Жаңалықтар

КОРОНАВИРУС: КӨКСУДАҒЫ ХАЛ-АХУАЛ

«Жаман айтпай, жақсы жоқ»,- дейді дана халқымыз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қаққан дабылы бойынша алдағы уақытта пандемияның екінші толқыны болуы мүмкін деген болжам бар. Осыған байланысты аудандық аурухананың мәліметі бойынша өңірде жүйелі дайындық жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта өңірде коронавирус індеті мен пневмонияның жаңа жағдайлары анықталған жоқ. Сырқаттанушылықтың төмендеуіне байланысты провизорлық стационар жабық. Тек жұқпалы аурулар ауруханасы ғана жұмыс істеп тұр. Бұған қоса күзгі толқынға дайындық шаралары жүріп жатыр. Коронавирустық инфекциямен күресу үшін 65 төсектік провизорлық бөлімше дайын. Сондай-ақ, аталмыш инфекцияға ұқсас белгілері бар науқастарды қабылдау үшін екі сүзгі-кабинеті дайындалған. Барлық медицина қызметкерлеріне коронавирустық инфекцияны анықтау және емдеу алгоритмдерінің нұсқаулары мен диагностикалау және емдеу хаттамалары бойынша оқыту жүргізілді. Жеке қорғану құралдарының және дәрілік препараттар мен медициналық мақсаттағы...
Толығырақ... Оқылды: 199 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 22.10.2020

ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ БАҚ ӨКІЛДЕРІН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЖАҢА ЗАҢНАМА ӨЗГЕРІСТЕРІМЕН ТАНЫСТЫРДЫ

Бүгін Jetysu медиа орталығында СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢНАМАЛЫҚ НОВЕЛЛАЛАР тақырыбында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департамент басшысы Ернар Мақажановтың қатысуымен брифинг өткізілді. Брифинг аясында Ернар Мақажанов 6 қазанда Мемлекет басшысы қол қойған, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі әзірлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңға енгізілген ұсыныстар бойынша баяндады. Департамент басшысы Ернар Мақажанов атап өткендей, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттік қызметінің маңызды және өзекті бағыттарының және сыбайлас жемқорлықты жоюдың негізгі тетіктерінің бірі болып табылады. Бұл жұмыстың нәтижесі 6 қазанда Мемлекет басшысы қол қойған, Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспа...
Толығырақ... Оқылды: 242 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.10.2020

Мемлекеттік қызметте туыстық қатынасқа орын жоқ

Жең ұшынан жалғасқан жемқорлыққа тосқауыл қоюға бысым назар аударылған. Құзырлы органдар бұл ретте заңнамалық тұрғыдан өзгерістер енгізуде. Құқықтық негіздегі бір қатар қабылданған қатаң шаралар «бармақ басты, көз қыстылықты» жоюдың тетігі болмақ. Үкіметтің заң жобалау жұмыстарының 2020 жылға арналған жоспарын орындау мақсатында Агенттік әзірлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі заңға мемлекет басшысы 6 қазан күні қол қойған еді. Бас құжаттағы 3 кодекс пен 10 заңға түзетулер енгізілді. Заң Мемлекет басшысының жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың арандатушылық әрекеттері үшін қатаң жауапкершілік белгілеу туралы тапсырмасын іске асыруға бағытталған. Ең әуелгі заңдағы өзгеріс, мемлекеттік қызметкерлерге сыйлық беруге және аталған тұлғаларға сыйлық алуға тыйым салынып отыр. Сыйлық алуға тыйым салынған тұлғалар қатарына депутаттар, судьялар, саяси қызметшілер, "А" корпус...
Толығырақ... Оқылды: 159 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.10.2020

АНТИКОР ЖӘНЕ БҰҰДБ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫН НЫҒАЙТАДЫ

