Жаңалықтар
Бүгін Көксу ауданы Жарлыөзек ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізілді. |
| Кездесу барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың негізгі бағыттарына тоқталып, олардың ауылдық аумақтардың дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға тигізетін ықпалы жан-жақты түсіндірілді. Бірлік пен өзара түсіністік арқылы Жарлыөзек ауылдық округінің дамуына серпін беріліп, алға қойылған міндеттер бірге жүзеге асырылады. |
| Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.03.2026 |
Бүгін Көксу ауданы Мұсабек ауылдық округінің тұрғындарымен мазмұнды кездесу өткізілді. |
| Кездесу барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың негізгі бағыттары түсіндіріліп, олардың өңір дамуына тигізер ықпалы жөнінде кеңінен талқыланды. Қазіргі таңда жаңа Конституция жобасы аясында ұсынылып отырған өзгерістер қоғамда кеңінен талқылануда. Оның басты мақсаты – әділеттілік қағидаттарын нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру. Бұл реформалар өңірлердің дамуына серпін беріп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды қадам екені сөзсіз. Бүгінгі кездесуде де осы өзгерістердің мән-маңызын түсіндіріп, ауыл-аймақтың дамуына тигізер оң әсері атап өтілді. Бірлесе еңбек етіп, ортақ мақсатқа бірге жетеміз! |
| Толығырақ... Оқылды: 34 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.03.2026 |
Көксу ауданының әкімі Д. Халелов зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді. |
| Кездесу барысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың негізгі бағыттары мен енгізілген өзгерістердің мән-маңызы кеңінен түсіндірілді. Әсіресе, саяси жаңғыру үдерісінің ел дамуына, қоғамдағы әділдік пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға бағытталғаны атап өтілді. Сонымен қатар, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған дайындық шаралары туралы баяндалды. Жиын еркін пікір алмасу форматында өтіп, зиялы қауым өкілдері өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, көкейдегі сауалдарын жолдады. Аудан әкімі халықпен тығыз байланыс орнату, қоғам өкілдерінің пікірін ескеру – тиімді басқарудың маңызды тетігі екенін атап өтті. Кездесу қорытындысында бірлескен жұмысты жалғастырып, ортақ мақсаттарға бірге жету қажеттігі айтылды. |
| Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.03.2026 |
Жастар көзімен Наурыз |
| «Жастар көзімен Наурыз» – бұл Наурыз мейрамын заманауи көзқараспен бейнелеуге арналған шығармашылық бастама. Суреттерде ұлттық дәстүр мен қазіргі қоғам үндестігі, жаңару мен бірлік идеясы көрініс тапты. Жастар өз туындылары арқылы көктемнің келуі, табиғаттың оянуы, татулық пен ұлттық құндылықтарды заманауи стильде жеткізді. Шараның басты мақсаты – жас буынның шығармашылық әлеуетін қолдау, ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттыру және мерекенің мәнін жаңа қырынан таныту. |
| Толығырақ... Оқылды: 48 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.03.2026 |
Қазақстан – сақтандыру шешімдерінің көшбасшысы: Сала нарығы 1,7 трлн теңгені құрады, алайда климаттық қатер шығыны әлі де мемлекеттік бюджетке жүктеліп отыр |
| Климаттық өзгерістер Орталық Азия елдерінің экономикаларына барған сайын қаттырақ әсер етіп, тасқын, құрғақшылық, аптап ыстық пен басқа да табиғат құбылыстарының қатерін арттырып отыр. Десе де, аймақта мұндай апаттардан қорғайтын қаржылық тетіктер жеткілікті деңгейде дамымаған. БҰҰ Даму бағдарламасының (БҰҰ ДБ) сарапшылары «Климаттық және табиғи апаттарға төзімділік: Орталық Азияда сақтандыру мен қаржылық шешімдерді әзірлеу» атты есебінде осындай қорытынды жасайды. Біз аталған зерттеудің басты тұжырымдарын зерделеп, климаттық қатерлерден сақтандыруды дамыту еліміз үшін қандай мүмкіндіктерге жол ашарына зер салып көрдік. Жоғары климаттық қатер аймағы Сарапшылардың айтуынша, Орталық Азия елдері климаттық өзгерістер салдарынан зардап шегуі мүмкін ең осал аймақтардың қатарына жатады. Бұл жерде әңгіме тек температураның көтерілуі мен су жетіспеушілігінде ғана емес, жиі қайталанып жатқан экстремалды табиғат құбылыстары жайында да болып отыр. Халықара... |
| Толығырақ... Оқылды: 56 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.03.2026 |
Жетісу облысында Бүкіләлемдік азаматтық қорғаныс күніне арналған айлық басталды |
