Жаңалықтар
Когда «Таза Қазақстан» стал привычкой Чистые аллеи, заполненные контейнеры и почти 5 тонн вывезенного мусора стали показателем экологической культуры жителей Талдыкоргана. |
| Иногда о переменах говорят громко — со сцены, в речах и лозунгах. А иногда они становятся заметны в самых простых вещах. В Талдыкоргане одним из таких примеров стала установка контейнеров с логотипом «Таза Қазақстан», рассказывает корреспондент Vestnik19.kz Казалось бы, обычные мусорные баки, но именно возле них можно увидеть, как постепенно меняется отношение людей к чистоте города. Жители и гости областного центра активно пользуются установленными контейнерами, поддерживая порядок во время массовых мероприятий. К примеру, в выходные дни на городском пляже сотни жителей и гостей собрались на торжественном открытии фестиваля «Тaldyk Summer», затем программа продолжилась концертами, спортивными соревнованиями и творческими площадками, посвященными ко Дню защиты детей. И, гуляя по территории, невольно замечаешь: мусора практически нет. Еще несколько лет назад после массовых мероприятий картина зачастую была иной. Сегодня же повсюду установлены специальные... |
| Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.06.2026 |
Жетісу облысына – 4 жыл: 1,4 млн. ш.м. астам тұрғын үй пайдалануға берілді |
| Жетісу облысы құрылғаннан бері өңірде 1,4 млн. шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Осы уақыт ішінде 10833 отбасына баспаналы болса, соның ішінде өткен жылы «Жетісу жастары», «Маман» бағдарламаларымен және жалгерлік, несиелік тұрғын үйлер берілді, сол сияқты әлеуметтік осал топтарға баспана сатып алынды, тұрғындар апатты үйлерден көшірілді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Биыл өңірде тұрғын үймен 3 мыңнан астам отбасын қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Мәселен, бүгін Халықаралық балаларды қорғау күнінде Ақсу ауданының Жансүгіров ауылында 57 отбасы жаңа пәтерлер мен жеке тұрғын үйлердің кілттерін қолына алып, баспаналы болу қуанышына кенелді. Қоныстанушылардың қатарында көпбалалы отбасылар, жалғызбасты аналар, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедектігі бар азаматтар, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, зейнеткерлер және басқа да санаттағы тұрғындар бар. Жаңа қоныс и... |
| Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.06.2026 |
Жетісуда көктемгі егіс науқаны толық аяқталды |
| Жетісу облысында көктемгі егіс науқаны толық аяқталды. Атап айтқанда, жоспарланған 388,0 мың гектар жаздық дақылдар түгелдей себілді. Биыл жалпы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 511,8 мың гектарды құрап отыр, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, жаздық дәнді дақылдар – 165,5 мың га, дәндік жүгері – 54,2 мың га, майлы дақылдар – 105,7 мың га, қант қызылшасы – 13,0 мың га, картоп – 6,6 мың га, көкөніс-бақша дақылдары – 8,4 мың га, мал азықтық дақылдар 33,6 мың га себілді. Қазіргі уақытта себілген дақылдарды күтіп-баптау жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, қант қызылшасы, майбұршақ және дәндік жүгері алқаптары арамшөптер мен зиянкестерге қарсы пестицидтермен өңделіп, суару алдында минералды тыңайтқыштар берілуде. - Бүгінгі күнге 66,7 мың гектар басымды дақылдар арамшөптерге қарсы гербицидпен өңделді. Дақылдарды тыңайтқышпен қоректендіру жұмыстары 44,8 мың... |
| Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.06.2026 |
Алакөлде екі сібір елігін заңсыз атқан күдікті ұсталды |
