ЛАЙФСТАЙЛ
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 24 қазан |
Бүгін – Біріккен Ұлттар ұйымы күні. БҰҰ биыл 70 жылдығын атап өтіп жатыр. Бүгінде ұйым құрамында 193 мемлекет бар. БҰҰ – бітімгер ұйым, осы ұйымның жұмысының арқасында елдер арасындағы дау-жанжал, текетірестің алдын алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, ол қиын жағдайда қалған мемлекеттерге қол ұшын созады. БҰҰ эмблемасы – бидай масақтарымен қоршалған жер шары. Сондай-ақ, бүгін Ұлттық жүйкеге тию күні аталып өтеді. "Жүйкеге тию" тіркесін ежелгі заманның дәрігерлері ойлап тапқан екен. Өйткені ақхалаттылар жүйкені музыкалық аспаптардың ішегіне ұқсатқан. Тағы бір қызықты мерекенің бірі – Мейірімді әрі жомарт бастықтар күні. Бұл күні жұмыстан ерте кетуге бола ма, болмай ма, басшылық сыйақы бере ме, бермей ме, – ол жағын біз білмейміз. Десе де бастығыңызды төл мерекесімен құттықтаған абзал, бәлкім, жолыңыз болып қалар. Бүгін, сондай-ақ, Бүкіләлемдік дәретхана күні. Бұл мерекенің қалай тойланатыны бізге беймәлім. Тек осы маңызды дата туралы біліп жүр... |
Толығырақ... Оқылды: 345 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 24.10.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 23 қазан |
1991 жылдың 23 қазанынан бастап таңғы 06:02 мен кешкі 06:02 арасында химиктер Моль күнін атап өтеді, бұл мереке Халықаралық бірліктер жүйесінде зат мөлшерінің өлшемін білдіретін бірлікке арналған. Осы шама туралы идея алғаш рет 1980-ші жылдары The Science Teacher газетінде жарық көрді. 1991 жылы 15 мамырда Prairie du Chien (Висконсин) қаласының химия пәні мұғалімі М. Ойлер осы идеяның негізінде Моль күнінің Ұлттық қорын құрды. Кейінірек химиктер осындай мерекені атап өтуді шешіпті. Күнді таңдағанда Авогадро санына сүйенсе керек — 6,02х1023. Цифрлар мерекенің күні мен уақытын көрсетеді. Ресейде бүгін жарнама қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтайды. Бұл мерекенің тарихы 1994 жылдан басталады. Сол кезден бері біздің санамызда "жарнама" деген ұғым пайда болды, оған дейін пиар-менеджер, маркетолог, креатив қызметкер сияқты мамандықтар жайында көп ешкім біле бермейтін. 23 қазанда қар барысы мекендейтін елдерде Халықаралық қар барысы күні аталып өтеді. Бұл мерек... |
Толығырақ... Оқылды: 507 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 23.10.2019 |
Бүгін Әбдіжәміл Нұрпейісовтың туған күні |
Қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік қаламгер Әбдіжәміл Нұрпейісов 1924 жылы 22 қазанда Қызылорда облысың Арал ауданына қарасты Құланды поселкесінің Үшкөң ауылында дүниеге келген. 1942 жылы орта мектепті бітірісімен әскер қатарына шақырылып, Ұлы Отан соғысына қатысты. Сөйтіп, 1943 жылы лейтенант дәрежесін алады. Ол әдебиет әлеміне осы қанды қырғыннан кейін келді. Әбдіжәміл Нұрпейісов соғыстан қайтқанда бірден туған ауылына соқпай, жол қапшығындағы қолжазбаларын арқалап Алматыдағы ақсақал жазушылардан бата алуға барады. Сонда Сәбит Мұқанов, Мұхтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафиндер соғыстан оралған солдаттың 12 беттік қолжазбасын оқып, батасын берген. Ақсақал жазушылардың батасын алғаннан кейін туған өлкесіне барған Әбдіжәміл Нұрпейісов есік-терезені жауып алып, ойына келгенін алдындағы ақ қағазға түсіре бастайды. Мұны бітіргеннен кейін әдебиеттану институтына түсіп, онда 5 жыл оқиды. Сауаты ашылып, әдебиет дегеннің қандай өнер екенін түсінеді. Әбдіжәміл Нұрпейісов: Жазушы н... |
Толығырақ... Оқылды: 338 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 22.10.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 22 қазан |
