Жаңалықтар
Репродуктивті денсаулықты қорғау: аналыққа дайындықтан бастап нәрестеге қамқорлыққа дейін |
Репродуктивті денсаулықты қорғау – бұл әйелдер мен балалардың денсаулығын сақтау мақсатында жүктілікке дайындықтан бастап нәрестеге күтім көрсетуге дейінгі кешенді шаралар жиынтығы. Бұл ретте бала көтеруге дейінгі дайындықтың маңызы зор: медициналық тексеруден өту, зиянды әдеттерден бас тарту, дәрумендер қабылдау және генетикалық кеңес алу арқылы қауіп-қатерлердің алдын алуға болады. Сау жүктілік тұрақты медициналық бақылауды, дұрыс тамақтануды және эмоционалдық қолдауды қажет етеді. Мұндай жүйелі көзқарас жүктілік кезіндегі асқынулардың алдын алуға және ұрықтың дұрыс дамуына ықпал етеді. Бала туылғаннан кейін ана мен нәрестенің ерте байланысын қамтамасыз ету, емізуді бастау және медициналық тексерулер жүргізу маңызды. Ана сүті иммунитетті нығайтып, баланың дамуына оң әсер етеді және қажетті барлық заттармен қамтамасыз етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) алғашқы алты айда тек ана сүтімен қоректендіруді, әрі қарай қосымша тағаммен бірге кемінде екі жасқа дейін ж... |
Толығырақ... Оқылды: 189 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.04.2025 |
Жетісу облысында 8 су қоймасын салу жоспарлануда |
Жетісу облысының табиғи-географиялық ерекшеліктерін ескере отырып, су тасқыны кезеңі екі кезеңмен өтеді: біріншісі (ақпан айының соңынан сәуір айының басына дейін) – қардың еруіне, ал екінші (сәуір айының соңынан маусымға дейін) – мұздықтардың еруіне байланысты. Биыл су тасқынының бірінші толқыны 7-11 наурыз аралығында байқалып, бұл кезеңде жазық және тау етегіндегі аумақтарда қар қарқынды еріді. Уақытылы қабылданған шаралардың арқасында су тасқыны жағдайына жол берілмеді. Су тасқынына дайындық шеңберінде 34 алдын алу іс-шарасы жүзеге асырылды, оның ішінде жағалауларды бекіту және арналарды тазарту жұмыстары бар. Бүгінде облыс өзендері ашық, су деңгейі қалыпты, мұз кептелістері тіркелмеген. Су қоймаларының орташа толуы – 63%. Гидрологиялық жағдай 57 гидробекет арқылы бақыланып отыр, гидротехникалық құрылыстар иелерімен күнделікті деректер алмасу жүргізілуде. Облыстық төтенше жағдайлар комиссиясының отырыстары өткізіліп, әрекет ету жоспарлары бекітілді. Жағдай... |
Толығырақ... Оқылды: 187 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.04.2025 |
Жетісу облысында жыл басынан бері 47 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді |
ҚР Ішкі істер министрлігі 2025 жылды құқық бұзушылықтың алдын алу жылы деп жариялады. Бұл бастама қоғамдағы қылмыс деңгейін төмендету және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынды. Осы тұста облыста атқарылып жатқан жұмыстар туралы полиция полковнигі Қайсар Мұхметов ақпаратпен бөлісті. Жетісу облысында жыл басынан бері 47 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Олардың басым бөлігі – жол қозғалысы ережелерін бұзу. Атап айтсақ, 1600-ден астамы жылдамдықты асыру, 2900-ге жуығы көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, 1300-ден астамы жүргізушілердің көлік басқару кезінде телефон қолдануы, 3700-ге жуығы жаяу жүргіншілердің жол ережелерін сақтамауынан болған жағдайлар. Сонымен қатар, 142 жүргізуші көлікті мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу – басым бағыттардың бірі. Жыл басынан бері 29 адам жол апатынан қаза тауып, 314 азамат түрлі жарақат алған. Жыл басынан бері 76... |
Толығырақ... Оқылды: 193 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.04.2025 |
Жетісу облысында кенеге қарсы өңдеу жұмыстары басталды |
