Жаңалықтар

Жетісу аспанында парапланнан Әлем кубогы басталды

Табиғаты көз тартар «Тау Жетісу» туристік кешенінде жаһанның үздік парапланшылары бас қосты. Ескелді ауданына қарасты Екпінді ауылының маңында орналасқан аймақта үш апта бойы (10-28 маусым) парапланнан Әлем кубогы өтеді. Жарысқа 30 елден 100-ден астам спортшы қатысады. Ал ел намысын електен өткен 7 саңлақ қорғайды. Әуе спортындағы ең беделді жарыстың Жетісу жерінде өтуі тегін емес. Парапланшылардың жыл сайын Жетісуда жиналып, жарыс өткізуі дәстүрге айналғандай. Әр жарыс – бір тарих. Көптеген парапланшының шеберлігін байқап, айла-тәсілдеріне тәнтіміз. Биыл жанкүйерлер шара аясында «Pre – Srs / Kazakhstan Open» Халықаралық кубогы, дәлдікке қону бойынша параплан спортынан Педро Тирадо кубогы, дәлдікке қону бойынша параплан спортынан чемпиондар лигасының кубогы және параплан спорты бойынша Әлем кубогы және Азия турын тамашалай алады. – Жетісу өңірінің бірегей таулы ландшафты мен қолайлы жағдайы параплан спортын дамытуға толықтай мүмкіндік б...
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.06.2026

Жетісу облысына – 4 жыл: Текеліде апатты үйлердің тұрғындарына 212 пәтер берілді

Жетісу облысы құрылған кезде Текелі қаласында 22 апатты көпқабатты тұрғын үй болған. Облыс әкімдігінің қолдауы нәтижесінде аталған мәселе толық шешіліп, апатты деп танылған үйлердің тұрғындарына 212 пәтер берілді. Бұл туралы бүгін өңір басшысы Бейбіт Исабаевтың Текелі қаласының тұрғындарымен кездесуі кезінде белгілі болды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Қаладағы апатты тұрғын үйден көшірілгендердің бірі Ольга Шинкоренко өз ойын білдірді: — Біз Төле би көшесі, 29-үйде, яғни апатты деп танылған үйде тұрдық. Сол үйде 30 жыл өмір сүрдік. Бір үйде 8 пәтер болатын. Тұрғын үйіміз әбден тозып, құлап тұрған. Әкімдік тарапынан көрсетілген қолдаулардың арқасында жаңа үйге көшірілдік. Көшіп барған пәтерімізге көңіліміз толады, алғысымызды айтамыз, — ол. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фототілші: Дмитрий Ерофеев, сондай-ақ, фотосуреттер Текелі қаласының әкімдігі ұсынған
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.06.2026

Жетісу облысының Текелі қаласында 176 км су құбыры желілері жаңартылады

Жетісу облысында ондаған жылдар бойы өзекті болып келген Текелі қаласын сумен қамту проблемасын шешуге қатысты соңғы үш жылда жүйелі шаралар қабылданды. Атап айтқанда, жаңа ұңғымалар бұрғыланып, су резервуарлары мен сүзгілеу станциясы салынды, магистралды су құбырлары желілері тартылды. Биыл қала ішінде жалпы ұзындығы 176 км су құбыры желілерін жаңарту жұмыстары басталады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың қала халқымен кездесуі кезінде айтылды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. — Ендігі кезектегі маңызды міндет – қаладағы су құбыры желілерін жаңарту. Осыған байланысты биыл қаланың «Алатау», «Достық», «Кеншілер», «Металлург» шағын аудандарында ішкі су құбыры желілерін қайта жаңғырту және жаңадан салу жұмыстары басталады, — деді Б. Исабаев. Жалпы, облыс көлемінде 329 елді мекен немесе 93% орталық ауыз су жүйесімен қамтылған. Өткен жылы орталық су жүйесіне 4 ауыл – Ала...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.06.2026

Бейбіт Исабаев Текелі қаласының әкіміне абоненттерді газға қосу жұмысын жеделдетуді тапсырды

