Жаңалықтар

Бәріне үлгеру үшін…

Нақтылықтың болмауы өмірде кедергі жасайды. Ол көп істің уақытында жасалмауына әкеліп, соның салдарынан жұмыста немесе сабақта бітпеген жұмыс көбейе береді. Ал ол уайымға және күйзеліске әкеледі. Сондықтан уақытында бәріне үлгерудің денсаулыққа да пайдасы бар. Неден бастау қажет? Бәріне үлгеру үшін ми белсенді жұмыс істеуі керек. • Ол үшін алдымен ұйқыны қандыру керек. Ересек адам қалыпты түрде тәулігіне 7-8 сағат ұйықтауы қажет. • Дұрыс тамақтануды бастаңыз. Нақты тәртіп пен дұрыс тағам ағзаны қажетті ресурспен қамтамасыз етеді. • Спортпен айналысыңыз. Күні бойына қуат сыйлайтын таңғы жаттығудан бастап, берік иммунитетті қамтамасыз ететін машықтандыруға дейін ағзаға пайдасы зор. Кедергілерді жоюға көмектесетін кеңестер: Уақытты жоспарлаңыз. Өзіңізді болашаққа әрі жақын уақытқа жоспар құрып жүруге үйретіңіз. Күнде кешкілік ертеңгі күнді жоспарлауға арналған уақыт бөліңіз. Түрлі түсті қаламмен істің маңыздылығына қарай бөліп жазыңыз. Орындалған істерд...
Толығырақ... Оқылды: 334 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 29.05.2019

Адам өмір бойы 20 килограмм шаң жұтады

Сіздің алдыңызда мың құбылған әлем тұр. Сіз сол әлемнің кішкене бір бөлшегісіз. Көбелек қанат қағып үлгергенше әлемде миллиондаған өзгерістер орын алады. Біздің білетініміз тоғыз болса, білмейтініміз тоқсан тоғыз екені айдан анық. Біз сіздерге сіз білмейтін қызықты деректерді ұсынамыз. Автомобиль саны адам санынан 3 есе тез көбейіп келеді. Күлгенде 17, қабақ түюгенде 43 бұлшықет қимылдайды. Сіріңке көлеміндей келетін алтынды үлкен тенис алаңы көлеміндей етіп созуға болады. Таңертеңгісін алма жеу кофеге қарағандаұйқынытез ашады. Адам өмір бойы 20 килограмм шаң жұтады. Жердің тартылыс күші болмаған жерде, шамның оты шеңбер тәрізді болады. Қол тырнақтары аяқ тырнақтарынан 4 есе тез өседі. 60 жаста адамдардың дәм сезу қабілеті 50% азаяды. Ғарышта тартылыс күші болмағандықтан астроновтар жыласа да, жасы төменге түспейді.
Толығырақ... Оқылды: 326 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 29.05.2019

«Алтын таяқша» және «Кестелі орамал» байқауы өз мәресіне жетті

Алматы облысында Бикен Римова атындағы драма театрда Мұқан Төлебаев атындағы V Халықаралық «Алтын таяқша» дирижерлер, «Кестелі орамал» вокалистер байқауы өз мәресіне жетіп, салтанатты гала-концерт өтті. Дәстүрге айналған рухани шараны Алматы облысы әкімдігі, Алматы облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы және облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырды. Шараға екі аталым бойынша 52 вокалист,30 дирижер қатысып, 22 мамыр күнгі іріктеу турына 21 вокалист, 17 дирижер өткен болатын. 23 мамыр күні ақтық сынға 11 вокалист, 10 дирижербақтарын сынады. Осылайша, дирижерлар байқауы бойынша лауреат атанып, бас жүлдені Нұр-Сұлтан қаласынан келген Руслан Баймурзин жеңіп алды. Ал, вокал номинациясы бойынша қызылордалық дарын иесі Азат Мәліктің алдына түсер ешкім болған жоқ. Дирижерлер арасында арнайы жүлдемен (20 000 теңгені) Алматы облысынан Жексембаев Самат, Астана қаласынан Сарыбай Берік пен Атырау облысынан Джумашева Сая жеңіп алды. Дәл осы...
Толығырақ... Оқылды: 410 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.05.2019

