Жаңалықтар

Донор-біздің заманымыздың батыры!

14 маусым бүкіл әлемдегі адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін өте маңызды күн! Дәл осы күн барлық қан донорларына - жанның қалауымен өз қанын басқалардың игілігі үшін тапсыратын адамдарға арналады. Донор болу пайдалы! Біріншіден, донор тұрақты медициналық бақылауда. Донордың қымбат тексерулері тегін жүргізіледі және донордың сұрауы бойынша оның қанының барлық тексерулерінің нәтижелері оған берілуі мүмкін. Екіншіден, қан тапсырғаннан кейін қан жасушалары жаңартылып, иммунитет жоғарылайды. Үшіншіден, қан тапсыру-бұл мейірімділік! Бір күні мейірімділік танытқан адам өзін қорғайды және оған жақсылық жасалады. Біздің елімізде дүниежүзілік донор күні кеңінен атап өтіледі. Мүмкін, бұл күні өзіңізге және адамдарға ең жақсы сыйлық келесі донация болады. Кенеттен бүгін біреу сіздің қаныңызды құтқарады, ал біреу, тіпті қысқа сәтте, осы жердегі өмірін ұзарта алады. Егер сіз донорлық акциясына қатысқыңыз келсе, онда сізге барар алдында донорға қойылатын талаптардың толық тізбес...
Толығырақ... Оқылды: 1438 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.06.2021

Қаулы

Мемлекеттік санитар дәрігердің (2021 жылғы 11 маусымдағы№ 27) қаулысына сәйкес, Алматы облысы бойынша ХҚО-лар клиенттерді Ashyq арқылы қабылдай бастады. Қосымшаны App Store және Google play-ден жүктеуге болады. Сондай-ақ Ashyq қызметі kaspi.kz, Homebank @HalykBank және eGov mobile қосымшалары арқылы қолжетімді Санитарлық талаптарды сақтауды ұмытпаңыз - бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз, санитайзерлерді қолданыңыз.
Толығырақ... Оқылды: 1489 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.06.2021

Бизнесті заңсыз тексерулер шектелді

Мемлекет басшысымен Қазақстан халқына соңғы Жолдауында кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуға жол бермеу туралы талаптар атап өтілді. 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Президенттің Жарлығымен шағын және микрокәсіпкерлік субъектілерін тексеруге 2023 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімге тексерулер мен профилактикалық бақылау жүргізуге мораторий жарияланды. Мораторий жарияланған сәттен бастап Алматы облысының прокуратура органдарымен кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінде заңсыз тексерулер мен профилактикалық бақылаудың өзге де нысандарын жүргізудің 244 фактісін, оның ішінде мораторий талаптарын бұза отырып, 128 фактіні анықтады. Мысалы, өткен жылы Еңбекшіқазақ ауданы Мемлекеттік кірістер басқармасы қызметкері азық-түлікті бөлшек саудада өткізу дүкенінің қызметін аралап, тексерді.Лауазымды тұлғаға қатысты аудан прокурорымен ҚР ӘҚБтК-нің 175-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды және сот қаулысымен кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Тағы бір жағдай, 2020 жылы Қапшағай қаласының Іш...
Толығырақ... Оқылды: 1479 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.06.2021

Төрт жылдықтың басты додасына Жетісудан кімдер қатысады?

Қазақстан Тәуелсіздік алғалы бері спортшыларымыз Азия, Әлем, Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері болып, көк байроағымызды желбіретуде. XXXІІ жазғы Олимпиада ойындарында да спортшыларымыз Отанымыздың мәртебесін көтеріп, жеңіс тұғырынан көрінеді деп сененміз. Ұлттық құрама команда спортшылары олимпиада ойындарына 25 спорттың түрінен, бүгінгі күнге, 62 лицензия бар. Төрт жылдықтың басты додасы 2021 жылы Токио қаласында өтетін ХХХІІ жазғы Олимпиада Ойындарына жолдамалар сарапқа салынатын турнирлер мен чемпионаттарда бүгінгі таңда 11 лицензия ұтып алынды. Бұл жолдамаларды Азия, Әлем Чемпионаттарында жоғары жетістіктерге қол жеткізген спортшыларымыз: • грек–рим күресінен - Асхат Дильмухамедов, • ауыр атлетикадан - Зулфия Чиншанло, • ауыр атлетикадан - Сон Игорь, • велосипед спортынан (трек) - Пономарев Сергей, • жеңіл атлетикадан (спорттық жүріс) - Ратова Айман, • жеңіл атлетика (ядро лақтыру) - Иванов Иван, • байдар...
Толығырақ... Оқылды: 1543 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.06.2021