2025 жылдың басынан бері өңірдегі медициналық ұйымдарға кене шағуымен 660 адам жүгінді, оның 305-і – 14 жасқа дейінгі балалар. Ең көп жағдай Панфилов ауданында тіркелді. Кене энцефалиті бойынша эндемиялық аумақтар болып Ақсудың, Алакөлдің, Ескелді, Кербұлақ және Сарқан аудандары, сондай-ақ Талдықорған мен Текелі қалалары саналады. Алдын алу шаралары аясында 1 сәуірден бастап 230 гектар аумақта кенеге қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілуде, олар 28 сәуірге дейін жалғасады. Кене энцефалиті – жүйке жүйесін зақымдайтын қауіпті вирус ауруы. Инкубациялық кезең төрт аптаға дейін созылады, ал алғашқы белгілері тұмауға ұқсас болады. Ауыр жағдайларда сериозды асқынулар туындауы мүмкін. Өңірде энцефалитке қарсы иммуноглобулиннің жеткілікті қоры жасақталған. Дәрігерлер кененің жабысуын анықтаған жағдайда дереу медициналық мекемеге жүгінуге және алдын алу шараларын сақтауға кеңес береді. |
Толығырақ... Оқылды: 145 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 07.04.2025 |
27 миллиардов тенге позволил сэкономить пилотный проект ваучерного финансирования детсадов |
На совещании в Администрации Президента под председательством Помощника Президента РК Тамары Дуйсеновой рассмотрен ход реализации Послания Главы государства (от 2 сентября 2024 года) в части внедрения механизма ваучерного финансирования в дошкольном образовании. Полное внедрение проекта запланировано к 1 августа текущего года. В настоящее время в проекте участвуют более 2,3 тысяч дошкольных организаций и ваучеры реализованы в отношении 276,5 тысяч детей. В прошлом году апробация проведена в 4 городах (Тараз, Шымкент, Туркестан и Уральск), с начала текущего года подключились дошкольные организации города Астана, а с марта проектом охвачены детские сады городов Караганда, Семей, Усть-Каменогорск, Жезказган и 2-х районов: Байзакского района Жамбылской области и Сарыагашского района Туркестанской области. Ваучерная система обеспечит: во-первых, доступность дошкольных организаций. Управления образования регионов не отбирают на конкурсной основе как ранее, а формируют Переч... |
Толығырақ... Оқылды: 135 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.04.2025 |
Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру пилоттық жобасы 27 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берді |
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде Президент көмекшісі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру барысы, оның ішінде мектепке дейінгі білім беруде ваучерлік қаржыландыру механизмін енгізу мәселесі қаралды. Жобаны толық енгізу осы жылдың 1 тамызына жоспарланған. Қазіргі таңда жобаға 2,3 мыңнан астам мектепке дейінгі ұйым қатысуда және 276,5 мың балаға ваучерлер берілді. Өткен жылы жоба Тараз, Шымкент, Түркістан және Орал қалаларында сынақтан өтті, ал ағымдағы жылдың басынан бастап Астана қаласының балабақшалары, наурыз айынан бастап Қарағанды, Семей, Өскемен, Жезқазған қалалары және Жамбыл облысының Байзақ, Түркістан облысының Сарыағаш аудандарының балабақшалары жобаға қосылды. Ваучерлік жүйе артықшылықтары: Біріншіден, мектепке дейінгі ұйымдардың қолжетімділігі. Бұрынғыдай конкурс негізінде емес, білім басқармалары мемлекеттік тапсырысқа өтінім беріп, белгіленген талаптарға сай келетін балабақшалар... |
Толығырақ... Оқылды: 145 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.04.2025 |
В КАЗАХСТАНЕ НАЧАТО ВНЕДРЕНИЕ ЕДИНОЙ СИСТЕМЫ ОПЛАТЫ МЕДИЦИНСКОЙ ПОМОЩИ (ЕСОМП) |
