Жаңалықтар
Жетісуға биылғы жазғы маусымда 2 миллионнан астам турист келеді деп күтілуде |
| Жетісу облысында биылғы жазғы маусымда облысқа болжаммен 2 миллионнан астам турист келеді. Осы жылы салада 7 мың адам жұмыспен қамтылады, оның 1 200-і тұрақты жұмысқа орналастырылады. Жалпы, Жетісу облысының туристік дамуы 5 басым бағыттағы дестинацияларға негізделген. Олар – Алакөл мен Балқаш көлдері, «Алтынемел» мен «Жоңғар Алатауы» ұлттық парктері, сондай-ақ Жоңғар Алатауының тау жотасы, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаевтың айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде дербес Туризм басқармасы құрылды. «Алакөл Тазалық» және «Балқаш Тазалық» коммуналдық кәсіпорындары құрылып, 43 бірлік техникамен, 87 штат бірлігімен қамтылды. Жалпы су пайдаланудың қағидалары бекітілді. Бұл ретте Алакөл және Балқаш көлдері жағалауында инфрақұрылым дамытылуда: - Бескөл және Ақши ауылдары аралығында 57 км электр желісі мен 2 қосалқы станцияның құрылысы аяқт... |
| Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 09.06.2026 |
Мемлекет басшысы 2026 жылдың 15 наурызында қабылданған Конституцияның ережелерін жүзеге асыру мақсатында конституциялық заңдарға қол қойды |
| 1. «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» конституциялық заңы ➤ Заң Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесін, өкілеттіктерін және қызметін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің құқықтық мәртебесін қамтамасыз ету тәртібін айқындайды. ➤ Заңның басты жаңалығы – Вице-Президент институтының құрылуы. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Вице-Президент мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында оның мүдделерін білдіреді және Президент айқындаған міндеттерді орындайды. 2. «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» конституциялық заңы ➤ Конституциялық заң Құрылтайды ұйымдастыру мен оның қызметін, заң шығару процесін және Құрылтайдың өкілеттіктерін жүзеге асырудың өзге де нысандарын, оның депутаттарының құқықтық мәртебесін белгілейді. ➤ Құрылтай – заң шығарушы билікті жүзеге асыратын ең жоғары өкілді орган. ➤ Құрылтай партиялық тізім бойынша сайланған 145 депут... |
| Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.06.2026 |
Экологтар күніне орай Астанада ағаш отырғызу экологиялық акциясы өтті |
| 6 маусым күні Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстандағы UNICEF өкілдігімен бірлесіп аумақты санитарлық тазарту және ағаш отырғызу бойынша экологиялық акция өткізді. Іс-шараға Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері мен волонтерлер қатысты. Акцияның негізгі мақсаты – экологиялық мәдениетті арттыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғам назарын аудару және табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттарын қалыптастыру. Іс-шара барысында қатысушылар аумақты санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізіп, 100-ден астам ағаш көшетін отырғызды. Олардың қатарында қарағай, шырша, алмұрт және шетен ағаштары бар. Отырғызылған көшеттер елорданы көгалдандыруға және қаланың экологиялық ахуалын жақсартуға өз үлесін қосады. Осындай экологиялық акцияларды өткізу қоршаған ортаны сақтау және орнықты даму мәселелерінде мемлекет, хал... |
| Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.06.2026 |
Ақсуат ауданында «Асыл бесік – Ақсуат» спорт және өнер фестивалі өтіп жатыр |
