Жаңалықтар
74897 адам өз кандидатына дауыс берді |
Бүгін ауылдық округ әкімдерінің алғашқы сайлауы өтуде. JETISÝ MEDIA алаңындағы брифинг барысында айтылған мәліметтерге сәйкес, 2021 жылғы 25 шілде сағат 12.00-дегі жағдай бойынша 74897 адам сайлау бюллетеньдерін алды, бұл сайлаушылардың жалпы санының немесе тізімге енгізілгендердің 34% - ын құрайды. Айта кетейік, 220 000 жетісулық халық әкімін сайлайды. Облыста барлығы 235 кандидат тіркелген. Олардың ең көп саны Талғар ауданында. 1 орынға 6 үміткер таласады. |
Толығырақ... Оқылды: 1044 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.07.2021 |
Алматы облысында сағат 10.00-ге сайлаушылардың дауыс беруі туралы |
Сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 10-ға сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 17 % алды немесе 38783 адам дауыс берді. |
Толығырақ... Оқылды: 949 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.07.2021 |
Алматы облысында 235 кандидат ресми тіркелді |
Ел тарихындағы ауыл әкімдерін тұңғыш рет тікелей сайлау күні жетті. Бүгін Алматы облысында саяси бәсеке өз бастауын алды. Сонымен, Жетісу өлкесінің 71 ауылдық округіне су жаңа әкім тағайындалатын болады. Әуелде, саяси додада бақ сынаушылардың саны 279 болса, қазіргі таңда 235-ті құрап отыр. 44 үміткер түрлі себептермен кандидаттар қатарынан алынып қалды. Сайлауға түсішілердің 82 үміткер саяси партия өкілдері болса, 153 адам өзін-өзі ұсынушылар болып табылады. «Бұған дейін, Іле ауданы Чапаев ауылында 9 кандидат тіркелді деп айтылған болатын. Бүгінде ресми деректер, аталған өңірде 5 үміткер қалғанын растауда. Әкімдікке үміткерлер ең көп тіркелген аймақ ретінде Талғар ауданы танылып отыр. Мұнда бір орынға 6 адамнан айналуда»,-дейді Алматы облысы сайлау комиссиясының мүшесі Қаһарман Жақсылық. Айта кетейік, Астана уақытымен таңғы сағат 7:00-ден бастап облыстағы барлық сайлау учаскелері өз жұмысын бастады. Тарихи сәтте өңірдің 220 мыңнан астам тұрғыны дауыс беруге қатысады деп кү... |
Толығырақ... Оқылды: 913 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.07.2021 |
БАУЫР-ТУЫСТЫҢ АҚЫСЫ |
Жаратқан Алла Тағалаға сансыз мадақ, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаға салауаттар мен сәлемдер болсын! Туыстық қарым-қатынасты сақтаудың мұсылман адам үшін мәнмағынасы өте үлкен. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Нахыл» сүресінің 90-аятында: «Негізінде Алла әділетті, игілікті және ағайынға қарайласуды бұйырады. Және де арсыздықтан, қарсылықтан тыяды», – деп айтқан. Туыстар – бір түбірден өскен ағаштың бұталары тәрізді. Осы себепті де олардың арасында береке мен бірліктің болуы, өзара татулық пен мейірімділіктің аясында қарым-қатынас жасауы аса маңызды іс. Туыстарына ізгілік етпеген адамның өзгелерге мейірбан болуы екі талай.Қазақ халқы туысқанды өзін ойлағандай ойлау, оның арын өз арын қорғағандай қорғау, қуанышы мен қайғысына ортақтасу, тарыққанда сұратпай қол ұшын беру сияқты істерге аса мән берген. Кезінде Сары би деген ақылгөй ақсақал бала Сырымға: «Балам, бұл дүниеде алты ұлы сөз бар, соны есіңнен шығармай жүрсең, ең алдымен беде... |
Толығырақ... Оқылды: 925 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 24.07.2021 |
Мешіт Алланың үйі |
