ИМАНАШАР

«Адамдарға қажетті өмір сабақтары қандай?»,- деген сұраққа бір Данышпан адам төмендегідей жауап берген екен: *Адамдар біліп жүрсін, ешкімді өздерін жақсы көруге мәжбүрлей алмайды, қолдарынан бар келетіні өзін басқалар үшін сүйікті ету. *Адамдар өздерін басқалармен салыстырмауды үйренсін. *Төзімділік танытып, кешіруді үйренсін. Бар болғаны бірнеше минуттың ішінде жақын адамдарының жанына ауыр жара салатындарын білсін, ал содан кейін оны жазуға көптеген жылдар қажет. *Ең бай адам дүние-мүлкі көп адам емес, азға қанағат еткен адам екенін білсін. *Адамдар өздерін қатты жақсы көретін адамдар бар екенін білсін, бірақ олар өз сезімдерін қалай жеткізуді білмейді. *Екі адам бір затты көре алатынын білсін, бірақ олар оны әр түрлі пішінде көреді. *Адамдардың бірі басқаны кешіре алатынын білсін, ол уақытта оның өзі басқаның кешіріміне мұқтаж. *Адамдарды балалық шақ ығыр етеді, олар есеюге асығады, кейін қайтадан балалық шағын сағынады. *Адамдар дүние байлығын...
Толығырақ... Оқылды: 469 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 16.04.2019

Рамазан

1.Айналаңыздағы мұқтаж-ау деген бір адамды таңдап, соған ізгілікке толы, жанын жылытатын хат жазыңыз; 2.Ұзақ уақыт бойы сөйлеспеген ескі досыңызды кешіріп, онымен татуласыңыз; 3. Көршіңізге бір жақсылық істеу (тамақ дайындап апару, шәйға шақыру, ауланы тазалау...); 4. Өзіңіздің ең сүйікті асыңызды әзірлеп, өзіңіз жемей, сонымен кедей адамды тамақтандырыңыз; 5.Мешіттердің біріне Құран апарып қойыңыз (Оны оқыған әр адамның сауабы сізге жазылады); 6. Өзіңіз танитын барлық өмірден өткен адамдарды тізіп жазып, солар үшін шын жүректен дұға жасаңыз. Өзіңіз дүниеден қайтқанда адамдардың сіздің артыңыздан қандай дұға жасағанын қалайтын болсаңыз, сіздің бұл дұғаңыз да сондай болсын; 7.Маңайыңыздан аль - Фатиха сүресін білмейтін бір баланы тауып, үйретіңіз. Ол бала өмірінің соңына дейін әр оқыған сайын сізге сауап жазылады; 8. Жаңа хадис үйреніп, оны ұстануға тырысыңыз.; 9. Құраннан қысқа сүре жаттап, оның тәпсірін оқып, маңайыңыздағы бір адамға айтып беріңіз; 10. Өзіңі...
Толығырақ... Оқылды: 476 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 16.04.2019

Иманды күшейту үшін

Иманды күшейтетін көп нәрсе бар. Бұлардан бірнешеуін білдірейік: 1)Жақсы мінезді болу. 2)Үнемі Алла Тағаланы еске алу. 3)Ықыласты болу. 4)Жомарт болу. 5)Өз еркінде болмай үлкен бәлелерге тап болу. (Салих адамдар үшін) 6)Харамдардан қашу. 7)Күпірге түсуден қатты қорқу. 8)Жақсы көретін адамын Аллаһ үшін жақсы көру, Жаман көретін адамын Аллаһ үшін жаман көру. 9)Салих (сенімді) болу. 10) Намазға қатты мән беру. Бұл тақырыптағы хадис шәрифтерде былай делінеді: «Иманы еңқуатты мұсылман жақсы мінезді болғаны. Адамдар жанына оңай жақындай алады, келіп, кетушілері көп болады. Барлық адамдармен жақсы қарым-қатынаста болады. Айналасындағылармен сиыса алмайтын адамда қайыр болмайды.»(Табарани) «Қайда болса да Алла Тағаланы ұмытпайтын адамның иманы қуатты.»(Бәйһақи) «Алла үшін жасаған істерінде жазғырылудан қорқпайтын, амалы ықыласты болатын, екі істің бірі ахыретке, бірі дүниеге пайдалы болса, ахыретке пайдалы болғанын таң...
Толығырақ... Оқылды: 493 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 16.04.2019

Дінге деген түрлі көзқарас, дөңгелек үстелде бір арнаға бірікті

2019 жылы 4 сәуір күні Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласындағы Тіл Сарайында облыстың дін өкілдерінің басын қосқан «Сыбайлас жемқорлықты жалпыға ортақ қабылдамауды қалыптастырудағы руханилық пен адамгершілік» тақырыбындағы дөңгелек үстел өтті. Ресми мәліметтерге сүйенсек, Алматы облысында діни бірлестік пен филиалдарын жалпы саны 619-ті құрады. Оның ішінде: ислам мешіті - 453, православ - 52, Рим-Католик - 11, протестанттық - 101 және 2 дәстүрлі емес діни бірлестіктер. Облыс көлемінде мешіттерде барлығы 556 имам, христиандық және дәстүрлі емес діни бағыттарында 305 діни қызметкер жұмыс істеуде. Осы қызметшілердің 207-сі жоғары білімді, 114 – орта білімді, 436 – арнайы курстардан өтсе, 104 имам медресе бітірген. Дөңгелек үстелді жүргізіп отырған Департамент басшысы Серікбай Нұрғисаев өз көзінде: «Бүгінгі шарад...
Толығырақ... Оқылды: 433 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 08.04.2019

Жеті шелпек тарату дұрыс па?

