Жаңалықтар
Жетісу облысында 2025 жылдың I тоқсаны бойынша монополияға қарсы жұмыстардың қорытындысы шығарылды |
| Жетісу облысы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті монополияға қарсы тергеп-тексеруді аяқтап, іс материалдары сотқа жолданды. Нәтижесінде Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының кейбір тасымалдаушыларға артықшылықтар жасаған құқық бұзушылықтары анықталды. Сот шешімімен «Қорғас» халықаралық орталығына және оның еншілес ұйымдарына берілген нұсқамалар орындалды – бұрынғы форматтағы қызмет тоқтатылды. Олардың жекешелендірілуі ұсынылды. «2025 жылға арналған квазимемлекеттік секторды мониторингілеу жоспары бекітілді – оған 36 субъекті енгізілді. Тексеру нәтижесінде 4 кәсіпорынға нұсқама берілді. «Жастар» спорт клубының жұмысы талаптарға сәйкестендірілді, заңсыз құрылған Сағабүйен музыка мектебі таратылды», – деп мәлімдеді Жетісу облысы бойынша ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің басшысы Маржан Кальменова. Құс еті, қонақ үйлер, жол жөндеу, авиациялық жанармай және на... |
| Толығырақ... Оқылды: 140 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.05.2025 |
ҚР АШМ Ақмола облысындағы сүт-тауарлы фермаларына баспасөз турын ұйымдастырды |
| Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есеге арттыру және импортты алмастыру жөніндегі тапсырмасы аясында өңірлерде өнеркәсіптік сүт-тауарлы фермаларын салу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде. Ауыл шаруашылығы министрлігі Ақмола облысындағы сүт-тауарлы фермаларына баспасөз турын ұйымдастырды. Шара барысында БАҚ өкілдері жұмыс істеп тұрған «Родина», «Еңбек» және «Ен-Дала» шаруашылықтарының қызметімен танысты. Жобалар 2023 жылы республикалық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасы аясында қаржыландырылды. «Еңбек» шаруашылығы егіншілікпен, тұқым шаруашылығымен, органикалық егіншілікпен, сондай-ақ сүт бағытындағы ірі қара мал өсірумен айналысады. 2024 жылы «Еңбек» ЖШС Қазақстандағы алғашқы органикалық сүт-тауарлы фермасын іске қосты. Кәсіпорын жылына 3 мың тоннаға дейін сүт өндіреді. Жоба құны – 8,2 млрд теңге. Фермаға СҚО тәжірибесін т... |
| Толығырақ... Оқылды: 237 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.05.2025 |
Алтын өндіру өнеркәсібінде 3400 адамды жұмыспен қамтитын 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылады |
| Алдағы үш жылда Қазақстанның алтын өндіру саласында жалпы құны 780 миллиард теңгені құрайтын 13 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. «QazIndustry» АҚ Жобаларды іске асыруға мониторинг жүргізу және талдау дирекциясы ақпараты бойынша аталмыш жобалар аясында 3400 жаңа жұмыс орны құрылатын болады. 2025-2028 жылдар аралығында жүзеге асатын жобалар аясында 20,6 миллион тонна кен өңделіп, 21 тонна Доре қорытпасы өндіріледі. Саладағы айтарлықтай даму қарқыны Қазақстанның әлемдік қымбат металлдар нарығындағы орнын нығайта түсуге мүмкіндік береді. Алтын және басқа да бағалы металл бар ірі кен орындарын қамтитын бай шикізат базасының болуы республиканың алтын өңдеу саласындағы жобаларды іске асыру мақсатында республиканың инвестициялық тартымдылығын арттырады. Жалпы, соңғы он жылда елде кен байыту комбинаттарын салу, жаңғырту және кеңейту бағытында 19 жоба іске асырылды. Олардың жылдық кен өңдеу қуаты – 27,2 млн тонна, бұл шамамен 29,1 тонна Доре қорытпасын өнд... |
| Толығырақ... Оқылды: 113 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.05.2025 |
Мемлекеттік сатып алулар арқылы отандық өндірушілерді қолдау: Қазақстанның химия саласы үшін оң нәтижелер |