«Аса ұлы, ерекше жомарт, шексіз билік иесі Алланың атымен бастаймын. Пайғамбарымызға Алланың салауаты мен сәлемі болсын. Мешіт – құлшылық жасалатын орын. Шын мәнінде мұсылман баласы мешітке күллі әлемді жоқтан бар еткен Алла тағаланы іздеп келеді. Сондықтан мешіттен табылғаны – Алланы тапқаны. Мешітке келген адам Алланың мейманы. Саңлақ сахабалардан Әбу Һурайра (р.а.) риуаятында хазреті Мұхаммед (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім үйінен тазаланып (үсті-басы, киім-кешегі таза боп, дәретін алып) Алланың үйлерінен біріне Алла парыз еткен намаздардың бірін орындауға жүріп барса, оның екі қадамының бірімен қатекемшілігі өшеді, екіншісімен дәрежесі өседі», – деген. Осы хадис жақсы ниетпен мешітке қарай басып келінген әрбір қадам сауапсыз қалмайтынын ұқтырады.Яғни, ол жерге келудегі басты мақсат – Аллаға құлшылық ету, парыз етілген үкімдерді орындау. Сонымен қатар мешіт қоғамдағы барлық мәселенің шешімін табуға, елдегі бірлі... |
Толығырақ... Оқылды: 1208 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 24.07.2021 |
Исламдағы ұлық мереке |
Аса Қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын! Құрметті Көксу ауданының тұрғындары! Баршаңызды күллі иісі мұсылман баласы асыға күтетін ұлық мейрам – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айттарыңыз қабыл болсын! Сіздерге Алладан амандық, мықты денсаулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін! Биыл Құрбан айт 20, 21, 22 шілде күні тойланады. Құрбан айт ораза айттан соң 70 күннен кейін басталып, үш күнге созылады. Құрбан айт – асыл дініміз Исламдағы екі ұлық мерекенің бірі. Айтулы күнде мұсылман қауымы Құдай жолында құрбан шалып, қанағат пен қайырымдылықтың, мейірімділік пен ізгіліктің риясыз үлгісін көрсетіп, көмекке мұқтаж жандардың бата-тілегін алып, алғысына бөленеді. Бағзы заманнан бері Ислам дінін рухани тірегіне айналдырған халқымыз Құрбан айтты айрықша дайындықпен қарсы алады. Ұлық мейрамда ерекше ыждаһат һәм ықыласпен орындалатын құлшылықтар мен ізгі іс-шаралар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, игі дәстүрге айналды. «Құрбан» с... |
Толығырақ... Оқылды: 925 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 24.07.2021 |
Алматы облысындағы ауылдардың бірінде әкімдікке үміткерлердің рекордтық саны тіркелді |
Әкімдікке кандидаттардың ең көп саны Іле ауданының Чапаев ауылдық округінде тіркелген. Барлығы 9 адам әкім лауазымына үміткер. Өңірде 71 ауылдық округ әкімдерін сайлау 2021 жылдың 25 шілдесіне 17 ауданда (қалада) жоспарланған. 279 кандидат ұсынылды, олардың 93 - і - саяси партиялар, 186-сы-өзін-өзі ұсыну арқылы. Орташа бәсекелестік-3,9 адам. Жалпы барлық округтерде 3 және одан да көп кандидат бар. Қазіргі уақытта аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдеріне кандидаттар өздерінің болашақ қызметінің сайлау алдындағы бағдарламасымен таныстыруда. |
Толығырақ... Оқылды: 1022 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 21.07.2021 |
Барлық мемлекеттік қызмет бір нөмірден қолжетімді! |
