Жаңалықтар

Талапты ауылында Ту тұғырының салтанатты ашылу рәсімі өтті

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Лабасы ауылдық округіне қарасты Талапты ауылында Мемлекеттік Ту тұғырының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ауқымды іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «35 ауыл – 35 Ту тұғыр» патриоттық жобасы аясында ұйымдастырылды. Жобаның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерді ұлықтау, жастардың бойында отансүйгіштік рухты қалыптастыру және ел бірлігін нығайту. Ту тұғыры туған жеріне тағзым жасап, ауылдың дамуына үлес қосуды мақсат еткен 1996 жылғы түлектердің демеушілігімен орнатылды. Бұл игі бастама туған ауылға деген құрметтің, азаматтық жауапкершіліктің және елжандылықтың жарқын көрінісі болды. Салтанатты рәсім барысында лента қиылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы көкке көтерілді. Жиналған жұртшылық Мемлекеттік Әнұранды бірге орындап, ел рәміздеріне деген құрметін білдірді. Мерекелік жиында Көксу ауданының әкімі Дәулет Кенжеханұлы Халелов,...
Толығырақ... Оқылды: 28 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.06.2026

Ананың алаңынан басталған кәсіп

Көксуауданыныңтумасы,ЕскелдіауданыныңкелініҚожабековаАйгерімҚайратқызыбүгіндежүздегенотбасыныңалғысынабөленіпжүргенмассажмаманыәрікәсіпкер.Оныңбұлсалағакелуіалдыналақұрылғанжоспардыңемес,аналықмейірімнің,өмірліктәжірибеніңжәнежүректүкпіріненшыққанізгітілектіңнәтижесідеугеболады. АйгерімҚайратқызы2010–2014жылдарымедициналықколледждебілімалып, 2014–2024жылдараралығындамедицинасаласындаеңбекетті.Денсаулықсақтаужүйесіндежұмысістейжүріпмолтәжірибежинақтады. Солжылдарыоныңкөкейіндеөзкәсібінашып,халыққапайдасытиетінигіістіқолғаалутуралыойжиіболатын.Өзуақытынөзіжоспарлап,адамдарғатікелейкөмеккөрсететінкәсіпбастаудыармандағанолболашақтажекеісінашуғамүмкіндікіздейбастайды. Алайдаөміроныңалдынаүлкенсынаққояды.Тұңғышқызынажамбас-санбуыныныңдисплазиясыдиагнозықойылады. АнаретіндеперзентінекөмектесудіңбарлықжолынқарастырғанАйгеріммассажорталықтарыніздейбастайды. СолкездедәрігеріБурханТұрхановичтіңайтқанбірауызсөзіоныңөмірлікбағытынтүбегейліөзгертеді. – Сен медицинамама...
Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.06.2026

Патриоттық акциялар мен туристік бағыт жорықтары: Жетісуда Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтуде

Жетісу облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай таулы туристік бағыт бойынша жаппай сауықтыру акциясы ұйымдастырылды. Іс-шараға спортшылар, жастар ұйымдарының өкілдері, еріктілер мен салауатты өмір салтын ұстанатын, табиғат аясында белсенді демалысты қолдайтын жергілікті тұрғындар қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Акцияның негізгі мақсаты – мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыру, жастар арасында патриоттық құндылықтарды насихаттау, сондай-ақ бұқаралық спорт пен белсенді өмір салтын дамыту. Қатысушылар табиғат аясында жаяу жорық жасап, өңірдің көрікті жерлерімен танысты. Іс-шара Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік шаралар аясында өткізілді. Акция «I Love Tekeli» бақылау алаңынан басталды. Салтанатты ашылу рәсімінде қатысушылар Қазақстанның Мемлекеттік Әнұранын орындады. Мұнан соң өңірдегі танымал туристік бағыттардың бірі «Аютабан» бағыты бойынша жолға шықты. Көркем таби...
Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.06.2026

Жетісуда жыл басынан бері 101 килограмнан астам есірткі тәркіленді

Жетісу облысының полиция департаменті жыл басынан бергі есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша жедел-қызметтік жұмыстың қорытындысын ұсынды. Есепті кезеңде өңірде есірткіге байланысты 79 құқық бұзушылық тіркелді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім бар екенін көрсетеді. Оның ішінде 42 құқық бұзушылық есірткі қылмысы ретінде белгіленген. Қылмыс құрылымына тоқталсақ - есірткі өткізудің 30 фактісі, аса ірі мөлшерде сақтаудың 6 фактісі, есірткі заттарын насихаттау мен жарнамалаудың 3 жағдайы, сондай-ақ шегілмейтін темекі бұйымдары мен электрондық шылымдардың заңсыз айналымы бойынша 1 факт тіркелді. Бұдан бөлек, ҚР ҚК-нің 297-1-бабы бойынша есірткі өндірудің 2 фактісі анықталды. Жыл басынан бері заңсыз айналымнан барлығы 101 кг 488,19 грамм әртүрлі есірткі заттары тәркіленді. Тәркіленген заттардың негізгі бөлігін марихуана мен гашиш құрады. Заңсыз әрекеттері үшін 17 жастан 54 жасқа дейінгі 49 азамат ұсталды, олардың арасында 5 есірткі жасырушы (закладчик)...
Толығырақ... Оқылды: 25 Санат: ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ Уақыты: 04.06.2026

