Жаңалықтар
Жаңашылдыққа бүгіннен бастап |
| Қазақстан халқы үшін Конституция – мемлекеттіліктің тірегі, тәуелсіздіктің тұғыры. Еліміздің басты заңы алғаш рет 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы қабылданды. Содан бері Конституция уақыт талабына сай жаңарып, қоғамның дамуына бағыт-бағдар беріп келеді.Соңғы жылдары Конституцияға енгізілген өзгерістер халықтың саяси жүйеге белсенді қатысуын арттыруға, әділ қоғам құруға бағытталды. Бұл өзгерістер билік тармақтарының тепе-теңдігін күшейтіп, Парламенттің рөлін арттырды. Сонымен қатар, адам құқықтарын қорғау тетіктері жетілдірілді. Атап айтқанда: Конституциялық Сот құрылды; Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі айқындалды; Жер және табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені нақты көрсетілді; Өлім жазасына толық тыйым салынды. Жаңа конституциялық реформалар – «Әділетті Қазақстан» құру жолындағы маңызды қадам. Мемлекет басшысы ұсынған бастамалар елдің саяси жүйесін жаңғыртып, азаматтардың пікірін ескеруге негізделді. Халықтың... |
| Толығырақ... Оқылды: 62 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 03.03.2026 |
Референдумда қалай дауыс береміз? Жетісу тұрғындарына нұсқаулық |
| ҚҰРМЕТТІ ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ! Егер Сіз 2026 жылғы 15 наурызда дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз, қалай дауыс бере аласыз? Ол үшін 2026 жылғы 14 наурызда сағат 18:00-ге дейін Сіз өзіңіздің учаскелік комиссияңызға жазбаша өтінішпен жүгініп, жеке басыңызды куәландыратын құжатты ұсынуыңыз қажет. Комиссия Сізге есептен шығару куәлігін табыс етедi. Есептен шығару куәлігін сенімхат негізінде өкіл арқылы да алуға болады. Сенімхатты нотариаттық куәландыру талап етілмейді. Есептен шығару куәлігі жоғалған жағдайда ол қалпына келтірілмейді және оның телнұсқасы берілмейді. Бір елді мекен шегіндегі басқа учаскеде дауыс бергісі келетін азаматтарға есептен шығару куәлігі берілмейтініне назар аударыңыз. Дауыс беру күні өзіңіз болатын жердегі учаскеде есептен шығару куәлігін көрсетіңіз. Учаскелік комиссия Сізді дауыс беруге арналған тізімге енгізеді. Толық ақпарат алу үшін өзіңіздің елді мекеніңіздің әкімдігінің call-орталығына хабарла... |
| Толығырақ... Оқылды: 40 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.03.2026 |
Что важно знать участникам референдума по принятию новой Конституции |
| УВАЖАЕМЫЙ ЖИТЕЛИ ОБЛАСТИ ЖЕТІСУ! Как Вы можете проголосовать, если в день голосования 15 марта 2026 года будете находиться не по месту своей регистрации? Для этого до 18:00 часов 14 марта 2026 года Вы можете обратиться с письменным заявлением в свою участковую комиссию и предъявить документ, удостоверяющий личность. Комиссия выдаст Вам открепительное удостоверение. Получить открепительное удостоверение можно также через представителя по доверенности. Нотариальное удостоверение доверенности не требуется. В случае утраты открепительное удостоверение не восстанавливается, и его дубликат не выдаётся. Обратите внимание, что открепительное удостоверение не выдаётся гражданам, желающим проголосовать на другом участке в пределах того же населенного пункта. В день голосования предъявите открепительное удостоверение на участке по месту Вашего пребывания. Участковая комиссия включит Вас в список для голосования. Для получения подробной информации можете обратитьсяв call-ц... |
| Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.03.2026 |
2026 жылдың екі айының қорытындысы бойынша республикалық бюджетке түсетін салық түсімдерінің орындалуы |
