Жаңалықтар

Алматы облысында аудиторлық құқық бұзған 219 лауазымды тұлға анықталды

2020 жылдың 1 тоқсанында Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаментімен 27 жоспардан тыс және 6 жоспарға сәйкес, барлығы 33 аудиторлық іс-шара өткізген. Жоспардан тыс аудиторлық іс-шараларды өткізуге комитеттің тапсырмалары мен құқық қорғау органдарының хаттары, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негіз болды дейді Алматы облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Қанат Орманов. Жүргізілген аудиторлық тексерулердің нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтардың жалпы сомасы 14 032 927,7 мың теңгені құрап отыр. Оның ішінде; - қаржылық бұзушылықтар 9 323 962,9 мың.теңге; - рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 4 708 964,7 мың.теңге. Ал, мемлекеттік сатып алу туралы заңнама нормаларын бұзу бойынша 4 390 687,9 мың теңге залал келтірілген. Бюджетке кері қайтарылуы қажет 9 323 962,9 мың теңгенің, 9 185 457,5 мың. теңгесі немесе 98,5 пайызыбюджеткеөндірілді. Департаментпен 219 лауазымды тұлға 12996,6 мың сомаға әкімшілі...
Толығырақ... Оқылды: 297 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.05.2020

Алматы облысында тағы бір ПТР зертхана ашылады

Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында жұқпалы індет белгісін анықтайтын арнайы орталық іске қосылмақшы. ПТР зертхана Есік қаласынан, ауданаралық көпсалалы аурухана жанынан ашылады. Жалпы, ПТР зертханасы, нақтырақ айтқанда полимерлі тізбекті реакция талдауы адам бойында коронавирус инфекциясының белгісі бар-жоғын жылдам әрі нақты анықтайтын әдіс екен. Яғни, зертхана жұмысы молекулярлы биология тәсілімен жүріп, ферменттердің көмегімен жұқпалы індеттің ізін ерте тауып, емдеуге мүмкіндік береді. Ал Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының Еңбекшіқазақ ауданын таңдап, ПТР зертханасын ашуға қолдау көрсетіуінің өзіндік себебі бар екен. Әуелі, Есіктегі клиника аймақтағы ең ірі медициналық мекеме қатарында. Бұл аймақтағы адамдарға қызмет көрсетудің ауқымын арттыруға мейлінше мүмкіндік бермек. Және қазірге дейін аудандық аурухана дәрігерлері жұқпалы індет жұқтырған науқастарды қабылдап, ем-дом жасаумен айналысып жатыр әрі бұл қызметі сапалы көрсетуде. Екіншіден, аудандық...
Толығырақ... Оқылды: 229 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.05.2020

Қашықтан оқыту: Департамент белсенді жұмыс жүргізуде

Наурыз айы биылғы жылы біздің елімізге елеулі өзгерістер алып келгені хақ. Қазақстан халқы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тарихтың өзі кепіл болған бірліктің аясында барлық саланы жұмыла көтеруге атсалысты. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім саласында бірқатар трансформациялық әдістерді қолданып, жедел шешім қабылдау әрекеттерімен қатар табандылық таныта алды. Баяндаудың бағыты - еліміздегі кәсіптік және техникалық білім беру мекемелерінің пандемия кезіндегі ахуалы. Коронавирустық инфекция пандемиясы әлем деңгейіндегі білім жүйесіне әсерін тигізді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен көктемнің алғашқы айының 16 күнінен бастап кәсіптік және техникалық білім беру мекемелері қашықтық оқыту жүйесіне көшті. Аталмыш білім беру мекемелерінің әкімшілігі мен педагогтері қашықтық оқытудың өзекті мәселелерін және оңтайлы тұстарын қатар сезінді. Алматы облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаменті қызметкерлері ағым...
Толығырақ... Оқылды: 336 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.05.2020

