Жаңалықтар

«Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы басталды

Биыл жыл сайынғы "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы еліміз бойынша бір ай бұрын ерте басталды. Оған себеп, ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес көмекке мұқтаж отбасы балалары барынша ерте қамтылуы тиіс. Осыған байланысты облыс әкімінің 5-шілдеден бастап "Мектепке жол" акциясын өткізу туралы өкімі шығарылды. Бұл жөнінде облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Жаңыл Сүлейменова баспасөз-мәслихатында өткен жиында айтты. Акцияның мақсаты – аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және баланың әлеуметтік себептермен мектепке бармай қалуының алдын алу. Игі шара барысында көпбалалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, киім-кешек, мектеп керек-жарақтарымен және кеңсе тауарларымен толық қамтамасыз етіледі. Бүгінгі күнде жетісулық 770 оқушыға 9 млн көлемінде демеушілер тарапынан көмек көрсетілді. Басқарма өкілдерінің айтуынша, жыл сайын шараның ауқымы кеңейіп, тұрақты...
Толығырақ... Оқылды: 355 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.07.2019

ТЕКЕЛІЛІК МЕТАЛЛУРГТЕР АРАСЫНДА ШАҒЫН ФУТБОЛДАН ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ

Металлургтердің кәсіби мерекесі аясында, Текелі кенді қайта өңдеу кешенінің кәсіподақ комитеті мен қалалық спорт бөлімі бірлесіп, Металлург стадионында шағын футболдан жарыс ұйымдастырды. Жарыстың салтанатты ашылуында Текелі кенді қайта өңдеу кешенінің басшысы К. Жамакин зауыт қызметкерлерін мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді. - Шілде айының үшінші жексенбісі - металлургтер күні. Дәл сіздер еліміздің өнеркәсіптік қуатын нығайта отырып, еліміздің экономикасын өркендетуге зор үлес қосып келесіздер. Осы кәсіби мерекелеріңізде баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, қызметтеріңізге табыс тілеймін,- дейді ол. Жарысқа ұзын саны 11 команда қатысты. Домна пештің көрігін қыздырып, отандық өндірісті өрге сүйреген текелілік металлургтер салауатты өмір дағдысының да тамаша үлгісін байқатты. Жасыл алаңда теңбіл допты еркін көсілтіп, көпшілікті тәнті етті. Жүлдегер командалар мен үздік ойыншылар кубок, грамоталармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ, «...
Толығырақ... Оқылды: 383 Санат: СПОРТ Уақыты: 25.07.2019

«Бес сұрақ» айдары

Менің жалақы мөлшерім аса көп емес, демек БЖЗҚ-ға зейнетақы жарналарын төлемеуіме болады ма? Жоқ. ҚР барлық азаматтары ай сайынғы зейнетақы жарналарын төлеп, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға міндетті. Зейнетақы жарналарының жиілігі жинақ көлеміне ғана байланысты емес, сонымен қатар жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі өтілге де байланысты. Жүйедегі өтіл базалық зейнетақыға тікелей әсер етеді. Зейнетке шығуға әлі уақыт бар болса да, банктерден несие алған кезде ай сайынғы зейнетақы жарналары маңызды көрсеткіш болып табылады. Бұл сіз үшін жүйеге белсенді қатысудың тағы бір ынталандырушы көрінісі. Қазақстан Республикасның «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Занының 24 бабында тек белгілі санаттағы тұлғалардың бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылатыны туралы жазылған: 1) Заңның11-бабының1-тармағынасәйкес зейнеткерлік жасқа толған жеке тұлғалар (еркектер 63 жасқа толғанда, әйелде...
Толығырақ... Оқылды: 426 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.07.2019

МҚІА мемлекеттік органдарда қызметшілердің еңбегі бойынша жылжуын қатаң қадағалайтын болады

Өткен жылдың статистикасы жоғары тұрған лауазымдарға орналасуға арналған ішкі конкурстарда мемлекеттік қызметшілердің белсенділігінің төмендігін көрсетеді. МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова Агенттіктің кеңейтілген кеңесінде сөз сөйлеу барысында аталған жағдайдың себебінің бірі - адамдардың осы байқаулардағы іріктеудің әділдігіне сенімсіздігінен туындап отырғандығын атап өтті. «Жеткілікті құқықтық реттемелеуге қарамастан, меритократия қағидаттары іс жүзінде толық көлемде сақталмауда. Жергілікті жерлердегі ахуалға, егжей-тегжейлі талдау жасауды және аталған тәжірибені жою бойынша пәрменді қабылдауды сұраймын. Қазақстандықтар меритократия қағидаттарының шын мәнінде жұмыс жасайтындығын көруі керек», - деді ол. Осы мәселені шешу ретінде «E-kyzmet» жүйесі арқылы кадрлық тағайындауларға мониторинг жүргізу ұсынылды. Бұл үшін осы жүйені мемлекеттік органдарда ықпалдастыруды аяқтау және оны жетілдіру қажет, бұл кадрлық тағайындауларға толық мониторинг жүргізуге мүмкі...
Толығырақ... Оқылды: 348 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 25.07.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 25 шілде

