ЛАЙФСТАЙЛ

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 1 шілде

Бүгін - халықаралық сәулешілер күні. Мереке халықаралық сәулетшілер одағы кеңесінің бастамасымен 1986 жылдан бастап жыл сайын аталып өтеді. 1 шілдеде Канаданың ұлттық мейрамы - Канада күні болып бекітілген. 1867 жылдың наурызында ағылшын парламенті акт қабылдаған. Құжат 1867 жылдың 1 шілдесінде күшіне енді. Оған сәйкес, Канада өзін-өзі басқара алатын Ұлыбританияның доминионына айналды. Сондай-ақ бүгін Ресейде экономикалық қылмыспен күресетін салық қызметкелерінің күні мерекеленеді. 1 шілде күннен қорғайтын көзілдіріктің жасалған күні. Ғалымдар алғашқы күннен қорғайтын көзілдірік XVI ғасырда жасалғанын айтады. Ал өткен ғасырдың 20 жылдары адамдар көзілдірікті жиі таға бастаған. Себебі, осы уақыттан бастап, күннен қорғайтын көзілдіріктер адамдарға ыңғайлы етіп жасалды.
Толығырақ... Оқылды: 417 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 01.07.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 28 маусым

Бүгін Қазақстанда Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні аталып өтеді. Әуелде бұл мейрам Журналистика күні деген атаумен тәуелсіз Қазақстанда 10 мамырда тойланатын. Себебі дәл осы күні алғашқы қазақ тілді "Түрікстан уәлаяты" газеті басылып шыға бастаған еді. Алайда 10 мамыр қазақстандық журналистика тарихына кәсіби мереке ретінде енбей қалды. Кейін Қазақ КСР-нің "Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы" заңы қабылданған күнге орай журналистер мерекесі 28 маусымға ауыстырылды. Көп ұзамай мейрам Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні деген атау алды. 2019 жылдың 24 маусымында Қазақстан президентінің арнайы қаулысымен үкіметке журналистердің кәсіби мерекесін бекіту туралы тапсырма берілді. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл БАҚ-тың қоғамдағы маңызды рөлін айқындайтын әділ шешім болмақ. Украина халқы мемлекеттік мереке – Конституция күнін атап өтеді. Бұл дата 1996 жылы 28 маусымда Украина Жоғары Радасының тәуелсіз мемлекеттің жаңа Конституц...
Толығырақ... Оқылды: 425 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 28.06.2019

Суретке түсудің алты әдісі

Жалпы әрбір кәсіби фотограф адамның өмірдегі бейнесі мен суреттегі бейнесі бірдей болмайтынын баса айтады. Суреттің дұрыс түсірілуі көптеген факторларға байланысты: адамның жеке сұлулығы, киімі, көңіл-күйі, тіпті иісі де! “Өмір – қозғалыс” деп алсақ, сол қозғалыстың бір ғана сәтінде адамның сұлулығын да, көңіл-күйін де, басқасын да білу үлкен өнерді талап етеді. Ендеше, суретке түсудің ережелерін біліп алыңыз: 1. Камера обьективіне фотографтың бұйрығынсыз қарамаңыз. Себебі сіз обьективке қарасаңыз, сіздің дайындығыңыз, киіміңіз, шаш үлгіңіз, дене бітіміңіз, аксессуарларыңыздың маңызы екінші қатарға түсіп қалуы мүмкін. Суретте тек көзіңізге назар аударылатын болса, фото сәтсіз шығады. Психологияның айтары да сол, егер адам суретте тіке сізге қарап тұрса, көрермен суретті бағалай алмайды. Мысал: көшеде кетіп бара жатқан адамның көзі басқа жақта болса, сіз оған ден салып қарай аласыз… 2. Суретке түскенде, басты тік ұстау да қате. Егер ер адамның суретінен...
Толығырақ... Оқылды: 430 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 21.06.2019