11 өрт сөндіру станциясы тәулік бойы қызмет атқаруда

Жетісу облысында орман қорын қорғау және өрттің алдын алу шаралары басты назарға алынды. Өңірдегі мемлекеттік орман қоры жерлерінің жалпы аумағы 1,5 миллион гектар, оның ішінде 340,2 мың гектары – нақты ағаш өскен алқаптар. Табиғи қорды қорғау мен күзету жұмыстарын өңірдегі жеті орман шаруашылығы мекемесі жүзеге асырып келеді. Сонымен қатар, төтенше жағдай орын алған сәтте жедел әрекет ету мақсатында арнайы 11 өрт сөндіру станциясы тәулік бойы қызмет атқаруда. Бүгінгі таңда облыс аумағында жалпы ауданы 115,5 гектарды құрайтын 6 өрт оқиғасы тіркелді. Мемлекетке келтірілген тікелей материалдық шығын көлемі 2,1 млн теңгені құрады. Төтенше жағдайлар қызметінің үйлесімді іс-қимылдарының арқасында ірі экологиялық апаттардың алдын алу мүмкін болды, ал аймақ экожүйесін сақтауда «Қазавиаорманқорғау» РМҚК Талдықорған авиациялық бөлімшесі басты рөл атқарды. Төтенше жағдайларға қарсы тұру үшін орман шаруашылығы мекемелері толықтай дерлік жарақтандырылған. Қазіргі таңда арна...
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.06.2026

Президент: «Таяу арада Үкімет мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға қажетті түзетулерді енгізеді»

«Нағыз патриоттар ғана елдің көшін алға бастайды, жердің шетін жаудан қорғайды. Басқа сөзбен айтқанда, отаншылдық дегеніміз – жеріміздің қауіпсіздігі және тұтастығының кепілі. Ұлт рәміздерінің мәртебесін арттыру, бұл – аса маңызды мемлекеттік жұмыс. Таяу арада Үкімет мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға қажетті түзетулерді енгізеді. Ұлттық нышандарымызды ұлықтау – ортақ парыз, бұл – әр азаматтың міндеті. Түптеп келгенде, рәміздерді қастерлеу – мемлекетімізді құрметтеу деген сөз». t.me/aqorda_resmi
Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.06.2026

Жетісуда 35 елді мекенде 35 жаңа Ту тұғырынан Мемлекеттік Ту бір мезгілде көтерілді

Жетісу облысында Мемлекеттік рәміздер күні салтанатты түрде аталып өтті. Негізгі шара ретіндегі Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай «35 ауыл – 35 Ту тұғыры» патриоттық акциясы аясында аудан-қалалардағы 35 елді мекенде бір мезетте телекөпір байланысы арқылы 35 жаңа ту тұғыры ашылып, Ту көтерілді. Бұл ту тұғырлары жергілікті меценаттар мен кәсіпкерлердің қолдауымен орнатылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыс көлемінде кеңінен атап өтілген патриоттық іс-шараларға жалпы саны 3,5 мыңға жуық адам қатысты, оның мыңнан астамы облыс орталығында жиналды. Талдықорған қаласындағы «Жастар» саябағы алаңында биіктігі 92 метрлік ту тұғырында орнатылған Мемлекеттік Туды көтеру салтанаты өтті. Мерекелік шараға Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев, мәслихат депутаттары, ардагерлер, мемлекеттік қызметшілер, зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар, жастар, қала тұрғындары қатысты. Ме...
Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 04.06.2026

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Ұлттық нышандарымызды қадірлеу – отаншылдық рухының ең биік өлшемі»

«Бәріңізге белгілі, наурыз айында біз біртұтас қоғам болып жалпыұлттық референдумға қатыстық. Азаматтарымыз конституциялық реформаны қолдап, дауыс берді. Осылайша, біз жаңа Конституциямызды қабылдап, төл тарихымыздың жаңа парағын аштық. Ата заңда халқымыздың сан ғасырлық арман-тілегі, мақсат-мұраты көрініс тапты. Кең байтақ жеріміздің тұтастығы, еліміздің егемендігі, азаматтардың құқықтары және бостандықтары басты құндылықтар деп жазылды. Заң мен тәртіпті сақтау, білім мен ғылымды, жаңа технологияларды дамыту, тазалықты дәріптеу, табиғатты қорғау, волонтерлік қызметті қолдау конституциялық міндет ретінде айқындалды. Түбегейлі жаңа сипатқа ие болған Ата заңымыз Әділетті Қазақстанның мызғымас жарғысына айналды. Конституцияда әр адам еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тиіс деп көрсетілді. Себебі ұлттық нышандарымызды қадірлеу отаншылдық рухының ең биік өлшемі екені сөзсіз». t.me/aqorda_resmi
Толығырақ... Оқылды: 14 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.06.2026

Мемлекет басшысы: «Қастерлі рәміздеріміз – ұлт құндылықтарының жарқын символы»

«Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – қасиетті Отанымыз – Қазақ елінің әрбір азаматы үшін маңызы ерекше мереке. Біз осы күні байрағымызды биікке көтереміз. Сол арқылы еңселі, егемен ел екенімізді күллі әлемге паш етеміз. Қастерлі рәміздеріміз – ұлт құндылықтарының жарқын символы. Мемлекетіміздің әр нышаны халқымыздың болмыс-бітімінің көрінісі саналады. Елтаңба – елдігіміздің айшықты белгісі. Әнұран – азаттығымыздың айбынды үні. Көк Туымыз – Тәуелсіздік тұмары. Төбемізге көтеріп, қадір тұтатын осы үш рәмізді мемлекеттігіміздің мызғымас үштағаны десек, артық болмайды. Тарихқа үңілсек, жұртымыз әрқашан бір тудың астына жиналып, ынтымақ-бірлігін сақтай білген. Қазір де еліміз ауызбіршілігін нығайтып, алға қарай сеніммен қадам басып келеді». t.me/aqorda_resmi
Толығырақ... Оқылды: 15 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.06.2026

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.
Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.06.2026
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.