22 қазанда Ресейде соғыс кезінде майжаң алаңында және қарулы қақтығыс кезінде қаза тапқан адамдарды еске алуға арналған Ақ тырналар мерекесі аталып өтеді. Бұл мереке ақын Расул Гамзатовтың бастамасымен жыл сайын тойланып келеді. Мерекені басты мақсаты Отан үшін жанын пида еткен батырларды еске алып, жастарды патриоттыққа тәрбиелеу ғана емес, Ресей тұрғындарының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын нығайту. Мерекенің атауы Руслан Гамзатовтың Марк Бернес әнге қосып орындаған "Ақ тырналар" өлеңінен шыққан. Сонымен бірге бүгін Халықаралық Caps Lock батырмасының күні. Бәрімізге белгілі, пернетақтадағы осы батырманы бассаңыз, барлық әріптер бас әріппен жазылады. Бастапқыда бұл батырма үнемі үлкен әріппен мәтін жазатындар үшін ойлап табылған еді, себебі қайта-қайта Shift батырмасын баса беру мүмкін емес. Кейінірек интернетте CAPS LOCK батырмасына қарсы қозғалыс басталды. Адамдар әлі күнге дейін осы батырма керек пе, жоқ па деп дауласып жүреді. 2001 жылы Швецияда батырмаға қарсы қо... |
Толығырақ... Оқылды: 312 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 22.10.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 21 қазан |
Ұлыбританияда бүгін Aлма күні аталып өтеді. Мереке 1990 жылдан бері, Common Ground қайырымдылық ұйымы Ұлыбританиядағы алма бақтарын құтқарумен айналыса бастаған кезден ағылшын дәстүріне айналды. Aлма өмірдің, қуаныштың, молшылық пен табиғат жомарттығының символы саналады, сондықтан бұл көңілді мереке жыл бойы күш-қуат беріп отырады. 21 қазан күні ағылшын бағбандары қала жәрмеңкелерінде түрлі сұрыптардың жемістерін сата отырып, өз жетістіктерін паш етеді, питомниктер сирек алма ағаштары көшеттерін таратады, дүкендер сатып алушыларды алма ассортиментінің әр алуандығымен таңғалдырады, ал дәмхана, кондитерлік дүкендер және көше сауда дүңгіршектері келушілерге алма шырындарын ұсынады. Осы күні қала жәрмеңкелері алма өсіру бойынша шеберлік сағаттарына айналады. Үздік "алма" әңгімесіне конкурс жарияланады, қала тұрғындары алма нысанасына оқ атудан сайысқа түседі. АҚШ пен Мексикада жыл сайын 21 қазанда Халықаралық начос күні аталып өтеді. Бұл танымал мексикалық тіске басар &nd... |
Толығырақ... Оқылды: 316 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 21.10.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке:18 қазан |
Бүгін эспрессо күні атап өтіледі. Кейбір мамандардың айтуынша, шарап емес, эспрессо италиялықтардың нағыз сусыны болып есептеледі. Дегенмен, қазір бүкіл әлем кофені сүйсіне ішеді. Бұл мереке қалай тойланады? 18 қазанда кофесіз өмір сүре алмайтын елдерде мейрамханалар, дәмханалар, тіпті көшеде эспрессо тегін таратылады. Әрі бұл күні кофе дәнінің қымбат сортынан дәм татуға мүмкіндік бар. АҚШ-та жыл сайын 18 қазанда Аляска күні атап өтіледі. Мереке Ресей империясының құрамында болған бұл аумақтың Америка Құрама Штаттарына қосылуына арналған. Сондай-ақ, бүгін Әзербайжан Республикасының мемлекеттік мейрамы — Тәуелсіздік күні. Бұдан бөлек, 18 қазанда ерекше мереке – Күмән күні атап өтіледі. |
Толығырақ... Оқылды: 354 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 18.10.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 17 қазан |
Бүгін халықаралық кедейлікпен күрес күні. Мерекелердің қатарына қосуға келмейтін күндер бар. Десе де адамзат олар туралы білуі тиіс. Кедейлікке қарсы күрес күнін ойланбастан осы категорияға жатқызуға болады. Оны 1987 жылы Париждегі Трокадеро алаңына кедейліктен қайтыс болған адамдардың құрметіне ескерткіш қойғалы атап өтіп келеді. Бұл мерекені күнтізбеге енгізу бастамасын "Төртінші әлем" қозғалысы көтерді. Оның мүшелері әртүрлі науқан ұйымдастыру арқылы қоғам мен биліктің назарын халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына аударуға тырысады. Сондай-ақ, 17 қазан күні майшам жағып бас қосу мерекесі атап өтіледі. Оны кез келген адам атап өте алады. Ең бастысы, отырыстың қайда өтетінін белгілеу және қажетінше көбірек майшам сатып алу. Мұнымен қатар, майшамның қандай түрі болатыны да маңызды емес. Бұл күні отбасымен дастархан басына жиналып, өсіп келе жатқан ұрпаққа жастық шағыңызда не істегеніңіз туралы айтып беруіңізге болады. Тағы бір нұсқа — достармен жиналып, қызықты әңг... |
