Жаңалықтар

Кәсіпорын ұжымы дауыс берді

Бүгін Көксу ауданында республикалық референдум аясында азаматтар белсенділік танытуда. Солардың бірі – ТОО «Көксу қант зауыты» ұжымы. 30 қызметкерден тұратын топ Балпық би ауылы, №238 сайлау учаскесінде өз дауысын берді. Ұжым мүшелері дауыс беруге келіп, өз азаматтық борыштарын орындап қана қоймай, жастарға үлгі көрсетті. Комиссия қызметкерлері қажетті барлық жағдайды жасап, сайлаушылардың қауіпсіздігі мен қолайлылығын қамтамасыз етті. – «Бүгінгі референдум – ел болашағына қатысудың маңызды мүмкіндігі. Біз өз таңдауларымызды жасап, қоғамдағы азаматтық жауапкершілігімізді көрсеттік», – дейді зауыт қызметкерлерінің бірі. Көксу ауданында референдум күні барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру тыныш әрі ұйымдасқан түрде өтіп, тұрғындар белсенділік танытуда.
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026

Референдумға қоғам көшбасшылары белсенді қатысуда

Бүгін Көксу ауданында өтіп жатқан республикалық референдумға тек қарапайым тұрғындар ғана емес, ауданымыздың қоғамдық пікір көшбасшылары де белсенді қатысуда. Сайлау учаскесінде өз дауысын берген Ж. Жексенбинов қоғамдағы әрбір азаматтың ел болашағына қатысты шешім қабылдаудағы маңызды рөлін атап өтті. Ол: «Бүгінгі референдум – әрбір азаматтың ел тағдырына қатысуына мүмкіндік беретін маңызды сәт. Біз өз даусымызды беріп, жастарға үлгі көрсетіп жатырмыз», – деді. Сол сияқты, С. Базиловта дауыс беруге келіп, өз пікірін білдірді: «Қоғам көшбасшысы ретінде мен өз міндетімді орындап, азаматтық борышымды атқардым. Әр азамат өз таңдауын жасап, елдің болашағына жауапкершілікпен қарауы керек», – деп атап өтті. Көксу ауданындағы барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру үдерісі қалыпты ұйымдастырылып, тұрғындар белсенділік танытуда. Қоғамдық пікір көшбасшыларының қатысуы жастарға үлкен үлгі болып, референдумға қатысуға ынталандырушы факторға а...
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026

Көксуда Азия чемпионы дауыс берді

Бүгін Көксу ауданындағы №236 сайлау учаскесінде өз дауысын беруге белгілі спортшы, 22 мәрте Азия чемпионы армрестлингтен, Абдуали Тастанов келді. Спортшы өз азаматтық борышын орындап, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті. – «Әр азаматтың дауыс беруі маңызды. Біз өз таңдауымыз арқылы қоғамның дамуына үлес қосамыз. Сондықтан мен де өз дауысымды беруге келдім», – деді А. Тастанов. Спортшының учаскеге келуі тұрғындарға үлкен әсер қалдырды. Көксу тұрғындары бүгінгі референдумда белсенділік танытып, өз таңдауларын жасап жатыр. Референдум күні ауданымызда тыныш және ұйымдасқан түрде өтіп, азаматтық белсенділік жоғары деңгейде сақталуда.
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026

Еңбек Ері мен олимпиада жүлдегерінің анасы таңдау жасады.

Социалистік Еңбек Ері Күләш Айтжанова мен олимпиаданың күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаевтың анасы Ырысжан Теңізбаева Жаркент қаласындағы №735 дауыс беру учаскесінде дауыс берді. Дала аруы атанңан Күләш апамыз еліміздегі саяси және қоғамдық маңызды оқиғалардан еш қалыс қалған емес. Қара жердің қадірін білетін Еңбек Ері- Атазаңымыздағы өзгерістерді жоғары бағалайтынын айтады. “Конституцияда- Жер және жер ресурстары халықтың меншігі” деді . Бұдан артық сөз барма. Біз жер жыртып, жүгері егіп осындай бақытты сәтке қол жеткіздік. Бірлік пен ырыс бар жерде әрдайым қуанышты сәттер бола бермек. Өзің үшін, ұрпағың үшін дауыс беру, еліміздің бастамасына ат салысу баршамыздың міндетіміз” деген батыр ананы дауыс беруге келген тұрғындар құрмет көрсетіп, ақ батасын алуға асықты. Ал Ырысжан Теңізбаева бүгінгі жасаған таңдауым немерелерімнің болашағы дейді. Ел құрметінe бөленген қос ақ жаулықты аналар өз таңдауларын жасағанын айтып, өзгелерді де осынау саяси науқаннан...
Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026

