Жаңалықтар

ӘЛДИБЕК ДОСЫМБЕКОВ: «9 сәуір күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ел алдындағы өзінің алғашқы Үндеуін жария етті. Еліміздің президентін анықтайтын сайлаудың осы жылдың 9 маусымында өтетіндігін мәлімдеді. Бұл біздер үшін үлкен жаңалық дер едім. Қазақстан халықаралық жүйеде өзінің лайықты орнын бекемдеген мемлекет. Бізді ықпалды және белді мемлекет ретінде бүкіл әлем мойындайды. Өткен айдағы болып өткен оқиғаларға сүйенер болсақ, қазіргі таңда тарихи кезеңді бастан өткеріп отырмыз. Бәріне белгілі, жоғары билік заңды және бейбіт жолмен ауысқан болатын. Бүкіл әлем қоғамдастығы осы оқиғаны түсіністікпен және құрметпен қабылдады. Қасым-Жомарт Кемелұлы айтпақшы, алдағы сайлаудың таза, ашық әрі әділ өтетініне сенімдімін. Бұл жолғы мерзімінен бұрынғы сайлау толығымен заң аясында өтеді және елдегі әлеуметтік, саяси, рухани салаларды тиімді дамытуға әсер етеді. Тез өзгеріп, мың құбылып тұрған заманда ішкі және сыртқы саясатты ұстап тұру үшін елдің басшысы қажеті екені сөзсіз. Бұ...
Толығырақ... Оқылды: 441 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.04.2019

Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстардың бүгіні мен ертеңі

Елімізде саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, тұрғындардың жат діни ағымдарға бет бұруына, әлемдік жаһандану үдерісі мен шиеленісу процестерінің артуына жол бермеу, террорлық әрекеттердің алдын алу және халықаралық қатынастарды үйлесімді ету бүгінгі таңдағы маңызды мәселе. Осы маселелер бойынша жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Алматы облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары «Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстардың бүгіні мен болашағы», «Бір белдеу-бір жол» стратегиялық жобасы және Қазақстан, «Исламдағы әлеуметтік және саяси өзгерістер» тақырыбында семинар-лекция өткізді. Дәріс сабақтарын еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих ғылымдарының докторы «Қытайтану» кафедрасының профессоры Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызы және филология ғылымдарының докторы «Таяу шығыс және Оңтүст...
Толығырақ... Оқылды: 368 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 09.04.2019

9 сәуір қандай күн???

Финн жазуының негізін қалаушы - Агрикола Микаэль күні (1510-1557). Ол финн әліпбиін жасап, христиандардың діни шығармасы Жаңа өсиетті және Көне өсиеттің кейбір кітаптарын финн тіліне аударған.
Толығырақ... Оқылды: 521 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 09.04.2019

Президент: «Барымыз да, бағымыз да – Тәуелсіздік»

Дархан Қыдырәлі: Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіздің Президент лауазымындағы алғашқы сапарыңыз киелі Түркістаннан бас­талды. Біз де сұхбатымызды осы игілікті сапар жайынан бастағымыз келіп отыр… – Иә, мен үшін бұл елеулі, маңызды сапар болды. Түркістан тек қазақ халқының ғана емес, күллі түркі жұртының қасиетті мекені. Түркістан – сан ғасырлық адамзат шежіресінің куәгері және өркениет жауһары. Қарап отырсаңыз, халқымыздың арғы-бергі тарихында ел бастаған, қол бастаған тұлғаларымыз да аса жауапты сәттерде, күрделі саяси шешімдер қабылдайтын уақыттарда Түркістанға тағзым ете барған. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та осы киелі топыраққа жиі ат басын бұратынын білесіздер. Меніңше, мұның бірінші себебі – халқымыз үшін аса қастерлі саналатын мекенге тәу ету және ата-баба аруағына, аманатына деген құрмет болса, екінші себебі – Ұлы дала еліндегі кешегі, бүгінгі мемлекетшілдік дәстүрге, эволюциялық даму сабақта...
Толығырақ... Оқылды: 492 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 08.04.2019

