Жаңалықтар

Шығармашылық еркіндік пен волонтерлікті қолдау: жаңа Конституцияның азаматтық қоғамды дамытудағы рөлі

Бүгін 15 наурыздағы республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы күшіне енді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асқан конституциялық реформа адам құқықтарын қорғауды күшейтуге, қоғамдық келісімді нығайтуға, тарихи-мәдени мұраны сақтауға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге негізделген мемлекеттік дамудың жаңа бағдарын айқындайды. Конституциядағы өзгерістер бірнеше маңызды бағытты қамтиды. Олар: мәдениет пен тарихи мұраны сақтау, сөз бостандығы және шығармашылық еркіндік, отбасы институтын қолдау, дін, волонтерлік және қайырымдылық қызмет. Аталған бағыттарға қатысты өзгерістердің іске асуы азаматтық қоғамның дамуына, құқықтық мәдениеттің нығаюына және қоғамдағы ашық диалогтың орнығуына тікелей ықпал етеді. Мәдениет саласындағы басты жаңалықтардың бірі – тарихи-мәдени мұраны сақтау мен ұлттық мәдениетті қолдаудың мемлекеттің негізгі қағидаттарының бірі ретінде бекітілуі. Бұл музейлердің, театрлардың, кітапханала...
Толығырақ... Оқылды: 13 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.07.2026

Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді

ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР! 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді. Қазақстан халқының ерік білдіруімен еліміздің конституциялық дамуының жаңа кезеңінің негізі қаланды. 1995 жылғы Қазақстан Республикасы Конституциясының күші жойылды. Жаңа Ата Заңымыздың күшіне енуі – мемлекет дамуындағы тарихи кезең және Конституция үстемдігіне, адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктерін күшейтуге, құқықтық айқындылықты нығайтуға, мемлекеттік биліктің жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысуын кеңейтуге негізделген жаңа конституциялық үлгіні бекітеді. Конституция Қазақстан Республикасы қызметінің негізгі қағидаттарын едәуір жаңартып, кеңейтті. Бұлардың қатарына Егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау, адам құқықтары мен бостандықтарын сақтау, заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету, жалпыұлттық бірлікті нығайту, халықтың әл-ауқатын арттыру...
Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.07.2026

С 1 июля 2026 года вступила в силу Конституция Республики Казахстан

УВАЖАЕМЫЕ КАЗАХСТАНЦЫ! С 1 июля 2026 года вступила в силу Конституция Республики Казахстан, принятая на республиканском референдуме 15 марта 2026 года. Волеизъявлением народа Казахстана заложены основы нового этапа конституционного развития страны. Конституция Республики Казахстан 1995 года утратила силу. Вступление в силу нового Основного закона является историческим этапом в развитии государства и закрепляет обновлённую конституционную модель, основанную на верховенстве Конституции, усилении гарантий прав и свобод человека, укреплении правовой определённости, повышении ответственности государственной власти и расширении участия граждан в управлении государством. Конституция существенно обновила и расширила основополагающие принципы деятельности Республики Казахстан. Впервые к ним отнесены защита Суверенитета и Независимости, соблюдение прав и свобод человека, обеспечение верховенства закона и порядка, укрепление общенационального единства, повышение благосостояния народа, п...
Толығырақ... Оқылды: 13 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 01.07.2026

Экономиканың негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандардың саны артуда

2026 жылғы I тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанда экономиканың бірқатар негізгі салаларында жұмыспен қамтылғандар саны артты. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіпте, құрылыста, білім беру саласында, сондай-ақ денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласында өсім байқалды. Жұмыспен қамтылғандардың ең көп үлесі бұрынғысынша көтерме және бөлшек сауда, сондай-ақ автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу саласына тиесілі. Бұл салада 1 571,4 мың адам жұмыс істейді, бұл жұмыспен қамтылған халықтың жалпы санының 16,7% құрайды. Білім беру саласында 1 251,0 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5% артық. Өнеркәсіп саласында жұмыскерлер саны 1 185,7 мың адамға жетіп, 2,0% артты. Оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу саласында 298,3 мың адам жұмыспен қамтылған, бұл 2025 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 3,4% көп. Жұмыспен қамтылғандар саны құрылыс саласында да өсіп, 643,8 мың адамды құра...
Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.06.2026