Толығырақ... Оқылды: 278 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 17.10.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 16 қазан |
БҰҰ азық-түлік және ауыл шаруашылығы ассоциациясының бастамасымен 16 қазан халықаралық нан күні болып белгіленді. Өткен ғасырдың 50-жылдары халықаралық наубайшылар ассоциациясы өкілдері ойлап тапқан идея 1979 жылы БҰҰ отырысында мақұлданды. Осылайша нан пісірушілердің өздерінің кәсіби мерекелері пайда болды. Орташа есеппен адам өмірінде 7 тонна нан мен 35 мың тоқаш жейді. Сол себепті "Ас атасы — нан" деген сөз бекер айтылмаса керек. Көптеген мемлекетте бұл күні адамдар киімдерін түрлі-түсті гүлдермен безендіріп, нан туралы жаңылтпаш айтып жарысады. Бұдан өзге 16 қазан күні әлем жұрты халықаралық дұрыс тамақтану күнін атап өтеді. Гиппократ бір кездері "Сіздің асыңыз дәріге, ал дәрі асыңызға айналсын!" деп айтқан-ды. |
Толығырақ... Оқылды: 342 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 16.10.2019 |
НУМЕРОЛОГИЯ: ТЕЛЕФОН НӨМІРІ НЕНІ БІЛДІРЕДІ? |
Телефон нөміріңіздің өміріңізге қалай әсер ететінін білгіңіз келе ме? Ендеше нөміріңіздің барлық санын бір біріне қосып шығыңыз. Мысал: 8 (777) 325-03-05. 8 +7 +7 + 7 + 3 + 2 + 5 + 0 + 3 + 0 + 5 = 47. Әрі қарай: 4 + 7 = 11; 1 + 1 = 2. Сонымен соңғы сан не айтады? 1 Бұл сан іскерлік келіссөздерге қолайлы. Көп еңбек ететін жандар ұстағаны абзал. 2 Бұл сан басқа адамдармен қарым-қатынас орнатуға көмектеседі. Мұндай адамдар дипломат келеді. 3 Бұл сан шығармашыл адамдардың саны. Өнер адамдары мен журналистердің ұстағаны абзал. 4 Бұл сан ашық адамдардың саны. Мұндай адамдар кез келген жағдайда көмекке дайын тұрады. 5 Бұл сан белсенді адамдардың саны. Мұндай адам ойын-сауықтың ортасында жүреді. 6 Бұл сан отбасылық махаббатты білдіреді. Мұндай адамдар отбасында бақытты әрі оны бірінші орынға қояды. 7 Мұндай саны бар адамдар үшін ішкі дүниесі аса маңызды. Олар жалғыздықты жақсы көреді. 8 Бұл сан қаржы және бизнес саласында жұмыс іс... |
Толығырақ... Оқылды: 370 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 15.10.2019 |
Қол жууБүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 15 қазан |
Бүгін – Бүкіләлемдік қол жуу күні. Қол жуу-жумау әр адамның жеке шаруасы, оның тазалығы мен тәрбиесіне байланысты екені рас. Десек те, БҰҰ мен Дүнижүзілік денсаулық сақтау сарапшылары атап өткендей, қол жумау проблемасын әлемдік ауқымда қарастыратын болсақ, мұның салдары өте ауыр. Қолдың кірі арқылы тырысқақ, вирусты пневмония, гепатит, тұмау және ЖРВИ секілді қатерлі аурулардың қоздырғыштары адам ағзасына түседі. Азия мен Африкада балалардың басым бөлігі қолды жумай тамақ ішкеннен көз жұмады екен. ЮНИСЕФ ақпаратынша, күн сайын бес мың бала диареядан өледі. Себебі балалар тамақ ішер алдында және дәретханаға барғаннан кейн қолдарын мүлде жумайтын көрінеді. 15 қазан, сондай-ақ, "Ақ таяқ" күні ретінде танымал. Бұл дата адамдарға қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандар да өмір сүретінін еске салады. Ақ таяқтың пайда болу тарихы бар. 1921 жылы Бристольдің жас фотографы жазатайым оқиғадан кейін көру мүмкіндігінен айырылады. Алайда ер адам үмітін үзбейді, таяқтың көмегімен өз... |
Толығырақ... Оқылды: 301 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 15.10.2019 |