Жүректің тоқтап қалуына әкелетін 11 себеп

Салмағы 300 грамм жүрек тәулігіне 10000 литр қан айдайды Дәл қазір Қазақстанда бір жарым миллион адам жүрек және қан тамыры дерті диагнозымен тіркеуде тұр. Осыдан біршама уақыт бұрын Түркістан облысында 30 жастағы апталдай азамат күтпеген жерден қайтыс болды, оның ажалы жүректің кенет тоқтап қалуынан келген. Ол бұрын-соңды жүрегі ауыратыны жөнінде жан баласына шағымданбапты. Сол себепті, тіркеуде де тұрмаған. Осы секілді оқиғалардың көп кездесетінін жақсы білеміз. Жалпы, жыл сайын әлем бойынша әр түрлі жастағы 18 миллион адам жүрек дертінен о дүниеге аттанады. Егер алдын ала шаралар қолданып, дәрігерге көрінсе сол көрсеткішке азды-кемді өзгеріс енгізуге болар ма еді? Өкінішке қарай, жүрек ауруын уақытында білу қиындық туғызады. Себебі, ол жеңіл-желпі ауырсынудың астарында жасырына біледі. Жүрек ауруына жол сілтейтін, сіз елемей жүрген бірнеше себептер тізіміне көз жүгіртіп шығалық. КардиологМейрам Ахметовәсіресе, жасы 60-тан асқан егде кісілер, артық салмағы бар, сондай-ақ д...
Толығырақ... Оқылды: 767 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 28.05.2019

YouTubeдегі балаларға арналған 6 канал

Қазір ақпарат заманы дегенді көп естіп, көп айтып жатамыз. Ақпаратпен күнделікті өмірде жиі ұшырасамыз. Ол әрине, қолымыздағы түрлі гаджетердің арқасы. Тіпті, газет оқып, теледидар қарауды да азайттық. Азайттық дегеніміз өтірік болып кетеді-ау осы. «Қойып кеттік» десек те болатындай. «Заманына қарай адамы» деген мақал бар. «Балаларымыз осы заманға лайық па?» деп сұрамас бұрын «Балаларға заманына лайықты не беріп жүрміз?» деген сұраққа жауап іздеген жөн-ау. Ата-ана ретінде балаларымыздың не көріп, не тыңдап жүргенін қадағалай аламыз ба? Иә, әуелгіде баланы «Балапан» арнасымен алдауға болатын шығар. Бірақ, ол балалар үшін аздық етуде. Балаларымыз «Балапанға» дейін немесе «Балапаннан» кейін не көруі керек? «Осы тыныш отырса болды» деп баласының қолына планшет бере салатын қатарластарымыз көп. «Балам түстерді орысша айтады. Балам сандарды орысша санайды» деп шағымданатын ата-анала...
Толығырақ... Оқылды: 459 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 28.05.2019

Қазақ ырым етеді, ырымы қырын кетеді

Жағыңа таянба, бүйіріңді таянба, тізеңді құшақтама, аяғыңды айқастырып отырма... Қазақтың ырым-тыйымдары соншалық көп, тіпті кейде "сонда қалай өмір сүру керек өзі?!" деп күйіп кетеміз. Олардың түп төркіні қайдан шығады? Мағынасы не? Дастархандағы нан қиқымдарын, басқа да қалдықтарды пышақтың жүзімен жинауға болмайды. Оның себебі мынада екен. Дастархандағы қалдықты пышақ жүзімен жинаған адамның ғұмыры қысқа болады-мыс. Егер, адам бұл ырымды білмесе ештеңе етпейді. Біле тұра, ести тұра әрекетін жалғастыра берсе бұл ырым қырын кетпеген деседі... «Ас атасы – нан»деп жатамыз. «Биіктегі нанға қолың жетпесе, табаныңның астына басқа қоятын ештеңе табылмаса, Құран кітабын қойып алуға болады» деп үлкендер айтып отыратын. Әрине, қазақ үшін Құран кітабы да қадірлі, дегенмен «ораза, намаз тоқтықта» дегендей ата-бабаларымыз нанға деген құрметін білдірсе керек.«Нанды бір қолмен үзуге болмайды»деген де осы құрметтен шыққан тыйым. Қ...
Толығырақ... Оқылды: 635 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 28.05.2019