| Жетісу облысының полицейлері Алакөл ауданында сібір еліктерін заңсыз аулау дерегінің жолын кесті, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктінің жабайы жануарларды аулауға қажетті рұқсаты болмағаны анықталды. Соған қарамастан ол заңды түрде тіркелген ойық ұңғылы қаруды пайдаланып, сібір еліктеріне бірнеше рет оқ атқан. Заңсыз аңшылық салдарынан екі сібір елігі ауланған. Күдікті жануарларды бөлшектеп жатқан кезде құқық қорғау органдарының қызметкерлері оны оқиға орнында ұстады. Жетісу облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, мемлекетке келтірілген материалдық шығын көлемі 3,2 миллион теңгеден асады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталып, іс материалдары мәні бойынша қарау үшін прокуратураға жолданған. Полиция азаматтарды табиғат қорғау заңнамасының талаптарын сақтауға шақырып, заңсыз аңшылық жануарлар дүниесіне елеулі зиян келтіретінін ескертті. Сондай-ақ мұн... |
| Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.06.2026 |
Жаркент қаласында 140 балаға арналған заманауи жаңа балабақша есігін айқара ашты |
| Жетісу облысы Жаркент қаласында 140 бүлдіршінге арналған заманауи жаңа балабақша ресми түрде есігін айқара ашты, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Аталған маңызды әлеуметтік нысанды «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы өңір әкімдігімен бірлесе отырып, Алтынкөл – Жетіген теміржол желісін жаңғырту бағдарламасы аясында сәтті жүзеге асырды. Халықаралық сындарлы журналистика (CJP) қағидаларына сай, бұл жоба тек көлік әлеуетін арттырып қана қоймай, аймақ тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсартудың нақты шешімі ретінде танылады. Ірі өндірістік реформалардың халық игілігімен ұштасуы – Әділетті Қазақстан құру жолындағы маңызды қадамның бірі. Жаңа тәрбие ошағының жалпы аумағы 2 мың шаршы метрден асатын екі қабатты заманауи ғимаратты құрайды. Балабақша іші жас ерекшеліктеріне сай қауіпсіз әрі тартымды жиһаздармен толық жабдықталған. Ерекше тоқталып өтетін жайт, мұнда қозғалысы шектелген, мүмкіндігі шектеулі балалардың ке... |
| Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 02.06.2026 |
Цифрлық сауаттылық – заман талабы |
| Заман ағымы өзгерген сайын қоғамның сұранысы да жаңарып келеді. Бүгінгі күні әлемдік даму үдерісінің басты тетіктерінің бірі саналатын жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар адам өмірінің барлық саласына дендеп енді. Кеше ғана ғылыми зертханалардың жаңалығы болған технологиялар бүгінде білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, мемлекеттік қызмет көрсету және ақпараттық коммуникация кеңістігінің ажырамас бөлігіне айналды. Сондықтан цифрлық сауаттылықты арттыру мен жаңа технологияларды тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыру – келешекке бағытталған маңызды міндеттердің бірі. Осы мақсатта Жетісу облысында жастардың технологиялық әлеуетін арттыруға бағытталған «Жетісу облысы жастарының жасанды интеллекті қолдану мәдениеті мен цифрлық сауаттылығын дамыту» жобасы жүзеге асырылды. Жоба Жетісу облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен және «Jetisý jastary» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен өткізілді. Бастаманың негізгі ма... |
| Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.06.2026 |
Бейбіт Исабаев «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында өңір жастарымен еркін форматта мотивациялық кездесу өткізді |
| Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ғимаратында өңір жастарымен «Адал азамат» тұжырымдамасы аясында еркін форматта мотивациялық кездесу өткізді. Кездесуге университет пен колледждер студенттері, жастар ұйымдарының өкілдері, волонтерлар, жалпы облыс жастары қатысты. Өңір басшысы жастармен әңгімесінде өз ойын әл-Фарабидің «Қайырымды қала» идеясы, Абайдың «Толық адам» ұғымы, Ахмет Яссауидің рухани ілімі сияқты іргелі постулаттарға сүйене отырып жеткізді. Сол сияқты Мемлекет басшысының дала өркениетінің үлгісі ретіндегі Алтын орда туралы халықаралық симпозиумындағы сөзінің мән-мазмұны мен жастардың ақпараттық-құқықтық сауаттылығының рөлі мәселесіне де егжей-тегжейлі тоқталды, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі Алдымен Мемлекет басшысының Алтын орда тарихын зерделеуге қатысты сөйлеген сөзіне тоқталып, өз мемлекетінің тарихын тану әрбір азаматқа, әсіресе жастар үшін аса қажет екенін ай... |
| Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.06.2026 |
Жетісу облысына – 4 жыл: 148 елді мекеннің жолдары жөнделді |
| Жетісу облысы құрылғаннан бергі 4 жыл ішінде өңірде жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 1610,6 шақырымына жөндеу жүргізілді. Оның 660,4 шақырымы облыстық маңызы бар жолдар болса, 148 елді мекеннің 950,2 шақырым ішкі көшелері жөнделді, –деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Биыл өңірде облыстық жолдар мен елді мекен көшелерінің 212,6 шақырымына жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Жобаларда 38 елді мекен қамтылады. Соның нәтижесінде жыл соңына дейін нормативтік жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесін 96%-ға жеткізу көзделген. Айдос Досжановтың айтуынша, ірі жобалардың бірі – «Талдықорған – Үштөбе» автожолының 40 шақырымдық учаскесі. Қазіргі таңда облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жолдың 49-шақырымынан бастап ескі асфальт жабындысы фрезерленіп, су өткізу құбырлары ауыстырылуда. – Бүгінгі күні шамамен 28 700 ш.м. асфальт жабыны фрезерленді. Жол төсемі екі қабаттан тұрады: төменгі қабатының қалыңдығы – 6 см, жоғарғы... |
| Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.06.2026 |
«BIR TOLQYNDA»: ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ |
| Бүгін Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының ұйымдастыруымен өңірдің белсенді жастарын біріктірген «BIR TOLQYNDA»кездесуіөтті. Іс-шараның қонақтары әрі спикерлері қатарында «AMANAT» партиясы Жастар қанатының төраға орынбасары Ержан Хамитов, танымал кино продюсері, режиссер әрі актер Ерлан Қасымжанұлы, психолог, блогер және қоғам белсендісі Әсем Қалибек, Жетісу телерадиосының үздік жүргізушісі Сымбат Саттарқызы, «Назар серілері» тобының продюсері әрі кәсіпкер Ерасыл Базарханов, кәсіпкер-блогер Ажар Каримова және ұстаз, кәсіпкер, блогер Ерке Нұрланова, сонымен қатар диалог алаңына өңірдің аудан-қалаларынан келген жастар ұйымдарының жетекшілері, «Жастар Рухы» Жастар қанатының белсенділері мен қолдаушылары, студенттер және еріктілер қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту, жаңа идеялар мен... |
| Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.06.2026 |
«BIR TOLQYNDA»: ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ |
| Бүгін Талдықорған қаласындағы Оқушылар сарайында «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының ұйымдастыруымен өңірдің белсенді жастарын біріктірген «BIR TOLQYNDA»кездесуіөтті. Іс-шараның қонақтары әрі спикерлері қатарында «AMANAT» партиясы Жастар қанатының төраға орынбасары Ержан Хамитов, танымал кино продюсері, режиссер әрі актер Ерлан Қасымжанұлы, психолог, блогер және қоғам белсендісі Әсем Қалибек, Жетісу телерадиосының үздік жүргізушісі Сымбат Саттарқызы, «Назар серілері» тобының продюсері әрі кәсіпкер Ерасыл Базарханов, кәсіпкер-блогер Ажар Каримова және ұстаз, кәсіпкер, блогер Ерке Нұрланова, сонымен қатар диалог алаңына өңірдің аудан-қалаларынан келген жастар ұйымдарының жетекшілері, «Жастар Рухы» Жастар қанатының белсенділері мен қолдаушылары, студенттер және еріктілер қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – жастардың қоғамдық-саяси белсенділігін арттыру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту, жаңа идеялар мен... |
| Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.06.2026 |