2014 жылдан бері Ресейде Тергеу органдары қызметкерінің күні аталып өтеді. Бұл – Ресей Федерациясы Тергеу комитеті, ішкі істер министрлігінің тергеу бөлімдері, Федералды қауіпсіздік қызметі және атқарушы биліктің тағы басқа тергеу органдарының қызметкерлері мен жұмысшыларының кәсіби мерекесі. Мейрам ретінде дәл осы күннің таңдалуына тарихи оқиға себеп болды. 1713 жылы 25 шілдеде Петр I жарлығымен Ресейдің алғашқы мамандандырылған тергеу органы – тергеу кеңсесі құрылды. Коста-Рикада бүгін тарихи мереке – Гуанакастенің қосылуы күні тойланады. Мереке 1824 жылы Никарагуаға тиесілі Гуанакасте провинциясының ерікті түрде Коста-Рика құрамына қосылуы құрметіне қабылданды. Бұл оқиға 1825 жылы 25 шілдеде жергілікті референдумда расталды. Гуанакасте провинциясы алуан түрлі ән және биге бай фольклорымен көпшілікке танымал. Мейрамды Коста-Риканың бүкіл тұрғыны тойлайды. Әсіресе бұл күнді балалар асыға күтеді. Олар мектепке ұлттық киім киіп, гүл және шар ұстап барады. Ямайкад...
Толығырақ... Оқылды: 354 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 25.07.2019

Күннің аптабы қандай ауруларға себеп болуы мүмкін?

Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының маманы Далида Мұқашева жаздың аптабында адамға қандай аурулар қауіп төндіретінін айтты. Егер ауа температурасы 38 градустан төмен болса, ағза тері астындағы қан ағынын күшейте отырып, денені қызудан сақтайды. Бірақ ыстық күшейгенде сыртқы температура ішкі температурадан жоғарылайды да, ағза ресурстарды үнемдеуге көшеді. Сөйтіп қан ағынын орталықтандыру механизмі іске қосылады. Бұл жүрек-қан тамырлары жүйесіне түсетін салмақты арттырады, – деді Далида Мұқашева. Оның айтуынша, қатты ыстық кезінде дене құрғап немесе қызып кетуі мүмкін. Қатты ыстықтакүн өту, шаршап-шалдығу, ыстық салдарынан тырысу сияқты белгілер пайда болады. Күн өтуден соққы алған жағдайда өмірлік маңызды органдар қайтымсыз зақымданып, кейде тіпті өлімге себеп болуы мүмкін. Аптап барлық адамға, соның ішінде жас және дені сау адамдарға де әсер етуі мүмкін, – деді сарапшы. Дегенмен 65-тен асқан егде жастағылар, бүйрек, психика, диабет аурулары бар...
Толығырақ... Оқылды: 308 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 25.07.2019

Жетісу жасырған жақұт мекен немесе туристік жаңа карта

«Отанымның орнығып кең төріне, Айналасын ақ таулар көмкеруде. Жаралғандай Жетісу ертегіден, Еркелейді Жетісу ерке күнге...» Мұз балақ ақын Мұқағали Сүлейменұлы Дархан даласының жеті қырында гүрілдей аққан өзенінде бал дәмі бар, қара топырағында кешегі тарихтың ізі бар, белдерінде көк аспанмен таласқан заңғар таулары бар киелі Жетісу мекені жер жаннаты емей немене? Осынау киелі мекенің тамаша табиғатына тек қазақ елі ғана емес бүкіл әлем тамсанады десек артық айтқанымыз емес. Айдынды Алакөлі, бір өзіне жылдың төрт мезгілін жабынған Іле-Алауы, сұлулығына көз тоймайтын Көлсай шатқалдары, көркі көз арбаған таңғажайып Шарын шатқалдары және Балқаш көлінен басқа бұл жақұт мекен өз құшағына тағы нені жасырды. Сіз бен біз білмейтін өңірдің тағы бір он тамашасын талдап, картасын сызып көрейік. Ешкіөлмес тау жотасындағы петроглифтер - Алматы облысы, Ескелді ауданы, Ешкіөлмес тау жотасында сақталған тарихи байлық. Таудағы жартас беттері, шың басы мен шатқалдарда тас беті...
Толығырақ... Оқылды: 752 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.07.2019