| 2026 жылғы қаңтар-ақпанның қорытындысы бойынша Республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақты орындалуы қамтамасыз етілді. 2026 жылғы1 наурыздағы жағдай бойыншареспубликалық бюджеттің салықтық түсімдері бойынша жоспардың орындалуы113,7құрады, бюджетке2979,0 млрд. теңгетүсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны677,5 млрд. теңгенемесе129,4%. Оң динамика негізгі бюджет құраушы салықтар есебінен қамтамасыз етілді. Корпоративтік табыс салығы(КТС)бойынша өсу қарқыны116,9%(+118,0 млрд. теңге), Қосылған құн салығы(ҚҚС)бойынша138,8%(+428,6 млрд. теңге) құрады. Сонымен қатар, ақпараттық кеңістікте бұрын 2026 жылдың қаңтар айындағы деректерге негізделген сараптамалық бағалаулар пайда болды. Айта кету керек, мұндай тұжырымдар бюджет кірістері орындалуының нақты көрінісін көрсетпейді, себебі2025 жылдың 4 тоқсаны үшінбірқатар негізгі төлемдерді төлеу мерзімі2026 жылғы 25 ақпанға дейін төленеді. Тиісінше, түсімдердің едәуір бөлігі дәстүрлі түрде ақпа... |
| Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.03.2026 |
Қайрат Рысқұлбеков – ел намысын ту еткен қайсар тұлға |
| КөксуаудандықкітапханасындаҚайратРысқұлбековтыңтуғанына60жылтолуынаорай«Елнамысынтуеткенқайсартұлға»аттытағылымдыкешұйымдастырылды.Шараныңбастымақсаты–Желтоқсанқаһарманыныңерлігінұлықтап,жасұрпақтыңбойынаотансүйгіштікпенұлттықрухтысіңіруболды. КешбарысындакітапханақызметкерлеріҚайратРысқұлбековтыңөміржолыменазаматтықұстанымытуралымазмұндыбаяндамажасап, 1986жылғыЖелтоқсаноқиғасыныңтарихимаңызынатоқталды. Елтәуелсіздігіжолындақайсарлықтанытқанжасбатырдыңерлігіменөрмінезікеңіненнасихатталды. ШарааясындаЖелтоқсаноқиғасынаарналғандеректібейнефильмкөрсетіліп,қатысушыларсолбірқилыкезеңніңкөріністерінтамашалады.Бейнежазбакөрермендергеерекшеәсерқалдырып,тарихқадегенқұрметсезімінарттырды. Кешкекітапханаоқырмандарықатысып, батыррухынатағзыметті.Қатысушыларпатриоттықөлеңдероқып,өзой-пікірлеріменбөлісті.Жастарелтәуелсіздігіжолындақұрбанболғанқаһармандардыңесіміұмытылмайтынынатапөтті. Тағылымдышара елтарихынатағзыметугеүндеп,ҚайратРысқұлбековтыңқайсаррухы–... |
| Толығырақ... Оқылды: 107 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.03.2026 |
ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР КЕПІЛІ |
| Еліміздің саяси өміріндегі маңызды қадамдардың бірі – Жаңа Конституцияның қабылдануы. Бұл құжат – мемлекеттің дамуын айқындайтын, халықтың еркін білдіретін негізгі заң. Конституция – елдің болашағына бағыт-бағдар беретін темірқазық. Жаңа өзгерістердің басты мақсаты – әділетті қоғам құру, халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыру. Конституцияға енгізілген түзетулер билік тармақтарының тепе-теңдігін нығайтып, Парламенттің рөлін күшейтуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталды. Бұл – демократиялық қағидаттарды тереңдетудің айқын көрінісі. Сонымен қатар, адам құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, Конституциялық Сот құрылды. Бұл азаматтардың өз құқықтарын қорғаудағы мүмкіндігін арттырады. Жер мен табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені тағы бір мәрте нақтыланып, әлеуметтік әділдік қағидалары бекітілді. Жаңа Конституция – тек заңнамалық өзгеріс қана емес, ол – қоғам санасының жаңғыруы. Әрбір азамат ел тағд... |
| Толығырақ... Оқылды: 55 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.03.2026 |
Нұрлан Әуесбаев: Жаңа Конституцияда отбасы мен бала құқығы қорғалады |
| Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшесі Нұрлан Әуесбаевтың айтуынша, Ата Заңда отбасы мен неке ұғымдарының нақты айқындалуы – қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарды құқықтық деңгейде бекітудің көрінісі. Жаңа Конституцияда неке, отбасы, ана, әке және баланың мемлекет қорғауында екені нақты көрсетілген. Бұл – отбасы тек әлеуметтік ұғым емес, мемлекеттің қорғауындағы маңызды институт екенін білдіреді. Сондай-ақ отбасына қатысты кез келген заң мен шешім ең алдымен отбасы мүддесін ескере отырып қабылданады. Бала құқықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа жол бермеу нормалары нақтыланды. Мемлекет бала мүддесін бірінші орынға қоюға міндеттеледі. |
