ЛАЙФСТАЙЛ

Құлақ неге шыңылдайды?

Құлақта шуыл не шыңыл пайда болуы дені сау кез келген адамда кездесуі мүмкін. Денедегі қан айналымының дауысы кейде құлаққа осылай естіледі. Егер құлағыңыз жиі шыңылдайтын болса, дәрігерге көріну қажет, себебі ол әлдебір аурудың белгісі болуы ғажап емес. Өз-өзіңізге диагноз қоймай тұрып, құлақ шыңылдауына себеп болар мына жайларды шолып өтіңіз: – Есту аймағында құлық жиналуы; – Қатты дыбыс шығатын жерде жүру; – Антидепрессант қабылдау; – Құлақтың қабынуы не бұлық; – Мойын ауруы; – Гипертония. Егер дәрігер айтарлықтай ауру белгісін айтпаса, бұл келеңсіздікпен өзіңіз күресе аласыз. – Ақ шуыл (белый шум) қосу, вентилятор не теледидар дауысын қоюға болады немесе интернеттен кез келген түрін тыңдаңыз. – Музыка қосып, өзіңізге терапия жасаңыз. – Ұйқыңызды жақсылап қандырыңыз.
Толығырақ... Оқылды: 415 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 18.11.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 18 қараша

Бүгін ең танымал мультипликациялық кейіпкер — Микки Маустың туған күні екенін білесіз бе? Ол 90 жасқа толды. Балалардың сүйікті кейіпкеріне айналған Микки Маус 1928 жылы 18 қарашада экранға шықты. Содан бері Микки Маус әлемдегі ең танымал мультипликациялық кейіпкер болып қалып отыр. Ол 120-дан астам мультфильмге түсіп, түрлі кейіпте кішкентай көрермендерін қуантты. Әрі Микки Маустың өзін ойлап тапқан адамға көп марапат әкелгені белгілі. 1932 жылы Уолт Дисней Микки Маус үшін Оскар алды. Бұдан бөлек, бұл мультфильм кейіпкерінің Голливудтегі Даңқ аллеясында 1978 жылы алған өз жұлдызы бар. Ал Ресейде бүгін Аяз ата күні атап өтіледі. Оның туған күні нақты қай уақытта ойлап табылғаны белгісіз. Бұрын 18 қараша күз бен қыс арасындағы өтпелі күн болып есептелген. Аяз атаның туған жері болып ресми түрде Устюг (Ресей қаласы) болып танылған. Сондықтан осы жерде мерекеге дайындық мұқият жүргізіледі. Бұл күні арнайы пошта жәшігі ашылады, оған кез келген адам құттықтау хатын салып, туған күн...
Толығырақ... Оқылды: 447 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 18.11.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 14 қараша

14 қарашада Бүкіләлемдік диабеткке қарсы күрес күні аталып өтеді. Мереке инсулинді алғаш ашқан ғалымдардың бірі Фредерик Бартингтің туған күніне орайластырылған. Бартинг болмағанда, қант диабетіне шалдыққан адамдарға өмір сүру одан да қиынырақ болар ма еді. Өкінішке қарай, профилактикалық шараларға қарамастан дәрігерлердің жұмысы жылданн жылға азаяр емес. Негізі, диабеттің екі түрі кездеседі. Ал инсулин тек ең ауыр түріне ғана қажет. Екінші формасы анағұрлым жеңілірек. Диабеттің екінші түрімен ауыратын науқастарға спецификалық диета тағайындалады. Бұдан бөлек, бүгін Халықаралық логопед, Әлеуметтанушы және Эндокринолог күні. Сондай-ақ, бүгін – Сынған шамдар мерекесі. Мерекенің атауынан шошып қалмаңыз, бұл датаның вандализммен түк те байланысы жоқ. Тереңірек үңіліп қарасақ, бұл романтикалық мереке. Біз сізді көшеге шығып, біреудің мүлкін қират деп үгіттеуден аулақпыз. Ең дұрысы – түн қараңғысында өз ойыңызбен оңаша қалып, жалғыз аяқ жолмен серуендеген кезде жарықтың қан...
Толығырақ... Оқылды: 400 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 14.11.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 қараша