«Жеті шелпек пісіру» үрдісінің біздің қазақ дәстүріне қайдан қалыптасқаны, қандай нанымнан туындағаны жайында айтылған нақты дерек кездестірмедік. Бірақ, біздің түсінігімізше, жеті шелпек тарату үрдісінің астарында – әруақтың атынан елге тамақ беріп, сауабын өліге бағыштау түсінігі жатыр. Осы тұрғыдан қарағанда оның шариғатқа терістігі жоқ. Себебі, жасалған жақсы амалдың сауабын өлген кісіге бағыштау – шариғатымызда да бар. Енді оны неге жеті деген? Сандардың арасында «7» санын ерекше таңдалып алынуы да бекер емес (жеті шелпек). Өйткені, дінімізде жеті санымен байланыса айтылған үкімдер көп. Мысалы, иманның жеті шарты, жеті рет қағбаны тауаф ету, ит жалаған жерді жеті рет жуу. Шелпектің «жеті» санымен байланыстырылуының мәні де осында жатса керек. Қалай болғанда да, жеті шелпекті тарату үрдісін дінге теріс деу немесе ширкке алып барар жол деу қиын. Неге десеңіз, жеті шелпек таратқан адам әруақтан медет тілеп емес, о дүниедегі өлг...
Толығырақ... Оқылды: 444 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 05.04.2019

ЖҰМА СҰХБАТЫ:

Өтірік айтқан адамнан періштелер алыстайды Әбул Фазл Мұса Изники хазреттері Осман Империясындағы үлкен әулие және ғұламалардың бірі. Изникте туылды, туылған күні белгісіз. 838 (м.1434) жылы қайтыс болды. Бір сұхбатында былай деген: Өтірік айту – күнәлардың ең жаманы, кемшіліктердің ең нашары, жүректі қарайтатын барлық жамандықтардың басы. Өтірік айту – пайғамбарымыз (саллаллаһу алейһи уәсәлләм) ең жақтырмайтын қасиет. Періште өтірік айтқан адамнан, өтірігі себебімен шыққан сасық иістен жиіркеніп бір шақырымға алыстайды. Баланы «Жылама, саған пәлен нәрсе алып беремін» деп алдамау керек. Егер алып бермесең, бұл сөзің өтірік болып жазылады. Бір нәрсені айтып бергенде, хабарлағанда түшкіруді ниғмет деп білу керек. Пайғамбарымыз алейһиссалам бір хадис шәрифте «Сөйлескенде түшкіру сөзінің рас екенін көрсететін ең әділ куәгер» деді. Адамның үш жерде өтірік айтуына рұқсат берілген. Біріншісі, соғыста өтірік айту. Өйткені, соғыс айла орны. Екінші...
Толығырақ... Оқылды: 800 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 05.04.2019

КӨРКЕМ МІНЕЗ – ИМАНДЫЛЫҚТЫҢ БЕЛГІСІ

Ислам – әдептілік және жақсы мінез діні. Пайғамбарымыз бірде «Жақсы мінездерді толықтыру үшін, жақсы мінездерді дүниеге жаю үшін жіберілдім.» десе, тағы да «Сендердің иман жағынан кәміл болғандарың мінезі жақсы болып, адамдарға жақсылық жасағандарың» деп тіпті иманды да мінезбен және адамдарға пайдалы болумен өлшеген. Көркем мінез Аллаһ тағаланың құзырындағы Жәннат нығметтеріне ашылып құйылған жүректің есігі болса, жаман мінез тозақ отына ашылған есік. Аллаһ Елшісі бірде:(с.ғ.с) «Сірке су балды бұзатын секілді, жаман мінез адамды бұзады» деген. Жақсы мінезге жаратқан Аллаһты және оның жаратушыларын қош көріп, олардан келген қиындықтарға сабыр етуді айтамыз. Жақсы мінезділік –Аллаһ тағаладан разы болу деген сөз. Пайғамбарымыз(с.ғ.с): «Мен көркем мінезді кемеліне келтіру үшін жіберілдім» деп өзінің ұлық мұратын паш етеді. Осылайша ол Ислам діні негізінде адамзаттың бақытына баланған игі жақсылықтың бірі көркем мінез екендігін...
Толығырақ... Оқылды: 1005 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 04.04.2019

ИСЛАМНЫҢ ҚАЙНАР КӨЗІ

Қайырымдылық – адамның бойындағы асыл қасиеттердің бірі. Қайырымдылық мұқтаж жандардың қажетін өтеудегі ізгіліктің нақты көрінісі болып табылады. Сондықтан да əрбір жан иесі қайырымдылық істеріне араласып, Жаратушының разылығын аңсаған халде бар ықыласымен мұқтаж жандарға қол ұшын беруі дұрыстың дұрысы. Қазіргі таңда, біздің өмір сүріп отырған қоғамымызда мүмкіндігі шектеулі балалардың көбеюі елімізді алаңдататыны белгілі. Мүмкіндігі шектеулі жандар – тағдырдың тауқыметімен арпалысып жүрген, аялы алақан мен мейірімді жүрекке зәру жандар. Кемтарлықтың қыл бұғауын мойнына ерте ілген жандардың біздің қоғамымызда алатын орны ерекше. Ал, осындай жандарға көңіл бөлу, жанашырлық таныту – бұл ұлы іс. Өткен аптада, Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай, Мәмбет ауылы «Динара» мейрамханасында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналып ақ дастархан жайылды. Сол ауылдың үлкенді-кішілі қонақтары шақырылып, ән айтылып, би де биленді. Аруна Балабекова, Бағжанар Рысб...
Толығырақ... Оқылды: 578 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 04.04.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.