Жетісу облысының Текелі қаласына өткен жылдың желтоқсан айында табиғи газ толық жеткізілді. Дегенмен бүгінге дейін тұрғындардың 32,6%-ы ғана газға қосылған. Осыған байланысты қала тұрғындарымен болған кездесуі кезінде өңір басшысы Бейбіт Исабаев қала әкіміне абоненттерді газға қосу жұмысын ширатуды тапсырды, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, 2023-2025 жылдары қалада 194,2 км газ тарату желілері салынып, 187 көпқабатты тұрғын үйге газ құбыры тартылған болатын. Бүгінгі күнге мұнда 1915 абонент газға қосылған, оның 1515-і — жеке тұрғын үй болса, 8-і — көпқабатты тұрғын үйлердегі 400 пәтер. — Қала халқының табиғи газға қосу қарқынын жеделдету керек. Бұл жұмысты жүзеге асыру үшін мүмкіндіктер де, қажетті құралдар да жеткілікті. Сондықтан аталған мәселені ерекше бақылауға алуды тапсырамын, – деген Бейбіт Исабаев қала басшысына жеке сектор тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігін жеткізді. Бұл рет...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.06.2026

Текелі қаласында жаңадан 30 автобус аялдамасы орнатылуда

Текелі қаласында қоғамдық көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында және тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, биыл 30 жаңа автобус аялдамасын орнату жоспарланып отыр. Бұл жұмыстар сәуір айынан басталған, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Қала әкімдігінің мәліметінше, бүгінгі таңда автобус аялдамаларын орнатуға арналған 15 алаң дайындалды. Оның ішінде ең ұзын Қонаев көшесі бойында 9 аялдама павильоны толық орнатылды. Қала тұрғындары атқарылған жұмыстарға ризашылығын білдірді. — Көшеміз жөнделіп, жол бойына жаңа аялдамалар қойылып жатыр. Аялдамалардың тек сыртқы келбеті көрнекті ғана емес, жаңбырда да, ыстықта да, суықта да жолаушыларға қолайлы болатындай жайлы. Автобустар уақыт-уақытымен жүріп тұр. Жол қатынасынан еш қиындығымыз жоқ. Бізге өмір сүруге керекті қолайлы жағдайлар жасалғанына ризамыз, — текелілік Гүлнар Биқожанова. Жалпы, өткен жылы облыста тұрғын үймен 3 807 отбасы қамтылса, биыл 3 мың адамға үй беру жоспарланған. Же...
Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.06.2026

Жетісу облысына – 4 жыл: Текеліде ең ұзын Қонаев көшесінің жөндеу жұмыстары аяқталды

Жетісу облысының Текелі қаласында ең ұзын көше – Қонаев көшесінің жөндеу жұмыстары аяқталды. Атап айтқанда, бұл көшенің 19 шақырымы жаңарды. Текеліге барған жұмыс сапары барысында облыс әкімі Бейбіт Исабаев аталған жолдың сапасымен танысты, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Еске салсақ, Қонаев көшесі жолындағы құрылыс жұмыстары тұрғындардың өтініші бойынша өткен жылдың сәуір айында басталған болатын. Қала әкімі Алмас Әділдің айтуынша, жөндеу биылғы 1 маусымда аяқталды. Яғни көшенің 6 шақырымына күрделі, 13 шақырымына орташа жөндеу жүргізілді. Былтыр қала бойынша 21 көшеге жарықтандыру тіректері орнатылса, сол қатарда Қонаев көшесіне көше жарығы қойылды. Бейбіт Исабаев жолдың жөндеу жұмыстарының нәтижесімен танысып, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» мекемесінің өкілдеріне нысанды қабылдау алу алдында жол сапасына тексеру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізуді тапсырды. Қаладағы қоғам белсенділері де жол инфрақұрылымын да...
Толығырақ... Оқылды: 32 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 12.06.2026

Жетісу облысында «Найза-Антитеррор-2026» республикалық оқу-жаттығуы өтуде

Ағымдағы жылдың 12 маусымында Жетісу облысының аумағында «Найза-Антитеррор-2026» республикалық терроризмге қарсы оқу-жаттығуы өткізіледі. Іс-шараның мақсаты – құқық қорғау және арнайы органдардың террористік сипаттағы түрлі қауіп-қатерлерге ден қоюға дайындығын тексеру, сондай-ақ террористік тұрғыдан осал объектілерде терроризм актілерінің жолын кесу бойынша өзара іс-қимыл тетіктерін жетілдіру. Осыған байланысты тұрғындар мен қала қонақтарын өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік талаптарын сақтауға, сондай-ақ көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер қозғалысына енгізілуі мүмкін уақытша шектеулерді ескеруге шақырамыз. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі Жетісу облысының жедел штабы.
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.06.2026