Дінге деген түрлі көзқарас, дөңгелек үстелде бір арнаға бірікті

2019 жылы 4 сәуір күні Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы Тіл Сарайында облыстың дін өкілдерінің басын қосқан «Сыбайлас жемқорлықты жалпыға ортақ қабылдамауды қалыптастырудағы руханилық пен адамгершілік» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Ресми мәліметтерге сүйенсек, Алматы облысында діни бірлестік пен филиалдарын жалпы саны 619-ті құрады. Оның ішінде: ислам мешіті - 453, православ - 52, Рим-Католик - 11, протестанттық - 101 және 2 дәстүрлі емес діни бірлестіктер. Облыс көлемінде мешіттерде барлығы 556 имам, христиандық және дәстүрлі емес діни бағыттарында 305 діни қызметкер жұмыс істеуде. Осы қызметшілердің 207-сі жоғары білімді, 114 – орта білімді, 436 – арнайы курстардан өтсе, 104 имам медресе бітірген. Дөңгелек үстелді жүргізіп отырған Департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев өз көзінде: «Бүгінгі шарад...
Толығырақ... Оқылды: 456 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 08.04.2019

Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстардың бүгіні мен ертеңі

Елімізде саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, тұрғындардың жат діни ағымдарға бет бұруына, әлемдік жаһандану үдерісі мен шиеленісу процестерінің артуына жол бермеу, террорлық әрекеттердің алдын алу және халықаралық қатынастарды үйлесімді ету бүгінгі таңдағы маңызды мәселе. Осы маселелер бойынша жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Алматы облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары «Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстардың бүгіні мен болашағы», «Бір белдеу-бір жол» стратегиялық жобасы және Қазақстан, «Исламдағы әлеуметтік және саяси өзгерістер» тақырыбында семинар-лекция өткізді. Дәріс сабақтарын еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих ғылымдарының докторы «Қытайтану» кафедрасының профессоры Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызы және филология ғылымдарының докторы «Таяу шығыс және Оңтүс...
Толығырақ... Оқылды: 375 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 08.04.2019

Ер азаматтар білу керек 5 нәрсе

Ер азамат – елдің сөзін сөйлейтін адам. Ер азамат – бір отбасының ұйытқысы. Қалай десек те, ердің алатын орны бөлек. Ерлер қауымы білу керек бірнеше дүниелер бар. Біз солардың бесеуін тізіп көрдік. Оқып көріңіз! 1. Қалдық ақшаны қалдыра салу. Мәселен, таксиге отырғанда соңында ұсақ ақша қалса, алмай-ақ қойыңыз. Сондай-ақ мейрамхана, кафелерге барған кезде де тамақтанып болған соң, аз-маз тиын-тебенді даяшыға қалдырыңыз. Бұл оның еңбегіне, қызмет көрсетуіне берген бағаңыз болсын. Олар да адам. Аздаған тиын-тебен тастап кеткеннен ақшаңыз кеміп қалмайды. Бұл нағыз джентельмендерге тән қасиет. 2. Үйге тазалық жұмысын жүргізу. Бұл тек әйелдерге ғана тиесілі жұмыс емес. Қолыңыздан келсе, жарыңызға яки анаңызға, қарындасыңызға, әпкеңізге көмектесіңіз. Жарыңыз еден жууға кіріссе, сіз үйдегі теледидардың, т.б. техникалық құралдардың шаңын сүртіңіз. Одан сіздің еркек атыңызға дақ түспейді. Керісінше, алғыс арқалайсыз әрі тазалық жасағаннан адам ләззат алады. 3. Көліктің дөңг...
Толығырақ... Оқылды: 632 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 05.04.2019

Жеті шелпек тарату дұрыс па?

