ИМАНАШАР

Көшбасшы болу оңайма?

Көшбасшы болу – мұсылманға тән қасиет. Алайда, шынайы Көшбасшы мәнсапты талап ете ме? Көшбасшы болу үшін мінез, харизма немесе танымалдылық қажет пе? Осы сияқты сұрақтар төңірегінде жауап іздеп көрелік. Бірінші болуды қалау, басқалардан оқ бойы озық тұру, алға қойған мақсатына жетпей қоймау – адам табиғатында бар нәрсе. Алайда, бұл тәккаппарлыққа, көре алмаушылыққа, қызғаншақтыққа ұласып, басқалармен жауласуға әкелмеуі керек. Ежелгі грек тарихшысы ПлутархРим императоры Юлий Цезарь туралы келесі оқиғаны баяндайды: «Бір кездері Цезарь Альп таулары арқылы шағын ғана азғантай адамдар тұратын кедей ауылдың жанынан өтіп бара жатқанда, қасындағы жолдастары әзілдеп сұрайды: «Бұл ауылда да атақ-даңққа, бірінші болуға деген құмарлық бар ма?». Сол кезде Цезарь: «Менен сұрасаңдар, мен Римде екінші болғаннан гөрі, осы жерде бірінші болуды қалар едім», – деп жауап берген екен. Шынайы мұсылман адам қандай жетістікке жетсе де әрдайым өзін екінші ор...
Толығырақ... Оқылды: 482 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 23.04.2019

Отағасын разы қылудың 6 жолы

1.Құрмет. Бәрінен бұрын, әрбір ер кісі әйелінің құрметтегенін қалайды. Құрмет көрсету оны тыңдауда, нақты бір мәнермен сөйлеуде және дауласудан аулақ болуда көрінеді. Сонда, сіздің құрметіңізді сезінген күйеуіңіз сізге екі есе құрмет көрсететін болады. 2.Бағалау. Еріңіздің барлық қырын бағалаңыз. Оның келбетін, ақылын, қабілеттілігін айтып мақтап, тәнті болып жүріңіз. Сіздің қасыңызда ол өзін ерекше жаралған адамдай сезінсін. Сонда отағасы сізгебар жылуын төгіп, аса бағалайтын болады. 3.Разы болу. Күйеуіңіздің сіз үшін, отбасы үшін жасап жатқан күнделікті жұмыстарына ризашылығыңызды білдіріп отырыңыз. Оның ынта-ыждаһатын, отбасына деген қамқорлығын әрдайым бағалайтыныңызды білдіріп, ризашылығыңызды көрсетіңіз. Сонда, еріңіз сіздің демеуіңізді сезініп, арқалана әрекет ететін болады. Сәйкесінше ісі берекелі, тірлігі табысты болады. Әрбіл ұлы еркектің артында ұлы әйелдің тұратынын ұмытпаңыз. 4.Сүйіспеншілік. Күйеуіңізге оны қаншалықты жақсы көретіндігіңізді көрсетіп о...
Толығырақ... Оқылды: 438 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 23.04.2019

Денсаулық нашарлағанда хабар беретін 10 белгі

Біздің тәніміз – ішкі ағзаларымыздың қызметіндегі қандай да бір өзгерістер мен ақаулар жайлы үнемі ақпарат беріп отыратын күрделі механизм. Алайда біз ағзамыздың дабылына назар аудара бермейміз. Бұл тұста ағаттық жіберетініміз анық. Сондықтан деніңізге саулық тілей отырып, денсаулығымыз нашарлағанда байқалатын 10 түрлі белгіні ұсынамыз. 1. Көз астының қараюы Көз асты терісінің қараюы ұйқы қанбағаннан болуы мүмкін. Бұл ретте дәрігерлер тәулігіне кемінде 7-8 сағат ұйықтауға кеңес береді. Алайда ағзамыздың мұндай белгісі қаназдықтың салдарынан болуы мүмкін. Қанымыз азайғанда ағзамызда эротроциттер аз бөлінеді. Нәтижесінде көз асты терісі қарая бастайды. 2. Саусақ түсінің өзгеруі Егер саусақтарыңыздың түсі жиі өзгеретінін байқасаңыз, оның себепсіз еместігін біліңіз. Оған Рейно феномені сеп болуы ықтимал. Ағзаның мұндай күйінде суық температура қан тамырларының тарылуына алып келеді. Мұның салдарынан саусақтарымыздың түсі өзгереді. 3. Заттың көзге бұлдырап көрінуі Ег...
Толығырақ... Оқылды: 455 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 23.04.2019

