АУДАН ТЫНЫСЫ

Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстардың бүгіні мен ертеңі

Елімізде саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, тұрғындардың жат діни ағымдарға бет бұруына, әлемдік жаһандану үдерісі мен шиеленісу процестерінің артуына жол бермеу, террорлық әрекеттердің алдын алу және халықаралық қатынастарды үйлесімді ету бүгінгі таңдағы маңызды мәселе. Осы маселелер бойынша жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Алматы облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары «Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстардың бүгіні мен болашағы», «Бір белдеу-бір жол» стратегиялық жобасы және Қазақстан, «Исламдағы әлеуметтік және саяси өзгерістер» тақырыбында семинар-лекция өткізді. Дәріс сабақтарын еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих ғылымдарының докторы «Қытайтану» кафедрасының профессоры Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызы және филология ғылымдарының докторы «Таяу шығыс және Оңтүст...
Толығырақ... Оқылды: 348 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 09.04.2019

Президент: «Барымыз да, бағымыз да – Тәуелсіздік»

Дархан Қыдырәлі: Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіздің Президент лауазымындағы алғашқы сапарыңыз киелі Түркістаннан бас­талды. Біз де сұхбатымызды осы игілікті сапар жайынан бастағымыз келіп отыр… – Иә, мен үшін бұл елеулі, маңызды сапар болды. Түркістан тек қазақ халқының ғана емес, күллі түркі жұртының қасиетті мекені. Түркістан – сан ғасырлық адамзат шежіресінің куәгері және өркениет жауһары. Қарап отырсаңыз, халқымыздың арғы-бергі тарихында ел бастаған, қол бастаған тұлғаларымыз да аса жауапты сәттерде, күрделі саяси шешімдер қабылдайтын уақыттарда Түркістанға тағзым ете барған. Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та осы киелі топыраққа жиі ат басын бұратынын білесіздер. Меніңше, мұның бірінші себебі – халқымыз үшін аса қастерлі саналатын мекенге тәу ету және ата-баба аруағына, аманатына деген құрмет болса, екінші себебі – Ұлы дала еліндегі кешегі, бүгінгі мемлекетшілдік дәстүрге, эволюциялық даму сабақта...
Толығырақ... Оқылды: 467 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 08.04.2019

Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстардың бүгіні мен ертеңі

Елімізде саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, тұрғындардың жат діни ағымдарға бет бұруына, әлемдік жаһандану үдерісі мен шиеленісу процестерінің артуына жол бермеу, террорлық әрекеттердің алдын алу және халықаралық қатынастарды үйлесімді ету бүгінгі таңдағы маңызды мәселе. Осы маселелер бойынша жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Алматы облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлары «Қазақстан мен Қытай арасындағы байланыстардың бүгіні мен болашағы», «Бір белдеу-бір жол» стратегиялық жобасы және Қазақстан, «Исламдағы әлеуметтік және саяси өзгерістер» тақырыбында семинар-лекция өткізді. Дәріс сабақтарын еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орны Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих ғылымдарының докторы «Қытайтану» кафедрасының профессоры Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызы және филология ғылымдарының докторы «Таяу шығыс және Оңтүс...
Толығырақ... Оқылды: 359 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 08.04.2019

Алматы облысында атом электр станциясын салу жоспарланып отыр

Қазақстанда атом электр станциясы Алматы облысының Үлкен аулында салынуы мүмкін. Ауыл Алматыдан 300 шақырым жерде орналасқан. Бұл туралы энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев парламент сенатының кулуарында мәлімдеді, деп жазады Stan.kz. Вице-министрдің сөзінше, атом электр станциясын салу туралы нақты шешім әзірге қабылданбаған. Алайда станция салынатын аумақ белгіленіпті. «Біз бұл мәселені зерттеуді жалғастырамыз. Алайда атом электр станциясын салу туралы нақты шешім қабылданған жоқ. Алматы облысындағы Үлкен аулынан аумақ белгіленді», - дейді Мырзағалиев. Сонымен қатар ол Қазақстан үшін барынша сай келетін технологияны таңдау керектігін атап өтті. Үлкен аулы Балқаш көлінің маңында орналасқан. Айта кетсек, Қазақтан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесу үшін Мәскеуше барған еді. Путин Тоқаевпен жүргізген келіссөздерін қорытындылай келе атом электр станциясы жайлы сөз қозғады. Ресей президентінің сөзінше...
Толығырақ... Оқылды: 476 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 04.04.2019

4 сәуір қандай күн?

Сенегал Республикасының мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. 1960 жылғы сәуірдің 4-де Франция Сенегалға Франция қауымдастығы шеңберінде өкілділік берді. Осы жылғы тамыздың 20-да Сенегал Тәуелсіздігін жариялады. Сенегал Батыс Африкада орналасқан мемлекет. Солтүстігінде және солтүстік-шығысында Мавританиямен, шығысында Малимен, оңтүстігінде Гвинея Республикасымен, Гвинея-Бисаумен шектеседі. Батысы Атлант мұхитымен шайылады. Әкімшілік жағынан 10 облысқа бөлінеді. Астанасы - Дакар қаласы. Ресми тілі - француз тілі. Ақша бірлігі - Африка қаржы қауымдастығы франкі.Веб-бағдарламашылар күні. Испаниядағы баскілердің ұлттық мейрамы. Баскілер - Францияда, Аргентинада, Бразилияда, Мексикада тұратын халықтар, Үлкен еуропа нәсіліне жатады. Испан, француз, баск тілдерінде сөйлейді. Жазуы латын әліпбиіне негізделген. Бұл халықтардың арғы тектері - васкон, вардул, каристи тайпалары. Мина қауіпсіздігі және минаны залалсыздандыруға қатысты көмектің халықаралық күні. 2006 жылдан бастап Бірікк...
Толығырақ... Оқылды: 534 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 04.04.2019