ӘМСҚ кімдер ПТР-тестерді тегін өтетіндігін айтты

Бұл мақсатта бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінді. Бір тест бағасы шамамен 11,5 мың теңгені құрайды. КВИ бойынша ПТР-зерттеулер жүргізуге республикалық бюджеттен 5,4 млрд теңге бөлінді. «Бұл ретте 1,7 млрд теңге стационарларға, 3,7 млрд теңге консультациялық – диагностикалық қызметтер көрсететін емханаларға бағытталады. Осы медициналық ұйымдарда емделушілер ПТР-тесттен тегін өтеді», - деп атап өтті «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ баспасөз қызметі». Өңірлер үшін тестілердің қажетті санын жергілікті атқарушы органдар айқындайтын болады. Қазіргі уақытта COVID-19-ға зерттеу жүргізетін 600-ден астам медициналық ұйымдармен келісім-шарттар жасалды. ӘМСҚ-ның сәуірде осы мақсатта медициналық ұйымдарға алғашқы транш жібергенін айтып өтеміз. Қорда азаматтардың қай санаттары тегін тест тапсыра алатындығы айтылды: - COVID-19-ға күдікті провизорлық стационарға жатқызылғандар; - ЖРВИ және пневмония симптомдары бар азаматтар; - КВИ...
Толығырақ... Оқылды: 285 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.05.2020

ПАЙҒАМБАР ЕМІ ҚАНШАЛЫҚТЫ ПАЙДАЛЫ?

Басымыз ауырып, балтырымыз сыздағанда бірінші кезекте ақ халатты абзал жандарға арқа сүйейміз. Шынтуайтына келгенде, батыс медицинасының миымызды улап алғаны соншалықты, дәрігердің жазып берген қорап-қорап дәрілерін алып, санамызда «бітті,жазылдым» деген ой қалыптастырамыз. Алайда, ауруды жіберген Алланың шипасын да беретініне сенетіндер де бар. Соңғы кездері Пайғамбар медицинасына, яғни қазіргі тілмен айтқанда хиджама – арам қан алдыру арқылы денсаулығын қалыпқа келтірген аз емес. Осы тұрғыда, медицинаның бұл түрі қаншалықты пайдалы, 99 аурудың емі арам қанда тұр ма? Хиджама – қан алдыру арқылы ағзаны түрлі аурулардан емдейтін емнің ежелден келе жатқан бір түрі. Бұл емнің негізінде ағзаны арам қаннан тазартып, соның арқасында қан айналым жүйесін қалыпқа келтіру жатыр. Қазіргі таңда адам ағзасының құрамы дәрі-дәрмектердегі химиялық заттарға тәуелді. Ағзаны тазарту үшін артық қан алдыру керек. Өйткені, хиджама процедурасы қан айналымын жақсартады. Аталмыш...
Толығырақ... Оқылды: 664 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.05.2020

Қылмыстық кодексте негізгі өзгерістерv

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауында азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы басымдықтарды айқындады, уәкілетті органдарға жеке адамға, меншікке және басқа да ауыр қылмыстарға қарсы қылмыстар үшін жазаны қатаңдату туралы мәселені қарауды тапсырды. Осы тапсырманы іске асыру барысында 2019 жылғы 27 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және жеке адамның құқықтарын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң (бұдан әрі - Заң) қабылданды. 30-дан астам бап санкциялары күшейтілді, жаңа саралау белгілері енгізілді, сондай-ақ жекелеген қылмыстық құқық бұзушылықтар қылмыстандырылды. 2020 жылдан бастап заңмен бірқатар қылмыстар, соның ішінде зорлау, педофилия, әйелдерге қарсы тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да жеке тұлғаға қарсы ауыр қылмыстар, мал ұрлығы үшін жаза күшейтілді. Жыныстық зорлық-зомбылық және тұрмыстағы з...
Толығырақ... Оқылды: 99 Санат: СОЦИАЛЬНАЯ СФЕРА Уақыты: 20.05.2020

Алматы облысының кейбір аудандарында карантин режимі күшейтілді

Эпидемиологиялық жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты Кеген, Талғар аудандарында, сондай-ақ Талдықорған қаласында карантин режимі күшейтілді. Бұл туралы "Jetisy media" ақпараттық алаңында Алматы облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ хабарлады. Оның айтуынша, індет жұқтырудың жаңа жағдайларының тіркелуі осы өңірлерде анықталған. Осыған сәйкес, сақтық шаралары қайтадан күшейтіліп отыр. "Бүгінгі таңда Алматы облысында коронавирус ауруымен ауырғандар саны 212-ге жетті. Оның ішінде 73 пациент стационарлық емделуде. Науқастармен 2254 адам байланыста болғаны анықталды, олардың барлығы медициналық бақылауға алынды. Эпидемиологиялық зерттеу жүргізілуде. Қазіргі уақытта коронавирустық инфекция бойынша белсенді 3 ошағы бар. Бұл Талғар, Панфилов аудандары мен Талдықорған қаласы. Демек, карантиндік шаралар күшейтіледі", – деп атап өтті Бауыржан Ысқақ. Күрделі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, Алматы облысында карантинді кезең-кезеңмен жең...
Толығырақ... Оқылды: 258 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.05.2020