Наным

1.Наным туралы. Бірде бүкіл ауыл болып тасаттық жасамақ болады. Белгіленген күні жұрт ауылдағы алаңға ағыла бастайды. Бірақ тек бір балақай ғана өзімен бірге қолшатыр ұстап шығады. Бұл шынайы Нанудың белгісі. 2. Сенім. Баламен ойнап, оны көкке көтеріп, лақтырып, қайта тосып аласыз. Ол қуанып, күледі. Өйткені, тосып алатыныңызды біледі. Бұл нағыз Сенім. 3. Үміт.Күнде кешкілік ертең қайтып оянар-оянбасымызға еш кепілдік жоғын білсек те оятқышты қосамыз. Міне, шынайы үміт осы. 4. Батылдық. Қанша өмір сүретінімізді білмесек те келешекке жоспар құруды жақсы көреміз. Бұл нағыз Батылдық. 5. Сенімділік. Күнделікті қаншама адам қиянаттан жапа шегіп, уайым-қайғымен өмір сүріп, бір-біріне мағынасыз мұң сыйлайтынын көріп-білсек те, мұндай қателікке өзіміз де ұрынып қалуымыз мүмкін екенін толыққанды түсініп тұрсақ та, әр адам баласы үйленуге асығады. Одан артығы жоқтығына Өмір сендіреді.
Толығырақ... Оқылды: 542 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 22.04.2019

Қайғырма!

Қайғырма! Өйткені, ауру айығады, қасірет ұмытылады, күнә кешіріледі. Қарыз өтеледі, тұтқын босатылады, кеткен адам келеді, күнәһар тәубе жасайды, кедей байиды. Қайғырма! Қара бұлттың қалай сейілетінін, қараңғылықтың ағарып, шығып кететінін, құйынның басылатынын көрмегенсің бе? Ендеше, сенің көріп жатқан қиындықтарың – жеңілдікке, тіршілігің – тұрақтылыққа, болашағың – жақсылыққа ұласады. Қайғырма! Қызған күннің ыстығын көлеңке басады, шөлді мұздай, мөлдір су қандырады, аштықты жұмсақ, ыстық нан тойғызады, ұйқысыздық шаршауын тәтті ұйқы қандырады, дерт күйзелісі сауығумен кетеді. Жаратылыстың қиындығын жаратушысы шешеді. Ендеше, сен аз ғана күт! Қайғырма! Себебі бұйырған,тағдырдағы бар нәрсенің сөзсіз болатынына, дәрігерлер басын шайқап, данышпандар әлсізденіп, ғұламалар тұрып қалып, ақындар бір-бірінен сұрасып таңданысқан. Қайғырма! Себебі, сен егер қайғы-қасіретке жүрегіңнен орын берер болсаң, үздік дәрігерлер мен олардың берген кеңестері, дәрі-дәрме...
Толығырақ... Оқылды: 522 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 22.04.2019

1 минутта жасалатын 10 жақсы амал

1. Алланы дәріптеу Алла Тағаланың адам баласына нәсіп еткен шексіз нығметтері үшін Алланы дәріптеуге 1 минут уақытыңызды жұмсаңыз. Бір минуттың ішінде 100 мәрте«СубханАллахи уа бихамдихи» деп зікір айтуға болады.Алла Елшісі (ﷺ) кімде-кім күніне 100 рет осы зікірді айтатын болса, оның күнәсі теңіздің көбігіндей көп болса да кешірілетіндігін айтқан болатын. 2. «Әл-Фатиха» сүресін оқу Бір минуттың ішінде «әл-Фатиха» сүресін 3 рет айтып шығуға болады. Осы сүрені оқыған мүмінге 600-ден артық жақсы амал жасағандай болып жазылады. 3. Алладан кешірім сұрау Жасаған қателік, кемшілік, күнәларымыз үшін Алладан кешірім сұрап, тәубемізге келу – ешқашан кеш болмайды. Алла Тағаланың кешірім беруін тілеп, бір минутта«Астағфирулла» зікірін қанша рет айта алсаңыз, сонша рет айтыңыз. Алладан жиі кешірім сұрау – екі дүниеде де пайда әкелетін амал. 4.Құранның үштен бірі Бір минутта «Ықылас» сүресін шамамен 20 рет о...
Толығырақ... Оқылды: 541 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 22.04.2019