А.ж. 20 қазанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев БҰҰДБ-ның Қазақстандағы тұрақты өкілі Якуп Беришпен кездесті. Кездесудің негізгі күн тәртібі – БҰҰДБ-ның 2021-2025 жылдарға арналған Елдік бағдарламасының аясында жемқорлыққа қарсы іс-қимыл желісі бойынша ынтымақтастықты талқылау болды. «Қазіргі жағдайда пәрменді қылмыстық-құқықтық құралдармен қатар жүйелі алдын алу жұмысының да маңызы зор. Бұл тұрғыда парасаттылық, ашықтық, есептілік және тұтынушыға бағдарлану арқылы мемлекеттік аппаратты трансформациялау шешуші рөл атқарады», – деп атап өтті Алик Шпекбаев. Өз кезегінде БҰҰДБ Тұрақты өкілі Якуп Бериш ведомствоның қызметіне жоғары баға беріп: «Былтыр Агенттіктің құрылуы – елдің жемқорлықты жеңуге ұмтылысының тікелей көрсеткіші. Біз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің халықаралық стандарттар мен рейтингтер тұрғысынан жан-жақты, жүйелі жұмысын көріп отырмыз. Орталықта және өңірлерде БҰҰ-ның саясатына сәй...
Толығырақ... Оқылды: 171 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.10.2020

АЛИМЕНТТІК ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТУЫНДАУЫН БОЛДЫРМАЙТЫН – БАҚЫТТЫ ОТБАСЫН ҚҰРУДЫҢ ЖЕТІ ТӘСІЛІ

Бүгін Алматы облысының жеке сот орындаушыларының Өңірлік палатасы мен көтеріп отырған, шешімін іздеуді талап ететін мәселе, халықтың әлеуметтік осал топтарының - отбасы мүшелерінің алименттік қатынастарының мүдделерін қозғайды. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты - азаматтардың неке-отбасы қатынастары болып табылатыны белгілі. Дамудың қазіргі кезеңінде отбасы-әлеуметтік және рухани институт ретінде өзгерістерге ұшырады, тіпті отбасылық дағдарыс туралы айтуға болады. Заңды түрде бекітілмеген ажырасулар мен заңсыз өмір сүру саны өсуде. Неке заңды күші жоқ және тиісті құқықтық салдарлар туғызбайтын діни жоралар бойынша жасалады. Бір ата-анасы бар отбасылар мен некеден тыс туылған балалар көбейіп жатыр. Соңғы жылдары Қазақстанда, посткеңестік кеңістіктегі басқа республикалардағыдай, неке қию деңгейінің тұрақты төмендеуі және ажырасу санының артуы байқалады. 2019 жылғы бірінші тоқсанның статистикалық деректеріне сәйкес ҚР бойынша жасалған нек...
Толығырақ... Оқылды: 192 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.10.2020

Жүктіліктің жай-күйін қалай анықтауға болады?

Гинеколог дәрігер тест нәтижелерін растағаннан кейін, әйел үшін дәрігерге тұрақты түрде барып тұру қажет болады. Әр триместрдегі әртүрлі талдаулардан басқа, дәрігер іштің өлшемдерін алып, жүкті әйелдің салмағын өлшейді. Бір қызығы, бірінші триместрде әйел негізінен токсикоздан салмағын жоғалтады. Ал салмақ қосу тек екінші триместрден басталады. Іштің өсуі де төртінші айдан кейін біліне бастайды. Бірінші биохимиялық скрининг жүктіліктің 10-13 апта аралығында жүргізіледі. Екіншісі 16-20 апта аралығында өтеді. Бұдан бөлек, Денсаулық сақтау министрлігінің талабы бойынша, аяғы ауыр әйелдер үш рет ультрадыбыстық скринингтен өтуі керек: 1. алғашқы триместрде, яғни, жүктіліктің 10-12 аптасында; 2. 19-20 апта аралығында; 3. 32-34 апта аралығында. Бұлардың ішіндегі маңыздысы – екінші триместрдегі ультрадыбыстық тексеру. Мұнда іштегі шарананың жағдайы, мүшелерінің қалыптасып дамуы 22 параметр бойынша тексеріледі. Егер баланың дамуында қандай да бір күрделі кемістігі барын тек ультр...
Толығырақ... Оқылды: 195 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.10.2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет СҚ-Фармация қызметінің «қайта жүктелуін» сүйемелдеуде

«СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аппараттық кеңесінде ағымдағы жылдың шілде-тамыз айларында жұртшылық пен сарапшыларды тарта отырып жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындылары бойынша ұсынымдарды орындаудың аралық нәтижелері туралы баяндады. Компания COVID-19 пандемия жағдайында медициналық ұйымдарды дәрі-дәрмектермен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету тиімділігін айтарлықтай төмендеткен мәселелер кешенін жоюға бағытталған қызметті «қайта жүктеу» бағдарламасын қарқынды іске асыруда. Атап айтқанда, Антикор талдау аясында жоспарлау жүйесінің жетілмегендігіне, адами фактордың сатып алу жүйесіне ықпалына, ұзақ мерзімді жеткізу шарттарын іске асыру кезіндегі тәуекелдерге, логистика жүйесіндегі кемшіліктерге, гуманитарлық көмек алу және бөлу тетігінің жетілмегендігіне, ішкі бақылау тетігіндегі олқылықтарға, кадр саясатындағы тәуекелдерге және жоғары әкімшілік шығындарға н...
Толығырақ... Оқылды: 168 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.10.2020

Кресло-арбаларға өтініш беру

Мүмкіндігі шектеулі азаматтар мүгедектер арбасына тапсырысты ХҚО арқылы бере алады. Ал біз бүгінгі #oqy&toqy айдарында оны жүзеге асыру жолын көрсететін боламыз.
Толығырақ... Оқылды: 157 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 22.10.2020

Саяси кеңестің Бюро отырысы өтті

Бүгін 21 қазан күні Нұр Отан партиясы Көксу аудандық филиалында филиал төрағасының бірінші орынбасары Мәлік Бейсеновтың төрағалық етуімен "Көксу ауданының даму басымдықтары партияның аумақтық Саяси кеңес Бюросының онлайн форматтағы отырысы өтті. Аталмыш жиынға бюро мүшелері, аудан әкімінің орынбасарлары, партия ардагерлері, аудандық мәслихаттағы депутаттық фракцияның мүшелері, ауылдық округтердің әкімдері, мекеме-ұйымдардың басшылары, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Саяси кеңестің Бюро отырысында «Көксу ауданының даму басымдықтары туралы» талқыланып, қатысушылардың баяндамалары тыңдалды. Отырыс соңында күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша қаулы қабылданды. Демек, кеңес мүшелерінің ұсыныстары алдағы уақытта міндетті түрде қаралатын болады.
Толығырақ... Оқылды: 212 Санат: АУДАН ТЫНЫСЫ Уақыты: 21.10.2020

Алматы облысында жаңа қаулы қабылданды

Алматы облысының бас санитарлық дәрігерінің кезекті қаулысы күшіне енді. Қаулының негізі аймақтағы карантин режимі және кейбір шектеу шараларын енгізу болып табылады. Бұл туралы «Jetisy Media» ақпараттық алаңында өткен баспасөз-мәслихатында баяндалды. Халықтың жеке басының қауіпсіздігі мақсатында әдететгідей адам шоғырының көп болмауын қадағалау басты назарда болады. Осылайша жаңа қаулының негізінде 50 орыннан жоғары қоғамдық тамақтану орындары жұмыссын тоқтатады. Сонымен қатар, ойын-сауық нысандарыда есігін жабуға мәжбүр. Тек қана ашық аспан астындағы кинотеатрлар жұмысын жалғасытрады. Ереженің елге берер пайдасы орасан зор. Бірінші ол әрине сақтық шаралары, екінші қоғамдық көлікте енді иен тірескен адамдар болмайды. Өйткені қарашаның жұмысқа баратын және қайтатын уақыттарында қоғамдық көлік саны көбейтіліп, аралығы 5 минутқа дейін жиілейді. Және де әр рейс алдында қоғамдық көлікті, қоғамдық көлік аялдамаларын күніне кемінде екі рет, жуу және дезинфекциялау қ...
Толығырақ... Оқылды: 207 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 19.10.2020
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.