«Жеті шелпек пісіру» үрдісінің біздің қазақ дәстүріне қайдан қалыптасқаны, қандай нанымнан туындағаны жайында айтылған нақты дерек кездестірмедік. Бірақ, біздің түсінігімізше, жеті шелпек тарату үрдісінің астарында – әруақтың атынан елге тамақ беріп, сауабын өліге бағыштау түсінігі жатыр. Осы тұрғыдан қарағанда оның шариғатқа терістігі жоқ. Себебі, жасалған жақсы амалдың сауабын өлген кісіге бағыштау – шариғатымызда да бар. Енді оны неге жеті деген? Сандардың арасында «7» санын ерекше таңдалып алынуы да бекер емес (жеті шелпек). Өйткені, дінімізде жеті санымен байланыса айтылған үкімдер көп. Мысалы, иманның жеті шарты, жеті рет қағбаны тауаф ету, ит жалаған жерді жеті рет жуу. Шелпектің «жеті» санымен байланыстырылуының мәні де осында жатса керек. Қалай болғанда да, жеті шелпекті тарату үрдісін дінге теріс деу немесе ширкке алып барар жол деу қиын. Неге десеңіз, жеті шелпек таратқан адам әруақтан медет тілеп емес, о дүниедегі өлг...
Толығырақ... Оқылды: 492 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 05.04.2019

ЖҰМА СҰХБАТЫ:

Өтірік айтқан адамнан періштелер алыстайды Әбул Фазл Мұса Изники хазреттері Осман Империясындағы үлкен әулие және ғұламалардың бірі. Изникте туылды, туылған күні белгісіз. 838 (м.1434) жылы қайтыс болды. Бір сұхбатында былай деген: Өтірік айту – күнәлардың ең жаманы, кемшіліктердің ең нашары, жүректі қарайтатын барлық жамандықтардың басы. Өтірік айту – пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ең жақтырмайтын қасиет. Періште өтірік айтқан адамнан, өтірігі себебімен шыққан сасық иістен жиіркеніп бір шақырымға алыстайды. Баланы «Жылама, саған пәлен нәрсе алып беремін» деп алдамау керек. Егер алып бермесең, бұл сөзің өтірік болып жазылады. Бір нәрсені айтып бергенде, хабарлағанда түшкіруді ниғмет деп білу керек. Пайғамбарымыз алейһиссалам бір хадис шәрифте «Сөйлескенде түшкіру сөзінің рас екенін көрсететін ең әділ куәгер» деді. Адамның үш жерде өтірік айтуына рұқсат берілген. Біріншісі, соғыста өтірік айту. Өйткені, соғыс айла орны. Екінші...
Толығырақ... Оқылды: 816 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 05.04.2019

Жол полицейлері дабыл қағуда: Алматы облысында жол көлік оқиғасының саны артты

Алматы облысында жыл басынан үлкенді-кішілі жолдарда тіркелген жол-көлік оқиғаларының саны 512-ге жетіп, өлім жағдайы көбейген. Жол үстінде 100 адам қайғылы қазаға ұшыраса, 700-ден астам жолаушы түрлі жарақаттар алған, - деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі. Алматы облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Алмасбековтың айтуынша, тіркелген жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі жүргізушілердің жауапсыздығынан болып отыр. «Алматы облысына қарасты Алматы-Талдықорған, Алматы-Тараз, Батыс Еуропа – Батыс Қытай автомагистралдарында жол-көлік оқиғалары жиі тіркелуде. Былтырғы жылдың осы уақытымен салыстырғанда жол үстінде көз жұмған жандар саны өкінішке орай, 53 пайызға артты. Қайғылы жағдайдың басты себебтерінің бірі жылдамтықты асыру және мас күйінде көлік айдау. Осы жағдайға байланысты барлық көлік жүргізушілеріне және жолаушыларға дабыл қағамыз. Жол үстінде барынша мұқият және жауапкершілікті болыңыздар, - дейді ол. Жол-көлік оқиғаларыны...
Толығырақ... Оқылды: 393 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.04.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.