ЛАЙФСТАЙЛ

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 желтоқсан

Санат: ЛАЙФСТАЙЛ
Уақыты: 04.12.2019
Оқылды: 382 Печать страницы
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 4 желтоқсан

Бүгін балалардың сүйікті мерекелерінің бірі – Аяз атаға сыйлыққа тапсырыс беру күні. Бұл күні тілалғыш және тәрбиелі балалар ертегі кейіпкеріне хат жазып, Жаңа жылға қандай сыйлық алғысы келетінін айтады. Балақайлардың көбі Аяз атаның барына сенеді. Алайда есейіп, ержеткенде мұның тек ертегі екенін түсінеді. Десе де, әр үйде Аяз атаның көмекшілері бар, олар әке мен шеше, басқа да туысқандар. Бұл жандар жаңа жыл түні жақындағанда Аяз атаның кейпіне еніп, кішкентайларды қуантуға тырысады.  

4 желтоқсанға тұспа-тұс келген тағы бір керемет мереке – Халықаралық құшақтасу күні. Бүгін қалаған адамыңызды еш себепсіз құшақтауға болады. Тіпті бір кездері Ұлыбританияда құшақтасуден рекорд орнатылған. Ерекше байқау кезінде алты жұп 24 сағат және 44 минут бойы құшақтасқан еді. 

Бұған қоса, бүгін Ресейде бейресми түрде Информатика күні аталып өтеді. 1948 жылы КСРО-да дәл осы күні Брук пен Рамеев ойлап тапқан сандық электронды есептеуіш машинасы тіркелді. 



 

 
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.