ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа Конституцияны қолдаймыз – Жаңару мен әділетті қоғамға қадам

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 28.02.2026
Оқылды: 157 Печать страницы

 

Еліміздің болашағы – берік құқықтық негізде. Осы тұрғыда қабылданған жаңа өзгерістер мен толықтырулар – мемлекетіміздің дамуына серпін беретін маңызды қадам. Қазақстан Республикасының Конституциясы – тәуелсіздігіміздің тұғыры, ал оған енгізілген жаңашыл нормалар заман талабына сай жаңғыруды білдіреді.

Жаңа Конституция – ең алдымен, халық үніне құлақ асатын, әділетті әрі ашық қоғам құруға бағытталған құжат. Онда адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері күшейтіліп, билік тармақтарының теңгерімі нақтыланды. Бұл – заң үстемдігін нығайтып, әр азаматтың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге жасалған нақты қадам.

Президенттік басқару жүйесінде де бірқатар өзгерістер енгізіліп, саяси бәсекелестікті арттыруға, азаматтардың мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысу мүмкіндігін кеңейтуге жол ашылды. Мәслихаттар мен Парламенттің рөлі күшейіп, жергілікті өзін-өзі басқару институттарына жаңа серпін берілді. Бұл – халық пен билік арасындағы байланысты бекемдей түседі.

Жаңа Конституция – тек заңдық құжат емес, ол – ел болашағына деген сенім. Әділетті Қазақстан құру жолындағы батыл бастама. Әрбір саналы азамат үшін бұл өзгерістерді қолдау – тұрақтылық пен даму жолын таңдау деген сөз.

Біз жаңа Конституцияны қолдаймыз, себебі ол – ел мүддесін, халық бірлігін және келешек ұрпақтың жарқын болашағын қамтамасыз ететін негізгі кепіл. Бірлік бар жерде – тірлік бар. Ал әділетті қоғам – мықты мемлекеттің іргетасы.

Бота БЕРІКЖАНҚЫЗЫ

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.