| Жетісу облысында 1 наурыз - Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай оқыту және ақпараттық іс-шаралар айлығы басталды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Бағдат Тыныбек хабарлады. Негізгі мақсат - халықтың қауіпсіздік шараларына және төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын арттыру, сондай-ақ өңірдің қауіпсіздік жүйесін нығайту. Жетісу облысының аумағында бүгінгі таңда 5 химиялық қауіпті нысан тіркелген. Олардың үшеуі Талдықорған қаласында орналасса, қалған екеуі Алакөл және Қаратал аудандарында жұмыс істеп тұр. Мамандар бұл нысандардағы химиялық заттардың мөлшері мен көлеміне тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Төтенше жағдай орын алған жағдайда зардап шегуі мүмкін тұрғындардың саны алдын ала есептеліп, соған сәйкес қорғаныс жоспарлары құрылған. Қазіргі заңнама талаптарына сәйкес, мұндай нысандардың маңындағы халықты жеке қорғаныс құралдарымен, атап айтқанда газқағарлармен қамтамасыз ету - басты міндет. Осы мақ... |
| Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.03.2026 |
Жаңа Конституция – ел дамуының берік негізі |
| Тәуелсіз Қазақстанның басты құжаты – Қазақстан Республикасының Конституциясы. Бұл құжат мемлекетіміздің саяси жүйесін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындайтын негізгі заң болып табылады. Уақыт талабына сай Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ел дамуының жаңа кезеңін бастады. Жаңа өзгерістердің басты мақсаты – әділетті, ашық әрі халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыру. Азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік нығайтылды. Бұл – демократиялық қағидаттардың тереңдей түсуіне жол ашатын маңызды қадам. Сонымен қатар, адам құқығы мен бостандығы ең жоғары құндылық ретінде айқындалды. Әрбір азамат заң алдында тең. Әлеуметтік әділдік, сөз бостандығы, қоғамдық бақылау сияқты ұстанымдар жаңа мазмұнмен толықты. Бұл өзгерістер қоғамдағы сенімді арттырып, халықтың мемлекет ісіне белсенді қатысуына мүмкіндік береді. Жаңа Конституция – тек заңнамалық құжат емес, ол – болаш... |
| Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.03.2026 |
Даму жолындағы жасалған әрекет |
| Көксу ауданы әкімі Дәулет Кенжеханұлы Халелов Айнабұлақ және Алғабас ауылдық округтерініңтұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың мән-маңызын түсіндіру және тұрғындармен ашық пікір алмасу болды. Жиын барысында реформалардың негізгі бағыттары, олардың өңірлердің дамуына әсері, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен есептілігін арттыру мәселелері кеңінен айтылды. Тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым, абаттандыру және кәсіпкерлікті қолдау бағытында ұсыныстарын жеткізді. Аудан әкімі конституциялық реформалар әділетті, ашық және халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. Кездесу барысында көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріліп, бірқатар ұсыныстар бақылауға алынды. Мұндай кездесулер билік пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындар... |
| Толығырақ... Оқылды: 41 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.03.2026 |
АТА ЗАҢДАҒЫ ЖАҢАШЫЛДЫҚТАР ТАРАЗЫЛАНДЫ |
| Аудандағы сапар барысында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция мүшелері «Уыз Май Индастри» ЖШС-ның еңбеккерлерімен жүздесті. Кездесуде коалиция мүшелері ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаев өңірлік коалиция өкілдері Құрметбек Сансызбай, Ришад Тұрғанбай және Ермек Егінбаевтар саяси үдеріс турасында жан-жақты ақпарат беріп, жаңа Ата заңдағы жаңашылдықтарды жіпке тізген моншақтай тәпсірледі. Алғысөзде Ғалиасқар Сарыбаев жаңа Конституциялық жобаға сәйкес, адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде айқындалады. Азаматтардың заң алдындағы теңдігі, сот төрелігінің тәуелсіздігі және құқық қорғау жүйесінің ашықтығы – жаңа редакциядағы негізгі басымдықтардың бірі. Сонымен қатар, Конституциялық Сот институтының енгізілуі азаматтардың өз құқықтарын тікелей қорғау мүмкіндігін кеңейтеді. Бұл – құқық үстемдігін қамтамасыз етудегі нақты қадам е... |
| Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.03.2026 |
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ БИЛІК ТЕПЕ-ТЕҢДІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ |
| Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалиция өкілдері Көксу және Қаратал аудандарында болып, түсіндірме жұмысын жүргізді. Жаңа Конституция жобасын түсіндірушілер бірінші аудандық мәдениет үйінде аудан тұрғындарымен кездесті. Көксу ауданындағы кездесуде жалпыұлттық коалиция мүшесі ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ғалиасқар Сарыбаев өңірлік коалиция өкілдері Құрметбек Сансызбай, Ришад Тұрғанбай және Ермек Егінбаевтар сөз сөйлеп, жаңа Ата заңдағы тың үдерістерді ортаға салды. Кездесу барысында ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттары кеңінен әңгіме арқауына айналды. Коалиция өкілдері жаңа Конституция жобасының басты мақсаты – әділ қоғам қалыптастыру, заң үстемдігін нығайту және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту екенін атап өтті. Сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен жауапкершілікті нақтылау м... |
| Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.03.2026 |