Дүниежүзілік сауық кеші күні

Бұл күнді құру идеясы алғаш рет америкалық жазушы Ванна Бонтаның «Ұшу» романында айтылған. Роман 1995 жылы жарыққа шыққан, оның соңы 2000 жылдың 3 сәуіріне дейін уақыттың кері есептелуімен аяқталған. 1996 жылдың 3 сәуірінде алғашқы Дүниежүзілік сауық кеші күні аталып өтті.
Толығырақ... Оқылды: 446 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 03.04.2019

Штрих-код пайда болған күн

1973 жылы дәл осы күні IBM компаниясы штрихтап кодтау әмбебап технологиясын ұсынды. Штрих-код - әртүрлі қашықтықтағы және әртүрлі жуандықтағы жолақтардан тұратын компьютерлік есептеу түрі. Жолақтар арасындағы комбинация белгілі бір сандарға сәйкес келеді. 0-ден 9-ға дейінгі сандар екі немесе үш нұсқамен (сет) беріледі. Алғаш рет штрих-код Wrigley's сағызына қойылған.
Толығырақ... Оқылды: 510 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 03.04.2019

АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУГЕ АНТ БЕРДІ

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Қазақстан халқы алдында ант берді. Тарихқа алтын әріппен енетін алқалы жиынның төріне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ айрықша құрметпен шақырылды. Тұңғыш Президент мінберге көтеріліп, өз орнына жайғасқанша халық қалаулылары ұзақ уақыт бойы қол соғып тұрды. Шараға депутаттардан бөлек, Конституциялық Кеңес пен Үкімет мүшелері, Жоғарғы Сот судьялары қатысты. Толқынысқа толы тарихи сәт отандық телеарналардан тікелей эфирде көрсетілді. Ант беру шарасы Мемлекеттік Ту мен ҚР Конституциясының салтанатты түрде кіргізілуімен басталды. Жиын тізгінін ұстаған ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматуллин бұдан кейінгі кезекте еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты құрметпен шақырды. Ант беру рәсімінде Конституциялық Кеңес Төрағасы Қайрат Мәмидің сөзінен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Ата Заңымызға...
Толығырақ... Оқылды: 510 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 28.03.2019

«ҚҰТТЫ МЕКЕН» БОЙЫНША ҚҰТТЫ ЖҰМЫС

Бәрімізге белгілі, Елбасы «Нұр Отан» партиясының кезекті съезінде еліміздің әл-ауқатын одан әрі дамыту мәселесі бойынша бірқатар жобаларды нақтылаған болатын. Соның ішінде, «Құтты мекен» бағдарламасы ауылдарды дамытуға арналған бастамалардың бірі. «Ауыл және оның инфрақұрылымын дамытуға арналған «Құтты мекен» жаңа жобасын ұсынамын. Жоба жұмысын іске асыруды алдымен партияға тапсырамын. Мұндағы басты мақсат - болашағы бар ауылдарды сақтап қалу. Егер жоба сәтті жүзеге асырылса 7,5 мың елді мекен тұрғындарының жағдайын ілгерілету мүмкіндігі туады», - деп атап өтті Нұрсұлтан Әбішұлы. Елбасының бастамаларын әрдайым орындап жүрген аудандық жолдар бөлімі осы жолы да «Құтты мекен» бағдарламасын қолдап, ауыл дамуына өз үлестерін қосып келеді. Өткен 2018 жылы аудан бойынша бірқатар істер атқарылып, ауданымыздың жолдарына сән кіргендей болды. Нақтылайтын болсақ, ауданның ішкі жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жасалынды, яғни, Балпық б...
Толығырақ... Оқылды: 471 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 20.03.2019

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жеке тұрғын үйлерді аралауды жалғастыруда

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметімен және волонтерлермен бірлесіп халықты өрт қауіпсіздігі ережелеріне оқытуға бағытталған жеке секторды аралау жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда. Облыс тұрғындарына пешті орнату және пайдалану жөніндегі негізгі талаптар жеткізіледі. Жылыту кезеңі басталғаннан бері 215 мыңнан астам тұрғын үй тексерілді, 277 мың адамды қамти отырып, пештерді, газ жабдығын, электрмен жылыту аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы жадынамалар таратылады. Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен жыл басынан бері тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардың үйлерінде 249 иісті газ датчигі орнатылды. Жеке сектор тұрғындарын оқыту өрттің пайда болуының алдын алудың маңызды мезеті болып табылады, сондықтан ТЖД қызметкерлері жылыту кезеңінің соңына дейін осы бағыттағы жұмысты жалғастыратын болады. Алматы облысы ТЖД жылыту маусымы кезінде қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады: - барлық...
Толығырақ... Оқылды: 354 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 15.03.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.