Жаңалықтар
Жетісуда 117 мыңға жуық оқушыны жазғы демалыспен қамту жоспарланған |
| Биыл облыста қала сыртындағы 10 жазғы сауықтыру орталығы жұмыс істейтін болады. 2026 жылғы 25 мамырдағы жағдай бойынша барлық орталықтар жазғы сауықтыру маусымын бастауға дайын. Облыс бойынша 1-10 сынып аралығындағы 117 мыңға жуық оқушыны жазғы демалыс және сауықтыру шараларымен қамту жоспарланған, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық білім басқармасының мәліметінше, демалыспен қамтылатын балалардың 106 427-сі мектеп жанындағы 299 алаңда, 10 350-і қала сыртындағы сауықтыру орталығында демалады. Соның ішінде әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға жататын отбасылардан шыққан 6 500-ге жуық баланың демалысн ұйымдастыру үшін жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді. «Балдәурен» республикалық жазғы сауықтыру орталықтары – 201, демеуші және ата-аналар демеушілігі – 2700, кәсіподақ демеушілігімен – 955 бала қамтылады. 1–15 маусым аралығында қала сыртындағы орталықтар кезең-кезеңімен ашылады, ал мектеп жанындағы алаңдар 8 маусымнан ба... |
| Толығырақ... Оқылды: 23 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.05.2026 |
«Таза Қазақстан»: Жетісу облысында «Қойтас» экопаркінің құрылысы жалғасуда |
| Жетісу облысында «Қойтас» экопаркінің құрылысы жүріп жатыр. Бұл бірегей нысанды салу барысында табиғи ландшафты толық сақталып, аумағына ағаштар отырғызылды, «Жоңғар Алатауы» ұлттық табиғи паркі аумағындағы флора мен фаунаны бейнелейтін жануарлар мүсіндері орнатылды. Еске салсақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Талдықорған және Текелі қалаларында тағы екі экопарк салынуда, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. 2022 жылы құрылған парктің аумағын 6 гектардан 15-20 гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама дайындалуда. Экопарк салу жұмыстары 2027 жылы толық аяқталады деп жоспарланған. Қазіргі таңда кезең-кезеңімен абаттандырылып жатқан жасыл аймақ аудан тұрғындарының сүйікті демалыс орындарының біріне айналды. Парктің кіреберісінде «Денсаулық» жағалауы салынды. Өзен бойымен оң және сол бағытта жалпы ұзындығы шамамен бір шақырым... |
| Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.05.2026 |
Көксу ауданында соңғы қоңырауға байланысты ауқымды рейдтік іс-шара өтті |
| Көксу ауданында құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында ауқымды рейдтік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара 25 мамыр – соңғы қоңырау мерекесіне байланысты өткізіліп, жастар арасында тәртіп бұзушылықтың алдын алуға бағытталды. Рейд барысында түнгі уақытта көшеде жүрген жасөспірімдер бақылауға алынып, жастар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, қоғамдық орындардағы қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіп мәселелері басты назарда болды. Аталған іс-шараға құқық қорғау қызметкерлері, менторлар, мектеп мұғалімдері және арнайы сала мамандары қатысып, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірлескен бақылау жұмыстарын жүргізді. Мамандар тұрғындарға заң талаптарын сақтау, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері және жасөспірімдер қауіпсіздігі бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізді. Рейдтің негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және мерекелік күндері қо... |
| Толығырақ... Оқылды: 19 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.05.2026 |
Кепілсіз мерзімін ұзарту және бұғаттаудан қорғау: бизнеске арналған негізгі салықтық өзгерістер |
