Жаңалықтар

Сенбілік жұмыстары жалғасуда

Алматы облысы 2018 жылы 1 наурызындағы «Облыс елді мекендерін санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру көктемгі-күзгі айлықтарын өткізу туралы» №87 қаулысына сәйкес, Көксу ауданында аудан әкімінің 2018 жылғы 12 наурыздағы №82 өкімімен «Елді мекендерінде көктемгі-күзгі санитарлық тазарту, көркейту, көгалдандыру айлығын өткізу туралы» жарияланып, тазалық айлығын өткізу жөніндегі штаб құрылды және іс-шаралар жоспары бекітілді. Аудан аумағында 34 елді мекен орналасқан. Елді мекендердегі бүгінгі күнге 25 көше күл-қоқыстан тазартылды. Аудан бойынша 8456 аула бар, оның ішінде 1210 ауласы тазаланды. Арық жүйелерінің 25 км; автомобиль жолдары жағаларының 27 км. жері тазаланды. Тазалық жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында бүгінгі таңға дейін 10 ауылдық округтерден 763 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы күл-қоқыс төгетін полигондарға шығарылды. Сәуір айының 4 күні Ақшатоған ауылына барар жол бойы тазаланды, оған мемлекеттік және бюджеттік мекемелерден шамаме...
Толығырақ... Оқылды: 653 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.04.2018

МАЛЫ ҚОҢДЫ – ӨРІСІ ТӨЛДІ

«Мал өсірсең қой өсір, пайдасы оның көл көсір» деп аманат еткен ата-баба кәсібі өңірде жанданып келеді. Сөзіміздің айқын көрінісі, биыл облыс шопандары сақманға 1,5 млн. саулықпен кіріп отыр. Қазірдің өзінде төл саны 300 мың бастан асқан. Бұл мал төлдету науқанының қыза бастаған тұсы. Қазір Көксу ауданының Лабасы ауылдық округіне қарасты «Шаңырақ» серіктестігінде де малшы өмірінің нағыз қарбалас сәті басталды. Биыл аталған серіктестік бес мыңнан астам саулық қойдан төл алуды жоспарлаған. Тұп-тура тоғыз отар өргізген ұжым бұл. Тоқтысы ойнақтап, қозысы туатын осы бір бұйра-бұйра құмның да қасиеті бөлек. Соның арқасында мал да қоңды. Қора төңірегіндегі төбе-төбенің етегінде төлдеп қалған қойдың да саны көбейді. Бірер күнде мұнда жаппай төлдеу басталмақ. Осы орайда биыл қыс жайлы болғанын, малшылардың қыс қырынан қысылмай шыққанын тілге тиек еткен аға шопан Бауыржан Жақыпов: – Нағыз қарбалас шақ енді басталады. Біз төл алып, бағып-күтуден шаршамаймыз. Тек со...
Толығырақ... Оқылды: 625 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.04.2018

Сайлау өтті

Сәуір айының 10-ы күні Еңбекші ауылдық округі әкімі лауазымына сайлау өтті. Көксу аудандық сайлау комиссиясының ұйымдастыруымен өткен сайлауға аудандағы мәслихат депутаттарының-таңдаушылардың барлығы қатысып, өз таңдауларын жасады. Жиынды аудандық мәслихат хатшысы Әлдибек Досымбеков ашып, дауыс беру барысын түсіндіру үшін сөзді аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Ғани Ағыбаевқа берді. Айта кетейік, өткен жұмада Еңбекші ауылдық округінің әкімі лауазымына үміткерлер Асқар Алпысбаев, Төлеген Қожабеков және Санат Шаухаров аудандық мәслихаттың депутаттарымен, яғни таңдаушыларымен кездесу өткізген болатын. Кездесу барысында үміткерлердің әрқайсысы өз сайлауалды бағдарламаларымен таныстырып, округтегі келелі мәселелер және оларды шешу жолдары жөнінде өздерінің пікірлерін білдірген еді. Аудандық мәслихат депутаттары– таңдаушылары мен округ әкімі лауазымына үміткерлер арасындағы әңгіме округке қарасты елді мекендердегі санитарлық тазалық, көше жарығы, ауылішілік жолдар, көгалдандыру-а...
Толығырақ... Оқылды: 656 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.04.2018

