Жаңалықтар
Банктен несие алғысы келетіндер үшін 10 кеңес |
Белгілі бір мақсатымызды жүзеге асыру үшін банктің көмегіне жүгініп, несие алуға асығатынымыз рас. Қаржылық мекемеден қарызға ақша аламын депміндеттерін дұрыс орындамай, барынан айырылып қалғандар еліміздің өзінде аз емес. ВТБ (Қазақстан) банкінің мамандары несие алып,опық жеп қалмау үшін әрбір қазақстандық білуі тиіс 10 кеңесті ұсынады. Несиені алғаннан кейін ай сайын төлеп тұра аласыз ба? Бір жылдан соң тұрақты табыс көзі болама? Ең алдымен, өзіңізге осы сұрақтарды қойып, жауап бергеніңіз жөн. Сосын қаржылық қызметтер көрсететін мекеменің атын жамылған алаяқтардыңарбауына түсіп қалмау үшін банктің мәртебесіне және нарықтағы орнына назар аударыңыз. Әр банктің несиені жабуға беретін уақыты, пайыздық мөлшерлемесі — әртүрлі. Олардың ішінен несиені қайтарғанда үстінен қосылатын ақша көлемі тым көп болып кетпейтіндей, төлем уақыты өзіңізге ыңғайлы болатындай жағдайлар жасалған банкті таңдағаныныз абзал. Банк сізге несие туралы толық ақпарат беруге міндетті. Егер не... |
Толығырақ... Оқылды: 348 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 30.09.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 30 қыркүйек |
Жыл сайын 30 қыркүйекте көптеген елде ауызша және жазбаша аудармашылардың кәсіби мерекесі – Халықаралық аудармашы күні аталып өтеді. Аудармашылар болмаса, әдебиет және кино өнерінің көптеген туындысы, ғылым мен техниканың жетістіктері қолжетімді болмас еді, әлем елдерінің адамдары бір-бірімен сөйлесе алмас еді… Солай бола тұра, аудармашылардың кәсіби мерекесі тек 1991 жылы пайда болды, жыл сайын бұл күнді мерекелеу аясында әр түрі баспасөз конференциялары, көрмелер, тренингтер мен семинарлар өткізіледі. Сондай-ақ, әлемнің көптеген елінде Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен қыркүйектің соңғы күнінде Халықаралық керең-мылқаулар күні аталып өтеді. Мерекені 1951 жылы Халықаралық керең-мылқаулар федерациясы қолданысқа енгізді. Көптеген елде саңырау адамдар қоғамының қалыптаса бастауы мен дамуына саңырауларға арналған мектеп түлектерінің кездесуі мен күш біріктіруі ықпал етті. Бұл күні Ботсвана Республикасының Ұлттық мейрамы— Тәуелсіздік күні тойланады. 1978... |
Толығырақ... Оқылды: 370 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 30.09.2019 |
«Бабалардың ерлігі-Тәуелсіздіктің тірегі» |
2019 жылдың 25 қыркүйегінде Кербұлақ ауданы өңір тумасы батыр баба- Балпық бидің 325 жылдығын атап өтті. Бұл туралы Кербұлақ ауданының баспасөз қызметі хабарлады. Татулықтың ордасындай болып, достықтың туын желбіретіп келе жатқан өңір – Күреңбелге облыс орталығы Талдықорған қаласынан, оңтүстік астанамыз Алматыдан, аудандардан Балпық би бабаның 325 жылдығына орай ұйымдастырылатын тағзым ету сапарымен делегация өкілдері келді. Оларды Кербұлақ ауданының әкімі Махаббат Сәдуақасұлы, аудандық маслихат хатшысы Бөкен Қабиұлы, Қоғамдық кеңес төрағасы Төленді Оспанбайұлы және т.б. қызметкерлер әнмен, жырмен, дәммен қарсы алды. Атқарылып отырған шара барысында делегация мүшелері Сарыбұлақ ауылында жатқан Тіленші қазының, Балқаш ауданындағы Қабан жыраудың, Шеңгелді ауылындағы Бөлек бидің ескерткішіне тәу етіп құран бағыштап қайтты. Айта кетейік, Осыдан 280 жылдай уақыт бұрын Жетісу жерінде әрі көсем, әрі шешен, әрі би, әрі қол бастаған батыр атанған Балпықтың тарихи еңбегі ерекше. Ескелді... |
Толығырақ... Оқылды: 435 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 27.09.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 27 қыркүйек |