Сән қуған сылқым қыздар мен сері жігіттер, түрлі техника және гаджетті сүйетін қауым, қуана беріңіздер— бүгін керектінің бәрін үлкен жеңілдікпен алуға болады! Өйткені 11 қарашада бүкіл әлемде Дүниежүзілік шоппинг күні тойланады. Бұл мерекені қытайлықтар – Alibaba танымал концерні, AliExpress сауда алаңқайының иелері ойлап тауыпты. Олар жылына бір рет жаппай сатылым жүргізуді бастаған. Бұл күні жеңілдіктер 70-80%-ға дейін жетеді. Сарапшылардың айтуынша, тұтынушылар жүз миллиард долларға дейін сауда жасайды! Сондықтан уақытты құр жібермей, онлайн сауда жасауға кірісейік. Ал шоппингке қызықпайтын, ақша шашқаннан гөрі, үнемді жақсы көретіндер мына бір мейрамды құп көреді деп ойлаймыз: Энергия үнемдеу күні. Әртүрлі тұрмыстық техника, гаджеттер, кеңсе құрылғылары, жаппай компьютерлендіру пайда болғалы бері халықтың энергия тұтынуының орташа деңгейі көтеріліп кетті. Қоғам мен биліктің назарын энергия үнемдеуге аудару үшін халықаралық мереке бекітіліпті. Сонымен бірге, бүгін...
Толығырақ... Оқылды: 403 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 11.11.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 6 қараша

Бүгін барша әлем халқы саксофон туған күнін атап өтіп жатыр. Осы күні саксофонды жасап шығарған Адольф Сакс дүниеге келген еді. Көптеген адам саксофонның арнайы джаз музыкасын ойнау үшін жасалғанын айтады. Саксофон— бұл адам дауысына ең жақын аспап. Саксофон үні мен адам дауысынан пайда болатын толқын өзара қатты ұқсайды. Бастапқыда саксофон тек әскери оркестрларда қолданылған. Кейін уақыт өте келе оны опералық және симфониялық оркестрге енгізе бастады. Көптеген танымал сазгер саксофонға арнап музыка жазатын болған. Мысалы, Клод Дебюсси саксофоны бар оркестрге арнап рапсодия жазған. Кейбір музыкашылар саксофонды "джаздың әміршісі" деп те атайды. Сондай-ақ, бүгін адамдар қолынан өлген жануарларды еске алатын күн. Жануарлардың жаппай қырылуының басты себебі— адамдар әрекеті. Адам баласы өзінің мүмкіндіктері мен сана-сезімінің бар екендігіне орай жануарларға қамқор болуы керек. Осыған қарамастан жыл сайын Жер фаунасынан көптеген Қызыл кітапқа енген жануар жойылып...
Толығырақ... Оқылды: 375 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 06.11.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 5 қараша

Жыл сайын осы күні әлем халқы ескі суреттерді түгендеу мерекесін атап өтеді. Бұл күнді естеліктер мерекесі деп те атауға болатын сияқты. Себебі қалың альбомдардың арқасында жасы үлкендер өткен өмірлеріндегі ең қызықты сәттерді еске түсіріп жатады. Әр адамның балабақшаға, мектепке барарда, диплом алған кезде түскен суреттері бары сөзсіз. Бүгінде көп адам суреттерді бұрынғыдай басып шығара бермейді. Десе де, мұнда тұрған ешнәрсе жоқ. Суреттерді телефоннан немесе өзге де сақтауға арналған құрылғылардан көре беруге болады. Ресей мен Мәскеудің басты символдарының бірі— Останкино телемұнарасы. 2018 жылы ол өзінің 51-жылдығын атап өтіп жатыр. Осы архитектуралық ескерткіштің туған күні 5 қарашада. 1968 жылы телемұнара салынып біткенде Еуропадағы бірінші, ал жер бетіндегі екінші ең биік мұнара болатын. Оның биіктігі 540 метрді құрайды.
Толығырақ... Оқылды: 312 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 05.11.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 29 қазан