Халыққа ыңғайлы болу үшін 1411 қысқа нөмірін жаба отырып, 1414-тің әлеуметтік мәселелер бойынша кеңес беру мүмкіндіктерін кеңейту туралы шешім қабылданды. Енді зейнетақы мен жәрдемақыны, атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеу, әлеуметтік қызметтер порталының жұмысы, еңбек қатынастары мен халықты жұмыспен қамту туралы сұрақтарды 1414 Бірыңғай байланыс орталығына қоңырау шалып, қосымша 5 нөмірін басу арқылы алуға болады. Әлеуметтік сұрақтар бойынша 1414 халыққа дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін (жексенбі-демалыс)көмектесе алады, қоңырау - тегін. Ең танымал Мемлекеттік қызметтерді біздің @kenes1414bot телеграмм-бот арқылы да алуға болады. _______________ Все гос услуги доступны по одному номеру! Для удобства населения было принято решение о расширении возможностей 1414, что позволило предоставлять консультативную помощь и по социальным вопросам, закрыв короткий номер 1411. Теперь вопросы, касающиеся оформ... |
Толығырақ... Оқылды: 1290 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.07.2021 |
Кәсіп ашу үшін батылдылық пен шыдамдылық қажет екені сөзсіз |
Кәсіп ашу үшін батылдылық пен шыдамдылық қажет екені сөзсіз. Бар бизнес-жоспарыңызды іске асыруға дайын болсаңыз, ең басты талап – кәсіпті заңды түрде рәсімдеуді ұмытпаңыз. Бұрын кәсіпкер болу үшін құжаттарды жинап, салық органына бару керек еді. Енді мұны бірнеше минут ішінде онлайн түрде жүзеге асыруға болады. Төменде қысқаша нұсқаулық көрсетілген: • «Е-лицензиялау» elicense.kz порталына кіріп, ЭЦҚ көмегімен тіркеліңіз • Тіркелгеннен кейін басты беттегі «Қызмет көрсету» батырмасын таңдаңыз • Қосымша «Хабарлама жасау тәртібі» бетін таңдаймыз, «Дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама» сілтемесін басамыз • «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын таңдайсыз • Жеке кәсіпкерлік туралы деректерді толтырасыз (қызмет түрі, салық салу тәртібі және т.б.). Мұнда сіз сондай-ақ мемлекеттік органға сұрау сала аласыз. Егер салықтан берешегіңіз болса, сізге Жеке кәсіпкерлікті тіркеуге рұқсат берілмейді. • ЭЦҚ көмегімен барлық деректерді толтырғаннан кейін сіз салық о... |
Толығырақ... Оқылды: 1258 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.07.2021 |
Ипотека алу туралы шешім қабылдасаңыз |
Ипотека алу туралы шешім қабылдасаңыз, онда сізге зейнетақы аударымдары туралы анықтама міндетті түрде қажет. Бұл анықтаманы бірнеше жолмен алуға болады. Төменде нұсқаулық көрсетілген. eGov.kz портал арқылы: 1. Сізге ыңғайлы тәсілмен порталда авторизациядан өтіңіз 2. «Әлеуметтік қамтамасыз ету» бөлімін ашыңыз 3. «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу» қызметін табыңыз 4. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз 5. Аударымдар туралы анықтама қандай уақыт кезеңі үшін қажет екенін көрсетіңіз 6. ЭЦҚ арқылы қызметке қол қойыңыз және анықтама 20 минут ішінде дайын болады. eGov mobile қосымшасы арқылы: 1. Қосымшаға кіріп, тіркеліңіз 2. «Қызметтер» бөлімінен «Жеңілдіктер, жәрдемақылар, зейнетақылар» бөлімін табыңыз 3. Содан кейін «Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат» бөлімін ашыңыз 4. Қажетті кезеңді көрсетіңіз 5. ЭЦҚ немесе СМС көмегімен қызметке қол қойыңыз, анықтама 4 сағат ішінде дайын болады. @Kenes1414bot (EgovKzBot2.0) телеграм-бот арқылы: 1... |
Толығырақ... Оқылды: 1252 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.07.2021 |