Азаматтардың сайлауға белсенді қатысуы — демократияның берік іргетасы

Аудандық филиал төрағасы Мусахметов Ақжан Ахылбекович атап өткендей, коалицияның басты міндеті — сайлаушыларға дауыс беру процесі туралы объективті ақпарат жеткізу және олардың конституциялық құқықтарын еркін пайдалануына жағдай жасау. "Біздің мақсатымыз — Көксу ауданының әрбір сайлаушысы өз дауысын саналы түрде берсін деген тілек. «Дауыс» коалициясы тәуелсіз байқаушы ұйым ретінде сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету үшін жұмыс жасайды.— Мусахметов Ақжан Ахылбекович, «Дауыс» коалициясы Көксу аудандық филиалының төрағасы Филиал сайлау алдындағы кезеңде ауданның барлық учаскелік сайлау комиссияларымен тығыз байланыста жұмыс істеп, дауыс беру тәртібі, сайлаушылардың құқықтары мен міндеттері жайлы ақпараттық кездесулер өткізуде.Азаматтардың сайлауға белсенді қатысуы — демократияның берік іргетасы.Ақжан Ахылбекович тұрғындарға сайлауға қатысудың маңыздылығын ерекше атап өтті. Оның сөзінше, дауыс берудің процентін...
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026

«Мен еліміздің өсіп-өркендеуі үшін дауыс бердім»: Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев референдумға қатысты

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев жұбайымен бірге Талдықорған қаласының Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында №389 референдум учаскесінде дауыс берді. Өңір басшысы бұл референдумның Қазақстанның болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті, —деп, хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. — Елдің азаматы ретінде өзімнің конституциялық құқығымды пайдаланып, жаңа Конституциямыз бойынша өтіп жатқан референдумға қатысып, дауысымды бердім. Мен еліміздің өсіп-өркендеуі үшін, Қазақстанның болашағы үшін дауыс бердім, — деді облыс әкімі Бейбіт Исабаев. Айта кетейік, өңірдегі сайлау құқығына ие адамдардың саны 437 мыңнан асады, оның 2600-ге жуығы — алғаш рет дауыс берушілер. Облыста 468 сайлау учаскесі бар, олар таңғы сағат 07:00-ден бастап жұмыс істеуде. Олардың 40-ы — әскери бөлімдер, шекара заставасы, медициналық мекемелер мен пенитенциарлық жүйелер мекемелері сияқты дауыс берушілердің белгілі бір бөлігіне арналған нысандар. Сайлау учаскелеріні...
Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026

ТОО «УызМай» ұжымы №245 сайлау учаскесінде дауыс берді

Көксу ауданында өтіп жатқан маңызды саяси науқанға түрлі мекеме мен ұйым қызметкерлері де белсенді қатысуда. Солардың қатарында «УызМай» ЖШС ұжымы да бар. Бүгін кәсіпорынның 20 қызметкерінен құралған топ №245 сайлау учаскесіне келіп, азаматтық міндеттерін орындап, өз таңдауларын жасады. Ұжым мүшелері елдің болашағы әрбір азаматтың дауысына байланысты екенін атап өтіп, барша тұрғындарды сайлауға белсенді қатысуға шақырды. «УызМай» серіктестігінің қызметкерлері үшін бұл тек дауыс беру ғана емес, ел тағдырына бейжай қарамайтын азаматтық ұстанымның көрінісі. Ұжым болып келіп, өз таңдауларын жасау – бірлік пен жауапкершіліктің белгісі. Көксу ауданында сайлау науқаны жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындардың белсенділігі байқалуда. Осындай ұйымшылдық пен азаматтық жауапкершілік елдің жарқын болашағына деген сенімді арттыра түседі.
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026