В рамках поручения Главы государства о повышении эффективности системы обязательного социального медицинского страхования в сфере здравоохранения начато внедрение Единой системы оплаты медицинской помощи (ЕСОМП). ✅На совещании под председательством помощника Главы государства Тамары Дуйсеновой были рассмотрены вопросы исполнения данного поручения. Новый цифровой инструмент обеспечит контроль качества и финансирования предоставляемых медицинских услуг в рамках ГОБМП и ОСМС. ????В марте текущего года пилотная реализация единой платежной системы начата в медицинских организациях Акмолинской области. С 1 июля новая система будет внедрена во всех медицинских организациях страны. ➡️Новая цифровая система позволит обеспечить: ????прозрачность предоставления медицинских услуг на основе персонифицированного учета и сквозного контроля обоснованности оказанной медицинской помощи; ????исключить необоснованные списания средств и улучшить контроль за качеством м... |
Толығырақ... Оқылды: 129 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.04.2025 |
ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУДІҢ БІРЫҢҒАЙ ЖҮЙЕСІН (МКАБЖ) ЕНГІЗУ БАСТАЛДЫ |
Мемлекет басшысының денсаулық сақтау саласындағы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру туралы тапсырмасы шеңберінде Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесін (МКАБЖ) енгізу басталды. ✅Мемлекет басшысының көмекшісі Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте осы тапсырманы орындау мәселелері қаралды. Saqtandyrý ақпараттық жүйесіне интеграцияланған жаңа цифрлық құрал ТМККК және МӘМС шеңберінде медициналық қызметтерді қаржыландырудың ашықтығын, сапасын бақылауды және автоматтандыруды қамтамасыз етеді. ????Ағымдағы жылдың наурыз айында Бірыңғай төлем жүйесін пилоттық іске асыру Ақмола облысының медициналық ұйымдарында басталды. 1 шілдеден бастап жаңа жүйе еліміздің барлық медициналық ұйымдарында енгізілетін болады. ➡️Жаңа цифрлық жүйе мыналарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді: ????көрсетілген медициналық көмектің дұрыстығын дербестендірілген есепке алу және түпкілікті бақылау негізінд... |
Толығырақ... Оқылды: 77 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.04.2025 |
Жетісу облысындағы газдандыру деңгейі 56,5% |
Жетісу облысында кешенді газдандыру жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылып жатыр. Өңірлік схемаға сәйкес, 2030 жылға дейін 192 елді мекен газбен қамтылуы тиіс. Қазіргі таңда облыстағы 63 елді мекенге газ тартылып, 392 мың адам көгілдір отынға қол жеткізді. Оның ішінде 30 елді мекен өткен жылы газдандырылды. Нәтижесінде облыстағы газдандыру деңгейі 56,5%-ға жетті. Биылғы жылы тағы 63 елді мекенді газбен қамту жоспарланып отыр. Аймақ үшін маңызды жобалардың бірі – «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы. Бұл жоба Ақсу, Сарқан және Алакөл аудандарындағы елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз етеді. |
Толығырақ... Оқылды: 124 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.04.2025 |
Текелідегі құтқару: тұрғынның қырағылығы мен полицейлердің жедел әрекеті жас жігіттің өмірін сақтап қалды |
31 наурыз күні Текелі қаласында жергілікті тұрғынның қырағылығы мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттері 22 жастағы Тимур Абдулиннің өмірін сақтап қалуға көмектесті. Ес-түссіз жатқан жігіт қаладағы кешендердің бірінің жертөлесінен табылған. Кешкі уақытта үйіне қайтып келе жатқан қала тұрғыны «Жетісу Резорт» кешенінің маңында танысы Тимурдың көлігін байқап қалады. Онымен амандаспақ болып ішке кіргенде, оны таба алмайды. Телефон соққанымен, жауап ала алмайды. Алаңдаған ер адам іздеу жұмыстарын бастап, жертөлеге түседі. Сол жерде Тимурдың телефонын, кілтін және киімдерін көріп, әрі қарай өтіп, оны бояу қалдықтары бар кеңістіктің ішінде ес-түссіз жатқан жерінен табады. Уақытты босқа өткізбей, ер адам көшеге жүгіріп шығып, өтіп бара жатқан патрульдік полиция көлігін байқап, көмекке шақырады. Көмекке бірден капитан Азамат Қазыбаев пен Елдар Амангельдин, және аға лейтенант Жанатбек Ахметов келген. Полицейлер жедел әрекет етіп, зардап шеккен азаматты сыртқа шығарып,... |
Толығырақ... Оқылды: 110 Санат: ЖАҢАЛЫҚТАР Уақыты: 01.04.2025 |