| Жаңа Салық кодексі өз күшіне енді, ол берешекпен жұмыс істеу принциптерін сараланған (дифференциалды) тәсілге көшіре отырып, түбегейлі өзгертеді. Реформаның басты мақсаты - бизнеске әкімшілік қысымды азайту және кәсіпкерлерді шағын сомалар үшін шоттардың бұғатталуынан қорғау. Маңызды жеңілдіктер салық төлеу мерзімін ұзарту және бөліп төлеу тәртібіне де қатысты болды. Енді берешек сомасы 1500 АЕК-ке дейін болған жағдайда, екі жылдан астам жұмыс өтілі бар белсенді кәсіпкерлер кепіл мүлікті немесе банктік кепілдікті ұсынбастан, 3 жылға дейін бөліп төлеуді немесе 6 айға дейін мерзімін ұзартуды ала алады. Сонымен қатар, Басқарма салық амнистиясы бойынша белсенді жұмыс жүргізуде: бүгінгі таңда борышкерлердің 38%-ы қамтылып, нәтижесінде бизнеске 135 миллион теңге өсімпул (пения) мен 114,5 миллион теңге айыппұл есептен шығарылды. Жаңа ережелер міндеттемелерді ерікті түрде реттеуге және мемлекет пен бизнес арасындағы серіктестік қарым-қатынастарға жағдай жасайды. 20 АЕК шегінен аспайтын ш... |
| Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.05.2026 |
Биыл Жетісу облысында 8500-ге жуық түлек мектеппен қоштасады |
| 2025-2026 оқу жылында Жетісу облысындағы 314 білім беру ұйымында 129 268 оқушы оқу жылын аяқтайды. Оның ішінде 8500-ге жуық түлек мектеппен қоштасқалы отыр. «Алтын белгіге» үміткерлер саны – 627, ал үздік үлгідегі аттестат алуға үміткерлер саны – 682. Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Фотографтар: Жұмабай Мұсабеков, Дмитрий Ерофеев, Олжас Құрмашев және фотосуреттерді аудандар мен қалалардың әкімдіктері ұсынды |
| Толығырақ... Оқылды: 24 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 26.05.2026 |
Қоғам тыныштығы басты назарда |
| Өңірде құқықбұзушылықтар саны 16,1%-ға, қылмыстар саны 15%-ға төмендеген. Қылмыстарды ашу көрсеткіші 83,2%-ға жеткен. Бұл өңір құқық қорғаушыларының тиімді жұмыс істеуінің нәтижесі. Дейтұрғанмен, мұндай көрсеткіш саябырсуға мүмкіндік бермейді. «Заң мен тәртіп» тұғырлана түсуі үшін қылмыс атаулы мүлдем орын алмауы керек. Дәл осындай ойды облыстық полиция департаментінің бастығы Сарқытбай Құсайынов жедел кеңесте сөз етті. Жиында, өңірдің бас тәртіп сақшысы облыстық полиция департаментінің атқарған жұмысын қорытындылап, басым міндеттерін айқындады. Құқық қорғаушылардың жиынына департамент бастығының орынбасарлары, басқарма басшылары, сондай-ақ облыстың аудандық және қалалық полиция бөлімшелерінің жетекшілері қатысты. Кеңес барысында есепті кезеңдегі қызмет нәтижелері қаралып, халықпен өзара іс-қимылды нығайту, жергілікті жерлердегі жұмыстың тиімділігін арттыру және жеке құрамға бақылауды күшейту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар ішкі істер органдары қызметіне цифрлық... |
| Толығырақ... Оқылды: 18 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.05.2026 |
Тау туризмін дамыту: Жетісуда «Shagan Fest 2026» ауқымды спорттық-экологиялық фестивалі өтті |
| Жетісу облысында Шаған тауының етегінде таулы туризмді дамытуға бағытталған «Shagan Fest 2026» ірі спорттық-экологиялық фестивалі ұйымдастырылды. Фестиваль аясында белсенді демалысты ұнататын қауым мен спортшылар 2551 метр биіктікке жаппай көтерілді. Іс-шараны облыстық туризм басқармасы мен «Visit Zhetysu» туристік-ақпараттық орталығы ұйымдастырды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Шыңға көтерілу басталар алдында қатысушыларды Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев құттықтады: – Облыс әкімінің атынан «Shagan Fest» фестивалінің барлық қатысушыларына қош келдіңіздер деймін! Жетісу өңірінде үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған бұл фестиваль тау және экологиялық туризм мәдениетін дамытуға, адамның табиғатпен байланысын нығайтуға әрі салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған. Бағыт ұзақ болғанымен, маршрут тәжірибелі спортшыларға да, балалы отбасыларға да қолайлы. Осындай шараларға бірге қатысу ұр... |
