Жаңалықтар
«Қорғау» жобасы өз жұмысын бастады |
Қазақстанда «Қорғау» жобасы басталды. Жоба -азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету үшін қолжетімді және тегін инфрақұрылым құруға бағытталған, сондай-ақ 200-ден астам өзекті бағыттар бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау алгоритмдері бар арнайы сайт пен мобильді қосымшаны әзірлеуді болжайды. Жобаның негізгі мақсаты-қиын өмірлік жағдайда жүрген халықтың құқықтық білім деңгейін арттыру. Жобаны іске асыру шеңберінде ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап Алматы облысының барлық қалалары мен аудан орталықтарында 20 заң консультациясы бөлімдері қызмет атқаратын болады, онда барлық азаматтар құқықтарын қорғау бойынша тегін құқықтық қолдау ала алады. Сонымен қатар, жобада заң факультетінің студенттеріне тәжірибелік тағылымдамалар ұйымдастыру, әлеуметтік заңгерлердің қауымдастығын құру, «Сөйле!» тақырыбында ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ, отбасы мен некенің оң бейнесін қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шара... |
Толығырақ... Оқылды: 280 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.12.2019 |
Жауынгерлік өнер. Өрендер жарап тұр |
«Jetisu Media» алаңында «Джиу-джитсу спорт түрінен 2019 жылғы жарыстар қортындысы» тақырыбында баспасөз-мәслихаты өтті. 2019 жылы 20-27 сәуір күндер аралығында (ОАЭ) Абу-Даби қ. ересектер арасында «АСВ» ережесі бойынша джиу-джитсу спорт түрінен әлем чемпионаты өтті. Аталған жарысқа 70 мемлекет қатысты. Қазақстан құрама командасынан 16 спортшы қатысып 2 алтын, 2 күміс,4 қола медальмен оралды. 69 келі салмақ дәрежесінде Дамир Садыров төрт кездесу өткізіп, төртінші ақтық белдесуде американдық палуанға қылқындыру әдісін жасап, таза жеңіске жеткен. Айта кетерлігі, Дамир Садыров бүгінгі таңда кәсіби деңгейдегі төреші. Ағымдағы жылдың қараша айының 14-24 күндері аралығында Абу-Даби қаласында ересектер арасында «файтинг» ережесі бойынша джиу-джитсу спорт түрінен әлем чемпионаты өтті. Жарысқа 74 мемлекеттен, 1500 спортшы қатысқан. Қазақстан құрама командасынан 33 спортшы ел намысын қорғаса, оның ішінде 10 спортшы жеңіс тұғырынан кө... |
Толығырақ... Оқылды: 315 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.12.2019 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа кезеңі басталды |
«Jetisu Media» ақпараттық алаңында Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге қатысты баспасөз – мәслихаты өтті. Аталмыш заң 2019 жылдың 20 мамырында күшіне енген. Бұл норма Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей тапсырмасымен заңға енгізілген. Жаңа заңда мына тұлғалар тікелей бағыныштылар ретінде қарастырылған. Олар: - орталық мемлекеттік органның басшысы (министр) үшін – бұл оның орынбасарлары, жауапты хатшы немесе аппарат басшысы, аймақтық бөлімшелердің басшылары; - облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімі үшін –оның орынбасарлары, аппарат басшысы, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі; - орталық мемлекеттік орган басшысының орынбасары (вице-министр) оның қарамағындағы бөлімше немесе тәуелсіз құрылымдық бөлімше басшысы сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған кезде қызметінен к... |
Толығырақ... Оқылды: 236 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.12.2019 |
Үкемттік емес ұйымдарды қолдау күшейген «Jetisu Media» алаңында Алматы облысында «Бір терезе» қағидаты бойынша үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықты ұйымдастыру мен дамыту жұмысының 2019 жылды қорытындылау тақырыбында бас |
