Жаңалықтар

Талдықорғанда жол жөндеу сапасын бақылайтын арнайы жұмыс тобы құрылды

Талдықорған қаласында жол жөндеу маусымының басталуына орай, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын қадағалайтын қоғамдық бақылау тобы жұмысқа кірісті. Жұмыс тобының құрамына облыстық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, «AMANAT» партиясының өкілдері, қоғам белсенділері мен салалық басқарманың білікті мамандары енді. Бақылаушылардың негізгі мақсаты – тек қана қателік табу емес, мердігер мекемелерге бағыт-бағдар бере отырып, олқылықтардың алдын алу. Биыл облыс орталығындағы 8 негізгі көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда Назарбаев даңғылы, Солтүстік айналма жолдан Абай көшесіне дейінгі аралық. Сонымен қатар, радиалды көшелер Ескелді би, Абылай хан, Біржан сал, Шевченко, Абай және Желтоқсан көшелерінде жұмыс жүріп жатыр. Аталған көшелерде тек жол төсемі ғана емес, жаяу жүргіншілер жолдары мен жиектастарды (бордюр) ауыстыру жұмыстары да қарқын алған. Жол жөндеу науқаны тек Талдықорған қаласымен шектелмейді. Жетісу облысының бар...
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.05.2026

Спорттық мамыр: Жетісу облысындағы ірі жарыстар күнтізбесі

2026 жылдың мамыр айында Жетісу облысында 20-дан астам ірі спорттық іс-шара өтеді. Оған 6 мыңға жуық спортшы мен спорт әуесқойлары қатысады деп күтілуде. Айдың басты оқиғаларының қатарында - Талдықорған қаласында өтетін көкпардан XXV Қазақстан чемпионаты, ауыр атлетика, армрестлинг, тоғызқұмалақтан ел біріншіліктері және садақ атудан ҚР Кубогы бар. «Сиверс алмасының гүлдеуі» фестивалі аясында қазақ күресі, тоғызқұмалақ және асық атудан жарыстар ұйымдастырылады. 9 мамыр күні облыс әкімінің кубогына арналған бәйге және бәйгеден Қазақстан чемпионаты өтеді. Балалар мен жасөспірімдер спортына ерекше көңіл бөлінеді. Өңірде бокс, еркін және грек-рим күресінен республикалық турнирлер, сондай-ақ волейбол, баскетбол, велоспорт және жеңіл атлетикадан облыстық чемпионаттар өтеді. Айта кетейік, соңғы үш жылда Жетісуда 39 спорт нысаны салынды. Соның нәтижесінде бүгінде өңірде жоғары деңгейдегі жарыстарды өткізуге және спортты одан әрі дамытуға жағдай жасайтын заманауи инфрақұрылым...
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.05.2026

Тоқаев Роман Склярды жаңа қызметке тағайындады

"Мемлекет басшысының жарлығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада. Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті Айбек Дәдебай атқарды. Ол басқа жұмысқа ауысуына байланыстылауазымынан босатылды. Ал Роман Скляр бұған дейін премьер-министрдің бірінші орынбасарықызметін атқарды. Роман Скляр 1971 жылғы 8 мамырда Павлодар қаласында дүниеге келген. Павлодар мемлекеттік университетін "Инженер-құрылысшы" мамандығы бойынша, сондай-ақ Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын "Экономист" мамандығы бойынша және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын "Заңгер" мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1989 жылы "Экибастузуглеавтоматика" монтаждау-жөндеу басқармасында слесарь-монтажшы қызметінен бастаған. 1989-1990 жылдары – "Казпромтехмонтаж" шаруашылық-монтаждау басқармасының монта...
Толығырақ... Оқылды: 45 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.05.2026

