ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін Көксу ауданы Мұсабек ауылдық округінің тұрғындарымен мазмұнды кездесу өткізілді.

Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР
Уақыты: 04.03.2026
Оқылды: 33 Печать страницы

 

Кездесу барысында елімізде жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалардың негізгі бағыттары түсіндіріліп, олардың өңір дамуына тигізер ықпалы жөнінде кеңінен талқыланды.

Қазіргі таңда жаңа Конституция жобасы аясында ұсынылып отырған өзгерістер қоғамда кеңінен талқылануда. Оның басты мақсаты – әділеттілік қағидаттарын нығайту, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру. Бұл реформалар өңірлердің дамуына серпін беріп, халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды қадам екені сөзсіз.

Бүгінгі кездесуде де осы өзгерістердің мән-маңызын түсіндіріп, ауыл-аймақтың дамуына тигізер оң әсері атап өтілді.

Бірлесе еңбек етіп, ортақ мақсатқа бірге жетеміз!

{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2026. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.