Бүгін, 27 қыркүйек— халықаралық туризм күні. Мерекені туризм саласында жұмыс істейтін қызметкерлер ғана емес, өзгелері де атап өте алады. Себебі әрқайсымыз өмірімізде бір рет болсын турист болып көргенбіз. Егер осы күнге дейін саяхаттап көрмеген болсаңыз, отырып алып болашаққа жоспар құрғаныңыз жөн. Әлем жұрты бүгін БҰҰ жүйесіндегі басты халықаралық мерекелердің бірі— теңіз күнін атап өтіп жатыр. Бұл күн 1978 жылдан бастап үкімет аралық консультативтік теңіз ұйымының 10-шы Ассамблеясы шешімімен мереке ретінде күнтізбеге енгізілді. 1980 жылға дейін оны 17 наурыз күні атап өтетін. Бұл күннің басты мақсаты— адамзаттың есіне балық аулау, теңізге қоқыс тастау, суағарларды тазаламау арқылы теңізге қаншалықты зиян келтіретінімізді еске салу. Яғни теңіз қауіпсіздігін күшейтіп, оны тазарту. Әсіресе, мұнайдан тазалау. Сондай-ақ, күнтізбеде халықаралық қоян күні пайда болды. Оның мақсаты— адамзатты қояндарға мейірімділікпен қарауға және оларды өлтіріп, терісін пайдал... |
Толығырақ... Оқылды: 435 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 27.09.2019 |
Қаратал жағалауында «JETISÝ ETNO STYLE» облыстық жастар фестивалі өтті |
Елімізде Жастар жылының жариялануы Мемлекет басшысының жас буынға арнаған жарқын үндеуіне айналды. Осы бағдарлама аясында елімізде әртүрлі шаралар өтуде. Cоның бірі Талдықорған қаласында өткен «JETISY ETNO STYLE» облыстық жастар фестивалі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Мәдениет ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады» деген болатын. Осыған орай, жастар жылы аясында өткізілген «JETISY ETNO STYLE» облыстық жастар фестивалінде тарих пен дәстүр сабақтасып, көшпелілер мәдениетінің айшықты көріністері заманауи қоғамда жарасымын тапты. Кіреберісі саясаткерлер аймағынан бастау алатын алаңның соңы қазақ үйлермен жалғасын тапқан. Өзенді көбелей орналасқан үлкен керуеннің... |
Толығырақ... Оқылды: 367 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 26.09.2019 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі фермерлік шаруашылықты қате қосымша кеден есептеулерінен қорғады |
Бұл туралы Агенттіктің алаңында өткен брифингінде хабарланды. Экономиканы дамыту үшін Қазақстанға шетелдік инвестициялар тарту - мемлекеттік маңызды міндет, ол әсіресе ауыл шаруашылығы мәселесінде. «Green Capital Kazakhstan» компаниясы жаңа жылыжай технологиясын қолдана отырып, Ақтөбе облысында көкөністер өсіреді. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мамыр айында кәсіпорынның жұмысымен танысты. Сол кезде фирма директоры Дирк Алевен қызанақтың жыл сайынғы өнімі шамамен 3 мың тонна болатынын мәлімдеген болатын. – Әр апта сайын біз 100 тоннадан жинаймыз. Негізінен 80%-ы Ресейге экспортқа кетеді. Қазір бізде 90 адам жұмыс істейді. Жылыжай бес гектарда орналасқан. Біз тағы 5–еу салғанда қызметкерлер саны 150-160 адамды құрайтын болады, - деп Д.Алевен айтқан болатын. Бизнесмен қазақстандық БАҚ-қа берген сұхбатында жылыжайдың құрылысына рұқсат алуға 100 000 евро (500 млн. теңге) жұмсағанын атап өтті. Алайда, іс мұнымен бітпеген. Нидерландтық инвесто... |
Толығырақ... Оқылды: 354 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.09.2019 |
Алматы шыңын жастықтың жалыны бағындырды |
«Параға емес – биікке ұмтыл» ұранымен Алматы облысының мемлекеттік қызметшілері «Үлкен Алматы шыңын» бағындырды. Аталмыш іс-шараны Алматы облысының әкімдігі мен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша Департаменті ұйымдастырды. Шара барысында 50 адамнан құралған топ теңіз деңгейінен 3682 метр биіктікте орналасқан Үлкен Алматы шыңына көтерілді. Шара мақсаты-жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, жат мінездердің алдын алу, қызметкерлердің спорттық шеберліктерін және жан – жақты дайындықтарын арттыра отырып, еліміздегі туризмді дамыту. - «Жетісу адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бастамасымен ұйымдастырылған шараға әрбір жас белсене ат салысуда. Бұл орташа таудың жоталарына шықсаңыз табиғаттың шеберлігіне таңқаласыз. Көк күмбезеге таласа бой көтерген зеңгір таулар, тау-тасты жарып аққан бұлақтар, жылғалар, қалың қарағай, шырша, аққайың аралас ормандар, б... |
