Жаңалықтар

Алматы облысында 11 192 медицина қызметкері вакцина қабылдайды

Коронавирусқа қарсы екпе салу әліде жалғасуда. Алматы облысында айналасы он күннің ішінде 920 адам вакцина қабылдаған. Оның 410-ы Талдықорған қаласының азаматтары. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында белгілі болды. Жетісу өңірінде 26 медициналық мекемеде 29 егу кабинеті дайындалған. Вакцинаны тасымалдауға арналған тағы 9 мұздатқыш пен 11 белсенді термоконтейнерлер жеткізіледі деп күтілуде. Қазіргі уақытта 35 мұздатқыш және 29 белсенді термоконтейнер бар. «Алматы облысына ағымдағы жылы "Спутник V" вакцинасының 150 мың дозасын жеткізу жоспарланған. 2021 жылғы ақпанда 6 000 доза, наурызда - 9 000, сәуірден маусымға дейін - ай сайын 45 000 доза жеткізуді жоспарланып отыр»,-дейді Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Арман Джансеңгіров . Індетпен күресте алдыңғы шепте жүрген медицина қызметкерлері бірінші кезекте екпе алады. Вакцина салдыратын ақ халаттылардың саны 11 192. Ал, шалғай елді мекендерде вакцинация жү...
Толығырақ... Оқылды: 1269 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.02.2021

Ұлттық комиссия отырысы

Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі Ұлттық комиссияның отырысы өтті. Бейнебайланыс форматында өткен отырыста бағдарламаны іске асырудың ағымдағы қорытындылары талқыланып, одан әрі атқарылатын жұмыстың басым бағыттары айқындалды. Қырымбек Көшербаев отырысты аша келе, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» бағдарламалық мақаласында Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бастамашы болған «Рухани жаңғыру» бағдарламасын одан әрі дамытудың құнды бағдарларын айқындағанын атап өтті. Біріншіден, Тәуелсіздігіміздің қастерлі құндылықтарын қорғау мен қастерлеу, екіншіден, қоғамдық дамудың өзекті мәселелері бойынша нақты мемлекеттік ұстаным екенін айтты. Мемлекеттік хатшы жаһанданудың заманауи сын-қатерлері мен тегеуріндері жағдайында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы адам капиталын дамытудың басты бағдары әрі қоғам үшін...
Толығырақ... Оқылды: 1185 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 12.02.2021

ҚАРАҒАНДЫ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ КЕШЕНІНІҢ БАЗАСЫНДА COVID-19 ҚАРСЫ ВАКЦИНА ӨНДІРУ – СТРАТЕГИЯЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА

Қарағанды өндірістік кешенінің базасында вакцина өндіру туралы шешім ҚР Денсаулық сақтау министрлігі (ҚР ДСМ) және Ресейдің Тікелей Инвестициялар Қорының (РТИҚ) арнайы мамандар тобының қазақстандық фармацевтикалық кәсіпорындарына жүргізілген сараптамаларының нәтижесінде қабылданды. Сарапшылардың деректері бойынша ҚФК ресейлік субстанциядан дайын өнімді өндіруге анағұрлым дайын болып шықты. РТИҚ мамандары жүргізген техникалық аудит нәтижесі өндірістік алаңның коронавирусқа қарсы вакцинаның дайын түрін шығару үшін барлық талаптарға сәйкес келетінін растады. Бүгінгі таңда ҚФК халықаралық GMP стандартына сай, биотехнологиялық препараттарды өндіруге толық мамандандырылған, барлық қажетті инфрақұрылымға ие, әлемдік жетекші өндірушілердің технологиялық және зертханалық жабдықтарымен жабдықталған Қазақстан Республикасындағы алғашқы және әзірге жалғыз фармацевтикалық кәсіпорын болып табылады. Ресейлік «Спутник V» вакцинасын өндіру шеңберінде ҚФК мен вакцина өндірісінің лицензиясы...
Толығырақ... Оқылды: 1238 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.02.2021

Мүгедектерді әлеуметтік қолдау

Қоғамның ерекше мүшелеріне мейілінше жағдай жасау зайырлы мемлекеттің басты ұстанымы. Сандық технологияға көшкен уақытта, кез-келген қызмет түрі қандай қашықтыққа қарамастан қол жетімді болуы шарт. Бәз баяғыдай, сансыз есікті тоздырып, қисапсыз қағаз толтырып, жауаптылардың жауабын күту келмеске кетті. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін, жаңашылдыққа бет бұрған қоғамдағы бұл бастама біршама жұмысты жеңілдетері анық. Алматы облысында 67 мың кембағалы адамдар тұрады. Енді олар « әлеуметтік қызмет» порталының қызығын көре алады. Тағдыры сын тезіне салғанымен қоршаған орта оларды сыртқа теппейді. Сол үшінде үкімет қолда бар мүмкіндікті пайдаланып, оларды қоғам өміріне белсенді тарту үшін барлық жағдайды жасауда. Осы мақсатта заңнамада мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және қолдау негізінде жәрдемақылардың 4 түрін төлеу, оңалту қызметтері мен құралдарын ұсыну, санаторий-курорттық емдеу, көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтері сынды шаралар кешен...
Толығырақ... Оқылды: 1201 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.02.2021