ХҚО-ға бармай-ақ, ЭЦҚ қалай алуға болады?

Оңай! Қандай да бір анықтамаларды алу үшін бұрын ХҚО-ға бару керек болатын. Бірақ қазір бұл қажет емес, барлығын ЭЦҚ көмегімен онлайн алуға болады. Бұл қысқа нұсқаулық сізге ЭЦҚ-ны бірнеше минут ішінде алуға көмектеседі: 1. eGov.kz-те «Сервистер» санатында «ЭЦҚ қашықтықтан алу» бөлімін таңдаңыз 2. «Қызметке онлайн тапсырыс беру» батырмасын басыңыз 3. «Жеке куәлік» таңдаңыз 4. ЖСН енгізіңіз 5. телефон нөмірін көрсетіңіз және веб-камера арқылы жеке тұлғанызды сәйкестендіріңіз 6. ЭЦҚ сақтау үшін папканы таңдаңыз 7. Парольді орнатыңыз 8. ЭЦҚ қолдануға дайын Маңызды! Осы қадамдарды орындамас бұрын компьютерге NCALayer бағдарламасын орнатыңыз және веб-камераға қосылуын тексеріңіз.
Толығырақ... Оқылды: 1532 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.06.2021

Құрметті аудан, қала тұрғындары!

Құрметті аудан, қала тұрғындары! делдардардың қызметіне жүгінбеулерінізді сұраймыз. ЭЦҚ-ңызды бөтен адамдарға неге беруге болмайтынын түсіндіреміз. Көпшілігіңіз "Делдалдардың" немесе Egov.kz-тен қызметті алу үшін ақысына көмектесуге дайын компанияларды кездестіргеніңіз сөзсіз. Мұндайда алаяқтардың құрбаны болу қаупі бар. Олар сіздің жеке кабинетіңізге кіру арқылы келесі әрекетке бара алады: - заңды және қаржылық мәмілелер жасау; - сіздің көлігіңізді немесе жылжымайтын мүлікті басқа адамға қайта ресімдеу; - сіздің тұрғын үйіңізге бейтаныс адамды тіркей алады. Егер өз ЭЦҚ-ңызды жоғалтып алсаңыз, бірден жаңасын жасатыңыз және "ҚР Ұлттық куәландырушы орталығының" жеке кабинеті арқылы жоғалған кілттерді қайтарып алыңыз. Есіңізде болсын! Әр ХҚО-да өзін-өзі қызмет көрсету секторы бар, онда фронт-офис қызметкерлері сізге қажетті мемлекеттік қызметтерді портал арқылы тегін алуға көмектеседі. Сонымен қатар "Азаматтарға арналған үкіметтің" ресми Youtube-арнасын...
Толығырақ... Оқылды: 1469 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.06.2021

Барлық құжат смартфоныңызда

ХҚО-ға келгенде өз құжаттарыңызды ұмытқан болсаңыз, енді үйге қайта барудың қажеті жоқ. Оның оңтайлы шешімін Egov mobile қосымшасынан табасыз. Қосымшада цифрлық құжаттардың 15 түрі, сондай-ақ жеке куәлік те бар. Сіз бұл цифрлық құжаттарды ХҚО-да, Air Astana @airastana әуе компаниясының рейстерінде, Kaspi.kz @kaspi.kz және Halyk Bank @halykbank.kz бөлімшелерінде қолдана аласыз. Egov mobile қосымшасын Play Market және App Store платформаларынан жүктеуге болады.
Толығырақ... Оқылды: 1472 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.06.2021

Бүгінгі күні баланызға балабақшадан орын брондау қарапайым және тез.

