ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының әкімі Д. Халелов зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді.

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 04.03.2026
Оқылды: 30 Печать страницы
Көксу ауданының әкімі Д. Халелов зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың негізгі бағыттары мен енгізілген өзгерістердің мән-маңызы кеңінен түсіндірілді. Әсіресе, саяси жаңғыру үдерісінің ел дамуына, қоғамдағы әділдік пен ашықтық қағидаттарын нығайтуға бағытталғаны атап өтілді.

Сонымен қатар, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған дайындық шаралары туралы баяндалды. Жиын еркін пікір алмасу форматында өтіп, зиялы қауым өкілдері өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, көкейдегі сауалдарын жолдады.

Аудан әкімі халықпен тығыз байланыс орнату, қоғам өкілдерінің пікірін ескеру – тиімді басқарудың маңызды тетігі екенін атап өтті. Кездесу қорытындысында бірлескен жұмысты жалғастырып, ортақ мақсаттарға бірге жету қажеттігі айтылды.

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.