Толығырақ... Оқылды: 310 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 24.09.2019 |
Алматы облысы Іле ауданында майлау материалдарын өңдейтін зауыт ашылды |
Алматы облысы, Іле ауданында майлау материалдарын өңдейтін зауыт іске қосылды. Өндірістік кешеннің ашылуына Премьер-Министр Асқар Мамин қатысты. Зауыт ұжымы мен арнайы келген қонақтарды Қазақстан Үкіметі атынан құттықтады. « «Лукойл» компаниясы біздің стратегиялық әріптесіміз және инвесторымыз болып табылады. 1995 жылдан бастап, компания елімізде 9,5 млрд теңгеге инвестиция салған. «Лукойл» компаниясы бірқатар бірлескен жобаларға қатысуда. Бұл өзара тиімді ынтымақтастық болып табылады»- деп атап өтті Премьер-Министр өз сөзінде. Еліміздегі ірі кешенді салу жұмыстары 2016 жылы басталған. Зауыттың құрылысына жалпы көлемі 9,4 миллион доллар қаражат кеткен. Кәсіпорын жылына 100 мың тонна өнім шығаруға қауқарлы. Замануи қондырғылар автоматтандырылған басқару жүйесіне қосылғандықтан әр құрылғы өз жұмысын санаулы минутта атқарып тастайды. Соның арқасында кез-келген тапсырысты бір тәуліктің ішінде дайындап, тапсырыс берушіге жеткізіп беруге мүмкіндігі бар.... |
Толығырақ... Оқылды: 368 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 23.09.2019 |
Еске алу турнирі |
13 қыркүйек 2019 жылы Балпық би ауылындағы Б.Оңғаров атындағы орталық стадионда жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі КСРО спорт шебері, «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт қызметкері» Сайлау Тұрыскелдинді еске алуға арналған жеңіл атлетикадан республикалық турнир өтті. Сайлау Тұрыскелдин 1937 жылғы 12 желтоқсанда Алматы облысы Қаратал ауданында туған. 1963 жылы Алматы дене тәрбиесі институтын бітірген. Әр жылдары Алматы зооветеринарлық институтының оқытушысы, Алматы қалалық білім бөлімі балалар мен жасөспірімдер мектебінің директоры, дене тәрбиесі және спорт комитетінің аға жаттықтырушысы, Білім министрлігінің бөлім бастығы, Қазақ кәсіптік одағының бөлім меңгерушісі, «Қайрат» ерікті спорт қоғамы орталық комитетінің төрағасы болып қызмет атқарған. 2001-2008 жылдары Алматы технологиялық университетінің дене тәрбиесі кафедрасын басқарған. Сайлау Алтынбайұлы Алматыда XIII Б... |
Толығырақ... Оқылды: 659 Санат: СПОРТ Уақыты: 19.09.2019 |
ТЕХНИКА ТІЛІН ТҮСІНГЕН |
Техника сынбай, тозбай тұрмайды. Сапасыз жөндеген техниканың жарамдылығы да көпке бармайды. Осыны түсінген Балпық ауылының тұрғыны Мереке Мұқамедқалиев шағын «шиномонтаж» нысанын ашады. Ол мамандармен кеңесе келе, «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасы арқылы 5 жылға 1,5 млн. теңге несие рәсімдейді. Алдымен дөңгелек жөндеуге қажетті станок, компрессор жәнебасқа да қажетті құрылғыларды сатып алған. Ауыл орталығында орналасқан оның жұмыс орны әрі-бері жолаушы тасымалдайтын әрбір автокөлік иесіне қолжетімді. Машина ақаулы болған жағдайда дереу Мерекенің қызметіне жүгінуге болады. Әп-сәтте құрал-сайманын сайлаған шебер өз ісін сапалы жасайды. Қос кәсіпті қатар алып жүруге дағдыланған ол күніне 3-4 автокөлікті жөндесе, көліктің 10-15 доңғалағын қайта қалыпқа келтіреді екен. Көмекшісі Бауыржан Армия екеуі жасалған жұмыстың сапалы болуына мұқият зер салады. Еңлік ҚАБДЕШ Көксу ауданы |
Толығырақ... Оқылды: 407 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 18.09.2019 |