Жаңалықтар

Маңызды кездесу

Желтоқсанның18-і күні адандық Мәдениет үйінде облыстық және аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткерлер аудан орталығында орналасқан «Көксу қант зауыты» ұжымының еңбеккерлерімен кездесті. Кездесуге «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Аманбайұлы мен депутаттыққа үміткер азаматтар және зауыт ұжымы қатысты. Жүздесу барысында үміткерлер өздерінің сайлауалды барғдарламаларымен бөлісіп, сауалдарға жауап берді. Ал кездесуге келе алмай қалған, яғни кезекшілікпен жұмыс орнында болған азаматтар үшін үміткерлер зауытқа арнайы барып қайтты.
Толығырақ... Оқылды: 923 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.12.2020

Жас үміткер жастармен жүздесті

Бүгін сайлауға қатысты үгіт-нәсихат пен сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Мәжілістің депутаттығына үміткер Дамир Дигай жастармен кездесті. Кездесуге ауданның жалпы жастары мен білімгерлері қатысты. Қазіргі пандемия жағдайына байланысты барлық санитарлық талаптары сақталған іс-шарада жас үміткер өзінің осы уақытқа дейін атқарған жұмыстары мен жүріп өткен өмір жолы жайында баяндады. Ол бұл кездесудің өзінен өзге, өзі үшін маңызды екенін атап өтті. Себебі, ол жас буынның белсенділік танытып, жүректері алып ұшып тұрған уақытта пайдалы ақпаратпен, өзінің іс тәжірибесімен бөлісіп, дұрыс бағыт-бағдар беріп жүргеніне дән риза. Өте жоғары деңгейде өткен кездесу соңында жастар үміткерге өздерінің сауалдарын ашық түрде қойып, ұсыныстарын да білдірді. Әрбір жастың көзінен жалын көрген Дамир Дигай қойылған сұрақтарға тиянақты түрде жауап берді.
Толығырақ... Оқылды: 898 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.12.2020

Партия билеттері табысталды

Желтоқсанның он бесінші жұлдызы «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалында 16-шы желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында салтанатты жиын өтті. Салтанатты шараға «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов, партияның белсенді мүшелері және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Аталмыш жиынның басты мақсаты партияға жаңадан қабылданған азаматтар мен азаматшаларға салтанатты түрде партиялық билеттерді табыстау болды. Басқосуда Мәлік Бейсенов партия қатарына қабылданғандарды мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. — Бүгін Тұңғыш Президент күніне орай жуырда партия құрамына қабылданған бірқатар азаматтарға партиялық билеттерді салтанатты түрде тапсыруға бас қосып отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, келер жылы тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Осы уақыт ішінде біздің еліміз әлемге танылып, терезесі тең, әлемдік деңгейдегі Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды. Атап келгенде, мұның бәрі — Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сар...
Толығырақ... Оқылды: 914 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 20.12.2020

«Тәуелсіздікке тарту»: Талдықорғанда 120 коттедж елге үлестірілді

Облыс орталығында тағы да қоныс той. Тәуелсіздік күні қарсаңында 120 үйдің кілті үлестірілді. Қарашаның қуанышымен бөлісуге Облыс әкімінің бірінші орынбасары Ляззат Тұрлашев пен қала әкімі Ғалымжан Әбдірайымов арнайы келді. Коттедж қалашығының бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша жалпы ауданы 56,6 мың шаршы метр, құны 8,5 млрд.теңге болатын 620 жеке тұрғын үй құрылысы қарастырылған. Бүгінгі күнге дейін аумағы 19,5 мың шаршы метрді құрайтын 228 коттеджге бұқара тұрақтанды. Мұнымен өңір халқын баспанамен қамту ісі толастап қалмады. Еліміздің басты мерекесіне орай, ауданы 12,3 мың шаршы метр болатын 120 үй қолданысқа берілді. Аталған нысанды салуға 887,0 млн.теңге қаржы жұмсалған. Ел игілігіне берілген бұл үйлер 12 бөлікке бөлінген, әр бөлімде 4 үй жапсарласа салынған. Бұл өңір басшылығының тұрғындарға деген қамқорлығы. «Құрметті Талдықорғандықтар, қымбатты қонақтар, ұлы мерекеміз тәуілсіздік мейрамы құтты болсын. Елбасының бастамасымен, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұ...
Толығырақ... Оқылды: 922 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 16.12.2020