Көксу жастары тігін шеберлігін меңгерді

Көксу ауданының «Жанұя» отбасын қолдау және белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен «Koksu jastary» жастар ресурстық орталығы филиалының бірлесуімен жастарға арналған тігіннен шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, еңбекке баулу, кәсіптік бағдар беру және тігін өнерінің мүмкіндіктерін таныстыру болды. Шеберлік сағатын тәжірибелі маман Сания Низамединова жүргізіп, қатысушыларға тігін ісінің негізгі қыр-сырын үйретті. Шара барысында жастар мата түрлерін таңдау, оларды дұрыс пайдалану, өлшем алу, пішім жасау және қарапайым бұйымдарды тігу бойынша практикалық дағдыларды меңгерді. Қатысушылар теориялық біліммен қатар тәжірибелік жұмыстарға белсенді қатысып, өз қолдарымен алғашқы туындыларын жасап көруге мүмкіндік алды. Шеберлік сағаты барысында тігін өнерінің тек шығармашылық бағыт қана емес, сонымен қатар табыс көзіне айналдыруға болатын сұранысқа ие кәсіп екендігі айтылды. Жастарға қолөнер са...
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 11.06.2026

Жетісу облысына – 4 жыл: Талдықорғанда 187 аула, 30 үйдің қасбеті, 80 үйдің шатыры жөнделді

Жетісу облысы құрылғаннан бері Талдықорғанда 187 аула абаттандырылып, 80 көп қабатты тұрғын үйдің шатыры жөнделді, сондай-ақ 30 көп қабатты үйдің қасбеті жаңартылды. Бұл жұмыстар биыл да жалғасып жатыр. Жөндеу және абаттандыру жұмыстарының барысын бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев тексерді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Атап айтқанда, биыл «Самал», «Жастар», «Мүшелтой», «Болашақ», «Көктем», «Ғарышкер» шағын аудандарында аулаларды абаттандыру жұмыстары басталды. Аралау барысында өңір басшысы «Мүшелтой» шағын ауданындағы бір аулада атқарылған жұмыстарды көрді. Мердігерлермен әңгімелесу барысында облыс әкімі: – Мемлекет басшысы тұрғындарға қолайлы, қауіпсіз және жайлы орта қалыптастыру туралы алдымызға нақты міндет қойып отыр. Бұл дегеніміз – әрбір аула, әрбір қасбет, әрбір жаяу жүргіншілер аймағы есеп беру үшін емес, халықтың игілігі үшін жөнделуі тиіс. Сонд...
Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 11.06.2026

Бейбіт Исабаев: «Биыл Талдықорғанның барлық негізгі 11 көшесі жөнделеді»

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев бүгін Талдықорған қаласындағы жолдарды жөндеу және абаттандыру жұмыстарының барысын тексерді. Өңір басшысының айтуынша, биыл облыс орталығындағы негізгі 11 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізіледі, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Қаланы аралау барысында облыс әкімі Шевченко, Ескелді би және Даиров көшелеріндегі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Жөнделіп жатқан учаскелердің жалпы ұзындығы 6,5 шақырым. Шевченко көшесіндегі жөндеу жұмыстары келесі аптада аяқталады деп жоспарланса, барлық жобаны толық іске асыру маусым айының соңына дейін бітеді деп күтіліп отыр. – Биыл Талдықорған қаласындағы барлық негізгі көшелердің жөндеу жұмыстарын аяқтаймыз. Назарбаев даңғылындағы жұмыстардың басым бөлігі атқарылды. Қабанбай батыр көшесі өткен жылы толық ретке келтірілді. Жансүгіров көшесіндегі жөндеу биыл аяқталады. Сонымен қатар Ескелді би көшесінен Гагарин көшесіне дейінгі көлденең көшелер де осы жылы жөнделеді. Сондай-ақ...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 11.06.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.