Жобаның мақсаты - Үкіметтік емес ұйымдардың қоғамдағы шешім қабылдау үдерісіне ҮЕҰ-дың қатысуының және қоғамдағы тұрақтылықтың артқанын көрсету. Азаматтық орталықтың Алматы облысының ҮЕҰ-на және жеке кәсіпкерлерге «бір терезе» ұстанымы бойынша ақпараттық, консультациялық кеңес беріп, ұйымдық қолдау көрсету бойынша іс-шаралар кешені үшін тегін қызметтер ұсыну. Аталған бағытта жұмыс жасаудың нәтижесінде, Алматы облысындағы ҮЕҰ тиімділігі мен азаматтық сектордың тұрақтылығы артқан. Орталық –үкіметтік емес ұйымдарды құқықтық, техникалық және ақпараттық қолдау үшін құрылған. Алматы облысының үкіметтік емес секторында 900-ден астам ұйым табысты жұмыс жасайды. Орталықтың белсенді жұмысына байланысты ҮЕҰ-дар жаңа, кәсіби жоғары деңгейге шығуға мүмкіндік алды. «Бір терезе» қағидатының негігі міндеттеріне : - Алматы облысының үкіметтік емес ұйымдары үшін Азаматтық орталықтың қызметін ұйымдастыру, ҮЕҰ дамыту және олардың әлеуетін арттыру бойынша кәсіби... |
Толығырақ... Оқылды: 315 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.12.2019 |
Текелі: табыс пен өркендеу |
Өнеркәсібі өркендеп, туризмі дамыған Текелі қаласы үшін 2019 табысты жыл аяқталды. Биыл шаһарда әлеуметтің әлеуетін көтеретін бірнеше жоба іске асқан. Бұл туралы моноқала басшысы Бақтияр Өнербаев "Jetisu Media" алаңында өткен баспасөз-мәслихатында мәлімдеді. 2019 жыл Текеліліктер үшін биыл табысты да, жемісті жыл болды. 70 жылдық тарихы бар шаһарда биыл 1000-ға жуық кенші тұрақты жұмыс тапқан. Моноқала тұрғындарының еңбекпен қамтылуына шойын өңдеу кешенінің ашылуы сеп болған. Өндіріс орны жыл басынан бері 7200 тонна шойын өндірген. Ал, келесі жылдан бастап қалада екінші домна пеші іске қосылып, 1200-ге жуық адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп жоспарланған. Қалада шағын және орта бизнес саласы да белсенді дамуда. Мәселен, өткен жылмен салыстырғанда олардың саны 311 бірлікке артып, 2800 адам жұмыспен қамтылды. Яғни, 5 сауда және қызмет көрсету нысандары енгізіліп, барлығы 14 жұмыс орны құрылған. Сондай-ақ, өңірде тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық саласыда қарқынды дамау... |
Толығырақ... Оқылды: 252 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 06.12.2019 |
Специально для тех, кто забывает о необходимости своевременного ежегодного прохождения техосмотра, мы разработали простой и удобный способ просмотреть срок его действия. |
Для этого достаточно быть зарегистрированным в базе мобильных граждан и скачать приложение eGovMobile. |
Толығырақ... Оқылды: 275 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 05.12.2019 |
Елбасы - елдің тірегі |
Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, шекарасын шегелеп, болашаққа бағыт-бағдар беруде Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан-теңіз. Сәл тарихқа шегініс жасар болсақ, 1991 жылғы 1 желтоқсанда алғаш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен Қазақстанның негізін салушы - Нұрсұлтан Назарбаев тұңғыш рет Президент болып сайланды. Бұл жаңа мемлекет қалыптасуының өтпелі кезеңінде сенімді басшыға өз тағдырын тапсырған Қазақстан халқының жауапты таңдауы еді. Шын мәнінде, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында тәуелсіз Қазақ елі қалыптасып, тарихымыз түгенделіп, тіліміз, дініміз және діліміз қайта оралып, мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданды. 1991 жылғы 10 желтоқсанда Қазақстан халқына берген антын тұтастай және толық орындағанын көрсетті. Қазақ КСР-ның Жоғарғы Кеңесі сол күні-ақ Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы деп өзгертті. Елміз бүгінде бүкіл әлемге танымал жаңа атқа ие болды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қаз... |
