Жаңалықтар
Талдықорғанда 32 отбасы жаңа пәтерге ие болды |
| Талдықорғанда 32 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды. «Құлагер» шағын ауданынан баспаналы болған қалалықтарды облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтап, халықты тұрғын үймен қамту мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. - Халықтың тұрмыс сапасын жақсарту – Президенттің біздің алдымызға қойған басты міндеттерінің бірі. Соның ішінде баспанамен қамтудың, яғни әр отбасының өз шаңырағы болуының маңызы үлкен. Сондықтан біз тұрғын үй құрылысының көлемін жыл сайын арттырып келеміз. Бұл ретте тұрғын үй құрылысының үлкен бөлігі Талдықорған қаласына тиесілі. Соңғы жылдары 9, 10, 11-шағын аудандарда кезектегі азаматтар үшін тұрғын үйлер көптеп салынды. Жалпы, Талдықорғанда өткен жылы 630-дан астам адам үйлі болса, биыл жыл соңына дейін қалада 1400-ге жуық баспана салынады деп жоспарлап отырмыз. Оған қоса әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту мен қолайлы орта қалыптастыру жұмыстары қатар жүріп жатыр, - де... |
| Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 11.06.2026 |
Жетісу облысы: қабылданған шаралардың арқасында Талдықорғанда биыл жылу желілерінің тозуы 11%-ға төмендейді |
| Талдықорған қаласында 2022–2025 жылдар аралығында 25,1 шақырым жылу желісіне күрделі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстар биыл да жалғасуда. Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Жансүгіров көшесіндегі магистралды жылу желілерінің жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Атап өтсек, бұл жобаны іске асыру жылу желілерінің тозуын 11%-ға төмендетуге мүмкіндік береді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшысы Жансүгіров көшесіндегі Гагарин көшесінің қиылысынан №3 сорғы стансасына дейінгі аралықта орналасқан магистралды жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстарына мониторинг жүргізді. Жөнделіп жатқан учаскенің жалпы ұзындығы 3,5 шақырым. Белгілі болғандай, аталған жұмыстар биылғы жылдың мамыр айының аяғында басталған. Жобаны толық аяқтау қыркүйек айының соңына жоспарланған. Мердігер ұйым барлық жұмысты белгіленген мерзімде аяқтап, тамыз айында жол жамылғысын қалпына келтіріп, асфальт төсеуді міндетіне алған. Қазіргі таңда 1,5 шақырым ж... |
| Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 11.06.2026 |
Жетісулықтар болашақ ұрпақтың экологиялық қауіпсіздігі үшін бұлақтарды тазартты |
| «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының міндеттерін жүзеге асыруда бұлақ пен басқа да су нысандарын сақтауға арналған табиғатты қорғау акциялары ерекше орын алады. Солардың бірі – «Бұлақ көрсең, көзін аш» бастамасы, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы «Вестник Жетісу» басылымына сілтеме жасап. Жобаның басты мақсаты – табиғи су көздерін қоқыс пен тұнбадан тазарту ғана емес, сонымен бірге халық арасында экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады. Осындай іс-шараларға тұрғындардың белсенді қатысуы қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін дамытуға және табиғи мұраны сақтау мәселелерінде қоғамдық сананы нығайтуға септігін тигізеді. Акцияның маңыздылығы өте жоғары. Бұлақтарды уақытылы тазарту және абаттандыру табиғи су алмасуды сақтауға, аумақтардың санитарлық жағдайын жақсартуға және табиғи қайнар көздердің бірте-бірте жоғалып кетуінің алдын алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл іс-шаралар қоғамның наз... |
| Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 11.06.2026 |
Қазақстанда 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» Жалпыұлттық стратегиясы қабылданды 1 / 1 |