Соттағы татуластыру

Сіздердің назарларыңызға Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Қажыманұлы Асановтың үндеуін жариялаймын. «Жау мен дау – егіз», - дейді халқымыз. Дауласу кез-келген, тіпті дамыған елдерге де тән құбылыс. Бірақ, сол дау-жанжалды ушықтырмай шеше аламыз ба? Сол дауды шешу мәдениетіміз қандай? Бізде кез-келген дауды сот шешеді деген көзқарас қалыптасқан. Дегенмен, мынаны білген жөн. Біріншіден, істі қарау ұзаққа созылуы мүмкін. Ол аяқталғанша, бір емес, біраз сот отырысы өтеді. Аппеляция, тіпті кассация шешімі де көңілден шықпауы мүмкін. Екіншіден, бұл үлкен шығын. Мемлекеттік баж төлейсіз, сот шығынын өтейсіз, заңгер жалдайсыз. Жолға, қонақ үйге шашыласыз. Үшіншіден, ашуға ерік беріп, жүйкеңіз жұқарады. Неге десеңіз, сот – дау алаңы. Онда айтысып, тартысуға мәжбүрсіз. Отбасы, достар, жұмыс, бизнес – бәрі шетте қалады. Бұл бер жағы. Кейде тараптар ашуға беріліп, бір-біріне ауыр сөздер де айтып жатады. Егер дауласушылар бір әулеттен болса, онда сол шаңырақтан береке қашады...
Толығырақ... Оқылды: 361 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.05.2020

Алматы облысының орталығында бір адам вирус жұқтырды

Алматы облысында тағы 7 адам коронавирустық инфекция жұқтырды. Оның біреуі облыс орталығы Талдықорған қаласының тұрғыны екені анықталды. Кеселге шалдыққан адам полиция қызметкері екені мәлім болды. Қалған 6 жағдай Кеген ауданында тіркелген. Барлық науқастармен қарым-қатынас орнатқандардан зертханалық талдау жасалу үшін сынама алынған. Бүгінгі күнде Алматы облысында 190 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны ресми расталған. Ауру әлі күнге өршіп тұр. Оның өсу көрсеткіші 3,8 %-ды құрап отыр. «Қазіргі таңда облысымызда профилактикалық скрининг әдісі енгізілген. Бұл – коронавирус инфекциясын жедел әрі сапалы, дәл анықтайтын заманауи әдіс. Мұндай әдіс енгізілгелі бері, жасырын індет ошақтарын, СОVID – 19 симптомсыз формалары белсенді түрде, жедел анықтауға септігін тигізіп жатыр»,-деп айтты Алматы облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қайрат Қажыманұлы. COVID-19 инфекциясымен күрес әлі де болса басылған жоқ. Осы ретте, скринингктен өтетін тұлғалардың ті...
Толығырақ... Оқылды: 294 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.05.2020

Алматы облысында «5-10-20» пилоттық жобасын түсіндіру жұмыстары басталды

«Нұрлы жер» бағдарламасының шеңберінде баспаналы болудың жаңа бағыты пайда болды. Мемлекет басшысы ұсынған «5-10-20» жаңа тұрғын үй бағдарламасы арқылы үйге қол жеткізудің алғы шарттарын ел арасында түсіндіру жұмыстары басталды. Баспанаға мұқтаж, мемлекеттік үйдің кезегінде тұрғандар үшін оңтайлы бағдарлама болғаны сөзсіз. Мемлекет тарапынан ұсынылған арнайы жобаға пәтері бар тұрғындар қатыса алмайды. « 5-10-20 пилоттық жобасы арқылы үй иесі атану үшін, ТҮҚЖБ-де депозиті, сәйкесінше пәтер құнының 10 пайызы көлемінде жинағы болуы міндетті. Несие мерзімі 20 жыл. Жылдық мөлшерлемесі 5%-ды құрайды»,- дейді Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің директорының орынбасары Жасұлан Маратұлы. Баспананы «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында салынған жаңа тұрғын үй кешендерінен де, жеке құрылыс салушылардан да сатып алуға болады. Қазір жобаның шарттары талқыланып жатыр және келесі параметрлер ұсынылуда: Ең жоғары заем сомасы жеке құрылыс салушылар...
Толығырақ... Оқылды: 232 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.05.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.