Бүгінде оны үйден шықпай-ақ, eGov.kz арқылы жасауға болады. Порталда бұл қызмет "Мектепке дейінгі ұйымдарға жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою" деп аталады. Бар-жоғы үш қадам: 1. Қызметті табыңыз 2. Жүйеге баланың қажетті деректерін енгізіңіз 3. ЭЦҚ көмегімен тапсырыс беріңіз Өтінімнен кейін кезек нөмірі беріледі, ол сіздің жеке кабинетіңіз арқылы кезегіңіздің жақындағанын қадағалауға мүмкіндік береді. Кезек келгенде, сіз өз келісіміңізді беріп, таңдалған балабақшаға жолдама алуыңыз керек.
Толығырақ... Оқылды: 1462 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 14.06.2021

БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ҚАЖЕТ ЖЕТІ БАҒЫТ

Ертеде бір мал ұрлайтын кісі қылмыс үстінде ұсталыпты. Елге тигізген зиянын есептей келе, оны өлім жазасына кесуді ұйғарған екен. Сөйтіп, не керек, белгіленген үкімнің де орындалар сәті келді. Көпшіліктің көзі жаза алаңында. Бірі, бәлкім, кешіріп қалар деген үмітпен қараса, екіншісі бұл іс қашан бітер екен деп тағатсызданып тұр. Төреші ұрыдан соңғы тілегін сұрап еді, ол анасын көргісі келетінін айтты. Бұл жағдайды естіген анасы құстай ұшып келген беті сол еді, баласы оның тілін қыршып тұрып жұлып алды. Жиналғандар: «Туған анасына бұлай жасағаны қалай?», «Бұл не істегенің?», «Неткен қатігездік?!», «Өлім жазасына кесілгенің дұрыс болды»- деп, шулай жөнелді. Бірақ ұры еш саспастан анасына қарап тұрып: «Анашым, есіңізде ме?! Мен алты жасымда көршіден тауықтың жұмыртқасын ұрлап келгенімде үндеместен қуырып беріп едіңіз ғой. Сол кезде «қой» деп, істің бұрыстығын түсіндіргеніңізде бүгін өлім жазасына кесілмеген болар едім» - деген екен. Иә...
Толығырақ... Оқылды: 1753 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2021

Күреспен келген сынықшылық

Сан ғасырлар бойы науқасты емдеу жолдарын жан-жақты зерттеу нәтижесінде халық емшілерінің тәжірибесі толыға түскені аян. Бүгінгі дәстүрлі медицинаның көптеген жетістіктері осы халық медицинасының, ата-бабаларымыздың емшілік дәстүрінен алынған. Оған ешкім де дау айта алмас. Ерте замандарда қолының ебі бар халық емшілері дәрілік өсімдіктердің, минералды заттардың емдік қасиеттерін біліп, зерттеп, оны науқастарды емдеуге молынан пайдаланған. Халық медицинасында сынық салу, бұлаулау, сүлік салу, қан алу, жараны күйдіріп емдеу сияқты тәсілдерімен емдеу кеңінен қамтылған. Соның бірі сынық салу атадан балаға ауысып отырған. Көпшілік тілінде сынықшы деп аталатын бұл кәсіпті меңгергендер бұрын баршылық еді. Бүгінде сынықшылықтың сирек кәсіп түріне айналғаны рас. Бұрындары әр ауылдың өзінің сынықшысы болса, бүгінде бір ауданның өзінен бір сынықшыны табу қиын болып қалды. Ойда-жоқта аяқ, қолын сындырып алғандар алдымен дәрігерге емес, сынықшыға барғанды дұрыс көреді. Бұл дәрігерлердің еңбегін еле...
Толығырақ... Оқылды: 1714 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.06.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.