ИМАНАШАР
ҚАЖЫЛЫҚҚА ТЕҢ 5 АМАЛ |
Хақ Тағала пендесінің кейбір сауапты амалдарының дәрежесін қажылықтың сауабымен теңестірген. Қажылық – бес парыздың бірі болғандықтан әрбір мұсылман өмірінде бір мәрте қажылық парызын өтеуге міндетті. Сонымен қатар, қажылықтың сауабымен тең түсетін амалдар да жоқ емес екен (Алайда бұл амал қажылық парызын алмастыра алмайды). Ең әуелі, ниеттің тазалығы. Қиямет күні болғанда әрбір пенде өзінің амал дәптерін көреді, сонда арасынан қажылық, зекет, тіпті садақаның да сауабын көреді. «Бәлкім, бұл менің амал дәптерім емес шығар. Мен бұларды жасаған жоқ едім ғой»,- дейді ол есі шыға. Сонда Алла Тағала құлына: «Бұл сенің амал дәптерің»,- дейді. Әлгі адам Жаратушыға: «Уа, Жаратушы Ием! Мен бұл амалдарды жасаған жоқпын»,- дейді. Хақ Тағала болса: «Сенің бұл амалдарды жасамағаныңды білемін. Алайда сенің ниетің: «Егер қаражатым болса, мешіт салар едім, мұқтаждарға жәрдемдесіп, қажылыққа баратын едім» деп тұратын. Н... |
Толығырақ... Оқылды: 350 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 13.05.2019 |
КӨЛІК ЖҮРГІЗУДІҢ СҮННЕТКЕ САЙ 8 ТӘРТІБІ |
«Сақтансаң, Құдай сақтайды» деген аталы сөзді біле тұра сақтанудың алғышарттарын атқармаймыз. Көлік бір тәуекел құралы іспеттес. Техника болған соң, қанша жерден сенуге болады десең де, күтпеген жерде, ойламаған ақауы шығады. Не болмаса, көлік жүргізуді қанша жақсы меңгердім десең де, байқамаған тұстан көлік апатына тап болуың мүмкін. Сондықтан да, көлікті тәуекел құралы дейміз. Ал тәуекел Аллаға ғана етілетіндіктен, көлік жүргізудің де Пайғамбарымыз ﷺ бекітіп берген жол ережелері бар. Әр мұсылман жол полицияларының бекіткен жол ережелерімен бірге, адамзаттың ардақтысы болған Алла Елшісінің ﷺ де ұсынған жол ережелерін сақтауы тиіс. Ендеше сүннетке сай көлік жүргізу тәртібіне көшейік: Көлікке отырарда дәрет алып алған жөн. Дәреттінің бойынан шайтан ұзақ тұрады. Себебі, көлік жүргізу тәуекелді қажет ететінін айтып өткеніміздей, адам жолында нелер болатынын болжап біле алмайды. Сондықтан да, дәрет алып жүру керек деуіміздің себебі, қаза жететін болса, дүниеден дәретпен о... |
Толығырақ... Оқылды: 326 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 13.05.2019 |
Биыл 30 күн ауыз бекітеміз |
Мұсылман қауымы үшін жылдың ең қасиетті әрі ерекше айы – Рамазан айы. Биылғы жылы Рамазан айы мамырдың 6-нан бастау алады. Бұл туралы Алматы облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен жиында Талдықорған өңірі бойынша өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлымәлімдеді. Бұл айда орындалатын ең басты діни амал ауыз бекіту - ораза боп саналады. Рамазандағы ауыз бекітуислам дінініңбес парызының бірі боп табылып, бүкіл әлем мұсылмандарымен жыл сайын орындалып отырады. Бұл парыздың маңыздылығы соншалық, кейде ауыз бекіту амалын Рамазан деп атауға дейін барады. Бірақ Рамадан - ай аты болса, ауыз бекіту парызы - қазақша ораза (арабшасаум) деп аталады. 5 мамырдан бастап барлық мешіттерде Тарауих намазы оқылады. Биылғы жылдың оразасы 30 күн болады. Еске салсақ, бірнеше жыл қатарынан Рамазан айы 29 күнге толып келген. Мамандар мұны дін ғалымдарының айдың толығуын зерттеп шығарған пәтуәсі деп түсіндірді. Сондай-ақ, 2019 жылы бүкіл орта Азия бойынша Рамазан бір күнде басталып, бір күнде... |
Толығырақ... Оқылды: 399 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 02.05.2019 |
ПІТІР САДАҚА |