Алакөлге жарты миллионға жуық турист келді

Табиғаты тамсандырған Жетісу өңірінің ең көрікті мекендерінің бірі – ақ айдынды Алакөл жері. Мұндағы Арқаның қуаң даласындағы құрғақ ауа теңіз бетіндегі дымқыл ауамен араласып жағасындағы адамға жағымды әсер береді. Соынмен қатар әлемдік Қызыл кітапқа енген реликті шағаланы тек осы маңнан кездестіре аласыз. «Өткен жылы ауданда туризм саласы бойынша 214 демалыс орнында 1 млн 19 мың адам демалып, оларға 5 млрд.811 млн теңгенің қызметі көрсетілді. Биылғы жылдың жаз маусымындағы 1 шілдеге дейінгі көрсеткішке сүйенетін болсақ, 393 мың 500 адамға 2 млрд 361 млн теңгеге қызмет көрсетілген. Жазғы демалыс маусымының қызықты мезгілі енді басталғанын ескерсек, бұл сан алдағы уақытта еселене түсері анық», – дейді Алакөл ауданының әкімі Әлібек Жақанбаев. Расында, Алакөл аумағы орналасу жағынан туризмнің барлық түрін қамтиды. Сондықтан көптеген турист Алакөлдің емдік суына шомылу үшін және тартымды демалыс ұйымдастыру үшін ағылады. 2018 жылы Алакөл ауданы аумағындағы...
Толығырақ... Оқылды: 315 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.07.2019

Ұмытыла бастаған дәстүрлі тағамдар

Түймеш — келіге түйіп, жаңғырыққа салып тоқпақпен жанышталған ет. Оны кейде сол күйі қатырып немесе қарынға салып сақтайды. Майға қарып, суға қайнатып, кейде ішекке тығып қайнатып пісіріледі. Май түймеш — майын көбірек жіберіп келіге түйген ет. Оны көбінесе өңешке, жүректің қолқасына тығып пісіруге болады. Бітеу — бүйенге тығып пісірген ұсақ ет. Оның бір жағы тұйық, екінші басы тігулі, соған орай піскенде өз сорпасы өзінде болады. Меңіреу — әсіптің үлкен және семіз етіп жасалған бір түрі. Жаужұмыр — сойылған малдың етін бұзып, қалың еттерін арсалап алып, түгелдей өз қарнына салып, су құймай пісірген ет. Оны кейде жаубүйрек деп те атайды. Борша кісе — тауық, қаз, үйректің, бұзау, лақ, қозының еттеріне күріш, сарымсақ, бұрыш, шикі жұмыртқа, сары май қосылады. Сүт құйып отырып машинаға тартылады. Содан ішекке, бүйенге тығылып немесе қамыр арасына салынып пісіріледі. Жаубүйрек — қойдың, ешкінің, бағланның бұзбай пісірген бөксесі....
Толығырақ... Оқылды: 377 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 24.07.2019

Әлемде өзге ұлттар қалай амандасады?

Сәлемдесу – сыйластықтың белгісі. Сәлемдесуіңіз түзу болса, онда сіздің қадір қасиетіңіздің артқандығы. Дүниежүзінде неше түрлі ұлт қауымдастығы бар деп есептесек, олардың әрқайсысында өзіне тән амандасу салты болады. Төменде бірнеше елдің сәлем салу түрлері берілген. Тунис елінің тұрғындары көшеде кетіп бара жатқан кезде бір-бірлерімен алдымен екеу ара еңкейіп, оң қолын маңдайына, кейін ерніне, содан жүрегіне қойып амандасады екен. Оның мағынасы: «Мен сіз туралы ойлаймын, Мен сіз туралы сөйлеймін, мен сізді сылаймын». Тонга елінің халқы таныс адаммен жолыға қалса, белгілі бір арақашықтықта тоқтап, басын изеп, аяқтарымен жерді тепкілей саусақтарын шықылдатады. Жапондықдар иіліп сәлемдеседі. Эскимостар қолдарын жұдырыққа жұмып басы мен иықтарын соғып амандасады. Жаңа Гвинеяның кои-ри тайпасы иектерін қытықтап амандасады. Африка құрлығындағы Кения мемлекетінің акамба нәсілі ізгі ілтипат ретінде бір-біріне түкіреді. Орталық Африкадағы Замбия Республи...
Толығырақ... Оқылды: 327 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 24.07.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.