Жаңалықтар
Мемлекеттік қызметке іріктеудің жаңа тәсілі |
| 2025 жылдың соңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесінде кадр саясатын жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам жасалды. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2025 жылғы 8 желтоқсандағы №196 бұйрығымен әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасу тәртібіне қатысты жаңа тәсілдер бекітілді. Бұл құжат – кезекті нормативтік акт қана емес, мемлекеттік қызметке іріктеудің ашық, әділ және кәсібилікке негізделген жүйесін қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Әкімшілік мемлекеттік лауазым – тек қызметтік мәртебе емес. Бұл – елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ететін, азаматтардың өмір сапасына әсер ететін басқарушылық шешімдер қабылданатын жауапты сала. Сондықтан мұндай лауазымдарға іріктеу үдерісінің әділ әрі тиімді болуы мемлекеттік басқарудың сапасына тікелей әсер етеді. Аталған құжатдәл осы мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған. Құжатта «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымда... |
| Толығырақ... Оқылды: 40 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 31.03.2026 |
Жетісу өңірі «Жер сағаты» акциясына белсенді қатысты |
| 28 наурыз күні Қазақстан бойынша, соның ішінде Жетісу облысында да әлемдік экологиялық бастама — Жер сағаты акциясы өтті. Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл шара қоршаған ортаны қорғауға, табиғи ресурстарды үнемдеуге және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталды. Биылғы акцияның басты тақырыбы – елдегі экотуризмді дамыту болды. Осыған орай, Жетісу облысында табиғатты қорғау мен оны ұтымды пайдалану мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Акция аясында өңірдегі мемлекеттік органдар, коммуналдық мекемелер мен ірі кәсіпорындар бір сағатқа жарықты өшіріп, экологиялық бастаманы қолдады. Атап айтқанда, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы, сондай-ақ «Талдықорған Көркейту», «Когер ЛТД», МК «KazSilicon», «Кайнар-АКБ», «Alacem», «Grindstone», «ПРОМОТХОД Development», «STS-Astana NS», &... |
| Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.03.2026 |
«7 OZEN»: Жетісуда Көксу өзенінің арнасы тазартылды |
| Бүгін Жетісу облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында санитарлық тазалық және көгалдандыру шаралары өткізілді. Бұл іс-шараларға 7300-ге жуық адам қатысып, соның нәтижесінде 450 гектар аумақ тазартылып, 2,2 мың ағаш көшеті отырғызылды. Бұл ретте «7 OZEN» экологиялық акциясы Көксу, Ескелді, Кербұлақ аудандарын қамтып, Көксу өзенінің арнасы тазаланды, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Экологиялық акцияға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаевтың айтуынша, «7 OZEN» акциясы аясында әр сенбі сайын өңірдегі бір өзеннің арнасы тазаланады. - Өткен сенбіде екі аудан мен екі қаланың аумағынан ағып жатқан Қаратал өзенінің жағалауы тазаланды. Ал бүгін Көксу өзенінің арнасын тазалау жұмыстарын Көксу ауданынан бастап, одан әрі Ескелді, Кербұлақ аудандарында жалғастырдық, 700-ден астам ағаш ектік. Осы тазалық шараларына қатысқандардың бәріне алғыс айтамын. Біз ең алдымен өзіміз маңайымызды таза ұстауымыз кер... |
| Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.03.2026 |
Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді |
| 28 наурызда Қазақстан тағы да жаһандық экологиялық бастаманың бір бөлігі болады — «Жер сағаты» акциясы өтеді. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін «Жер Сағаты»ихалықаралық экологиялық акциясына қосылыңыздар, биылғы тақырыбы елдегі экотуризмді дамыту болды. Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да бүкіл елдегі үйлерде, кеңселерде және көшелерде шамдар бір сағатқа сөнеді. «Жер сағаты» акциясы – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (бұдан әрі-WWF) қамқорлығымен өткізілетін жыл сайынғы халықаралық оқиға. Акция барысында WWF планетаның болашағына бей-жай қарамай, жарық пен тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа өшіруге шақырады; сонымен бірге әлемдегі ең танымал ғимараттар мен ескерткіштердің артқы жарығы сөнеді. Айта кету керек, «Жер сағаты» акциясы – планетадағы ең жаппай экологиялық акция. Оған бүкіл әлем бойынша 2 млрд-тан астам адам қатысады, акцияға 180 елден 7 000 қаланың тұрғындары қосылады.... |
| Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 28.03.2026 |
Жетісу облысында мереке қарсаңында санитариялық бақылау күшейтілді |
| Келе жатқан Наурыз мейрамы қарсаңында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау мамандары тұрғындарды мерекелік іс-шаралар кезінде тағамнан уланудың, әсіресе адам өміріне аса қауіпті ботулизм ауруының алдын алуға шақырады. Жетісу облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Индира Күнбасованың мәліметінше, 2025 жылы облыс көлемінде ботулизмнің 1 жағдайы тіркеліп, 2 адам зардап шеккен, оған үйде дайындалған консервіленген баялды себеп болған. Мереке күндері алаңдарда орнатылатын киіз үйлер мен көшпелі сауда орындарында Наурыз көже, бауырсақ, палау сынды ұлттық тағамдардың жаппай сатылатынын ескере отырып, халыққа бірнеше маңызды кеңес ұсынылады. Біріншіден, рұқсат етілмеген орындардан және көшеден үй жағдайында дайындалған консервіленген өнімдерді сатып алуға тыйым салынады. Екіншіден, кез келген өнімді аларда оның жасалған күніне, сақтау мерзіміне және қаптамасының бүтіндігіне назар аудару қажет. Көшеде тамақтанар алдында жеке гигиенаны сақтап, қолды... |
| Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.03.2026 |
Жетісу облысында I тоқсанда тұтынушыларға 3 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды |
| 2026 жылдың бірінші тоқсанында Жетісу облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті азаматтардың заңды мүдделерін қорғау бағытында жоғары белсенділік танытты. Есепті кезеңде департаментке түрлі байланыс арналары арқылы, оның ішінде E-өтініш платформасы, ОДО жүйесі, телеграм-бот және «жедел желілер» арқылы 280 өтініш келіп түсті. Қабылданған шаралардың нәтижесінде тұтынушыларға 3 млн теңгеден астам қаражат қайтарылды. Өтініштердің негізгі бөлігі бөлшек сауда саласына тиесілі болды. Ең жиі кездескен бұзушылықтар тауарларды айырбастаудан негізсіз бас тарту және сапасыз өнімдерді сату. Сонымен қатар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету және электрондық сауда салаларында да өтініштер тіркелді. Бұл салаларда тұтынушылар қаражатты қайтарудың кешіктірілуі және онлайн-платформалардағы тауар сипаттамаларына сәйкес келмеуі мәселелеріне тап болған. Жеке кәсіпкерлердің жеке шоттарына мобильді аударымдар жасау мәселесіне ерекше назар ау... |
| Толығырақ... Оқылды: 44 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.03.2026 |
2025 жылы өңірде экология саласында 76 өрескел құқықбұзушылық анықталды |
| 2025 жылы Жетісу облысында Экология департаменті тарапынан 29 тексеру жүргізіліп, 115 құқықбұзушылық анықталды, оның ішінде 76-сы - өрескел. Жалпы сомасы 408,3 млн теңгеге 137 әкімшілік айыппұл салынды. Өңірдегі негізгі проблемалардың бірі, қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі. Облыста 7 полигон және 182 қалдық жинау пункті жұмыс істейді, алайда олардың экологиялық жағдайы талаптарға сәйкес келмейді. Қалдықтарды қайта өңдеу деңгейі небәрі 17,8%-ды құрайды. Сонымен қатар, бірқатар аудандарда кәріздік тазарту құрылыстарының жұмысында мәселелер анықталды: ағынды сулар тазартусыз немесе нормативтерден асып төгіледі, бұл нысандарды жаңғыртуды қажет етеді. Талдықорған қаласындағы ауаның сапасына жылу энергиясының 85%-ын қамтамасыз ететін «Басқуат» қазандығы елеулі әсер етеді. Оны газға көшіру арқылы жаңғырту жобасы 2027-2028 жылдарға шегерілген, бұл экологиялық жүктеменің сақталуына әкеліп отыр. Жалпы, өңірде экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шаралар қабылдануда.... |
| Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.03.2026 |
Жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға бағытталған жаңа жоба таныстырылды |
| Жетісу облысында жастардың цифрлық сауаттылығын арттыруға және жасанды интеллект құралдарын қолдану мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жаңа ауқымды жоба басталды. «Жетісу облысы жастарының жасанды интеллектіні қолдану мәдениеті мен цифрлық сауаттылығын дамыту» деп аталатын білім беру бастамасын «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» ЖҚБ төрағасы Дәулет Ауданбаев және Жетісу облысы Қоғамдық даму басқармасының бөлім басшысы Жанерке Бексеитова ресми түрде таныстырды. Сәуір мен қазан айлары аралығында жүзеге асырылатын бұл жоба қазіргі цифрлық дәуір талаптарына сай жастардың технологиялық дағдыларын жетілдіруді көздейді. Негізгі мақсат – өңір жастарына жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды тиімді әрі жауапты қолдану бойынша кешенді білім беру. Бағдарлама аясында қатысушылардың сыни ойлау қабілеті, ақпараттық қауіпсіздік, цифрлық этика және практикалық машықтары дамытылады. Жоба төрт негізгі кезеңнен тұрады: тұжырымдама мен әдістемелік материалдар әз... |
| Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.03.2026 |
Жетісуда 272 жұмысшының 193 млн теңге жалақы берешегі қайтарылды |
| Жетісу облысында өткен жылы инспекторлардың араласуымен 16 кәсіпорынның жұмысшыларына тиесілі 193 млн теңге қарыз толық өндіріліп, заң бұзған басшыларға 10 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бір жыл ішінде Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы департаментіне 780 өтініш түсіп, 91 тексеріс жүргізілген. Сонымен қатар, биыл Еңбек кодексіне маңызды өзгерістер енгізілді. Енді жұмысшылардың әлеуметтік кепілдіктерін қорғау үшін нақты еңбек қатынастары бар жерде азаматтық құқықтық шарттарын қолдануға тыйым салынды. Сондай-ақ, 14 жасқа дейінгі баласы бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға шектеу қойылып, өндірістегі жазатайым оқиғалар кезінде жұмысшының кінәсі 25 пайыздан аспауы тиіс деп нақты бекітілді. 2026 жылдың басынан бері тағы 226 өтініш тіркеліп, 19 заң бұзушылық анықталды. Департамент жұмыс берушілерден еңбек қатынастарын жаңа заң талаптарына сай, цифрлық форматта уақтылы тіркеуді қатаң талап етеді. |
| Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.03.2026 |
Жанармай нарығының болашағы: сарапшылар баға қалыптастырудың сын-қатерлерін талқылады |
| KAZENERGY қауымдастығы алаңында жанар-жағармай нарығындағы баға қалыптастырудың өзекті мәселелері мен алдағы қадамдарына арналған кездесу өтті. Талқылауға сарапшылар, салалық қауымдастықтар, нарықтың түрлі сегменттерінің өкілдері, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және мемлекеттік органдар қатысты. Негізгі назар АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын реттеу мәселелеріне аударылды. Нарық қатысушылары қолданыстағы баға шектеулері өндірістік, логистикалық және операциялық шығындардың өсуімен қатар барлық қатысушыларға қосымша жүктеме түсіріп, жалпы саланың тұрақтылығына кері әсер ететінін атап өтті. Сондай-ақ макроэкономикалық факторлардың ықпалы және реттеу шарттарының өзгеруі мұнай өнімдерінің өзіндік құны мен жеткізу тізбегінің жұмыс істеуіне әсер ететіні ерекше айтылды. Сарапшы Нұрлан Жұмағұловтың пікірінше, нарықтық факторларды елемеу және көрші елдермен баға айырмашылығының айтарлықтай болуы «сұр» экспортқа жағдай жасайды. Яғни арзан отын... |
| Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 27.03.2026 |