Сыбайлас жемқорлықты алдын алу

Сыбайласжемқорлықпенкүресуеліміздіңбүгінгікүнгікүрделімәселелерініңбіріболыпотыр.Үлкенәлеуметтікқасіретболыптабылатынолсаясидамутұрғысынанбір-бірінеұқсамайтынәлемдегібарлықелдердіңқайсынболмасындақаттыалаңдататыныайқын. Сыбайласжемқорлықтыңмемлекеттіңбәсекегеқабілеттілігінедәуіртөмендететіні,қоғамдадемократиялыққайтақұрулардыжүзегеасырудытежейтіні,елдіңхалықаралықбеделінекөлеңкетүсіретінібелгілі.Еңбастысы—адамдардыңқоғамныңдемократиялықнегізінедегенсеніміне,заңменәділдіккедегенсеніміне,түптепкелгенде,биліккедегенсенімінекеріәсерететініхақ. Сыбайласжемқорлыққақарсыстретегияныңнегізгібасымдықтарыныңбірі–сыбайласжемқорлыққақарсымәдениетдеңгейінқалыптастыруболыптабылады. «Сыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимылтуралы»ҚазақстанРеспубликасыныңЗаңында«сыбайласжемқорлыққақарсымәдениеттіқалыптастыру–сыбайласжемқорлыққақарсыіс-қимылсубъектілерініңқоғамдасыбайласжемқорлыққатөзбеушіліктікөрсететінқұндылықтаржүйесінсақтаужәненығайтубойыншаөзқұзыретішегіндежүзе...
Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.05.2026

САЛЫҚ ТӘРТІБІ – ҚОҒАМДАҒЫ ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ КӨРІНІСІ

Қазіргі қоғамда салық төлеу мәдениеті – құқықтық мемлекеттің маңызды көрсеткіштерінің бірі. Әрбір азамат пен кәсіпкер өзінің табысынан белгіленген мөлшерде салық төлей отырып, елдің дамуына тікелей үлес қосады. Жеке сот орындаушысы ретінде мен күнделікті қызметімде түрлі қаржылық міндеттемелердің орындалуымен бетпе-бет келемін. Соның ішінде салық берешектері де аз емес. Бұл жағдай көп жағдайда азаматтардың салықтық міндеттеріне салғырт қарауынан немесе заң талаптарын толық түсінбеуінен туындайды. Салық – бұл жай ғана міндетті төлем емес. Ол – мемлекет пен азамат арасындағы өзара сенімнің негізі. Мемлекет өз тарапынан халыққа жағдай жасап, инфрақұрылымды дамытып, әлеуметтік қолдау көрсетсе, азаматтар соған сай өз міндеттерін орындауы тиіс. Өкінішке қарай, кейбір жағдайларда салықтарды уақытылы төлемеу түрлі құқықтық салдарға әкеледі. Мұндай кезде мәжбүрлеп өндіру шаралары қолданылып, азаматтарға қосымша қаржылық жүктеме түседі. Бұл – әрине, алдын алуға б...
Толығырақ... Оқылды: 37 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.05.2026

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

2026 жылғы 2 мамырда Жетісу облысы Сарқан ауданының Тополевка ауылы маңындағы «Жоңғар-Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында ерекше табиғи құбылысқа арналған «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтті. Ауқымды іс-шара өңірдің туристік әлеуетін арттыруға, экологиялық туризмді дамытуға, табиғи мұраны насихаттауға және әлемдік маңызға ие Сиверс жабайы алмасының табиғи қорын сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталды. Фестивальге 7 мыңнан астам адам қатысып, іс-шара аясында 50-ден астам блогер мен инфлюенсер Жетісу өңірінің туристік әлеуетін кең аудиторияға танытуға үлес қосты. Айта кету керек, Жетісу облысы – жер бетіндегі барлық мәдени алма сорттарының арғы тегі саналатын Сиверс жабайы алмасының негізгі табиғи таралу аймақтарының бірі. Ғалымдардың бағалауынша, аталған бірегей алманың әлемдік табиғи қорының шамамен 48 пайызы осы өңірде шоғырланған. Фестиваль аясында қонақтарға гүлдеген Сиверс алма...
Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.05.2026

Қазақстан халқы 20,5 миллионнан асты. Қай ұлт қай өңірде басым?

