Жаңалықтар

Сайлау барысын бақылаушылардың міндеттері түсіндірілді

Алдағы сайлау науқанына дайындық қызу. Тіпті бұл жұмыстар қарашаның 4 жұлдызында бастау алған. Бұл жолғы сайлауды Қазақстан Азаматтық Альянсы жанындағы партиялық емес, дербес байқау орталығы бақылайтын болады. Жұмыс жоспарына сәйкес, Алматы облысының аудан, қалаларындағы 20 үйлестіруші арнайы оқудан өтті. Сайлау барысын бақылаушылардың құқықтары мен міндеттерін сақтау тұрғысынан «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен танысуды Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының экс-мүшесі Бақыт Сәрсенбайұлы жүргізді. Сондай-ақ, 10 желтоқсанда аймақтық штаб өкілдері Алматы облысының Азаматтық Альянсының басшысы Жанар Нұрмұхановамен, кәсіподақтардың облыстық аумақтық кәсіподағының басшысы М.Төлепбергеновпен кездесу өткізді. Кездесу барысында бақылаушыларды даярлау мәселелері қарастырылып, бақылаушылардың толық ынтымақтастықта жұмыс жасайтындығына сенім білдірілді. Сонымен қатар, «НұрОтан» партия филиалы...
Толығырақ... Оқылды: 1916 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.01.2021

КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ

Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Мұқыры ауылына арнайы барып қайтты. «Қайнар» шаруа қожалығындағы басқосуға Алматы облысының «Кәсіподақ орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Қыдырманов Әсет Серікқалиұлы, «Қыдырәлі» шаруа қожалығының басшысы Секенбай Шеңгелбаев, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқытушысы, жекпе-жек өнерінен Азия ойындарының чемпионы және алтын жүлдегері, ҚР спорт шебері Күрішбаева Ділдаш Нариханқызы қатысты. Олар аталған қожалықтағы ұжымның еңбеккерлерімен және ауыл тұрғындарымен партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында жолыққан болатын. Облыстық депутаттыққа үміткер ретінде олар өздерінің де алдағы уақытқа дайындаған жұмыс жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар кездесуге қатысқандар өздерінің сауалдарын қойып, ұсыныс-тілектерін де білдірді. Атап айтар болсақ, тұрғындар Мұқыры ауылдық округіне қарасты елді-мекен 10 жылдық Қазақстан ауылының ескірген білім ордасын қайта жаңартып н...
Толығырақ... Оқылды: 2464 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.12.2020

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарды қабылдау және ауыстыру мерзімін ұзарту туралы Ұлттық Банк 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттарды ауыстыру мерзімін 2021 жылдың 1 ақпанына дейін ұзартты. 2006 жылғы ҮЛГІДЕГІ БАНКНОТА Банкноттар жеке тұлғалар үшін тек Ұлттық Банктің филиалдарында ғана айырбасталады. 2021 жылдың 1 ақпанынан кейін банкноттарды айырбастау тоқтатылады. Аймақ бойынша банкноталар Талдықорған қаласы Төлебаева 58/64 адресі бойынша Ұлттық Банктің Алматы облыстық филиалы кассасында айырбасталады. Еске сала кетейік, 2006 жылғы үлгідегі номиналдарға тән банкноттарды айырбастау кезеңі 2016 жылдың қазанынан 2020 жылдың 5 қазанына дейін – 4 жыл бойы ұзартылып келді. Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Ұлттық Банктің 1477 байланыс орталығына хабарласуға болады. Толығырақ ақпаратты БАҚ өкілдері мына телефоннан ала алады: +7 (728) 2 55-95-09 e-mail: www. tald_80@nationalbank.kz
Толығырақ... Оқылды: 2395 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 29.12.2020