| Толығырақ... Оқылды: 17 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.05.2026 |
«АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ МҰҚЫРЫ АУЫЛЫНДАҒЫ КӘСІПКЕРДІҢ КӘСІБІН КЕҢЕЙТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРДІ |
| Жетісу облысы Мұқыры ауылында «AMANAT» партиясы жүзеге асырып жатқан «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл кәсіпкерлерін қолдау бағытындағы жұмыстар нақты нәтижесін беруде. Бағдарлама игілігін көргендердің бірі «Ахметова» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Ақбота Ахметова. Кәсіпкер жоба аясында 7 миллион 350 мың теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, мал бордақылау кәсібін дамытуға мүмкіндік алған. Бүгінде шаруашылықта 200-ге жуық ұсақ мал мен 10-ға жуық ірі қара бордақылануда. Сонымен қатар, кәсіпкер пилоттық жоба ретінде құс шаруашылығын қолға алған. Бұл істің тиімділігін байқаған ол бүгінде құс өсіру кәсібін одан әрі дамытып келеді. Қазіргі таңда фермада 600-ге жуық құс бар. Оның ішінде 100-ге жуық бройлер тауығы, 400-ден астам үйрек және 100-ге жуық қаз өсірілуде. Осылайша, ол ұсақ және ірі қара мал өсірумен қатар, құс шаруашылығын да қатар дамытып отыр. Ақбота Ахметованың айтуынша, «AMANAT» партиясы қолға алған «Ауыл а... |
| Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 25.05.2026 |
Жетісу облысы: биыл Панфилов ауданында 190 мың тонна жүгері алынады деп күтілуде |
| Панфилов ауданында ауыл шаруашылығы дақылдарынан жүгері себуге басымдық беріледі. Өткен жылы ауданда жүгері 23 мың гектардан астам жерге егіліп, одан 182 мың тонна өнім жиналды. Ал биыл бұл дақылдың егіс көлемі тағы 2 мың гектарға ұлғайтылып, 190 мың тоннадан астам өнім алу жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың аудан тұрғындарымен кездесуі барысында айтылды, –деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Жалпы биыл аудандағы егіс алқабы 43,7 мың гектар болады. Сонымен қатар бау-бақша шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Мәселен, «Жаркент фрукт» ЖШС 55 мың жас көшет отырғызып, 500 гектар бақты жаңартты. Сондай-ақ «Агромир» ЖШС 55 мың жаңа алма ағашын отырғызды. Биыл шаруашылықта 5 мың тонна алма және 2 мың тонна шие өнімін алу күтілуде. Сонымен қатар аудан әкімі Марат Сағымбектің айтуынша, өткен жылы тоқтап тұрған жылыжайдың жұмысы қайта жанданып, 4 гектар жерге қияр егілді. Нәтижесінде 750 тонна өнім алынады дег... |
| Толығырақ... Оқылды: 20 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.05.2026 |
Соңғы 3 жылда шекаралық Панфилов ауданында 30 жаңа әлеуметтік нысан қолданысқа берілді |
| Соңғы 3 жылда Жетісу облысының Панфилов ауданында 30 жаңа әлеуметтік нысан пайдалануға беріліп, тағы 9 нысанға күрделі жөндеу жүргізілді. Сонымен қатар осы кезеңде ауданда облыстық маңызы бар 42 шақырым жол жөнделіп, 14 елді мекендегі 28 көшеге жөндеу жұмыстары жасалды. Сондай-ақ 11 ауылда көше жарық шамдары орнатылды. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың аудан тұрғындарымен кездесуі барысында белгілі болды. Жалпы өңірде жаңадан салынған немесе жөндеуді қажет ететін әлеуметтік нысандарды жаңарту деңгейі орта есеппен 55,8%-ға жетті, –деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Биыл бұл жұмыстар жалғасады. Атап айтқанда, жаңа оқу жылы басталғанға дейін Сүптай ауылында 120 орындық мектептің құрылысы аяқталып, Жаркент қаласында екі жекеменшік мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар биыл Үшарал орта мектебі мен Үлкеншыған ауылындағы балабақшаға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жаркент қаласындағы Головацкий және Нағарашы атындағы орта мектептер газ жүйесіне... |
| Толығырақ... Оқылды: 22 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 22.05.2026 |