Қазақстан халқының бірлігі мерекесі қарсаңында еліміздің демографиялық көрсеткіші жаңа белеске шықты, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Ұлттық статистика бюросы жариялаған жаңартылған мәліметтерге сүйенсек, 2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша ел халқының жалпы саны20 532 240адамға жеткен. Бұл көрсеткіш мемлекетіміздің тұрақты даму жолында екенін және демографиялық өсімнің қарқынды жүріп жатқанын айғақтайды. Қазақстан – 100-ден астам этнос өкілдері тату-тәтті ғұмыр кешіп жатқан бірегей мекен. Этностық құрам: Кім қанша? Еліміздегі ең ірі этнос – мемлекет құраушы қазақ ұлты. Қазіргі таңда қазақтардың саны14 664 202адамды құрап отыр. Бұл жалпы халық санының шамамен 71 пайызынан астамы. Өзге этнос өкілдерінің көрсеткіштері төмендегідей: Орыстар – 2 943 022 Өзбектер – 695 557 Украиндар – 367 547 Ұйғырлар – 309 164 Немістер – 222 890 Татарлар – 218 361 Әзербайжандар – 157 568 Кәрістер &nd...
Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.05.2026

Сарқандағы сенбілік: Лепсі өзені қоқыстан тазартылды

Сарқан ауданы Лепсі ауылдық округінде «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «7 ÖZEN» акциясы өткізілді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Аталған шара барысында Лепсі өзенінің сағасы тазартылып, қоршаған ортаны қорғау бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. Акцияға ауыл тұрғындары, еріктілер, жастар және белсенді азаматтар қатысып, жалпы саны 50-ге жуық адам жұмылдырылды. Сондай-ақ, тазалық жұмыстарын жүргізуге 2 техника тартылып, нәтижесінде өзен жағалауынан 15 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Өткізілген шара өңірдегі экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, табиғатты аялауға және тазалықты сақтауға бағытталған маңызды бастамалардың бірі болды.
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.05.2026

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАУЫ

Құрметті отандастар! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – қоғамымыздың мызғымас құндылықтарын паш ететін қастерлі мейрам. Бірлік күні халқымыздың тілектестігі мен ауызбіршілігі, өзара сыйластығы мен құрметі, отаншылдығы мен перзенттік сүйіспеншілігі кеңінен дәріптеледі. Кезінде тағдырдың жазуымен елімізде тұрақтаған түрлі этнос өкілдері Қазақстан атты киелі Шаңырақтың астында бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл – бәрімізге ортақ игілік. Дана халқымыз «Татулық – таусылмас бақыт» деп бекер айтпаған. Біз – бейбіт заманның қадірін білетін, айналасына жанашырлықпен қарайтын, әрдайым көмек қолын созуға дайын тұратын елміз. Бұл – біртұтас ұлтымыздың болмысына тән қасиет. Біз осы бірегей дәстүрді көздің қарашығындай сақтап қалуымыз керек. Біздің көзқарасымыз әртүрлі болғанымен, тілегіміз – бір. «Бірлігіміз – әралуандықта» формуласы мемлекеттік саясат пе...
Толығырақ... Оқылды: 51 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.05.2026

1 МАМЫР – БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ ТҰҒЫРЫ

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. Бұл мереке еліміздегі ең маңызды әрі мазмұнды күндердің бірі болып саналады. Ол тек демалыс немесе салтанатты шаралар өтетін күн емес, керісінше, халқымыздың тарихы мен болашағын байланыстыратын терең мағыналы мереке. Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Бүгінде елімізде жүзден астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Әр ұлттың өз тілі, мәдениеті, салт-дәстүрі бар. Осындай алуан түрлілік Қазақстанды ерекше мемлекетке айналдырады. Бір қарағанда әртүрлі болып көрінетін халықтар бір мақсат пен бір мүдде жолында бірігіп, ортақ Отанның дамуына үлес қосуда. Бұл – еліміздің ең үлкен жетістіктерінің бірі. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан үшін ең басты міндеттердің бірі – ішкі тұрақтылық пен қоғамдық келісімді сақтау болды. Осы мақсатта Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылып, этностар арасындағы достықты нығайтуға үлкен үлес қосты. Бұл ұйым елдегі бейбітшілікті сақтаудың маңызды тетігіне айналды. 1 мамыр мерекес...
Толығырақ... Оқылды: 11 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.05.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.