Жаңалықтар
«Таза Қазақстан»: «EcoSana» интеллектуалды ойыны өтті |
| Жетісу облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жастардың экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған «EcoSana» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Шара қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауды насихаттау және жастар арасында экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталды. Қоғамның тұрақты дамуы мен азаматтардың қауіпсіз әрі салауатты өмір сүруі табиғатты қорғау мен экологиялық мәдениетке тікелей байланысты. Осы ретте «EcoSana» интеллектуалды ойыны жастардың білімін шыңдап қана қоймай, экология саласындағы өзекті мәселелерді бірлесіп талқылауға мүмкіндік берген маңызды алаңға айналды. Іс-шара ерекше интеллектуалды ойын форматында өтіп, қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалдықтарды сұрыптау, экологиялық қауіпсіздік және жасыл өмір салты тақырыптары бойынша білімдерін сынға салды. Ойынға... |
| Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.06.2026 |
Қазақстанда мемлекеттік органдардың басшылары мен әкімдерге арналған жасанды интеллект бойынша стратегиялық семинар өтті |
| Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанада мемлекеттік органдардың бірінші басшылары мен облыс және қала әкімдерін біріктірген «Жасанды интеллект Қазақстан үшін: негіздер, мүмкіндіктер және практикалық қадамдар» атты стратегиялық семинар өтті. Семинардың мақсаты - жасанды интеллекттің қазіргі мүмкіндіктері мен оны мемлекеттік басқаруда, экономикада және әлеуметтік салада қолдану туралы ортақ түсінікті қалыптастыру, сондай-ақ басшыларды AI-трансформацияның үздік әлемдік тәжірибелерімен таныстыру болып табылады. Шараның негізгі баяндамашысы 01.AI негізін қалаушы және бас директоры, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жасанды интеллект жөніндегі кеңестің мүшесі, жасанды интеллект саласындағы әлемдегі ең беделді сарапшылардың бірі - доктор Кай-Фу Ли. Семинар барысында жасанды интеллекттің дамуындағы жаһандық трендтер, үлкен тілдік модельдерден AI-агенттерге көшу, ұйымдардың қызметіне ЖИ енгізу тәсілдері, сондай-ақ мемлекеттік басқару мен бизнестің... |
| Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.06.2026 |
Жетісу облысының шаруашылықтары күздік бидай оруға кірісті |
| Жетісу облысында егін орағы науқаны басталды. Өңір диқандары күздік бидайды жинауға кірісті. Биыл астық дақылдары 65,8 мың га алқаптан жиналмақ. Егін орағына алғашқылардың бірі болып Кербұлақ ауданының шаруашылықтары бастады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Алғашқылардың қатарында егістік алқаптарына «Архарлы» ЖШС-нің техникасы шықты. Серіктестік басшысы Төлеген Есембековтің айтуынша, шаруашылық 2014 жылдан бері қарқынды дамып келеді. – Біз бидай, арпа, мақсары өсіреміз. Күздік бидай 850 гектар алқапқа егілген, соның 300 гектары қазірдің өзінде орылып болды. Орташа өнімділік гектарына шамамен 15 центнерден айналып отыр. Шаруашылықта үш комбайн мен астықты жедел тасымалдауға арналған үш жүк көлігі бар. Жиналған астық тікелей Алматы қаласындағы диірмен кешеніне жөнелтіледі. Онда бидайдан ұн тартылып, кейін өздерінің наубайханасында нан өнімдері дайындалып, халыққа сауда орындары арқылы жеткізіледі. Жалпы егін орағы жоспарға сай... |
| Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.06.2026 |
Ұлттық жоба аясында инвестиция тартылып жатыр |
| Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы Жолдауындағы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту – тұрақты дамудың негізгі факторы» атты бесінші бағытқа сәйкес Жетісу облысында инфрақұрылымның тозуын төмендету мен басқарудың жаңа моделін құру шаралары белсенді іске асып жатыр. Бұл жөнінде Бейсен Құранбек атындағы Журналистер үйіне арнайы келген ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Думан Қалибеков айтты. Өңірде департамент тарапынан 44 табиғи монополия субъектісінің қызметі реттеледі, оның ішінде су шаруашылығы бойынша – 17, жылу энергетикасында – 13, кірме жолдар саласында – 12, электр энергетикасында – 5 және газбен жабдықтау саласында 3 субъекті бар. Есепті кезеңде тарифтер мен инвестициялық бағдарламаларды өзгертуге 23 өтінім келіп түсіп, оның ішінде 3 тарифтік смета мен 2 инвестициялық бағдарлама бекітілді, ал 2 өтінім кері қа... |
| Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.06.2026 |
Арпа, бидай ас екен |
| Кербұлақ ауданында егін ору жұмыстары басталды. Дала еңбеккерлері уақытпен санаспай пісіп-жетілген астықты дер кезінде жинап алу қамына кірісті. Шаруалар егін орағына тыңғылықты дайындалған. Бүгінде егіс алқаптарында заманауи комбайндар мен қажетті техникалар жұмылдырылып, орақ жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде. Сондай-ақ жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектер қоры алдын ала дайындалған. Мамандардың айтуынша, биылғы ауа райы егіннің қалыпты өсіп-жетілуіне мүмкіндік берген. Сондықтан шаруалар өнімді ысырапсыз жинап, қамбаға құюды басты міндет санайды. Аудан әкімінің орынбасары Бақыткелді Қабидолда егіс алқаптарындағы жұмыстарға тоқталып, өңірдегі егін жинау науқанына қажетті материалдық-техникалық базаның толық дайындалғанын айтып берді. – Аудан бойынша 95 200 гектар жерге дәнді дақылдар егілді. Оның ішінде 27 100 гектары – күздік бидай, 68 000 гектары – жаздық бидай. Сонымен қатар 7 100 гектар жерге майлы дақылдар орналастырылған. Қазіргі таңда Жоламан, Са... |
| Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 29.06.2026 |
Цифрлық технологиялар мен ЖИ Жетісудағы салықтық бақылаудың тиімділігін арттыруда |
| «Digital Qazaqstan» 2029 жылға дейінгі стратегиясын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау технологияларына негізделген әкімшілендірудің платформалық моделін енгізуде. Салықтық бақылаудың дәстүрлі тәсілдерімен қатар, автоматтандырылған камералдық бақылау бизнес үшін алдын алу және қолдау құралына айналып, «ақылды көмекші» қызметін атқаруда. МКК салық төлеушілерге бұзушылықтар ресми түрде анықталғанға дейін анықталған сәйкессіздіктерді өз бетінше түзетуге мүмкіндік беретін профилактикалық push-хабарламалар тетігін іске қосты. Атап айтқанда, хабарламалар 2025 жылғы корпоративтік табыс салығы және 2026 жылдың бірінші тоқсанындағы қосылған құн салығы бойынша мәліметтердегі алшақтықтарды жоюға бағытталған. Цифрлық трансформацияның келесі кезеңі - компаниялардың «цифрлық егіздерін» енгізу. Бұл технология нақты уақыт режимінде қаржылық ағындарды м... |
| Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.06.2026 |
Жазғы демалыс кезінде тұтынушылық құқықтарыңыз қорғалады |
| Жетісу облысында жазғы демалыс маусымының басталуына байланысты шипажайлар мен демалыс аймақтарындағы қызмет сапасын бақылау күшейтілді. Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жазғы кезеңде де заңдылықтың сақталуын жіті қадағалайтынын мәлімдеді. Жыл басынан бері департаментке тұрғындардан 573-тен астам өтініш келіп түскен. Шағымдарды дер кезінде қараудың нәтижесінде облыс тұрғындарына заңсыз шегерілген немесе қайтарылмаған 20 миллион теңгеден астам қаражат қайтарылды. Сондай-ақ, заң бұзған кәсіпкерлерге 25 әкімшілік хаттама толтырылып, 600 мың теңгеден астам айыппұл салынды. Тұрғындар ең көп шағымданатын салалардың көш басында бөлшек сауда 187 арыз, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 108 шағым және электрондық сауда 52 шағым тұр. Сонымен қатар, көлік қызметі бойынша түскен 21 шағымның басым бөлігі авиабилеттерді қайтаруға қатысты болды. Жазғы демалыс кезінде тұтынушылық құқығыңыз бұзылса, Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 78 мекенжайына, 8 (7282) 41-56-1... |
| Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.06.2026 |
Жетісу облысында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында 5-ші өрт cөндіру бекеті ашылды |
| Жетісу облысының Көшкентал ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Бұл – өңірде аталған бағдарламамен ашылған 5-ші бекет, -деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығыҚанат Алтынбековтің айтуынша, шалғай жерлерде жедел әрекет ететін қызметтің болуы аса маңызды. Осыған байланысты ҚР Төтенше жағдай министрлігінің «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасының арқасындатөтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігі артып отыр. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасының басты мақсаты – шалғай ауылдардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру, төтенше жағдайлардың алдын алу және халыққа дер кезінде көмек көрсету жүйесін жетілдіру. Жаңа нысан іске қосылған Ақсу ауданы Көшкенталауылдық округінде 1350-ден астам адам тұрады. Бұған дейін төтенше жағдай орын алғанда арнайы қызметтердің ауылға жетуіне белгілі бір уақыт қажет болатын. Енді жаңа өрт сөндіру беке... |
| Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.06.2026 |
Әділетті қоғамның негізі |
| ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасы және Ақсу ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі, Жетісу жастары ұйымының Конгресімен бірлесіп Ақсу ауданында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған бірнеше іс-шара өткізді. Басты мақсат – қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және адалдық, ашықтық пен әділдік қағидаттарын кеңінен насихаттау. Негізгі шараның бірі саналған «Адалдық. Парасаттылық. Сенімділік.» тақырыбында кездесу. Шараға спикер ретінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Ринат Бекболғанов, басқарманың бас маманы Ақан Абайұлы қатысты. Олар қатысушыларға елімізде жүзеге асып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттары, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңызы... |
| Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.06.2026 |
https://7-su.kz/wp-content/uploads/2026/06/whatsapp-image-2026-06-25-at-09.04.15.jpeg |
| Жетісудың жас өнертапқыштары республикалық «El Umiti Premiasy» жобасының лауреаттары атанып, өз стартаптарын дамытуға арналған 1 миллион теңгелік грантқа ие болды. «El Umiti Premiasy» – еліміздің дарынды оқушыларына арналған жеке тұлғалық даму жобасы. Биыл бағдарламаға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 700-ге жуық оқушы өтінім бергенімен олардың тек 200-і іріктеуден өтті. Қатысушылар бір жыл бойы түрлі бағыт бойынша дамып, кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, өз стартаптарын әзірледі. Финалға технология, білім беру және әлеуметтік инновациялар саласындағы ең үздік 15 жоба жолдама алды. Соның бірі – облысымыздың мақтанышы Нұрасыл Шәріпов негізін қалаған «QLab Studio» жобасы. Стартап 3D сканерлеу, модельдеу және жедел өндіріс технологиялары арқылы түрлі бөлшектер мен өнімдерді қысқа мерзімде жасап шығарады. Жоба импортқа тәуелділікті азайтып, кәсіпкерлер мен өндіріс орындарына қажетті бөлшектерді бірнеше апта күтпей, небәрі 24 сағат ішінде дайы... |
| Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.06.2026 |