БІЛІМ ТУРАЛЫ ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ

Қайырлы күн, оқырман! Бүгінгі #oqy&toqy айдарында білім туралы құжаттардың, яғни мектепті бітіргеніңіз туралы аттестаттың не кез келген оқу орны дипломының телнұсқасын алу жолдарын айтатын боламыз. Сонымен білім туралы құжаттардың телнұсқасын алудың екі жолы бар: Еgov.kz арқылы: Ең алдымен порталға кіріп, іздеу жолы арқылы «Білім туралы құжаттардың телнұсқасын алу» деген қызметті табыңыз. Қызметке онлайн тапсырыс беріңіз; Бірінші қадамда өзіңіз туралы мәліметтерді, қайта қалпына келтіретін құжаттың түрін таңдаңыз; Оқу орны жайлы мәліметтерді ұсынылған нұсқалардан "қосу" батырмасын басу арқылы көрсетіңіз; Екінші қадамда ЭЦҚ арқылы өтінішке қол қойыңыз; Қызмет нәтижесін жеке кабинетіңізден тексеріп отырыңыз. Есіңізде болсын Бұл қызмет түрін электронды алу үшін сіз міндетті түрде мобильді азаматтар базасында тіркелген болуыңыз керек. Қызмет көрсету уақыты – 15 жұмыс күні. ХҚО арқылы жүзеге асыру үшін: Ең алдымен ХҚО-ға кезекті онлайн брондаңы...
Толығырақ... Оқылды: 1275 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.02.2021

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры"

Күнделікті "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалына халықтан сақтандыру мәртебесі бойынша сұрақтар мен қоңыраулар түседі, өзекті сұрақтарға Қор филиалының орынбасары Қарлығаш Құрманалиева жауап берді: -Ай сайын БЖТ төлеген, бірақ мәртебесі сақтандырылмаған болып шығатын азамттар пайда болады, неге? Бұл жағдайда өтініш берген сәтте ағымдағы ай үшін БЖТ төленбеген немесе алдыңғы үш ай ішінде төленбеген болар. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Заңға сәйкес, сақтандыру мәртебесін алу үшін БЖТ төлеуді кем дегенде үш ай қатарынан жүргізу қажет. Сонымен қатар, егер ол төртінші айда медициналық көмек алуға ниет білдірсе, онда ол БЖТ төлеуі керек. Яғни, әр ай сайын үздіксіз БЖТ төлеу қажет. Мүмкін, адам техникалық себептермен жүйеден "шығып кеткен" шығар. Ол үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жүгіну қажет. -Мәртебесі, «сақтандырылмаған» жұмыссыз азамат қай кезеңнен бастап төле...
Толығырақ... Оқылды: 1257 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.02.2021

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС БОЙЫНША ОҚЫТУ СЕМИНАРЛАРЫНЫҢ СЕРИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ бірлесіп квазимемлекеттік және жеке секторларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті ілгерілету бойынша алғашқы оқыту семинарын өткізді. Семинар жұмысына мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің басшылары қатысты, барлығы 1000-нан астам адам. Айта кету керек, квазимемлекеттік компанияларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенсті енгізу бойынша міндет өткен жылдың соңынан бастап заңнамалық деңгейде енгізілді және корпоративтік адалдық стандарттарының сақталуын бақылауды көздейді. Іс-шараны ашқан Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов бизнесті парасатты жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Транспаренси Қазақстан социологиялық зерттеуінің нәтижелеріне сәйкес, сұралған бизнестің тек 8,2%-ы 2020 жылы сыбайлас жемқорлық тәжірибесі туралы хабарлады. Кәсіпк...
Толығырақ... Оқылды: 1148 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.02.2021

АДАЛДЫҚ САҒАТЫ МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ МӘҢГІЛІК МҰРАСЫНА АРНАЛДЫ

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Мұқағали Мақатаев – мәңгілік ғұмыр» тақырыбындағы кезекті адалдық сағаты өтті. Онлайн дәрістің негізі ретінде әділеттілік пен адалдыққа, патриотизмге және елге деген құрметтен өрнектелген ұлы ақынның шығармалары алынды. Биыл 9 ақпан күні жыр мұзбалағы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл (1931–1976) толды. Мақатаевтың шығармашылығы қазақ поэзиясының алтын қоры болып табылады. ХХ ғасырдың бірінші жартысында дүниеге келген, рухы мен бар бітімімен халықтың қайнар көзін сіңірген дарын өз халқының ең сүйікті ақыны болды. «Поэзия – махаббаттан басталып, парасатпен аяқталуы тиіс» деген Мұқағали ақынның өлеңдері ең әуелі адамдарды адалдыққа, тазалыққа, мейірімді болуға, жас ұрпақты Отанды сүюге, туған жерді құрметтеуге, ана тілімізді ардақтауға, қарттарымызды қадірлеуге және дәл осындай бейбіт күннің қадірін білуге шақырады. Онлайн-дәріс барысында жастар ақынның патриотт...
Толығырақ... Оқылды: 1195 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 09.02.2021

Толығырақ... Оқылды: 1604 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 03.02.2021

Толығырақ... Оқылды: 1890 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.01.2021
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.