Жаңалықтар

Саусақ ізі мен дауысты ұрлау: Жасанды интеллект арқылы жасалатын алаяқтықтан сақ болыңыз!

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде азаматтардың аңғалдығы мен мейірімділігін пайдаланатын жаңа алаяқтық схемасы туралы ақпарат тарап жатыр. Бұл әдіс бұрынғы телефон қоңырауларынан немесе СМС кодтарды сұраудан әлдеқайда қауіпті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Қазіргі таңда қылмыскерлерге сіздің ақшаңыз немесе құпия сөздеріңіз емес, тікелей биометриялық деректеріңіз қажет. Олар адам көп жиналатын қоғамдық орындарда сыпайы киінген, орта жастағы немесе қарт адамдардың кейпінде пайда болып, көмек сұрайды. Мысалы, «зейнетақымның көлемін тексеріп беріңізші», «мына парақшаны жаба алмай жатырмын» немесе «қосымшам неге істемей тұрғанын қарап беріңізші» деген сияқты өтініштер айтады. Сіз телефонды қолыңызға алған сәтте, оның экранында бейнеқоңырау, экран жазбасы немесе бетті тану функциясы қосылып тұрады. Смартфонның екінші жағында отырған адам сіздің әрбір әрекетіңізді бақылайды. Алаяқтықтың ең қорқынышты тұсы – жасанды инте...
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.05.2026

Жетісуда жазғы маусымда 116 мыңнан астам оқушы демалыспен қамтылады

Жетісу облысында жазғы маусымда 11 қала сыртындағы балалар сауықтыру орталығы (6 мемлекеттік және 5 жекеменшік) мен мектеп жанындағы 299 алаң жұмыс істейді деп жоспарлануда. Балалардың жазғы демалысы мен сауықтырылуына байланысты өзекті тақырып Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында көтерілді. Биыл өңірдегі 1-10 сынып аралығындағы 124 мыңнан астам оқушының 116 777-сі жазғы демалыспен қамтылады. Оның ішінде 10 350 бала қала сыртындағы лагерьлерде демалса, жергілікті бюджет есебінен аз қамтылған отбасылардан шыққан 6 494 балаға 454 миллион 580 мың теңге (әр балаға 70 000 теңгеден) бөлінді. Сонымен қатар, 40 000-ға жуық оқушы облыстың көрікті жерлеріне, ұлттық саябақтар мен Алакөл, Балқаш, Қапшағай көлдеріне экскурсиялық саяхаттарға шығады, ал 201 бала «Балдәурен» және «Бөбек» республикалық орталықтарына жіберіледі. Балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында жергілікті атқарушы органдар қызметкерлерінің қат...
Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.05.2026

Жетісуда жастардың басын қосатын «STUDENT HUB ZHETISU» әлеуметтік жобасы басталды

Жетісу облысында студент жастардың көшбасшылық әлеуетін дамытуға және олардың қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған «STUDENT HUB ZHETISU» жаңа әлеуметтік жобасы ресми түрде іске қосылды. «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында және облыстық Ішкі саясат басқармасының тапсырысымен қолға алынған бұл бастаманы «Өрендер» академиясы қоғамдық бірлестігі жүзеге асыруда. Ауқымды жоба өңірдегі 8 аудан мен 2 қаланы қамти отырып, 1 жоғары оқу орны мен кемінде 22 колледждің студенттік ұйымдарын бір арнаға тоғыстыруды көздейді. Бастама аясында жеті ай ішінде кемінде 1000 студентті жүйелі дамыту шараларына тартып, олардың басқарушылық белсенділігі мен институционалдық қатысуын күшейту жоспарланған. Жобаның басты ерекшелігі – өңірде студенттік өзін-өзі басқарудың бірыңғай өңірлік моделін, цифрлық мониторинг және рейтингтік бағалау жүйесін енгізуінде болып отыр. Осы мақсатта Талдықорған қаласында студенттік кеңестерге консульт...
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 20.05.2026