Өмір сүруге 20 қулық

Күнделікті тұрмысқа қажетті 20 қулық. Сіз де біле отырсын деген ниетпен. Жаңа туфли қысатын болып шықты ма? Үш пар шұлықпен киіп, 10 минут фен ағысының астына қойыңыз. Пинг-понгка арналған шардың ішке майысқан бөлігін қалып келтіру оңай, ол үшін ыстығы ұрған оттықтың үстіне қою қажет (аралық жақын болып кетпесін). Шар ішіндегі газ жылылықтың әсерінен үлкейіп, нәтижесінде шар бастапқы қалпына қайта келмек. Жүгіру кезінде бір бүйірдің ауырмасы үшін, әр жолы сол аяқ жерге түскенде дем алыңыз. YouTube-тан видео жүктеп алу үшін,www. және youtube аралығындаURL орнына«ss» қойыңыз және «enter» батырмасын басыңыз. YouTube-тегі ән қайта-қайта орындалуы үшін,www. және youtube аралығындаURL орнына«repeat» сөзінқойыңыз және «enter» батырмасын басыңыз. Түнде алма шырынын ішіңіз – оның құрамында түсті жарқын әсерге бөлейтін құрам бар. Егер мобильді қондырғыға “ұшақтамын” режимін қояр болсаңыз, онда жалықтыратын жар...
Толығырақ... Оқылды: 324 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 20.06.2019

Сөмкесіне қарап таны…

Сөмке өзінің сұлу қожайыны жайлы көп сыр аша алады. Осыған дейін ұстанымдары мен өмір тәртіптері әртүрлі қыздардың қандай сөмке құп көретіндіктері жайлы айтқан едік. Енді қыздардың сөмкесін қалай ұстайтындығына, оның пішіні мен түсіне тоқталайық. Сөмкесін қолтық астына қысып жүретін қыздар іскер, батыл болады. Олар мақсатына сүрінбей жетеді. Мансап жолында өзінің жеке өмірін ұмытуға бар. Мұндай қыздар тұйық, барлық қиындықтарды өз ішінде өткереді. Арқа сөмкелері арудың мінезіндегі балалық қасиетін көрсетеді. Бұл ару әлі де кішкентай қыз, ол ересек адамдардың арасында өзін бөтен сезінеді. Сөмкесін шынтағына іліп ұстайтын арулар қырсық болады. Алайда олардың қырсықтығы көбірек еркелеуге жақын, олар соның артында нәзік жанын жасырғылары келеді. Дәстүрлерді құрметтейтін сұлулар сөмкесін қолда берік ұстап жүреді. Олар айтқан сөздеріне, жасаған істеріне мұқият болады, қателіктер жібермейді, кемшіліктерін көрсеткісі келмейді. Мұндай қыздардың ұқыптылығы мен қаталдығын басқалар тәк...
Толығырақ... Оқылды: 405 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 19.06.2019

КЕҢСЕДЕГІ ДЕНСАУЛЫҚ

Күннің соңына таман арқаңыз ауырып, көзіңіз құмыққандай әсер қалдырады, ал аяғыңыздың тамыры шығып кетеді. Сонымен, тексеріп көрелік, барлығын дұрыс жасаймыз ба? Көзге күтім Бірінші мәселе – құрғақ көздер. Қалыпты жағдайда біз көзді минутына 20 рет жыпылықтатады екенбіз, ал мониторға қараған кезде қызыққанымыз соншалық, 3 есе аз жыпылықтатамыз. Бұл көзімізді табиғи түрде ылғалдандырудың тәсілі екен. Көзді жиі жыпылықтатыңыз! Жұмыста әр 20 минут сайын үзіліс жасап тұрыңыз. Алдымен алысқа қараңыз, кейін көзіңізді жұмып көз алмасын айналдырыңыз. Нені жасауға болмайды: көзді қолмен уқалау! Қолдар көп жағдайда таза емес, осыдан көзге инфекция түсіп кетуі әбден мүмкін. Немесе дисплейге қалықтаған көбелекті қойыңыз. Оның ұшуына 2 минутқа жуық қараңыз. Тағы бір пайдалы тәсіл: бірінші, көздеріңізді 2 минутқа жуық баяу айналдырыңыз. Тағы да қажет кеңес: бірінші, көздеріңізді жоғары оңға, кейін жоғары солға қарай айналдырыңыз. Әр қимылды 3-5 рет қайталаңыз. Тік отырыңыз Кейбірінің...
Толығырақ... Оқылды: 382 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 19.06.2019

Адам ұйықтап бара жатып неге селт ете қалады?