Тазалық сенбіліктері өтуде

Өткен аптада аудан әкімінің 2018 жылғы 12 наурыздағы №82 өкімімен «Елді мекендерінде көктемгі-күзгі санитарлық тазарту, көркейту, көгалдандыру айлығын өткізу туралы» жарияланған аудан әкімдігінің қаулысына сәйкес, тазалық айлығын өткізуге құрылған штаб бекітілген іс-шара жоспарымен сенбілікке шықты. Аудан аумағында 34 елді-мекен орналасқан. Елді-мекендердегі 190 көшенің бүгінгі күнге 23 көшесі немесе 12 пайызы күл-қоқыстан тазартылды. Аудан бойынша 8456 ауланың 1046 ауласы тазаланды. Арық жүйелерінің 23км, автомобиль жолдары жағаларының 25 км тазаланды. Тазалық жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында бүгінгі таңға дейін 10 ауылдық округтерден 751 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар арнайы күл-қоқыс төгетін полигондарға шығарылды. 2018 жылдың наурыз айынан бастап Көксу ауданы бойынша 3 рет сенбілік өтті. Наурыз айының 20-сы күні жалпы аудандық сенбілік өткізілсе, наурыз айының 28-і күні М.Сеңгірбаев атындағы орталық саябақта «Таза сәрсенбі» атты тазалық күні өткізіліп, ағ...
Толығырақ... Оқылды: 756 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 31.03.2018

Парламент депутаты келді

Өткен аптаның жұмасында ауданға ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Асылбек Смағұлов ауданға келіп, жергілікті тұрғындармен кездесті. Жиынға аудандық «Нұр Отан» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов, аудан әкімінің орынбасары Дәулет Халелов қатысты. Балпық би ауылындағы Б.Құндақбаева атындағы №1 орта мектепте, Теректі ауылындағы уызмай зауытында және Теректі ауылындағы ФАП-та халықпен кездесу өткізген депутат Елбасының жақында жарияланған «Бес әлеуметтік бастама» жайында нақтырақ тоқталып, түсіндіріп өтті. -«Біздің Ата Заңымызда бірінші бапта Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады деген сөздер бар. Елбасымыздың бүгінгі сөзі сол қағиданың тамаша дәлелі. Президент «Бес әлеуметтік бастаманы» жария етті, оның әрқайсысы біздің халқымыз үшін үлкен берекенің бастауы. Баспананың қолжетімді болуы, жастарға жатақхананың салынуы, жұмыскерлер жалақысын...
Толығырақ... Оқылды: 670 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.03.2018

Төрлет төрімізге, Наурыз

Аудан орталығында барлық сән-салтанатымен өткен «Наурыз» мерекесі келесі күні Лабасы ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылында жалғасын тапты. Округке қарасты Мәмбет, Талапты, Жамбыл, Еңбекшіқазақ елді мекендерінің тұрғындарының аса ұйымшылдық танытқаны көрер көзге бірден түсіп, мерекелік шара дүбірлі думанға айналды. Бірнеше тігілген ақшаңқан үйлер, сәнді шатырлар, жағалай орналасқан сауда-саттық орындары алыстан көзге түсіп, жиналған қауымды өзіне тартады екен. Мерекені ауылдық округ әкімі Ержан Шалқыбеков құттықтау сөзімен ашып, «Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!»-деп игі лебізін білдірді. Аудан әкімінің құттықтауын жеткізген аудан әкімінің орынбасары Дәулет Халелов округке қарасты 4 елді мекен тұрғындарының осылай «Наурыз» мерекесін бірге тойлауды бірнеше жылдан бері дәстүрге айналдырғанын атап өтті. Мерекеде сонымен қатар аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы Амангелді Қалдыбек, зейнеткерлер Амангелді Ыбыраев, Нұрбек Достыбаев сөз сөйлеп, ауылдаст...
Толығырақ... Оқылды: 881 Санат: СПОРТ Уақыты: 22.03.2018

Баспана алу мүмкіндігі күшейеді

2018 жылдың 5-ші наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы Парламенті қос палатасының бірлескен отырысында халыққа өзінің әлеуметтік саладағы бес бастамасын ұсынды. Елбасының бес бастамасын іске асыру жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың міндетін және бағытын нақтылау мақсатында жиын өтті. Аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы төрағалық еткен жиынға ауданның мәслихат хатшысы және депутаттары, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары құқық қорғау органдары, мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілері, кәсіпорындар, қоғамдық, саяси ұйымдар мен кәсіпкерлер басқосты. Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша аудан әкімі Әділ Алмас Қабдулұлы Елбасының бес бастамасы туралы баяндама жасады. Әр бастамаға жеке-жеке тоқталған аудан әкімі: - «Елбасы ұсынған бес бастамада халықты тұрғын үймен қамтамасыз етуге, төмен жалақы алатындарды қолдауға, жастардың білім алуына және әр адамның кәсіпк...
Толығырақ... Оқылды: 858 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.03.2018
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.