ЖАҢАЛЫҚТАР

«EcoSana» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 14.05.2026
Оқылды: 25 Печать страницы

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Б.Құндақбаева атындағы мектепте «EcoSana» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыру және білімдерін шыңдау болды.

Ойын барысында қатысушылар экология, қоршаған орта және табиғатты қорғау тақырыптары бойынша түрлі сұрақтарға жауап беріп, өзара белсенділік танытты. Қызықты әрі тартысты өткен сайыс соңында үздік нәтиже көрсеткен 3 команда жеңіске жетіп, алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Шара оқушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, экологиялық тәрбиені насихаттауға өз үлесін қосты.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.