Адам ұйықтап бара жатып өздігінен селт етуінің бірнеше себебі бар. Соның бірі адам тез ұйқыға еніп, тыныс алуы баяулағанда ағза «адам өліп бара жатыр» деп ойлап қалуы әсерінен қорғаныш қызметі автоматты түрде қосылады. Ми лефлекторлық деңгейде аяқ-қолға жиырылып, «адамды оят» деген белгі береді. Ол ұйықтап кету мен өліп кету арасындағы айырманы білмей, өзін –өзі сақтау инстинкті әрдайым іске қосылады. Сол себепті «селт» еткен денеден адам жылдам оянып, бәрі дұрыстығын анықтау үшін оянады. Ойдағыдай екеніне көз жеткен адам қайта ұйықтап кетеді. Мұның алдын алу үшін ұйықтар алдында денені бос ұстап, байсалдылықпен ұйқыға ену керек. Мысалы, ыстық ваннаға қабылдап, массаж жасатып, миға күш түсірмей, тынығу керек. Адам денесі суықтан қатты дірілдеуі де мидың қорғаныш қызметтерін қосып, механизмдерді қосу әрекетінен іске асады. Яғни, бұлшық еттердің жиырылуы арқылы энергия бөлініп, дене жылынады.
Толығырақ... Оқылды: 562 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 18.06.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 18 маусым

Бүгін – Дүнижүзілік үйлесімділік (гармония) күні. "Гармония" сөзі грек тілінен аударғанда "тәртіп, үйлесімділік" деген мағынаны білдіреді. 18 маусым – Гастрономия күні. Гастрономия - тамақтану салты мен мәдениет арасындағы байланысты зерттейтін ғылым. Бұл мерекенің негізгі мақсаты – тұрақты даму үшін гастрономияның маңызын түсіндіру. Сондай-ақ, бүгін – Балалар арбасының күні. Тарихи деректерге сүйенсек, алғашқы балалар арбасы 1730 жылы қолданылды. Девоншир (Англиядағы дворян титулы) герцогының ұрпақтары арбаға жатқызылған. Балалар арбасын шотландиялық пони жегіліпті.
Толығырақ... Оқылды: 437 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 18.06.2019

Біз біле бермейтін қарапайым әдептілік ережелері

Қолшатырды дұрыс құрғатыңыз Жаңбырлы ауа райында кез келген жерге кіре салғанымызда бірден қолшатырды жайып қою біз үшін қалыпты әдет. Ия, шынында да, ол солай тез құрғайды, бірақ этикеттің ережелеріне сәйкес бұл әдіс толықтай қолайсыз. Неліктен? Барлығы өте қарапайым: кеңседе немесе кез-келген қоғамдық жерде қолшатырды ашсаңыз, басқалар да солай жасайды, қолшатырлар бүкіл кеңістікті алатын болады және бұл кеңістік ішінде қозғалысты қиындатады. Сондықтан сізге қолшатырды бүктеу керек. Қаттылап байлап қоюға да болмайды. Жағымсыз иіс тудыруы мүмкін. Едендегі сөмке Еуропаның барлық тұрғындары сөмкелерді еденге қояды, бұл көбінесе бізді таң қалдырады. Алайда таң қалатын ештеңесі жоқ. Біз әрдайым сөмкемізді құшақтап отырып үйренгенбіз, алайда бұл барлық этикеттің ережелеріне қайшы келеді. Кішкентай сөмке болса жанымыздағы орынға қоюға болады, ал басқа сөмкелерді орындықтың артына іліп қойған абзал немесе еденге қою керек, олар ешкімге зиян келтірмейді. Бөлмеде бас киімді шешу керек...
Толығырақ... Оқылды: 403 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 17.06.2019

Туылған айыңыз сіздің денсаулығыңызға әсер етуі мүмкін

Адамның дүниеге келген уақыты оның өміріне тікелей байланысты. Нумерологтар адамның тағдыр санын есептеу арқылы оның өміріндегі орын алатын өзгерістерді болжап берсе, астрологтар туылған жыл мезгілі мен айына қарап адамның денсаулығындағы ақауларды анықтауға болады дейді. Мысалы, қаңтар айының тумалары ер мінезді, қайсар және көшбасшылық қасиеттері жақсы жетілген болып келеді. Олар асқазан жарасы, іш аурулары мен жүрек ақауларына жиі шалдығады. Жалпы қыс айларында туылған жандардың бойында өз мақсатына жетуге деген талпыныс аса қатты байқалады, және оларда көбіне қалқанша без аурулары, депрессия және тыныс мүшелері жолдарының ауруы кезігеді. «Көктем» адамдарында эмоционалды түйсігінің жоғары деңгейде дамуы мен өмірге деген құлшынысы ерекше байқалады. Бұл мезгілдің адамдары астма және жүрек ауруы (наурыз), остеопороз, остеохандрит (сәуір) және депрессия мен қант диабеті (мамыр), сонымен қоса, қан қысымының ауруларына жиі шалдығады. Жаз айларында өмірге келген адамд...
Толығырақ... Оқылды: 387 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 17.06.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.