| Ұлттық спортты, өнерді, білім мен руханиятты тоғыстырған ауқымды шараға еліміздің түкпір-түкпірінен спортшылар, өнерпаздар мен қонақтар жиналды. Фестивальдің ашылу салтанатында облыс әкімі Берік Уәли құттықтау сөз сөйлеп, шараның маңызына тоқталды. «Қойнауы құтқа толған, баурайы жұртқа толған Тарбағатайдың еңісін жайлаған Ақсуат жері – халқымыздың тарихы мен тағдырында айрықша орны бар қасиетті мекен. Елдің сөзін сөйлеп, ұлт руханиятын байытқан, түгін тартса май шығып, тасын түртсе тарих сөйлейтін бұл өңір талай тау тұлғаны дүниеге әкелген тағылымды өлке. Сондықтан бүгінгі бас қосудың дәл осы қасиетті топырақта өтуінің өзіндік мәні бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Біз отаншыл және мемлекетшіл болуымыз керек. Шын мәнінде, туған жеріңді сүюден асқан бақыт жоқ. Жүрегі Отаным, Елім, Жерім деп соққан адам ештеңеден қаймықпайды», – деп атап өткен болатын. Осындай елін сүйген, елі сүйген азаматтар біздің ортамыздан табылып отыр. Дәстүрлі... |
| Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.06.2026 |
Хабарландыру |
| ҚұрметтіКөксуауданының тұрғындары! Жетісу облысының әкімі Бейбіт ӨксікбайұлыИсабаев2026жылғы19маусымдасағат10.00-деаудандықәкімдіктің ғимаратында(Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі, 40)аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдауға облыс әкімі аппаратының азаматтар өтініштерініңқаралуынбақылау бөліміне8(7282) 40-25-06 телефоннөміріне хабарласу арқылыалдын алажазылуға болады. Сондай-ақсағат 10.30-дааудандықмәдениет үйінде(Балпық би ауылы, Мырзабеков көшесі, 14)облыс әкімініңаудан тұрғындарымен кездесуіөтеді. Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі облыс әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «jetisu_akimdigi» парақшасындаhttps://instagram.com/jetisu_akimdigi?igshid=YmMyMTA2M2Y=сілтемесі бойынша жүргізіледі. *** УважаемыежителиКоксускогорайона! 19июня2026годав10.00часоввздании районногоакимата (с.Балпыкби, ул.Мырзабекова, 40)акимобластиЖетісуИсабаевБейбитОксикбаевичпроведет прием гр... |
| Толығырақ... Оқылды: 12 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.06.2026 |
«Жасыл Ел» – жастарды еңбекке баулитын маңызды жоба |
| 2026 жылғы XXII еңбек маусымында Көксу ауданында «Жасыл Ел» жастар еңбек жасағының жұмысы қарқынды бастау алды. Биыл аудан бойынша барлығы 31 жас еңбек маусымына тартылды. Оның ішінде 14 жас ауылдық округтерден, ал 17 жас Балпық би ауылдық округінен іріктеліп алынды. Жобаға қатысушылардың барлығы 14 пен 35 жас аралығындағы жастар. «Жасыл Ел» бағдарламасы жастарды еңбекке баулып қана қоймай, олардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға, қоршаған ортаны қорғауға және қоғамдық жұмыстарға белсенді араласуына мүмкіндік береді. Жазғы демалыс уақытын тиімді өткізген жастар өз еңбектерінің нәтижесінде табыс тауып, еңбек тәжірибесін жинақтайды. Жоба аясында жасақшылар аудан аумағындағы тазалық жұмыстарын жүргізеді. Олар саябақтарды, көшелерді, қоғамдық орындарды, демалыс аймақтарын тазалап, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына қатысады. Сонымен қатар, ағаш отырғызу, жасыл желектерді күтіп-баптау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы і... |
| Толығырақ... Оқылды: 30 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.06.2026 |
Жетісу облысында Сәкен Сейфуллинге арналған жылжымалы көрме өтуде |
| Жетісуда облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырылған «Сәкен Сейфуллин: тағдыры мен мұрасы» атты көшпелі көрме өтуде. Көрме аясында ақын, жазушы, ағартушы әрі мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің жеке заттары, сирек фотосуреттері мен мұрағаттық құжаттары Талдықорған қаласында алғаш рет көпшілік назарына ұсынылды. Экспозицияда Астанадағы С.Сейфуллин музейі қорынан әкелінген 100-ден астам жәдігер қойылған, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Астана қаласы әкімдігінің «Біріккен музейлер дирекциясы» МКҚК директорының орынбасары Нұрсерік Жолбарысұлының айтуынша, көрме көрнекті қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдерін қамтиды. Көрменің алғашқы бөлімі Сәкен Сейфуллиннің балалық және жастық шағына, оның отбасысына, туған өлкесіне, білім жолына және ағартушылық қызметіне арналған. Сондай-ақ оның ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және қазақ тілінің мәртебесін нығайтуға қосқан үлесіне ерекше назар а... |
| Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.06.2026 |
Жетісуда 474 шақырым электр желісі жаңартылуда |
| Жетісу облысында электрмен жабдықтау инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Өңірдегі тозығы жеткен электр желілерін жаңарту және энергиямен қамтамасыз ету сапасын арттыру мақсатында жалпы құны 9,16 млрд теңгені құрайтын жоба жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Жоба Қазақстанның Даму банкі мен «Талдықорған акционерлік көлік-электр желілері компаниясы» АҚ арасындағы несиелік келісім аясында қаржыландырылған. Бұл бастама «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде іске асуда. Қазіргі таңда облыстың бірқатар аудандарында құрылыс-монтаждау жұмыстары басталып кеткен. Атап айтқанда, Ескелді, Көксу, Қаратал және Сарқан аудандарында электр беру желілеріне арналған 4 492 жаңа тірек орнатылды. Бұл жұмыстар электр желілерінің сенімділігін арттырып, апаттық жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Жоба аясында тек тіректерді жаңарту ғана емес, кең ауқымды инфрақұрылымдық... |
| Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.06.2026 |
Бейбіт Исабаев өңірдегі бірқатар мұғалімдерге мемлекеттік наградалар тапсырды |
| Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірдегі бірқатар мұғалімдерге Мемлекет басшысының Жарлығымен берілген мемлекеттік наградаларды тапсырды. Атап айтқанда, оқу жылының аяқталуына орай және еңбектегі толайым табыстары үшін облыстың әр аймағынан 6 педагог-шебер «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медаліне ие болды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшысы ұстаздарды алдымен Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, педагогтардың ұрпақ тәрбиесі жолындағы айрықша үлестерін атап өтті: - Сіздер ел болашағы жастарға білім беруде аянбай еңбек етіп келесіздер. Осындай қажырлы қызметтеріңіздің арқасында биылғы оқу жылында республикалық және халықаралық олимпиадалар мен байқауларда облысымыздың 209 оқушысы биік белестерді бағындырды. Өздеріңізге беріліп отырған мемлекеттік наградалар көп жылдық жемісті еңбектеріңізге деген мемлекет тарапынан көрсетілген шынайы құрмет деп білеміз, - деген Б. Исабаев педагогтарға мемлекеттік наградалар... |
| Толығырақ... Оқылды: 21 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 05.06.2026 |
Жетісуда «Эколог сағаты» өтті |
| Халықаралық экологтар күніне орай жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қоғам назарын аудару және табиғатқа деген жауапкершілікті арттыру мақсатында облыс жастарының қатысуымен «Эколог сағаты» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды, – деп хабарлайды 7-su.kz ақпараттық порталы. Іс-шара барысында қатысушыларға экологиялық қауіпсіздіктің маңыздылығы, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы мемлекеттік саясат және әрбір азаматтың экологиялық жауапкершілігі жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Сонымен қатар, дүниежүзілік деңгейде өткізілетін «Эколог сағаты» халықаралық экологиялық акциясының негізгі мақсаты мен маңызы түсіндіріліп, аталған бастаманың қоршаған ортаны сақтауға қосатын үлесі туралы айтылды. Кездесуде экология департаментінің мемлекеттік экологиялық инспекторының бас маман Мөлдір Ахметжанова жастармен ашық форматта пікір алмасып, өңірдегі экологиялық ахуал, табиғатты қор... |
| Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.06.2026 |