| Қазақстан Республикасының Президенті 2029 жылға дейінгі «Digital Qazaqstan» ауқымды цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізудің жалпыұлттық стратегиясын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Стратегия алдағы жылдарға арналған елдің технологиялық дамуының басты құжатына айналады және жаһандық цифрлық трансформация жағдайында мемлекетті, экономика мен қоғамды терең жаңғыртудың жаңа кезеңін айқындайды. Стратегиялық құжат елдің технологиялық ұлт құру жолын белгілеп, нақты жоспар ұсынады және бұдан былай мемлекеттің осы саладағы стратегиялық бағыты мен негізгі жұмыс бағыттарын айқындайтын институционалдық құжаттардың бүкіл циклін қалыптастыруды аяқтайды. «Digital Qazaqstan» - бұл Қазақстанның дамудың жаңа моделіне іргелі көшуі, мұнда деректер, жасанды интеллект және заманауи технологиялар мемлекеттік басқарудың негізіне айналады және елдің цифрлық экожүйесін жекелеген қызметтерді автоматтандырудан деректерге негізделген кешенді басқаруға көшіред... |
| Толығырақ... Оқылды: 43 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2026 |
IT, бизнес және ішкі күш-жігер: Алакөлдегі жоба мүгедектігі бар жандардың өмірін қалай өзгертуде? |
| Жетісу облысында мүгедектігі бар жандарды заманауи мамандықтарға баулуға және олардың цифрлық дағдыларын дамытуға бағытталған әлеуметтік жоба жалғасуда. Сабақтар 22 маусымда «Алакөл Асар» демалыс базасында басталады, онда қатысушылар үшін кедергісіз орта мен жайлы жағдайлар жасалған. Жобаға 5 оқу тобы, жалпы 100 адам қатысады. Оқу ұзақтығы кемінде 20 академиялық сағат. Оқыту процесі қазақ, орыс және ымдау тілдерінде жүргізіліп, соңында міндетті түрде тестілеу өткізіледі. Бағдарлама сұранысқа ие бағыттарды, атап айтқанда, мобилографияны, фото және видеомонтажды, жасанды интеллект пен нейрожелілер негіздерін, сондай-ақ фриланс пен кәсіпкерлікті қамтиды. Бұдан бөлек, қатысушыларға қолдау көрсету мақсатында «Мен сынған жоқпын, ішкі батырды ояту» атты психологиялық тренинг өткізіледі. Жобада жұмыс істеу үшін ерекше қажеттіліктері бар жандармен тіл табыса алатын және олар үшін қолайлы білім беру ортасын қалыптастыра алатын тәжірибелі тренерлер мен сарапшылар шақы... |
| Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.06.2026 |
Текеліде есірткі жарнамалайтын ондаған граффити өшірілді |
| Текелі қаласында Жетісу облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы есірткі құралдарын насихаттайтын жазулар мен граффитилерді анықтау және жою жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Іс-шара барысында заңсыз интернет-ресурстарға сілтеме жасайтын және есірткінің заңсыз айналымын насихаттайтын инфографикалар мен жазулар толықтай өшірілді. Мамандардың айтуынша, мұндай заңсыз сілтемелер мен ақпараттар көбіне жастарды есірткі қылмысына тартудың, оларды улаудың басты құралы ретінде пайдаланылады. Сондықтан бұл жазулардың көзін уақытылы жою – ұлт саулығын сақтаудың маңызды қадамы. «Заң мен тәртіп» қағидасы бойынша бірлескен шараның негізгі мақсаты – есірткінің таралуының алдын алу, өскелең ұрпақты зиянды ықпалдан қорғау және қауіпсіз қоғамдық ортаны қалыптастыру болып табылады. Тәртіп сақшылары мен жастар белсенділері қаладағы әрбір жойылған жазу – заңсыз ақпараттың таралуына қойылған берік тосқауыл және жастардың қауіпсіз болаша... |
| Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.06.2026 |
Талдықорғанда 100-ден астам отбасы апатты тұрғын үйлерден жаңа қонысқа көшті |
| Жетісу облысында апатты тұрғын үйлердің тұрғындарын көшіру жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, облыс орталығы Талдықорған қаласында бірінші кезең аясында 18 апатты көпқабатты тұрғын үйдегі 119 пәтердің 101 иесі барлық жағдайы жасалған жаңа пәтерлерге қоныс аударды, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Талдықорған қаласы әкімдігінің мәліметінше, қалған 18 пәтер бойынша қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі уақытта меншік иелері өз құқықтарын сот органдары арқылы растауда. Заңдық рәсімдер толық аяқталғаннан кейін олар да жаңа тұрғын үймен қамтылатын болады. Сонымен қатар бағдарламаның екінші кезеңіне тағы 155 пәтер енгізілді. Ондағы тұрғындарды көшіру мәселесін апатты тұрғын үй қорын жаңғырту (реновация) республикалық бағдарламасы аясында шешу жоспарланған. Қазіргі уақытта әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде. Қажетті келісімдерге осы жылдың соңына дейін қол жеткізіледі деп күтіліп отыр. Осылайша, бағдарламаны іске асыру нәтижесін... |
| Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 10.06.2026 |
Жетісу лагерьлерінде 10 мыңнан астам бала демалады |
| Жетісу облысында жазғы лагерьлер өз жұмысына кірісті. Биыл өңірдегі 10 мыңнан астам мектеп оқушысы қала сыртындағы арнайы сауықтыру орындарында тынығады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап. Әлеуметтік санаттағы отбасылардан шыққан балаларды сапалы демалыспен қамту мақсатында облыс бюджетінен 454 миллион теңгеден астам қаражат бөлінді. Жазғы демалыс орындарында жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беріліп, психологиялық дамыту сабақтары өткізілуде. Сонымен қатар оқушылар әртүрлі зияткерлік, мәдени және спорттық сайыстарға қатысып, өзара бақ сынасуда. Биылғы маусымда келген балалардың алғашқы легі демалыс орнына орналасты. Жаз соңына дейін тек осы орталықта 1800 жеткіншек тынықпақ. Лагерьде демалып жатқан оқушы Ақбота Болат: «Лагерь өте қызық. Әртүрлі іс-шаралар өтеді. Кеше мысалы, бізде «Алтын чажа» лагерінің Ханзадасы мен Ханшайымы өтті. Сол кезде мен өз бөлімімнен шығып, бас жүлде алдым», – деді. Тағ... |
| Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.06.2026 |
Жетісу петроглифтері мен Жаркент мешіті ЮНЕСКО тізіміне енбек |
| Алматыда өткен Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссиясының отырысында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин қазақстандық мұраны халықаралық алаңдарда ілгерілетудің негізгі бағыттарын айқындады, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы El.kz сайтына сілтеме жасап. Қазақстанның ЮНЕСКО тізімдеріндегі көрсеткіштері соңғы жылдары айтарлықтай артты. Отыз жыл ішінде елімізден ЮНЕСКО тізіміне бар болғаны екі нысан қана енгізілген еді. Олар – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Таңбалы тас петроглифтері. Ал қазір небәрі үш жылдың ішінде бірден бірнеше нысан ұсынылды. Қазақстан көршілес мемлекеттермен бірлесіп, Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізуге арналған өтінімдерді жүйелі түрде дайындап келеді. Ұсынылған трансұлттық номинациялар қатарында Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанмен бірлесіп әзірленген «Маңғыстаудың жерасты мешіттері», «Үстірт» және «Ұлы Жібек жолының Ферғана–Сырдария дәлізі» бар. Құнды жұм... |
| Толығырақ... Оқылды: 29 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.06.2026 |
Жетісуда парапланнан Әлем кубогы өтеді |
| Маусымның 10-ы мен 28-і аралығында Жетісу облысында параплан спортынан ірі халықаралық турнир жалауын желбіретеді, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы tinfo.kz мәліметіне сілтеме жасап. Жер шарының ең мықты пилоттары Текелі қаласына жақын маңда, Ескелді ауданында орналасқан «Тау Жетісу» туристік кешенінде бас қосады. Екпінді ауылы маңындағы биік таулы қыраттар мен ерекше ауа ағындары параплан спорты үшін таптырмас мекен саналады. Табиғаттың берген осы тиімді жағдайлары жыл сайын қатысушылар қатарын арттырып, аймақтың халықаралық аренадағы беделін биіктете түсуде. Жетісу облысының Туристік ақпараттық орталығы таратқан мәлімет осыған дәлел. Турнир бағдарламасына Педро Тирадо кубогы, қону дәлдігі бойынша Чемпиондар лигасының кубогы, сондай-ақ Азия-тур Әлем кубогы кезеңі енеді. Мұндай деңгейдегі айтулы жарыстар өңірде бірнеше жылдан бері дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Дүбірлі доданың Жетісу жерінде өтуі аймақтың спорттық әлеуетін ғана емес, туристік т... |
| Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.06.2026 |