| Қазақстанда отандық өндірушілерді қолдаудың маңызды құралдарының бірі ретінде мемлекеттік сатып алулар жүйесі қалыптасқан. Бұл тәсіл химия өнеркәсібінде бірқатар оң нәтижелерге әкелді. Мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру кезінде қазақстандық компанияларға басымдық берілуі ішкі өндіріс көлемін арттыруға, импортқа тәуелділікті азайтуға және өндірістік қуаттарды жаңғыртуға мүмкіндік берді. Өнеркәсіп саласында іске асырылған заңнамалық бастамалардан басқа, химия саласына оң әсер еткен бірқатар нақты нормалар қабылданған. - мемлекеттік сатып алу кезінде ұлттық режимнен алу нәтижесінде өткен жылы лак бояу материалдары, тұрмыстық химия және жағар майлар өндірісінің көлемі 30%-ға өсті. - Сонымен бірге субсидияланған тыңайтқыштарды елден заңсыз шығарылуын тоқтату үшін аммофос, селитра сияқты маңызды тыңайтқыштардың (ҚазАзот, Қазфосфат) экспорты лицензия беру арқылы реттелді. Бұл шара бағаны тұрақтандыруға және жергілікті фермерлерге тыңайтқыш жеткізуді арттыруға ықпал етті. Алғаш... |
| Толығырақ... Оқылды: 141 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.05.2025 |
КҮН САНЫ |
| ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ мәліметінше, бүгінде еліміздің білім беру ұйымдарында 94 552 ер педагог жұмыс істейді. Оның 14 055-і колледж, 77 787-сі мектептерде, 2 710-ы мектепке дейінгі ұйымдарда. |
| Толығырақ... Оқылды: 109 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.05.2025 |
Су ресурстары қатаң бақылауда: көлеңкелі нарықпен күрес алғашқы нәтижесін берді. 2025 жылдың басынан су заңнамасын бұзушылардан 2,9 млн теңге өндірілді |
| Жыл басынан бері су заңнамасын бұзған тұлғалардан жалпы сомасы 2,9 млн теңгеге 18 әкімшілік айыппұл өндірілді. Ал 2025 жылдың басынан бері суды заңсыз пайдалану фактілері бойынша жалпы сомасы 6,4 млн теңгеге 35 әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша 1,4 млн теңге сомасына 12 әкімшілік айыппұл салынды, ал құқық қорғау және мемлекеттік органдардан түскен материалдар бойынша 5 млн теңгеге 23 әкімшілік айыппұл салынды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің бассейндік инспекциялары 2025 жылдың басынан бастап 13 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 8 заңбұзушылық анықталды. Бұл заңбұзушылықтарды жою үшін 7 ұйғарым берілді. 2024 жылы су заңнамасын бұзғандардан жалпы сомасы 44,5 млн теңге болатын 556 әкімшілік айыппұл өндірілгенін айта кетейік. Сондай-ақ бассейндік инспекциялар 439 тексеру жүргізіп, оның барысында 1855 заң бұзушылық анықталды. «Судың «көлеңкелі нарығымен» күресу мақсатында былтыр министрлік жанынан Су ресурстары... |
| Толығырақ... Оқылды: 93 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 08.05.2025 |
2025 жылы 10 мың бизнес-бастамаға қолдау көрсетіледі |
| ҚР Ұлттық экономика министрлігі бизнестің жеңілдікпен қаржы алуын кеңейту үшін «Даму» қоры арқылы екі жаңа қолдау құралын іске қосты. Олар кез-келген ауқымдағы компанияға, мейлі ол кіші болсын, мейлі ірі болсын, кепіл жеткіліксіз болған күнде де қаржы алуға мүмкіндік береді. Бірінші қолдау құралы құны 7 млрд теңгеден басталатын ауқымды жобаға есептелген. Өнеркәсіп, энергетика, инфрақұрылым мен экспортты қоса алғанда, экономиканың негізгі салаларын қамтиды. Мемлекет қарызға кепілдік бергендіктен, бұл банк үшін тәуекелді азайтады. Осылайша бизнестің несие алуы жеңілдейді. Екінші қолдау шағын және орта кәсіпорынға жасалады. Құны 7 млрд теңгеге дейінгі жобаларға тиесілі. Кәсіпкерлер қажетті қаржыны кепілсіз алады. Бүгінгі таңда бес банкпен келісімге қол қойылса, тағы екеуі жұмыс үстінде. Әріптестер тізімін кеңейту жұмысы жүріп жатыр. Бағдарламаның алғашқы нәтижесі де белгілі. Жалпы сомасы 3,3 млрд теңгеге 34 жоба қолдау тапқан. Кепілдік беру рәсімі жеңілдетіліп, екі жұ... |