Мемлекет басшысы Алтын Орда мұрасына арналған тақырыптық көрмемен танысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алтын Орда тарихына қатысты археологиялық, жазба және мәдени жәдігерлер қойылған экспозицияны аралап көрді. Мемлекет басшысына 70 археологиялық және сәулеттік ескерткішті қамтитын интерактивті карта, соның ішінде 17 нысанға кеңейтілген сипаттама, әуеден түсірілген фотосуреттер мен 3D-визуализация көрсетілді. Көрмедегі негізгі жәдігерлердің бірі – дәуір билеушілері мен тарихи тұлғалар туралы генеалогиялық мәліметтерді қамтитын «Хандар шежіресі» атты қолжазба. Сонымен қатар Каталон атласы, жазба деректер, теңгелер және тұрмыстық бұйымдар бар. Жазба мұралар арасында 3 жарлық, 4 дипломатиялық хат пен 21 қолжазба түпнұсқа және электронды форматта ұсынылған. Көрменің мақсаты – Алтын Орданың тарихи-мәдени мұрасын жан-жақты насихаттау және оның ғылыми зерттеу аясын кеңейту.
Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2026

ҚАЗАҚСТАНДА АЛҒАШ РЕТ АЛТЫН ОРДАҒА ҚАТЫСТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРХИВ ҚҰЖАТТАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі ретінде: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық ғылыми симпозиум аясында көрме ұйымдастырылды. Көрме XIII-XV ғасырларда Еуразия кеңістігінде қалыптасқан Алтын Орда мемлекетінің тарихи-мәдени болмысын Қазақстан аумағынан табылған археологиялық жәдігерлер, қолжазба кітаптар және архив материалдары негізінде таныстыруға арналған. Көрменің негізгі идеясы – көшпелі өмір салтына негізделген, бірақ жоғары деңгейдегі мемлекеттік, экономикалық және қалалық мәдениетке ие өркениетті археологиялық, қолжазбалық және архивтік деректер арқылы көрсету. Іс-шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, мемлекет және қоғам қайраткерлері, министрліктер мен шетелдік дипломатиялық миссиялардың өкілдері, жетекші ғалым-археологтар, тарихшылар мен шығыстанушылар, сондай-ақ музейлер, музей-қорықтар және ғылыми-зерттеу институттарының қызметкерлері қатысты. Бірегей экспонаттар мен ғылыми жаңалықтар:...
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2026

Жетісуда 133 мың гектардан астам жер шегірткеге қарсы өңделеді

Жетісу облысында ауыл шаруашылығы алқаптарын шегіртке зиянкестерінен қорғау бағытында фитосанитарлық науқан жалғасып жатыр. Өңірде жалпы көлемі 133 мың гектардан астам жерді өңдеу жоспарланған. Қазіргі таңда фитосанитарлық жұмыстар белсенді кезеңге өтіп, бұл ретте өнімділігі жоғары арнайы техникалар мен заманауи химиялық препараттар қолданылуда, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір үшін үйірлі зиянкестердің екі түрінен қауіп туындауы болжалған: италиялық прус шегірткесі 66 мың гектардан астам аумақта тіркеліп, өңдеу жоспарланған, ал азиялық көшпелі шегірткеден 25 мың гектар жер өңделеді. Ал үйірсіз зиянкестер қоныстанған аумақ көлемі 42,3 мың гектарды құрайды. Олар аса жылдам таралмағанымен ауыл шаруашылығы жануарларының жем-шөбін азайту шығындарын болдырмау үшін оларды жүйелі түрде жойып отыру қажет. Зиянкестердің егіс алқаптарына таралуына жол бермеу мақсатында өңірде өңдеу жұмыстары мамыр айының басында басталды. Республикалық фитосанитарлық диа...
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2026

Жетісу облысына – 4 жыл: 4 қазандық іске қосылып, 1 мың шақырымнан астам су құбыры, жылу және электр желілері жаңартылды