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев барша қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Құрметті отандастар! Баршаңызды еліміздің ең ұлық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Біз 29 жыл бұрын ата-бабамыздың ғасырлар бойы аңсаған арманын орындап, тәуелсіздікке қол жеткіздік. Әлем картасына Қазақстан атын ойып жаздық. Сол сәттен еліміздің жаңа тарихы басталды. Осы жылдар ішінде мемлекетіміз айтарлықтай өсіп-өркендеді, айтулы жетістіктерге жетті. Біз елдігіміз бен егемендігігімізді нығайтып, шекарамызды бекіттік. Бәсекеге қабілетті нарықтық экономикаға көшіп, мемлекетімізді аяққа нық тұрғыздық. Қазақстан әлем мойындаған іргелі елге айналды. Еуразия жүрегінде жаңа астанамызды салдық. Біз елімізде тұрақтылықты, қоғамымызда татулық пен келісімді сақтай отырып, көп ұлтты халқымызды бәсі бөлек артықшылыққа айналдырдық. Тәуелсіздікті алып, оны дүниеге паш ету бір бөлек, ал сол тәуелсіздікті сақтап қалу одан да зор міндет. Біз осы жылдар ішінде бұрынғы Кеңес одағы құлаған тұста дүниедегі ең үлкен экономикалық дағдарысты артқа тастап, қазіргі жа...
Толығырақ... Оқылды: 940 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.12.2020

Тәуелсіздік - ел тұғыры!

Сіздерді қазақстандықтардың ең ұлы, əрі қастерлі мерекесі – Тəуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн – біздің Отанымыздың əрбір азаматы үшін қасиетті мереке. Тəуелсіздік күні – ғасырлар бойы азаттық аңсаған халқымыздың өшкені жанып, асқақ арманы орындалған күн. 29 жыл ішінде ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз толағай табыстарға жетті. Қоғамдағы тұрақтылық пен өзара түсіністік, зор жауапкершілікпен жүзеге асырылған сыртқы саясат республикамыздың ғаламдық деңгейдегі беделін өсірді. Бүгінгі күні Қазақстан – кемелденген, қуатты мемлекетке, қазақстандықтар – тарихы біте қайнасқан, тағдыры ортақ тұтас халыққа айналды. Осының бəріне – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың көреген саясаты мен халықтың жасампаз еңбегінің арқасында қол жеткіздік. Тарихи міндет ел мен оның халқының ұлылығын жаңғыртуға қабілетті шынайы халық көшбасшыларын туғызады. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы На...
Толығырақ... Оқылды: 929 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.12.2020

«Адал» партиясы сайлауалды бағдарламасымен Жетісуға келді

Елімізде мәжіліс және мәслихат сайлауына 5 партия бағын сынап жатыр. Соның ішінде «Адал» партиясы да бар. Әділеттілік пен бірлікті, батылдық пен кепілдікті басшылыққа алған сенімді қоғам қалыптастыруды көздеген партия мәжіліс депутатығына 20 үміткерді ұсынып отыр. Олардың қатарында қаламы қарымды журналист Мақсат Толықбай, елдің байрағын халықаралық аренада көтерген спортшы Ардақ Назаров, «Баспанаға бағыт» деп әр қазақтың үйлі болуына бағдар беріп жүрген блогер Дәулет Мұқаев, Қазақстанның қой шаруашылығы қауымдастығының жетекшісі Алмасбек Садырбаев сынды белсенділер бар. Депутаттыққа үміткер азаматтардың жас шамасы 27 мен 41 –ді құрайды. Оларды біріктірген ортақ мақсат. Баршашы алты алшатың жай-күйінің жақсаруын қалайды. Сондықтан да, сайлауалды бағдарламаларына базыналы елдің басты мәселелерінің шешу жолын қосқан. Қоғам белсенділерінің мінберге шығып, дабыл қағып айтып жатқан кемшіл тұстарды қарашаның өзі «сүт бетіне шыққан қаймақтай»...
Толығырақ... Оқылды: 949 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.12.2020