Онлайн жүздесу

Бүгін «Nur Otan» партиясы Көксу аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсенов "Уыз май" ЖШС-нің еңбек ұжымымен онлайн форматта Skype бағдарламасы арқылы кездесу өткізді. Онлайн жүздесу барысында Мәлік Аманбайұлы партияның сайлауалды бағдарламасымен бөлісті. Сонымен қатар ол онлайндық үгіт-насихат жиынына қатысқандардың тарапынан келген сауалдарға жауап беріп, ұсыныс-тілектерін қойын дәптеріне түртіп алды. 10 желтоқсан күні болатын сайлауға шақырып, партияға дауыс берулерін де сұрады. Зауыт туралы айтар болсақ, бұл жерде заман талабына сай батыс еуропалық құрылғылар орнатылған, олар соя бұршақтарын өңдейді. Зауытта жарманы сақтайтың екі ірі қойма, салқын орын бар. Сояның сапасын тексеру үшін арнайы лаборатория жұмыс жасайды. «Компания ең жақсы шикізатты таңдап алады. Оны жоғарғы технологиялық құрылғыда өңдеп, серіктестеріне экологиялық таза, пайдалы өнімді жіберіп отырады. Тұрақтылық, қаржылық сенімділік және жоғары технологиямен соя өндіру -...
Толығырақ... Оқылды: 2240 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.12.2020

ҚР Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер "Жәрдем" БПҰ-мен кездесті

ҚР Парламент Мәжіліс депутаттығына үміткер Каримов Досан Елжанұлы «Жәрдем» БПҰ-мен кездесті. Жәрдеммен өткен жарқын жүздесуде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары таныстырылды. Досан Каримов бастауыш партия ұйымымен өткізген еркін форматтағы кездесуі аясында сөз сөйлеп, партия тарапынан атқарылып келе жатқан ілкімді істер жайлы және де алдағы уақыт еншісіндегі байырқалы бастамалары туралы баяндады. Аталған БПҰ-ның мүшелері үміткерге ауыл мен ауданға қатысты маңызды деген халық көкейіндегі қадау-қадау мәселелер төңірегінде өз сауалдарын қойып, екі жақты пікір алмасты. Сондай-ақ, ел дамуының алдағы жылдардағы жоспары жайлы ойларымен бөлісті. Келелі кездесу соңында аталған БПҰ-ның мүшелері Досан Елжановқа алдағы сайлау сәтті өтсін деген тілектерін айтты.
Толығырақ... Оқылды: 2018 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 28.12.2020

Ұлттық экономика министрлігіндегі парасаттылық тәжірибесі

Тараптардың бастамасы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен Ұлттық экономика министрлігі басшылығының кездесуі өтті. Негізгі күн тәртібі министрлік жетекшілік ететін салаларда жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша өзара іс-қимыл мәселелеріне бағытталған. Бейнеконференция байланысы арқылы өткен іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің, ҚР ҰЭМ, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің және «Микрография ғылыми-зерттеу институты» РММ аумақтық бөлімшелері де қатысты. Кеңесті ашқан Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде органның қағидаттық ұстанымды ұстанатынын атап өтті. «Бұл бағытта жүйелі және мақсатты жұмыс жүргізілуде», – деп атап өтті экономикалық ведомство басшысы. Бизнес-үдерістерді функционалдық талдаумен және оңтайландырумен байланысты негізгі шаралармен қатар, қызметкерлер арасында адалдық және парасаттылық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастамашылық жобалар іске қосы...
Толығырақ... Оқылды: 1477 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.12.2020

Жетісу өңірінде соңғы тәулікте 61 жағдай тіркелген

Алматы облысында коронавирустық инфекциямен күресу жұмыстары жалғасуда, осыған сәйкес қажетті шектеулермен карантиндік режим сақталуда. Облыста қазан, қараша, желтоқсан айларында індеттің өсу қарқыны үдеп отыр. Денсаулық сақтау министрінің айтуы бойынша елімізде аурудың максималды өсуі 2021 жылдың қаңтар, ақпан айларында орын алады деп болжануда. Жетісу өңірінде соңғы аптадағы мәліметтер бойынша коронавируспен ауырғандардың өсу қарқыны 0,7% құрап, соңғы тәулікте 61 жағдайы анықталған. Бүгінгі күні облыс бойынша коронавирустың 6725 жағдайы тіркелді, оның 5758-і емделіп шықты. «Стационарлық емдеуде 328 адам жатыр, реанимация бөлімшесінде 22, ИВЛ аппаратына 1 адам қосылған. Талдықорған қаласындағы жаңа облыстық инфекциялық ауруханасында 58 пациент ем алуда.Науқастарға барлық медициналық көмектер көрсетілуде. Өкінішке орай осы айда 12 адам осы індеттен көз жұмды. Қайтыс болған азаматтардың көпшілігі дәрігерлердің көмегіне кеш хабарласуы болып отыр»,-деді облыс әкімінің...
Толығырақ... Оқылды: 1450 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.12.2020

Сауық құрамын деп сақтықты ұмытпаңыздар!