Жетісу облысы құрылғаннан бері өңірде Үштөбе, Үшарал, Талдықорған қалалары мен Балпық би ауылында жылу көздерін салу және қайта жаңғырту бойынша 4 жоба іске асырылды. Ал биыл Талдықорған қаласында тағы бір жаңа көшеішілік қазандық пайдалануға беріледі. Сондай-ақ осы кезеңде мың шақырымнан астам су құбыры, жылу және электр желілері жаңартылып, олардың тозу деңгейін төмендетуге мүмкіндік туды. Әлеуметтік саладағы 35 нысан газға көшірілді, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, 2022–2025 жылдары Жетісу облысында Балпық би және Қарабұлақ ауылдарында, сондай-ақ Талдықорған, Текелі, Үштөбе және Үшарал қалаларында 33,8 шақырым жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде жылумен жабдықтау желілерінің тозу деңгейі 45%-ға дейін төмендетілді. 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық аясында 10,4 шақырым жылу желілерін жөндеу жоспа...
Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2026

Бітімгерлердің үшінші құрамы Голан жоталарына аттанды

Алматыдағы Десанттық-шабуылдау әскерлерінің 61993 әскери бөлімінде «Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінуді бақылау жөніндегі күштері» миссиясы құрамында қызмет ету үшін Голан жоталарына аттанатын үшінші ұлттық бітімгерлік контингентті салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті. Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Бітімгерлік операциялар орталығының қолбасшылығы, қызметтестер, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ әскери қызметшілердің туыстары мен жақындары қатысты. Митингте сөз алған Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары генерал-майор Асқар Мұстабеков Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті қолдау ісіне қатысуының маңыздылығына тоқталды. – Бітімгерлік сыртқы саясаттың басым бағыттарының бірі және Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікке қосқан маңызды үлесі болып табылады, – деп атап өтті генерал-майор Асқар Мұстабеков. – Сіздер еліміздің абыройын асқақтатып, Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясына қаты...
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2026

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қайта өрлеу дәуірінің ұлы ойшылдарының бірі Леонардо да Винчидің өміріне, ғылыми ізденістері мен инженерлік мұрасына арналған «Leonardo da Vinci: Genius of the Renaissance» халықаралық көрмесінің таныстырылымы өтті. Көрменің ашылуына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, көрме комиссары Ольга Риго, Рим қаласындағы Леонардо да Винчи музейінің директоры Августо Биаджо, сондай-ақ дипломатиялық корпус өкілдері қатысты. Аида Балаева экспозицияның Халықаралық музейлер күнінде өткізілуінің айрықша мәні бар екенін атап өтті. Бұл күн әлемдік мәдени мұраны сақтау, ғылым мен өнерді дамыту және мәдениетаралық диалогты нығайту идеялары төңірегінде жұртшылықты біріктіреді. Үкімет басшысының орынбасарының айтуынша, бүгінде Қазақстанда 286 музей жұмыс істеп тұр. Олардың қорында 4,5 миллионнан астам жәдігер сақталған. Музейлерге жыл сайын 6,5 миллионнан астам адам келеді. Сонымен қатар Аи...
Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2026

Мемлекеттік қызмет — халықтың сенімі, азаматтық жауапкершілік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әрбір Жолдауында: «Сыбайлас жемқорлық — мемлекеттің дамуын тежейтін басты кесел» екенін ерекше атап өтіп келеді. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметшіге қойылатын талап — тек кәсіби біліктілік қана емес, ең алдымен, биік адамдық қасиет пен жоғары этика. Мемлекеттік қызметші болу — бұл билікке ие болу емес, халыққа адал қызмет ету. Еліміздің даму жолындағы ең басты кедергілердің бірі — сыбайлас жемқорлық. Бұл дерт мемлекеттің іргесін шайқалтып қана қоймай, қоғамның әділдікке деген сенімін жояды. Сондықтан әрбір маман өз қызметінде адалдық пен жауапкершілікті ту етуі тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрбір маманның өз жұмыс орнынан басталады. Менің ойымша, нағыз мемлекеттік қызметшінің бойында мынадай құндылықтар болуы шарт: Парасаттылық: Шешім қабылдау кезінде жеке мүддені емес, мемлекет пен қоғам мүддесін жоғары қою. Ашықтық: Әрбір іс-әрекеттің заңдылығы мен айқындылығын қамтамасыз ету....
Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 19.05.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.