Қасиетті Құранның «әл-Хамду лиллаһ» (Аллаға мақтау болсын) сөзімен басталуының өзіндік мәні бар екені ақиқат. Сондай-ақ, Күнделікті бес уақыт намазымызбен қатар әрдайым қасиетті Құранды оқыған сайын беташар ретінде басталатын «Фатиха» сүресінің алғашқы сөзі болған «әл-Хамду лиллаһ» сөзімен бастаймыз. Құранға зер салған әрбір жанның санасына Хақтан түскен осы бір мағыналы Ұлы кітап (Құран) неге «әл-Хамду лиллаһ» сөзімен басталып тұр, мұның адам баласы үшін көрсетер бағыт-бағдары қандай? деген сұрақтардың туындауы әбден мүмкін. Адам баласы өзін жоқтан бар етіп, күллі жаратылысты игілігіне тарту еткен Жаратушы Иесіне рахметін «әл-Хамду лиллаһ» сөзімен жеткізеді. Күллі жаратылыс да өз тілімен Жаратушы Хақты «әл-Хамду лиллаһ» сөзімен ұлықтайды, шүкірін білдіреді. Демек, «әл-Хамду лиллаһ» сөзі саналы адамға өзіне берілген сансыз нығметтердің Иесі болған әлемдердің Раббысын сүюді, сол нығметтер үшін қарызда...
Толығырақ... Оқылды: 585 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 19.04.2019

1. Пайда, залалды айыратұғын қуаттың аты - ақыл... 2. Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады. 3. Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: Ыстық қайрат, Нұрлы ақыл, Жылы жүрек. 4. Адамзатқа не керек: Сүймек, сезбек, кейімек. Харкет қылмақ, жүгірмек, Ақылмен ойлап сөйлемек 5. Атымды адам қойған соң, Қайтып надан болайын 6. Бес нәрсеге асық бол... Талап еңбек, терең ой, Қанағат, рақым, ойлап қой - Бес асыл іс көнесеңіз. 7. Адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады. 8. Жас уақытта көңіл - гүл. 9. Жастықтың аты арындап, Тас қияға өрледің. 10. Жастықтың оты жалындап, Жас жүректе жанған шақ. Талаптың аты арындап, Әр қиянға салған шақ. 11. Жастықта көкірек зор, уайым жоқ. 12. Жастықта бір күлгенің мың қаралық. 13. Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат. 14. Егер ісім өнсін десең - ретін тап. 15. Еңбек - қуаныш, жалқаулық арылмас азап. 16. Еңбексіз мал дәметкен - қайыршылық. 17. Ж...
Толығырақ... Оқылды: 507 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 19.04.2019

Бүгінгі таңда қоғамда талақ-ажырасу күйзелтуші дертке айналып отыр. Өйткені, статистика мәліметіне жүгінетін болсақ, ажырасушылар саны жылдықүйленгендер санының 35 % - інен астамын құрап отыр. Әйел талақ мәселесінде әлсіз орынды ұстанады. Себебі, көбінісе талақтың шешімі оның қолында емес, бірақ талаққа себеп болатын істерді басағасынан алыстату оның қолынан келетін іс. Жаңадан тұрмысқа шыққан келіншектер мен тұрмыстық өмірінде көптеген проблемаларға душар болып жүрген әйелдерге талақтан аулақ болып, жанұясын қорғау үшін, талаққа себепші болатын он жеті істі сыбырлап айтпақпыз. 1.Жанұяның негізгі тірегі - әйел мен күйеу арасындағы сыйластық, бала – шағасы. Сондықтан әйелдің үйіне, бала шағасына көңіл аудармауы, тек өзінің қарабасын ойлауы, талаққа себепші болады. 2.Кейде әйелдер үйіне, бала-шағаларына қарауға қолы тимей кетеді. Ол сұлулығын сақтау үшін сәнденуге ерекше көңіл бөліп, шаштаразға, киім дүкендеріне, сән салондарына барумен айналысып, қолы тимей, үйін қараусыз...
Толығырақ... Оқылды: 467 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 19.04.2019

Бір күні Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)Айша анамыздың(Оған Алла разы болсын)қолынан күміс жүзіктерді көріп: Бұлар не? – деп ұнатпаған кейіп танытады. Оларды сіз үшін сәнденейін деп тақтым. Ал бұлардың зекетін төлеп пе едің? Айша анамыз(Оған Алла разы болсын)жауап қата алмай тұрып қалады. Өйткені аз мөлшердегі бұл жүзіктердің зекеті болмайтынын білетін. Сондай-ақ одан: «Мөрсіз бес күміс ақшадан аз нәрсенің зекеті берілмейді»1дегенді де естіген. Ал саусағындағы бұл жүзіктердің зекеті одан төмен еді. Дереу бойын жиып: Жоқ, - деп жауап берді. Жақындығын білдіріп, қасындағылардың да өзі секілді қарапайым өмір сүргенін қалаған Пайғамбарымыз(Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірлік жолдасына: Тозақ ретінде бұл саған жеткілікті болар еді!2– деген сөздерді нәзік жүрегін тітіркендіріп, естен тандыра жаздады. Айша анамыз(Оған Алла разы болсын)сол күннен бастап аз да болса дүниелік нәрсені ертеңгі күніме керек б...
Толығырақ... Оқылды: 362 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 16.04.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.