Көксу ауданында «Қазақ аруы» Дария Қуатжан дауыс берді

Көксу ауданында ел болашағына бейжай қарамайтын белсенді азаматтар сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда. Солардың бірі – «Қазақ аруы» атанған Дария Қуатжан. Дария Қуатжан сайлау учаскесіне арнайы келіп, азаматтық парызын орындап, дауыс берді. Ол елдің болашағы әрбір азаматтың таңдауына байланысты екенін айтып, барша тұрғындарды белсенді болуға шақырды. – Әр адамның дауысы маңызды. Бүгінгі таңдауымыз – ертеңгі болашағымыздың негізі. Сондықтан ел тағдырына бейжай қарамай, баршаңызды дауыс беруге шақырамын, – деді ол. Көксу ауданында сайлау науқаны жоғары деңгейде ұйымдастырылып, тұрғындар белсенді қатысуда. Осындай маңызды күні елжанды жастардың да үлгі көрсетіп, азаматтық ұстанымын білдіруі – қоғам үшін үлкен өнеге.
Толығырақ... Оқылды: 56 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.03.2026

Сағат 10:00-дегі жағдай: тұрғындар дауыс беруге белсенді қатысуда

Бүгін Көксу ауданы бойынша республикалық референдум аясында дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-де ашылып, өз жұмысын жалғастыруда. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша аудан тұрғындары учаскелерге келіп, белсенді түрде дауыс беруде. Аудан орталығы мен ауылдық округтердегі сайлау учаскелерінде тұрғындардың қарасы көп. Әсіресе, зейнеткерлер, еңбек ұжымдарының өкілдері мен жастар ерте келіп, өз азаматтық борыштарын орындауда. Дауыс беру учаскелерінде барлық ұйымдастыру жұмыстары талапқа сай жүргізілуде. Комиссия мүшелері сайлаушыларды тіркеп, бюллетень беріп, қажетті түсіндіру жұмыстарын атқаруда. Сонымен қатар, бақылаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де жұмыс істеуде. Кейбір учаскелерде келушілерге арналған фотозоналар қойылып, шағын мәдени іс-шаралар ұйымдастырылған. Бұл тұрғындардың көңіл күйін көтеріп, референдум күніне ерекше атмосфера сыйлауда. Жалпы алғанда, Көксу ауданы бойынша дауыс беру науқаны қалыпты әрі ұйымдасқан түрде өтіп, тұрғындар белсенділік...
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 15.03.2026

Ауыл бірлігі – ел болашағының кепілі

Бүгін таңертең сағат 09:00-де біздің 10 жылдық Қазақстан ауылында ерекше бірлік пен ұйымшылдықтың көрінісі байқалды. Ауыл тұрғындары ерте жиналып, шамамен 200-ге жуық адам болып сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасап, дауыс берді. Бұл – ауыл халқының ел болашағына бейжай қарамайтынын, азаматтық жауапкершілікті жоғары қоятынын көрсететін маңызды сәт. Сайлау учаскесіне келген әрбір тұрғынның жүзінен үміт пен сенім байқалды. Көршілер, туыстар, достар – бәрі бір мақсатпен, елдің ертеңі үшін жиналды. Осындай сәттерде ауылдағы ауызбіршілік пен ынтымақтың қаншалықты маңызды екенін терең сезінесің. Бірлік бар жерде тірлік бар деген сөздің шын мәнін осындай кезде түсінеміз. Ауыл тұрғындарының белсенділігі – ел дамуына қосқан үлкен үлес. Әрбір дауыс – болашаққа деген сенімнің белгісі. Осындай ұйымшылдықты көргенде жүрекке ерекше мақтаныш сезімі ұялайды. Қазақ болып туғаныма, осындай ынтымағы жарасқан ауылдың перзенті болғаныма шексіз қуаныштымын. Бірлі...
Толығырақ... Оқылды: 35 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 15.03.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.