Жаңа жыл мерекесі көңілге қуаныш сыйлағанымен қарашаның тағдырын бір сәтте өзгеріп жіберері тағы бар. Жарқылдаған отшашулар, қызыққа толы кештің аяғы қайғылы оқиғаға ұласып жатады. Мұндайда төтенше жағдайлар департаментінің мамандары қауіпсіздікті басты назарға алу керек деп дабыл қағады. Пиротехникалық заттарды пайдалану барысында халық жарақат алып, тіпті айналаны қызыл жалын шарпып кету қауіпі жоғары. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін төтеншеліктер полиция қызметкерлерімен бірлесіп пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату фактілерін анықтау бойынша рейдтік іс-шаралар өткізуде. Отшашуларды заңсыз сату бұл әуелі адам денсаулығына төтенше қауіпті. Бұл ретте мемлекет заң аясында қатаң шараларды қолдануға мәжбүр. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 483-бабының 1-тармағына сәйкес азаматтық пиротехникалық заттар мен бұйымдарды сақтау, тасымалдау, сату, әкелу, әкету тәртібін бұзу-жеке тұлғаларға пиротехникалық заттар мен, азаматтық пиротехникалық...
Толығырақ... Оқылды: 1250 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.12.2020

http://nurly.koksu.gov.kz/news/cat-2/2404/

Өткенге есеп, болашаққа бағдар қояр бұл жиын Жетісуда дәстүрлі өтіп келеді. Биылда сән -салтанатты бұзбай облыс әкімі Амандық Баталов өңірге еңбегі сіңген, қалтқысыз қызмет еткен зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер алқасын жаңа жыл қарсаңында қабылдады. Жиынға шақыртылғандар санаулы. Олардың арасында аймақтың «Құрметті азаматтары, «Құрмет» орденінің иегерлері, облыстық Ардагерлер кеңесінің мүшелері бар. Ерте жастан еңбекке араласқан қарттарымызға қандай құрмет көрсетсе де артық емес. Өйткені, бірі тылда жұмыс істесе, ендігісі әлі күнге ауыл шаруашылығы саласында табысты еңбек етіп келеді. Салтанатты шара өзіне тән сәнімен басталып, қарияларды күмбірлеген күймен қарсы алды.Бұл кездесу, бұрынғыдан өзгерек десекте болады. Шараның алғашқы шымылдығы биылғы індет салдарынан бақилық болған ел азаматтарын еске алумен басталды. Артынша, өңірде атқарылған жұмыстар жайында әзірлеген бейнеролик көптің назарына ұсынылды. Игі кездесудегі алғашқы сөзді облыс әкімі Амандық Ғ...
Толығырақ... Оқылды: 1715 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2020

Алматы облысында індеттің өсімі тәулігіне 0,6 пайызды құрайды

Жетісу жерінде жалпы коронавирус инфекциясының 6604 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 2358 адамнан КВИ анықталған. 5709 толық емделіп шықты. Қазіргі уақытта 432 пациент әлі ем қабылдап жатыр. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлім болды. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының берген мәліметі бойынша, бүгінгі күні облыста 49 адамның індетті жұқтырғаны белгілі болып отыр. Сәйкесінше өсім тәулігіне 0,6 пайызды құраған. Инфекциялық стационарлардың жүктемесіде ұлғайып, төсек-орын саны 683-тен 1003 төсекке дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ, коронавирустық инфекцияға күдікті және расталған адамдар үшін реанимациялық төсек саны 96-дан 110-ға дейін артты. «Коронавируспен күреске барлығы жергілікті бюджеттен 13,8 млрд.теңге, оның ішінде екінші толқынға дайындыққа - 8,8 млрд. теңге бөлінді. 3 компьютерлік томограф, 18 рентген аппараты және басқа да медициналық жабдықтар мен 31 хай Флу аппараты сатып алынды. Ауруханаларда 534 өкпені жасанд...
Толығырақ... Оқылды: 1707 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.12.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.