Толығырақ... Оқылды: 364 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.12.2019 |
"NUR OTAN" PARTIIАSY AÝDANDYQ FILIALYNYŃ AKTIV OTYRYSY |
Өткен жұма күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында "Nur Otan" партиясы Көксу аудандық филиалы партия активінің отырысы өтті. Аудан әкімі Алмас Әділдің төрағалығымен өткен жиынға аудандық мәслихат депутаттары, округ әкімдері, мекеме, бөлім басшылары мен БАҚ қатысты. Еске сала кетсек, 25 қараша күні Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев "Nur Otan" партиясының барлық өңірлік филиалдары өкілдерімен кездесіп, "Nur Otan"-ның қоғамдағы алуан түрлі мәселелерді шешуде алар орнының маңызды екенін атап өткен болатын. "Nur Otan" – бүкіл Қазақстан халқының және елдің болашағына жауапты нақты істер партиясы",- деп өз бағасын берді. Күн тәртібіне қойылған мәселе - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, Елбасы, партия төрағасының партияның аймақтық филиалдары өкілдерімен кездесу барысындағы алға қойған міндеттері туралы. Осы жайында аудандық партия фили... |
Толығырақ... Оқылды: 485 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 04.12.2019 |
2020 жыл қазақ халқы үшін қандай болады? |
Қазақ халқының мүшелдік жыл санауы тышқан жылынан басталады. Ол келесі жылы 22 наурызда кіреді. Бір мүшел 12 жылдан тұрады. Жыл есебін бұлай жүргізу өте ежелгі кезден басталған және ешқандай діни қағидамен байланысты емес, деп жазады Skifnews.kz. Ғалымдардың пайымдауынша, олай жыл қайыру табиғат құбылыстарының қайталама заңдылығына негізделген. Қазақша мүшелдік жыл санау тышқан жылынан бастау алады. Одан ары қарай кезекпен сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз келіп отырады. Жыл аттары не себепті жануарлардың атымен аталатыны және жыл басы неге тышқаннан басталатыны туралы халық арасында аңыз-ертегі бар. Аңыз бойынша осы он екі жануар жыл атына ие болуға таласқан. Сонда тышқан тұрып: "Дауласатын дәнеңе жоқ, таңертең бәріміз шығып келе жатқан күнді аңдимыз. Сонда күннің көтеріліп келе жатқанын кім бірінші көрсе, сол - бірінші жылдың, одан кейін көргеніміз екінші жылдың атын аламыз. Осылай өз кезегімізбен барлық жылды бөліп аламыз", - деп... |
Толығырақ... Оқылды: 386 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 04.12.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 желтоқсан |
Бүгін балалардың сүйікті мерекелерінің бірі – Аяз атаға сыйлыққа тапсырыс беру күні. Бұл күні тілалғыш және тәрбиелі балалар ертегі кейіпкеріне хат жазып, Жаңа жылға қандай сыйлық алғысы келетінін айтады. Балақайлардың көбі Аяз атаның барына сенеді. Алайда есейіп, ержеткенде мұның тек ертегі екенін түсінеді. Десе де, әр үйде Аяз атаның көмекшілері бар, олар әке мен шеше, басқа датуысқандар. Бұл жандар жаңа жыл түні жақындағанда Аяз атаның кейпіне еніп, кішкентайларды қуантуға тырысады. 4 желтоқсанға тұспа-тұс келген тағы бір керемет мереке – Халықаралық құшақтасу күні. Бүгін қалаған адамыңызды еш себепсіз құшақтауға болады. Тіпті бір кездері Ұлыбританияда құшақтасуден рекорд орнатылған. Ерекше байқау кезінде алты жұп 24 сағат және 44 минут бойы құшақтасқан еді. Бұған қоса, бүгін Ресейде бейресми түрде Информатика күні аталып өтеді. 1948 жылы КСРО-да дәл осы күні Брук пен Рамеев ойлап тапқан сандық электронды есептеуіш машинасы тіркелді. |
Толығырақ... Оқылды: 403 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 04.12.2019 |