ТЖД ата-аналарға шұғыл үндеу жасады

ТЖД ата-аналарға шұғыл үндеу жасады Жетісу облысында жазғы туристік маусымның қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Өңір әкімдігінің қаулысына сәйкес, бүгінгі таңда облыс аумағында судағы жаппай демалысқа арналған 4 ресми орын белгіленген. Олардың қатарында Талдықорған қалалық жағажайы, Алакөлдегі Ақши және Көктұма ауылдарының жағалаулары, сондай-ақ Балқаш көлінің жағажай аймағы бар. Демалушылардың қауіпсіздігін сақтау үшін мамыр айында балалар лагерьлері мен демалыс орындары орналасқан су айдындарының түбін тексеру және тазарту жұмыстары толық жүргізілді. Жетісу облысы аумағында соңғы күндері су айдындарында балалардың қаза болуымен байланысты төрт қайғылы жағдай тіркелді. Атап айтсақ, Кербұлақ ауданындағы Аралтөбе су қоймасында 2 бала, Қаратал ауданы, Қаратал өзенінде 2 жасар бала және Балқаш көлінде жабайы жағажайда 3 жасар бала суға кетіп қаза тапты. Бұл жағдайлардың барлығы шомылуға жабдықталмаған орындарда орын алған, ал трагедиялардың басты с...
Толығырақ... Оқылды: 16 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.06.2026

Жетісу облысында коммуналдық желілерді жаңғыртуға 78,8 млрд теңге бөлінеді

Жетісу облысында коммуналдық инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды. Ұлттық жоба аясында жалпы құны 78,8 млрд теңгені құрайтын 65 жоба іріктелді. Бұл жобалар электрмен, жылумен, сумен жабдықтау және су бұру желілерін жаңғыртуға бағытталған. Нәтижесінде тұрғындарды коммуналдық қызметтермен үздіксіз қамтамасыз ету деңгейі артады. 2026 жылдың өзінде жалпы құны 33,5 млрд теңгені құрайтын 23 жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оның ішінде электрмен жабдықтау саласында - 16 жоба, сумен жабдықтау және су бұру бағытында - 5 жоба, ал жылумен жабдықтау бойынша 2 жоба жүзеге асырылады. Қалған 42 жоба, жалпы құны 45,3 млрд теңге, 2027-2028 жылдары кезең-кезеңімен іске асырылатын болады. Жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде инженерлік желілердің тозу деңгейі едәуір төмендейді деп күтілуде. Атап айтқанда, облыстағы электр желілерінің тозуы 78,5%-дан 67,2%-ға дейін, ал жылу желілерінің тозуы 61%-дан 54%-ға дейін азаяды. Сонымен қатар, Текелі қаласында қазіргі таңда тозу деңгейі 86%-ға...
Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.06.2026

Келешегі кемел Басши

Басши ауылы Алтынемелдің баурайында орналасқан тарихы терең, табиғаты көркем елді мекен. Бұл ауылдың өткені көнекөз қариялардың әңгімесінде, жер атауларында, ел басқарған азаматтардың еңбегінде сақталған. Бүгінде ырысы тасыған ауылдың тізгінін Мұхит Несіпбайұлы ұстап отыр. Ауылға қосылған үлес Ауыл әкімі Мұхит Несіпбайұлы Басшидің тумасы. Бір шаңырақта жеті бала тәрбиеленген отбасындағы кенже ұл ретінде ол ерте жастан жауапкершілікке үйренді. Орта мектепті бітірген соң ата-анасының аманатымен ауылда қалып, еңбекке араласты. Еңбек жолы қарапайым тракторшылықтан басталды. Бұл оның өміріндегі үлкен мектеп болды. Жердің жайын, судың қадірін, техниканың тілін, ауыл адамының еңбегін сол кезде терең түсінді. Кейін ел басқару ісінде осы тәжірибенің көп пайдасы тиді. 2022 жылы аудандық мәслихат депутаты болып сайланып, бұл қызметте ауыл мен өңір мүддесін көтерді. Басши тұрғындарының ұсынысымен 2024 жылы ауыл әкімі болып сайланды. Демек, тұрғындардың оған сенім артуы елмен етене мінезімен,...
Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.06.2026

