Жаңалықтар

Жарқын болашақ үшін дұрыс таңдау жасайық

Тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс. Кез-келген істе әділдік қағидатын басшылыққа алсақ, бұған анық қол жеткіземіз. Бүгінгі қоғамдағы аса маңызды мәселе -20-қарашада өтетін Президент сайлауы. Саяси науқанның еліміз үшін орны ерекше, олай болса жұртшылық тарапын белсенділік таңытып дауыс беруге шақырамын. Жарқынай Құрманова, Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Толығырақ... Оқылды: 847 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.11.2022

Қазақстан үшін тағы бір тағдырлы тарихи науқан

Меніңше, әр адамның сайлауға баруы міндетті. Өміріне немқұрайлы қарамайтын адам міндетті түрде өз таңдауын жасауға тиіс. Өзі қалаған үміткерге дауыс беру — әр адамның конституциялық құқы және борышы. Мен сайлауға барамын!Бұл сайлаудың нәтижесі елімізге, әр елді мекенге, әр отбасына жақсылық әкелсе екен деп тілеймін. Ақжігіт Иманкулов, Алғабас ауылының тұрғыны, қоғам белсендісі
Толығырақ... Оқылды: 845 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.11.2022

Менің таңдауым – Әділетті және Қуатты Қазақстан. Мен міндетті түрде дауыс беруге барамын.

Елімнің ертеңіне бей-жай қарай алмайтын жас буын ретінде мен сайлауға барамын және әр адам сайлауға дауыс беруге баруы керек деп есептеймін! Ал кім кімге дауыс береді — ол әр азаматтың жеке таңдауы, конституциялық құқығы. Тек дұрыс таңдау жасайық! Әр дауыс маңызды. Мен Мемлекетімнің жарқын болашағы үшін, Жаңа Қазақстанның мықты іргетасы үшін 20 қараша күні өтетін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысу құқығымның негізінде дауыс беріп,сайлауға қатысатын боламын. Сіздерді де дауыс беруде белсенділік танытуға шақырамын! Гүлсара Таскараева, орталық аурухана мейірбикесі
Толығырақ... Оқылды: 856 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.11.2022

Ел болашағы мен дамуы жолында өз таңдауыңды жаса

Сайлауға қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы және елдің болашағы үшін жауапты әрекет. Әр дауыс мемлекеттің дамуы үшін маңызды. 2022жылғы 20 қарашада Қазақстанда Қазақстан Республикасының кезектен тыссайлауы өтеді. Сондықтан болашақта өз сайлаушыларының мүддесін қорғайтын кандидаттарға дауыс беру мүмкіндігін пайдалану өте маңызды. Ел болашағы мен дамуы жолында өз таңдауыңды жаса! Ершат Андас
Толығырақ... Оқылды: 856 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.11.2022

ЕРТЕҢГІ КҮН БӘРІМІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ!

Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтерген кезеңде қолға алар ісіміздің бірі – ұрпақ тәрбиесі болды. Халқымыздың болашағы – бүгінгі ұрпағы. Болашақ мемлекетіміз ұрпаққа деген сабақтастықтан туындайтын дүние болғандықтан, әр халықтың болашағы жастарына тәуелді екені даусыз мәселе. Егер бүгін жастар өз халқының рухымен тәрбиеленіп өспесе, онда елдің келешегі бұлыңғыр болмақ. Өйткені, ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал, жастар оны сақтамаса және өзінен кейінгілерге тапсырып кетпесе, біртіндеп ұлттың атауы да өшіп жоғалмақ. Ұрпақтың ертеңі алаңсыз өтсін десек, бүгінгі қайырымды мемлекеттің адал тұрғындары өзіміз болуымыз қажет. Майра Байбулатова, Қалқа Жапсарбаев мектебінің мұғалімі
Толығырақ... Оқылды: 851 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.11.2022

Сайлауға міндетті түрде қатысамын

Мен 20 қараша күні елімізде өткелі отырған Қазақстан Республикасының Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысып, өз тандауымды жасаймын. Елін сүйген, балаларының ертеңгі болашағына алаңдайтын азаматша ретінде осы маңызды күні баршаңызды сайлауға қатысып, дауыс беріп, дұрыс таңдау жасауға шақырамын. "Сенім" ЖШС-нің дәрігер эпидемиологы Муратова Жадыра
Толығырақ... Оқылды: 840 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.11.2022

