысты. Негізінен, коронавирус диагнозы қойылды дегеннен шошымау керек. Себебі бұл вирус тұмау сияқты тарап кетті, одан қорқудың қажеті жоқ. Дерттен жазылып шығу үшін тиісті шараларды орындау керек. Яғни, ең алдымен, оқшаулану, санитарлық гигиеналық талаптарды орындап, бөлмені жиі желдетіп, дезинфекция жасап отырсаңыз, соның өзі сізге үлкен көмек болады. Ал егер дене қызуыңыз көтерілсе демек, сіздің вирусқа қарсы тұратын күшіңіз бар деген сөз. Алғашқы үш күнде температура көтерілуі мүмкін. Дене қызуын ағза көтере алуы үшін күш керек демек, дұрыс тамақтану қажет. Рационның нəрлі болуын қадағалап отырыңыз. Температураны елемей, өзге де істермен айналысуға болмайды, вируспен күресу жайын ойлау керек. Ауруды асқындырып алмау жағын ойласаңыз, аман-есен жазылып шығасыз», - деді ол. Сонымен қатар Д.Баешева вирус 60 жастан асқан адамдарға қауіпті екенін ескертіп, сақтық шараларына салғырт қарамауға шақырды. «Əсіресе қосымша созылмалы аурулары бар адамдар, яғни жүрек ауруы, өкпе, бауыр, бүйректің созылмалы ауруы, артық салмақ жəне қант диабеті бар адамдар денсаулығына мұқият болу қажет. Бұл аурудың тағы бір ерекшелігі – оның көзге көрінбейтін клиникасы бары. Егер қандай да бір жақыныңыз немесе танысыңыз «бір апта болды, ентікпе пайда болды, шаршап қаламын» деген болса, міндетті түрде дəрігер шақырыңыз. Қазір ауырып жатқан адам көп, қоңырау шалғанда жедел жəрдем қызметіне бірден түсе алмауыңыз мүмкін. Сонда да түсіністік танытып, қайта хабарласыңыз немесе өзіңіздің учаскелік дəрігеріңізге ауру белгілерін айтыңыз», - деді дəрігер. Сондай-ақ ол коронавирусты емдеуде гидроксихлорохинді қалай пайдалану керегін айтты. «Науқасқа қауіп-қатер мен пайдасын ескере отырып, оны 5 күн бойы пайдаланады. Бүгінде еліміздің клиникалық хаттамасының тоғызыншы редакциясы бар. Бұл хаттамалар емдеуді білмейтіндіктен емес, жаңа ақпаратты алуға байланысты өзгереді жəне бұл аурудың əртүрлі патогенезі бар екенін көреміз. Гидроксихлорохинге қатысты халықаралық тəжірибемен ғана шектеліп қалмаймыз. Бізде жақсы тəжірибе бар. Міне, вирусқа қарсы басқа препараттары жоқ кейбір емделушілерге қолдану (тəжірибе) гидроксихлорохиннің вирусқа қарсы жақсы əрекет ететінін көрсетті. Сондықтан біз оны қатарынан емес, клиникалық-зертханалық көрсеткіштердің ауырлығын ескере отырып пайдаланамыз. Еуропада да, АҚШ-та да кеңінен қолданылады. Оның өліммен аяқталуы жоқ екендігі дəлелденді. Бірақ коморбидтік ауыр науқастар гидроксихлорохинді қолданғаннан өлді. Сондықтан көптеген басқа ұсыныстар бар. Науқас үшін қауіп-қатер мен пайданы ескере отырып, оны 5 күн бойы пайдаланамыз. Біз жеткілікті жақсы нəтижелерді көріп отырмыз, сондықтан оны қолданамыз», - деді Д.Баешева.
egemen.kz
