Жаңалықтар
Жетісу облысында есірткіге қарсы жаңа «Zhetysu Digital Anti-Drug Hub» жобасы іске қосылуда |
| Жобаның басты мақсаты - заманауи технологиялар, оқыту және еріктілердің бастамалары арқылы жастардың есірткіге тәуелділігінің алдын алу. Өңірде барлық профилактикалық жобаларды үйлестіретін бірыңғай антинаркотикалық хаб құрылуда. Сонымен қатар, кез келген адам кеңес пен көмек алу үшін жүгіне алатын «SafeLine» байланыс орталығы жұмысын бастайды. Арнайы «Risk-Analyzer» жүйесі тәуекел топтары мен алдын алу жұмыстарын күшейтуді қажет ететін аудандарды анықтауға көмектеседі. Облыс көлемінде «Zhetysu Anti-Drug Fest Nomad Tour» шарасы ұйымдастырылады. Оның аясында жастармен кездесулер, дәрістер, тренингтер, спорттық жарыстар және ата-аналармен ашық диалогтар өткізіледі. Жобаның тағы бір маңызды бағыты - «Digital Immunity». Мұнда жастарға бейнероликтер мен онлайн-контент арқылы киберқауіпсіздік, медиасауаттылық және волонтерлік негіздері үйретіледі. Бұдан бөлек, өңірде есірткіге қарсы волонтерлер мектебі ашылып, оқу процесі ойын форматын... |
| Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.05.2026 |
Жетісу облысының толық электрондық картасы жасалды |
| Бүгінгі таңда облыстағы 358 елді мекеннің барлығы бас жоспарлармен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта заман талабына сай қажетті түзетулер енгізілуде. Сонымен қатар, елді мекендердің егжей-тегжейлі жоспарлау жобаларымен қамтамасыз етілу көрсеткіші 20,4%-ға жетті. Осындай ақпаратпен БАҚ өкілдерімен кездесуде Жетісу облысы сәулет және қалақұрылыс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сабыржан Мекебекұлы бөлісті. 2025 жылдың қорытындысы бойынша келесі аумақтардың қала құрылысы жобалары әзірленді және түзетілді. Атап айтсақ, Алакөл ауданы: Ақтүбек, Бұлақты, Жайпақ, Лепсі ауылдары, Қаратал ауданы: Ескелді би ауылы, Кербұлақ ауданы: Сарыөзек ауылы, Сарқан ауданы: Қойлық ауылы, Текелі қаласы және облыс аумағының кешенді схемасы. Мемлекеттік бағдарламалар аясында облыстың барлық елді мекендерінің электрондық картасы жасалды. Бұл жоба «Қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» порталын толтыру үшін маңызды қадам болды. Жұмыс барысында мамандар әрбір жылжымайтын мүлік нысанын а... |
| Толығырақ... Оқылды: 25 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.05.2026 |
Жетісу облысында инвесторлар қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салуға ниетті |
| Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығымен кездесті. Кездесу барысында өңірде қуаты 1 ГВт болатын энергия жинақтау жүйесімен жабдықталған жел электр станциясын салу жөніндегі инвестициялық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды, -деп хабарлайды Жетісуоблысыәкімінің баспасөз қызметі. Жоба «Самұрық-Энерго» АҚ мен қытайлық инвесторлардың бірлесуі арқылы жүзеге асырылады деп күтілуде. Жел электр паркін салу жобасы туралы «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Мақсұтов жан-жақты баяндап берді. Оның айтуынша, жобаны іске асыру облыстың электрмен сенімді жабдықталуына мүмкіндік береді. Жобаны жүзеге асыруға қатысты барлық мәселелерді талқылағаннан кейін кездесуге қатысушылар жақын арада жобалық-іздестіру жұмыстарын жүргізуге келісті. Кездесу соңында Бейбіт Исабаев: - Бұл - мультипликативтік әсер беретін ауқымды жоба. Біз өз тарапымыздан қолданыстағы заңнама аясында барлық қажетті қолдау көрсетеміз. Сонымен қата... |
| Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.05.2026 |
Қазақстан армиясы заманауи қауіп-қатерлерге сай жауынгерлік даярлық жүйесін жаңғыртуда |
| Алматы өңірлік гарнизонында Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіровтің жетекшілігімен оқу-әдістемелік жиындар өтуде. Іс-шара барысында заманауи қарулы қақтығыстар жағдайына бейімделген жауынгерлік даярлық жүйесін жетілдіру мәселелеріне басымдық берілу үстінде. Жиынға Қарулы күштердің әртүрлі түрлерінің, Арнайы операциялар күштері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің өкілдері қатысып жатыр. Жұмыс орындалатын міндеттердің ерекшеліктеріне қарай бес бағыт бойынша ұйымдастырылған. «Бітімгер» оқу орталығында әскерлерді даярлаудың жаңартылған тәсілдері таныстырылып, бригаданың күнделікті қызметін жоспарлау тәртібі бойынша көрсетілім сабақтары өткізілді. Сержанттық құрамды дамытуға ерекше назар аударылды. Әскери қызметшілер үшін бөлімшелерді басқарудағы цифрлық шешімдерді қолдану бойынша практикалық сабақтар және қазіргі заманғы ұрыс жағдайындағы байланыс пен басқаруды ұйымдастыру мәселелеріне арнал... |