| Толығырақ... Оқылды: 139 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.05.2025 |
Жыл басынан бері мүгедектігі бар адамдар агрегаторлар арқылы инватакси қызметіне 138 мыңнан астам тапсырыс берді |
| ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) бастамасымен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға инватакси қызметін көрсету кезінде такси агрегаторларын пайдалану жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде 2025 жылдың басынан бастап Астана мен Алматы қалаларында аталған қызмет 138,1 мың рет көрсетілді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметі 207,2 мың рет көрсетілгенін естеріңізге саламыз. Бұдан бұрын хабарлағандай, инватакси қызметін көрсету жылдамдығы мен сапасын арттыру мақсатында Еңбекмині әкімдіктермен бірлесіп осы қызметтің тетігіне өзгерту енгізу туралы шешім қабылдады. Мысалы, азаматтарға қызмет алудан бір күн бұрын телефон арқылы жазылу қажет, бұл өз сапарларын алдын ала жоспарлауға, инватакси беруді күтуге мәжбүр етеді, инватакси қызметтерін ұсыну үшін көлік құралдарының жетіспеушілігі және т. б. мәселелер бар. Шарттарды жеңілдету үшін осы қызметті көрсетуге қатысуға тиісті сұраныс алған та... |
| Толығырақ... Оқылды: 124 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.05.2025 |
Заманауи техниканы ауылға беру: ТЖМ қауіпсіздік стандарттарын теңестіреді |
| Жезқазғанда Ұлытау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелеріне жаңа арнайы техниканы тапсыру рәсімі өтті. Іс-шараға әкімдік, ТЖД өкілдері, ардагерлер, қызмет қызметкерлері мен жұртшылық қатысты. Ұлытау облысы ТЖД бастығы полковник есен Байыров ҚР Төтенше жағдайлар министрі генерал-майор Шыңғыс Ариновтың қолдауының арқасында қалаларда да, ауылдық аудандарда да жарақтандыру мен дайындықтың бірыңғай стандарттары қалыптасып жатқанын атап өтті: "Бұл біздің бөлімшелеріміздің — географиясына қарамастан — заманауи техникамен қамтамасыз етіліп, халықты қорғау бойынша өз міндеттерін тиімді орындауына қарай жасалған маңызды қадам". Қазіргі заманғы техника төтенше жағдайларға, әсіресе шалғайдағы елді мекендерде ден қою тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Салтанатты рәсім аясында ерекше көзге түскен қызметкерлерге ТЖМ басшысы, облыс әкімі мен мәслихатының атынан ТЖ салдарын жою кезіндегі кәсібилігі, батылдығы мен жанқиярлығы үшін Құрмет грамоталары ме... |
| Толығырақ... Оқылды: 98 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.05.2025 |
Астанада «Қазақ даласы – Жеңістің алтын бесігі» атты мерекелік концерт өтті |
| Бейбітшілік және келісім сарайында Отан қорғаушы күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған концерт өтті. Іс-шараға тыл еңбеккерлері, Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың ардагерлері мен әскери қызметшілері, сондай-ақ Премьер-министр Олжас Бектенов, Мемлекеттік Кеңесші Ерлан Қарин, қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықов қатысты. Белгілі қазақстандық мәдениет қайраткерлері, жетекші әртістер, оркестрлік, хор және би ұжымдары әскери қызметшілерге, Қарулы күштердің ардагерлеріне, әскери колледж бен «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілеріне арнап паториоттық композициялар мен соғыс жылдарындағы әндерді орындады. Эстрадалық-симфониялық оркестр мен фольклорлық-этнографиялық ансамбльдің орындауында Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғауы» күйі орындалды. Біріккен шығармашылық ұжым ұлы дала әуендері мен оркестрлік музыканың күшін біріктіре отырып, ұлы композитордың дүниетанымын шебер жеткізе білді. Жоңғар ша... |
| Толығырақ... Оқылды: 92 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.05.2025 |
