АУДАН ТЫНЫСЫ

Сағат 10:00-дегі жағдай: тұрғындар дауыс беруге белсенді қатысуда

Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ
Уақыты: 15.03.2026
Оқылды: 30 Печать страницы

Бүгін Көксу ауданы бойынша республикалық референдум аясында дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-де ашылып, өз жұмысын жалғастыруда. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша аудан тұрғындары учаскелерге келіп, белсенді түрде дауыс беруде.

Аудан орталығы мен ауылдық округтердегі сайлау учаскелерінде тұрғындардың қарасы көп. Әсіресе, зейнеткерлер, еңбек ұжымдарының өкілдері мен жастар ерте келіп, өз азаматтық борыштарын орындауда.

Дауыс беру учаскелерінде барлық ұйымдастыру жұмыстары талапқа сай жүргізілуде. Комиссия мүшелері сайлаушыларды тіркеп, бюллетень беріп, қажетті түсіндіру жұмыстарын атқаруда. Сонымен қатар, бақылаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де жұмыс істеуде.

Кейбір учаскелерде келушілерге арналған фотозоналар қойылып, шағын мәдени іс-шаралар ұйымдастырылған. Бұл тұрғындардың көңіл күйін көтеріп, референдум күніне ерекше атмосфера сыйлауда.

Жалпы алғанда, Көксу ауданы бойынша дауыс беру науқаны қалыпты әрі ұйымдасқан түрде өтіп, тұрғындар белсенділік танытуда.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.