Бүгін халықаралық мереке – инсультпен күрес күні атап өтіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2004 жылы инсультті мүгедектік пен адам өлімінің басты себептерінің бірі және жаһандық эпидемиянің ретінде анықтады. Қазіргі уақытта адам өлімінің жартысынан астамы түрлі қан тамырлары ауруынан болады және осы аурулардың 20%-дан астамына адам еңбекке қабілетті жасында шалдығады. Бұл дертпен ауырған адамдардың 30%-ға жуығы көмекке зәру. Ежелден дұрыс тамақтану инсульттің басты алдын алу жолы болып саналады. Бүгінде бұл мәселені шешуде ақпараттық-профилактикалық іс-шаралардың дамаңызы арта түсті. Сонымен қатар, бүгін кей адамдар комсомол күнін еске алып, атап өтеді. Бұл күні 1918 жылы бірінші бүкілресейлік жұмысшы және шаруа жастарының съезінде Ресей коммунистік жастар одағы құрылды. 1926 жылы ол бүкілодақтық ұйымға айналды.
Толығырақ... Оқылды: 338 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 29.10.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 28 қазан

Бүгін әлемде Әжелер мен Аталар күні атап өтіледі. Бұл мейрамды алғаш рет Канада тұрғындары тойлай бастады. 28 қазан – халықаралық анимация күні. Анимацияның кинодан 20 жыл бұрын пайда болғанын көп адам біле бермейді. 1892 жылы 28 қазанда суретші Эмиль Рейно париждік көрермендерге "жалтыраған пантомимдерді" – экранда қозғалған бейнелерді көрсетті. Кейін оларды мультфильмдер деп айта бастады. Қазір "суреттерді" компьютерлік анимация көмегімен жасайды, 3-D арқылы дайындалады. Бірақ көпшілік үшін мультфильм бала кезінен таныс шағын ертегі болып қала бермек, ересек адамдардың әлі күнге дейін оларды көретіні бекер емес, өйткені бұл ғажайыпқа сенудің ең қарапайым амалы.
Толығырақ... Оқылды: 343 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 28.10.2019

Қазақстанда алдағы қыс қандай болады

«Қазгидромет» синоптиктері алдағы қыс қандай болатынын айтты. Мамандардың болжамынша, қыстың алғашқы екі айында еліміздің басым бөлігінде ауа райы салыстырмалы түрде жылы болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Қазақстанда алдағы қыс қандай болады «Алдын ала болжам бойынша қараша айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1°С жоғары, тек еліміздің батыс және шығысында норма шамасында болады деп күтіледі. Жауын-шашын мөлшері республикамыздың басым бөлігінде норма шамасында, тек қиыр оңтүстікте және солтүстік-шығыс аудандардың кей жерлерінде нормадан көп, республикамыздың оңтүстік-батысында нормадан аз болады деп болжанады», - дейді гидрометорталықтың директоры Марина Шмидт. Оның сөзінше, қыстың алғашқы екі айында республикамыздың басым бөлігінде салыстырмалы жылы ауа райы болады деп болжанып отыр. Сонымен қатар ауа температурасы климаттық нормадан 3-5°С-қа төмен күндер де болуы мүмкін. «Қазақстан аумағы бойынш...
Толығырақ... Оқылды: 382 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 25.10.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 25 қазан

25 қазан күні Беларусь халқы Диірменшілер күнін атап өтеді. Диірменшілердің еңбегі әрдайым жоғары бағаланатын. Өйткені күз келіп, барлық дәнді дақыл жиналған кезде, ұнның сапалы, тиісінше жейтін нанның дәмді болуына жауап беретін солар. Заманға қарай нан пісірудің әдіс-тәсілдері өзгергенмен, Беларусьте әлі күнге дейін жел және су диірмендерін кездестіруге болады. Бұрынғы заманда диірменмен байланысты мистикалық әңгімелер мен наным-сенімдер көп болған. Мәселен, желсіз, тымық күні диірменнің қалағын мыстан кемпірлер айналдырады деген наным бар. Бұған қоса, олар диірменшілерге бидай салынған ауыр қаптарды тасуға көмектеседі-міс. Ал диірменшілер алғыс ретінде өздерінің "қамқоршыларына" диірменнің бір түкпірінен орын береді екен деседі. Сондай-ақ, бүгін Ресейде Кеденшілер күні. Ресейде алғашқы кеден жарғысы 359 жыл бұрын пайда болғанын көбісі біле бермейді. Сол кезден бері 25 қазан ресейлік кеден тарихында айтулы дата болып қалды. Үш жарым ғасыр бұрын дәл осы күні патша Алексей...
Толығырақ... Оқылды: 339 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 25.10.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.