| Толығырақ... Оқылды: 31 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 15.05.2026 |
Жетісу облысына – 4 жыл: әлеуметтік салада 276 нысан жаңартылды |
| Жетісу облысы құрылғалы бері өңірде жалпы саны 276 әлеуметтік нысан жаңартылды. Құрылыс жұмыстары биыл да жалғасады. Солардың бірі Ескелді ауданының Бақтыбай ауылында 2020 жылы басталған мәдениет үйінің құрылысы осы жылдың тамызында аяқталады. Бұл нысанның құрылыс жұмысы облыс әкімінің тұрақты бақылауында. Ұзаққа созылған құрылыстың шешімі жайлы өңір басшысы аудан тұрғындарымен кездесуі барысында айтты, -Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жаңа мәдениет ошағы ауыл тұрғындары үшін заманауи мәдени-спорттық орталыққа айналмақ. Мұнда балалар мен жастар шығармашылықпен айналысып, түрлі үйірмелерге қатыса алады, сондай-ақ кітапханаға, хореография залына барып, спорт секцияларына қатысуға мүмкіндік алады. Құрылыс учаскесінің бастығы Бірлік Қамытбаевтың айтуынша, қазіргі таңда негізгі құрылыс жұмыстары іс жүзінде толық аяқталды. Келесі аптада құрылысшылар ғимараттың абаттандыру жұмыстарына кіріседі. Сонымен қатар жиһаздар жеткізіліп, қажетті құрал-жабдықтар орнатылады. Қазіргі таңда... |
| Толығырақ... Оқылды: 33 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 14.05.2026 |
Қараталдық жастар Конституция негіздерін дебат алаңында талқылады |
| Жетісу облысының Қаратал ауданында өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ауқымды интеллектуалдық шара өтті. «Халықтық Конституция – құқықтық мемлекеттің негізі» атты пікірталас ойынында жастар еліміздің басты құжатының қоғамдағы рөлін жан-жақты саралады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Интеллектуалдық доданың негізгі мүддесі – жас буынның құқықтық сауаттылығын арттыру және олардың бойында азаматтық жауапкершілік сезімін ұялату. Қазіргі демократиялық қоғамда заң үстемдігін түсіну мен сыни ойлау қабілетін дамыту өте маңызды. Осы орайда, дебат алаңы қатысушыларға өз ойларын еркін жеткізуге, шешендік өнерді шыңдауға және мемлекеттік құрылымның іргетасы саналатын Конституциялық реформалардың мәнін ұғуға мүмкіндік берді. Пікірталас барысында жас дебатшылар азаматтардың құқықтары мен міндеттері, құқықтық мемлекет қалыптастыру жолдары мен заң алдындағы теңдік мәселелерін ортаға салды. Қатысушылар тек теориялық біліммен... |
| Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 14.05.2026 |
«EcoSana» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды |
| «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Б.Құндақбаева атындағы мектепте «EcoSana» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыру және білімдерін шыңдау болды. Ойын барысында қатысушылар экология, қоршаған орта және табиғатты қорғау тақырыптары бойынша түрлі сұрақтарға жауап беріп, өзара белсенділік танытты. Қызықты әрі тартысты өткен сайыс соңында үздік нәтиже көрсеткен 3 команда жеңіске жетіп, алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Шара оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, экологиялық тәрбиені насихаттауға өз үлесін қосты. |
| Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 14.05.2026 |
Бақтыбайда ханбалық өсіріледі |
| Облыс әкімі Бейбіт ИСАБАЕВ арнайы жұмыс сапарымен Көксу және Ескелді аудандарына барып, бірқатар құрылыс нысандарын аралады. Аймақ басшысы алдымен Балпық би ауылындағы 60 пәтерлі екі тұрғын үйдің құрылыс жұмысымен танысты. «СЕМ-Шоғы Құрылыс-Сервис» ЖШС жүргізіп жатқан құрылыс жұмыстары былтыр желтоқсан айында басталыпты. Мамандардың айтуынша 15 бір бөлмелі, 15 екі бөлмелі, 30 үш бөлмелі көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы тамыз айының соңында аяқталмақ. – Қазіргі таңда бірінші үйдің шатыры жабылып, екінші үйде ішкі бөлу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда 80 адам жұмыс істейді. Маусым айында инженерлік желілерді орнату жұмыстары жүргізіледі, – дейді құрылыс учаскесінің басшысы Жақсылық Өтегенұлы. Облыс әкімі тұрғын үйдің ішін толық аралап шыққан соң: – Құрылыста ең әуелі сапа жақсы болуы қажет. Содан кейін уақытында аяқтау керек. Сіздердің бұған дейінгі істеген жұмыстарыңыздың сапасы жақсы болды. 60 пәтерлі екі үйдің құрылысын да дәл солай сапалы і... |
| Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 14.05.2026 |

| Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 14.05.2026 |

| Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 14.05.2026 |