Пітір сөзі (араб тілінде)–«жаратылыс» деген мағынаны білдіргендіктен, кейбір ғұламалар пітір садақасын «дененің зекеті» деп атаған. Пітір садақасы–күнделікті қолданылатын негізгі қажеттерінен тыс, кем дегенде, нисап мөлшеріндегі (85 г. алтын немесе құнына тең) байлыққа ие адамға уәжіп садақа. Ол һижреттің екінші жылы, Рамазан оразасы парыз етілген жылы уәжіп етілді. Пітір садақасы Ораза айт күні таң атысымен уәжіп болғанымен, бірнеше күн, тіпті бірнеше ай немесе жыл бұрын б... |
Толығырақ... Оқылды: 595 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 30.04.2019 |
2019 жылы Қадір түні қашан болады? |
2019 жылы 6 мамырда басталатын және 4 маусымда аяқталатын мұсылмандардың қасиетті Рамазан айының соңғы күндерінде ерекше түн болады. Ежелгі заманнан бері бұл кезең барлық мұсылмандар үшін ең маңызды болып саналады. Мұсылмандардың осы уақытта жасаған амалдары мыңдаған айлар бойы жасаған әрекеттеріне қарағанда маңызды. Сондай-ақ, адамдар осы түнде Жаратушыға сыйынған мұсылмандарға періштелер амандасады деп сенеді. Бұл қасиетті тағдыр түні Рамазан айының соңғы 10 күніне, яғни 27-ші күнге түседі. Ал 2019 жылы Қадір түні 1 маусымға келіп тұр. Дегенмен, оның нақты қай түн екенін тек Жаратушы ғана біледі. Мүмкін, ол адамдар тек бір түн ғана дұға етіп, сол түнде ғана күнәһар ойлар мен әрекеттерден аулақ болып және жақсылық істеуге тырыспасын деп, жасырылған шығар. Сондай-ақ, кейбір белгілі ғалымдардың да: «Адам әр жылдың түнінде Ләйләт-ул-Қадір түнін іздеуі керек» деуі тегін емес. Бұл түн ерекше. Оны кейбір белгілерімен ерекшелендіріп, айыруға болады. Бұл тыныш түнде жауын-шашы... |
Толығырақ... Оқылды: 564 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 26.04.2019 |
Мінездегі аурулардан құтылу (Шәкәрім ілімінен) |
1. Ауру тек денеде ғана болмайды, мінезде де бар. Егер біреуден жаман мінез көрсең, оған шипа сұрап дұға қыл. Оған жабысқан кеселден сені сау қылған Аллаға мақтау айт. [ШҮКІРЛІК] 2. Сырды сақтау шеберлігі жан дүниенің байлығын көрсетеді. Ішінде су тұрмайтын ыдыстың зияны секілді, сырды сақтай алмайтын адамның пайдасы кем. [АМАНАТШЫЛДЫҚ] 3. Егер əр адам қасындағы кісінің жүрегіндегін көре алса, оған жаны қатты ашитын еді. Ішкі таразының əділдігіне көзі жетер еді. Сыртқы өлшемдердің алдамшы екенін терең түсінер еді. Іштарлық, қызғаныш, көрсеқызарлыққа ұрынбас еді (Мұстафа Махмуд). [ТЕРЕҢ ТҮСІНІК] 4. Құдыққа тас тастаған адам ол түбіне жетіп даусы естілгенше қарап тұрады. Сол секілді сені сөккен адамның көбісі жауабыңды күтеді. Ұстамдылықпен көркем мінез таныт. Өткізіп жібер. Құдық түпсіз екен деп ойласын. [ТЕРЕҢ ТҮСІНІК] 5. Бəрін дұрыс жасауға қанша тырыссаң да сені қате түсінетін адамдардың табылары хақ. Əркімге бір жауап қайтарып өзіңді құр шаршатпағаның дұрыс. Дана ғұламал... |
Толығырақ... Оқылды: 433 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 26.04.2019 |
ҚҰРМАНЫҢ ПАЙДАСЫ ҚАНДАЙ? |
Бірқатар халықтар үшін құрма қасиетті тағам болып саналады. Бұл жемістің екі-үш данасының өзі ағзаға өте пайдалы. Күніне 3 құрма жеп қана ағзаны қажетті микроэлементтермен қамтамасыз етуге болады.Дәрігерлер, тіпті, тәтті әрі зиянды кәмпиттерді құрмамен алмастыруға кеңес береді. Сонымен құрма несімен пайдалы? Қалыпты жүрек жұмысы Құрма құрамында калий мөлшері өте көп. Ол жүректің қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Бұл өз кезегінде жүрек аурулары мен талмасының алдын алады. Сау бауыр Құрмалар бауырды токсиндерден тазалауға көмектеседі. Сондай-ақ цирроздың пайда болу қатерін төмендетеді. Бауыр фиброзы симптомдарын жеңілдетеді. Көру қабілеті жақсарады Құрмалар көз жанарының көру қабілетін жақсартуға қабілетті (тіпті сәбізден де пайдалы). Себебі, құрамында А дәруменінің мөлшері көп. Сергектік Егер өзіңізді сергек әрі қуатты сезінгіңіз келсе құрма жеп тұрыңыз. Бар болғаны 3 құрма жесеңіз бір күнге жетерлік энергия аласыз. Ас қорыту Құрма — бұл асқазан функцияс... |