Соғымбасы немесе түйімшілік

Ет жемесек тісіміз қышитын халықпыз ғой. Жаздай қой-ешкі тәрізді ұсақ малымыздың етін жеп, «күздік» деген сылтаумен қазан-қараша айларында алдын ала белгіленген ірі қарамыздың бірін сойып тастаймыз. Желтоқсанның екінші жартысына ауа бере қаладағы қазақтар амандықтан соң «Соғым сойдың ба? Соғымға не соясың?» деген сұрақтарды автоматты түрде қалай қойғандарын білмей қалады. Сонымен, соғым деген не? «Қыс азығын жаз қамдайтын» ауыл қазақтары соғымға соятын малды күні бұрын белгілеп, жаздың соңында-ақ не соятынын шешіп қояды. Соғымға төрт түлік малдың ішінен сиыр, түйе және жылқы малын союға болады. Еліміздің әр аймағы өмір сүру салтына байланысты соғымға әр түрлі малды таңдайды. Батыс Қазақстан жағында жылқымен қатар түйе соятындар болса, арқа өңірінде тек қана жылқы сояды. Жылқы союға жағдайы келмегендер ту сиыр сояды. Арқа қазағы бір жылқыны бір отбасыға арнап сойса, оңтүстік өңірлерде бір жылқының етін бірнеше адам жіліктеп, бөліп алу салты көп кез...
Толығырақ... Оқылды: 666 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 28.05.2019

Іле ауданының құрылыс бөліміне тексеру жұмысы жүргізіліп, нәтижесі анықталды

Алматы облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті «Іле ауданының құрылыс бөлімі» ММ-де сәйкестікті тексеру жүргізіліп, нәтижесі бойынша келесі бұзушылықтар анықталды. Құрылыс алаңын көрнекі тексеру кезінде, тек шұңқыр қазылып, ал жұмысты аяқтау актісі бойынша сатып алынған материалдар құрылыс алаңында жоқ екендігі анықталған. Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының Бюджеттік Кодексінің 97 бабының 6 тармағының және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету» ережесінің 238,243 тармақтарының талаптарын бұза отырып, аудит объектісі «Байқоңыр» ЖШС-не құрылыс объектісі бойынша атқарылмаған жұмыстары үшін 49 413 970 теңге сомасында төлем жасаған. Осы негізде Қазақстан Републикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 5 бабының 2 тармағының 3 тармақшасына сәйкес, «Іле ауданының құрылыс бөлім» ММ-не, «Байқоңыр» ЖШС-не (мердігер) және «Музтау» ЖШС – не (техбақыл...
Толығырақ... Оқылды: 404 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.05.2019

Талдықорғандағы көп қабатты үй құрылысына тексеріс жүргізілді

Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті " Талдықорған қаласы Абылайхан көшесіндегі төрт 2 қабатты тұрғын үйге жылумен жабдықтау желілерінің құрылысын жан жақты сараптап шықты. Жүргізілген аудит нәтижелері бойынша бөлімде келесі бұзушылықтар анықталды: Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 97-бабының 6-тармағын және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету Ережесінің 238,243-тармақтарын бұза отырып, бөліммен «Алматы облысы Талдықорған қаласының Абылайхан көшесіндегі төрт 2 қабатты тұрғын үйге жылумен жабдықтау желілерінің құрылысы» объектісі бойынша орындалмаған жұмыстар үшін 1 163,8 мың теңге төлем жүргізілген, аталған сома аудит жүргізу барысында мердігер тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау арқылы қалпына келтірілген.
Толығырақ... Оқылды: 338 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.05.2019

ҰБТ - 2019

20 маусым мен 5 шілде аралығында ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. ҰБТ-ның негізгі шарттары туралы Sputnik Қазақстан дерекқорынан оқыңыз Мектеп түлектері үшін соңғы қоңырау соғылды. Енді, аттестат алу үшін емтихан тапсыру қажет. Ал 20 маусымда ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. Ұпай саны қалай есептеледі? Биыл тест тапсырмалары 30 процентке жаңартылды. Талапкер бұрынғыдай үш негізгі пән – Қазақстан тарихы, математика және оқу сауаттылығын тапсырады. Бұдан бөлек, екі салалық пән бар. Оны талапкер өзі таңдайды. Бес пән бойынша 120 тапсырма бар. Алайда 140 ұпай жинауға болады. Өйткені кейбір тапсырмаларда бірнеше дұрыс жауап болады. Мәселен, екі салалық пәннің 30 тапсырмасы бар. Соның ішінде 20 тапсырмада 1 ғана дұрыс жауап берілсе, 10 тапсырмада бірнеше дұрыс жауапты табу қажет. Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыруға 3 сағат 50 минут беріледі. Қанша ұпай жинау керек? Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін тестілеуден, кем дегенде, 65 балл жинау керек. Ал...
Толығырақ... Оқылды: 443 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 28.05.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.