Жарқын болашақ үшін дұрыс таңдау жасайық

Алдағы жексенбі - ел үшін, халық үшін маңызды күн. Балаларымыздың, немерелеріміздің келешегін айқындайтын күн. Сондықтан барша жұрт болып жұмылып маңызды істен шет қалмауымыз керек. 20 қараша күні мен өз таңдауымды жасаймын. Жерлестерімді де бір ауыздан сайлауға атсалысуға шақырамын. Құсейінов Мәдіғали, "Назар" ШҚ төрағасы
Толығырақ... Оқылды: 742 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 17.11.2022

САЙЛАУҒА ҚАТЫСУ – БІРЛІГІМІЗДІҢ БЕЛГІСІ

Баршамызға белгілі, 2022 жылдың маусым айында елімізде бүкіл халықтық Референдум өтті. Енді міне, 20 қарашада ҚР Президент сайлауы өтпек. Алдағы саяси науқан еліміздің дамуында маңызды рөл атқармақ. Осы сайлауда әрбір азамат өз таңдауын дұрыс жасайды деп ойлаймын. Президентіміз Қ.Тоқаев өз Жолдауында айтқандай, «Биыл біз жаңа кезеңге қадам бастық. Халқымыз жалпыұлттық референдумда саяси жаңғыру бағдарын қолдады. Конституциялық реформа Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы аса маңызды қадам болды. Еліміздегі саяси жаңғыру енді экономикалық өзгерістерге ұласуға тиіс» деп атап кеткені баршамызға аян. Яғни, Президенттің кезектен тыс сайлауы, мемлекетіміздің оң өзгерістерге ұласып саяси-экономикалық дамуына өте үлкен үлес қосатындығына сенеміз. Сондықтан да, барша қазақстандықтарды 20 қараша күні өтетін сайлауға белсенді қатысып өз таңдауларын жасауға шақырамын. Катира Күзбаева, жеке кәсіпкер
Толығырақ... Оқылды: 725 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.11.2022

ЕЛІМІЗДІҢ ЖАРҚЫН БОЛАШАҒЫ МЕН ТҰРАҚТЫЛЫҚ ҮШІН ДАУЫС БЕРЕМІН!

Мемлекетіміздің президенті Қ.Тоқаев биыл 20 қарашада елімізде кезектен тыс Президент сайлауын өткізуді ұсынды. Бұл сайлау еліміздегі жаңа өзгерістер үшін үлесі жоғары саяси науқан болмақшы. Еліміздің тағдыры, Қазақстанның болашағы – әрқайсымыздың қолымызда. Осы орайда, елдің тұтастығы мен бірлігін нығайту үшін әрбір азамат саналы түрде сайлауға қатысып, дауыс беруі керек. Біздің таңдауымыз – үлкен жауапкершілік. Сол үшін, біз жастар, дауыс берушілердің алғашқы қатарында болуымыз керек. Қазақстанның тұтастығы мен бірлігін сақтауда Мемлекет басшысын дұрыс таңдау ауқымды рөл атқаратыны сөзсіз. Президент сайлауына баршаңызды қатысуға шақырамын. Сіздің дауысыңыз – Жаңарған Қазақстанның жарқын көрінісі. Альбина Миронова, орыс этно-мәдени орталығының мүшесі
Толығырақ... Оқылды: 739 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.11.2022

САЯСИ НАУҚАН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ТАЛАП ЕТЕДІ

Сайлауға қатысу – біздің азаматтық парызымыз және әрбір қазақстандық үшін жауапкершілікті талап ететін үлкен іс. Сондықтан жауапкершілікті сезінетін, тұлға ретінде жеке шешім қабылдауға қауқарлы азаматтар алдағы саяси науқанға белсенді қатысады деген сенімдемін.Барша қазақстандықтар бұл саяси науқанда белсенді болуы тиіс. Ең басты құндылық – бейбіт өміріміз бен егемендігімізді сақтау. Саяси додадан елдің күтері көп. Әрбір қазақстандықты жарқын қадамға бастаған алдағы саяси науқанға бірауыздан қатысудың маңызы айтпаса да белгілі. Еліміздің барша азаматтарын жұмылған жұдырықтай қимылдап, ортақ Отанымыздың гүлденуіне үлес қосуға шақырамын! Мамбетжан Қасқырбек Өмірзақұлы, Көксу ауданының құрметті азаматы
Толығырақ... Оқылды: 730 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.11.2022
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.