Толығырақ... Оқылды: 450 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 26.04.2019 |
Әйелдің жаратылысы |
Құдай әйелді жаратқанда оның болмысын тек алтыншы күннің кешінде бітіріпті. Қасынан өтіп бара жатқан періште:– Сен неге бұл үшін ұзақ жұмыс жасадың? – деп сұрайды. Алла:– Ал сен бұл жаратылыстың бүкіл болмысын көрдің бе?Ол 200 ден астам қимыл әрекетін білуі керек, кез келген тағамның дәмі мен исін ажырата білу, бір мезетте бірнеше баланы құшағына басу, өзінің ыстық құшағымен жарылған тізеден, жараланған жүрекке дейін емдеп жаза алатындай болуы керек және осының бәрін тек екі қолымен ғана жасай алады. Періште таңқалды: – Бар болғаны екі қолымен бе?! Мүмкін емес! Бір күнге тым көп жұмыс екен? Қоя сал, ертеңгі күні бітіресің. – Жоқ – деді Аллах – Мен өзімнің ең сүйікті жаратылысымды бітіруге аз қалдым. Егер ауыра қалса, бұл өз өзін емдеп жазып, 18 сағаттан жұмыс жасай алатын болады. Періште әйелге жақындап келіп, оны саусағымен түртіп көреді. – Бірақ, Аллах, сен мұны сонша нәзік етіп жаратқансың? – Иә, ол өте нәзік, – деді... |
Толығырақ... Оқылды: 362 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 26.04.2019 |
Орындалуы оңай 10 сүннет |
Мұхаммед Пайғамбарымыздың (с.а.у.) әр сүннеті біз үшін өте маңызды. Сүннет – бұл барлығымыз үшін өмірді пайдалы әрі жақсы өткізуде керемет нұсқаулық болмақ. Алла елшісінің (с.а.у.) өзі:«Кімде-кім менің сүннетімді жаңғыртса, сол мені жақсы көреді. Ал, мені жақсы көрген жан Жұмақта менімен бірге болады», –деген. Осы мақалада біз Алла елшсінің (с.а.у.) күнделікті өмірге қажетті 10 сүннетіне тоқталмақпыз. 1. ЕРТЕ ЖАТЫП, ЕРТЕ ТҰРУ Біздің ұйқы режиміміз күндізгі жұмыстағы белсенділігімізге тікелей әсер етеді. Таң намазынан кейінгі таңғы уақыт берекелі уақыт болып табылады. Жаңа күнді құлшылықтан бастасаңыз, кү ұзаққа көңіліңіз көтеріңкі болып, көп нәрсеге үлгересіз. Бірақ ерте тұру үшін ерте жату қажет. Сонда ағза тиісінше демалады. Айша анамыз Пайғамбарымыздың (с.а.у.) ұйықтау режимі туралы:«Ол әдетте ұйықтауға ерте жатып, түннің соңғы бөлігінде тәһәжжуд намазын оқу үшін оянатын, содан кейін (таң намазына дейін) ұйықтайтын», –деген. 2.ЖИ... |
Толығырақ... Оқылды: 380 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 26.04.2019 |
ҚМДБ жасанды кірпік пен тырнақты харам деген пәтуа шығарды |
Қазіргі таңда көптеген мұсылман әйелдердің жасанды кірпік пен тырнақ жалғауы әдетке айналуда. Ислам шариғатында тырнақ жалғау былай тұрсын тырнақты өсірудің өзі күнә, деп жазады fatua.kz. Сахаба Әнас ибн Малик: «Бізге мұртты қысқартуды, тырнақ алуды, қолтық және әурет түктерін жұлуды қырық күннен асырмау бұйырылды», – деген. «Раддул мұхтар» кітабында: «Ең дұрысы апта сайын тырнақты алу, мұртты қысқарту, әурет түгін қыру, денесін жуу керек. Болмаса, бұл істер 15 күнде жасалуы тиіс. Қырық күннен асыру – күнә», – делінген. Ал бет әлпеті отқа күйіп, кірпігі жойылып, көріксіз жағдайға дұшар болса немесе ауруға шалдығып, кірпіктері түсіп қалса, сондай-ақ тырнақтары түбімен алынып кетсе, осы сынды зәрулік жағдайларда жасанды кірпік және тырнақ жалғауға рұқсат етіледі. Шариғатымыз адамның ағзасында қандай да бір ақау, науқастық пайда болса, оның емделу жолын қарастыруды міндеттейді. Алайда, кірпікті немесе тырнақты жәй сәндік... |
Толығырақ... Оқылды: 394 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 25.04.2019 |