Ескелді ауданында агротехниканың жаңа үлгілері таныстырылды

«Бірлік» өндірістік ауыл шаруашылығы кооперативінің алаңында «Eurasia Group Kazakhstan» компаниясының ұйымдастыруымен заманауи ауыл шаруашылығы техникаларының таныстырылымы өтті. Ауқымды іс-шараға ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, агроөнеркәсіп кешенінің мамандары, мемлекеттік органдар мен аграрлық бизнес өкілдері қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін жаңа техника үлгілері, дәлме-дәл егіншілік технологиялары және өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған цифрлық құралдармен таныстыру. Қатысушылар John Deere S440 және John Deere W430 астық жинау комбайндарының жұмысын тікелей егіс алқабында көріп, олардың өнімділігі мен техникалық мүмкіндіктеріне баға берді. Сондай-ақ John Deere 5050D тракторының ENOPACK-800 пресс-жинағышының жұмысы көрсетілді. «Бірлік» ӨАШК ғылыми кеңесшісі Андрей Агеенко ауыл шаруашылығы өндірушілері үшін мұндай шаралардың маңызды екенін атап өтті. – Біз John Deere техни...
Толығырақ... Оқылды: 26 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 30.06.2026

«Таза Қазақстан»: Жетісу облысында 5 мыңға жуық балабақша бүлдіршіндері ағаш пен гүл көшеттерін отырғызды

Жетісу облысы аумағында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында балабақша тәрбиеленушілерінің, олардың ата-аналары мен тәрбиешілерінің қатысуымен ағаш және гүл көшеттерін отырғызу акциясы өтеді. Ауқымды экологиялық акцияға облыс бойынша 186 мектепалды даярлық және ересек топтың 4 650 тәрбиеленушісі қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Сонымен қатар шараға 551 тәрбиеші мен 1 052 ата-ана қатысып, бүлдіршіндерге қолдау көрсетіп, көгалдандыру жұмыстарына бірге атсалысты. Бірлескен еңбектің нәтижесінде өңірде 3 145 гүл және 1 113 ағаш көшеті отырғызылып, облыс аумағының жасыл желекке айналуына елеулі үлес қосылды. Маңызды акцияға арнайы қатысқан облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев бұл іс-шараның мақсаты балаларға табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіріп, бірлескен еңбек арқылы олардың қоршаған ортаға жанашырлық сезімін ояту екенін атап өтті. Сондай-ақ ол балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігі мен экологиялық мәдениетін қалып...
Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.06.2026

«Таза Қазақстан»: в Жетісу около 5 тысяч воспитанников детсадов приняли участие в посадке деревьев и цветов

В рамках республиканской экологической программы «Таза Қазақстан» в области Жетісу состоялась акция по посадке деревьев и цветочных саженцев с участием воспитанников детских садов, их родителей и воспитателей. Всего в мероприятии приняли участие 4650 воспитанников дошкольных организаций из 186 предшкольных и старших групп. Кроме того, в мероприятии приняли участие 551 воспитатель и 1 052 родителя, которые оказали поддержку детям в работе по озеленению территории дошкольных организаций. В результате было высажено 3145 цветов и 1113 саженцев деревьев, что стало значимым вкладом в озеленение территории области. Как отметил Марлен Кольбаев, принявший участие в посадке саженцев вместе с воспитанниками детских садов, главная цель мероприятия – формирование у детей бережного отношения к природе и воспитание чувства ответственности за окружающую среду через совместный труд. Он также выразил признательность родителям и педагогам за вклад в формирование у детей любви к ро...
Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 30.06.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.