«Жастар көзімен Наурыз» – бұл Наурыз мейрамын заманауи көзқараспен бейнелеуге арналған шығармашылық бастама.
Суреттерде ұлттық дәстүр мен қазіргі қоғам үндестігі, жаңару мен бірлік идеясы көрініс тапты. Жастар өз туындылары арқылы көктемнің келуі, табиғаттың оянуы, татулық пен ұлттық құндылықтарды заманауи стильде жеткізді.
Шараның басты мақсаты – жас буынның шығармашылық әлеуетін қолдау, ұлттық мәдениетке қызығушылығын арттыру және мерекенің мәнін жаңа қырынан таныту.