| Толығырақ... Оқылды: 48 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.02.2026 |
Жаңа Конституцияны қолдаймыз – Жаңару мен әділетті қоғамға қадам |
| Еліміздің болашағы – берік құқықтық негізде. Осы тұрғыда қабылданған жаңа өзгерістер мен толықтырулар – мемлекетіміздің дамуына серпін беретін маңызды қадам. Қазақстан Республикасының Конституциясы – тәуелсіздігіміздің тұғыры, ал оған енгізілген жаңашыл нормалар заман талабына сай жаңғыруды білдіреді. Жаңа Конституция – ең алдымен, халық үніне құлақ асатын, әділетті әрі ашық қоғам құруға бағытталған құжат. Онда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, билік тармақтарының теңгерімі нақтыланды. Бұл – заң үстемдігін нығайтып, әр азаматтың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге жасалған нақты қадам. Президенттік басқару жүйесінде де бірқатар өзгерістер енгізіліп, саяси бәсекелестікті арттыруға, азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігін кеңейтуге жол ашылды. Мәслихаттар мен Парламенттің рөлі күшейіп, жергілікті өзін-өзі басқару институттарына жаңа серпін берілді. Бұл – халық пен билік арасындағы байланыст... |
| Толығырақ... Оқылды: 158 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.02.2026 |
Жаңа Конституция – Жаңа кезеңнің айқын бағдары |
| Әр мемлекеттің даму жолын айқындайтын басты құжат – оның Конституциясы. 2022 жылы өткен республикалық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы ауқымды өзгерістерге ұшырап, ел дамуының жаңа кезеңіне қадам басылды. Бұл тарихи шешім қоғам сұранысынан туындап, әділетті, ашық әрі халық үніне құлақ асатын мемлекетті қалыптастыруды көздейді. Әділетті Қазақстанға бағыт Жаңа өзгерістердің басты мақсаты – билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті нығайту. Конституциялық түзетулер арқылы Парламенттің рөлі күшейтіліп, Үкіметтің жауапкершілігі артты. Сонымен қатар, Президенттің өкілеттік мерзімі 7 жыл болып белгіленіп, қайта сайлану құқығы алынып тасталды. Бұл – саяси жүйені жаңғыртудағы маңызды қадам. Халық үні – басты құндылық Конституцияға енгізілген өзгерістердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты құрылуы. Енді азаматтар өз құқықтарының бұзылғаны жөнінде тікелей осы органға жүгіне алады. Бұл адам құқықтарын қорғау... |
| Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.02.2026 |
Жетісуда тасқын қаупі бақылауда: 60 гидробекет жұмыс істеп тұр |
| Жетісу облысында көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық күшейтілді. Қазір өңірдегі өзендерде 60 гидробекет үздіксіз жұмыс істеп, су деңгейін бақылауда ұстап отыр. Мамандардың мәліметінше, су көлемі көпжылдық орташа көрсеткіштерге сәйкес, өзен арналарында сең кептелісі тіркелмеген. Облыстағы 8 су қоймасының 5-еуі жинақтау режимінде. Орташа толу деңгейі - 51 пайыз. Бұл еріген қар суын қабылдауға жеткілікті бос көлем бар екенін білдіреді. Барлық 114 гидротехникалық нысан жіті бақылауға алынған. Тасқынның алдын алу мақсатында өткен жылы басталған 26 инженерлік жобаның 24-і толық аяқталған. Нәтижесінде 3 мың шақырым қорғаныс дамбылары жөнделіп, 14,8 шақырым арық жүйелері салынды. Сондай-ақ 24 шақырым өзен арналары тазартылып, тереңдетілді. Қазіргі таңда Талдықорған қаласындағы Қаратал өзенін жағалауды бекіту жұмыстары 65 пайызға орындалды. Ал Қаратал ауданындағы үйінді дамбаны жөндеу жұмыстары 10 пайызға аяқталған. Қазсушар РМК филиалы тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырып отыр. Ескелді... |
| Толығырақ... Оқылды: 76 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.02.2026 |