Алматы облысы әкімінің «ASYL JÚREK» сыйлығы өз иесін тапты

«Жесірін қаңғытпаған, жетімін жылатпаған» дархан елдің қанына қайырымдық жасау ісі біте қайнасқан. Қазақ қашанда сүрінгенге демеу, сүйенгенге тіреу болған. Бұл әсілі халықтың тектілігімен тікелей байланысты болса керек. Атамзаманнан бауырын жұртта қалдырып, жұтқа тастамаған бабалар ұстанымы бүгінге дейін жалғасып келеді. Замана өзгерседе адамзат кісілік келбетін жоғалта қоймады. Онысы елім деген ерлердің «әр қазақ - менің жалғызым» деген ұстанымды ұстанып, қысыл-таяң сәтте қол ұшын созғандығынан көрініс тапса керекті. Тіпті ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевта бір-бірімізге деген бауырмалдық сезімінің отын өшірмейік деп, волонтерлік қозғалысты дамыту мақсатында «2020 жыл – Волонтерлар жылы» деп жариялады. Аталған бастаманы қолдағандар саны есепсіз болды. Оған дәлел, өңірдің әр түкпірінен өзгенің мұң-мұқтажына бей-жай қарамайтын азаматтардың бас көтеруі. Жасы мен жасамысы күш біріктіріп, арнайы қайырымдылық қорын құрып, кейбірі жекелей қол...
Толығырақ... Оқылды: 959 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.12.2020

«Жанұя» орталығы өмірлік қажеттілкке сай мамандықтарға оқытады

Бұқараны қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету бұл «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізінде іске асуда. Базыналы елдің заңды тұрғыда сауатты болуы тек жеке басқа қатысты емес. Азаттығын алған, жеке дара мемлекет үшін ондағы тұратын халықтың да жан-жақты білімді болуы аса маңызды. Осы ретте Алматы облысының орталығы, Талдықорған қаласында «Жанұя» орталығының жұмыс жасайтынын атап өткен жөн. Аталмыш орталықтың жұмысын жандандыруға «Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі мемлекеттік мекемесі» қолдау көрсетіп отыр. «Жанұяның» негізгі мақсаты аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға жәрдем көрсету. Орталық барлық қызметті «бір терезе» қағидаты бойынша ұсынады. Білікті мамандар мұқтаж жандарға мемлекет тарапынан ұсынылып отырған арнайы әлеуметтік бағдарламалардың шарапатын көрудің жолдарын көрсетіп, бағыт береді. Осы арқылы олар Талдықорған қал...
Толығырақ... Оқылды: 931 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.12.2020

Алматы облысында жыл басынан 3 адам суға кеткен

Қылышын сүйретіп келген қыспен бірге қауіп-қатердің де артатыны тағы бар. Әсіресе айнала көк мұзға оранғанда түрлі келеңсіздіктер орын алады. Бұл кезеңде ойын баласы жалтыр мұзда сырғанауды, ересектер балық аулаудың қызығына кіреді. Көңіліңді көтеретін әдеттер әпсәтте қиындыққа душар етпесіне кім кепіл. Сондықтан да, Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қыс мезгіліндегі қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Алматы облысында жыл басынан бері 3 балықшы суға кеткен. Қайғылы жағдай Еңбекшіқазақ, Іле аудандарында орын алған. Ең өкініштісі үлкендердің қарауынсыз қалған 2014 және 2016 жылы дүниеге келген қос бөбек ажал құшқан. Мұның барлығы жеке бастың қауіпсіздігіне салғырт қараудың салдары. «Ата-аналар балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдырмаса екен. Бүгінгі күні облыс аумағындағы мұздың қалыңдығы адам салмағы үшін жеткілікті берік емес, осыған байланысты азаматтардан қатпаған мұзға шықпауды сұраймыз»,-дейді Алматы облысы Төтенше жағдайлар департам...
Толығырақ... Оқылды: 897 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 15.12.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.