Жаңалықтар

МЕРЕКЕ КҮНІНДЕГІ ҚУАНЫШ

Жыл сайын халқымыз шілде айының бірінші жексенбі күні "Ұлттық домбыра күнін" атап өтеді. Осы мерекеге орай Қазақстан халқы Ассамблеясы республика көлемінде "Қасиетті домбыра" атты акция ұйымдастырған болатын. Бұл айтулы күннің маңыздылығын ұғындырған ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде бұл бастама "Рухани жаңғырудың" негізінде өтетінін айтты. - "Қазақ пен домбыра – егіз ұғым. Күмбірлеген домбыраның үні батырларымызға рух, ақындарымызға шабыт берген. Домбыра әрбір қазақтың рухын көкке көтеретін құнды қазынамыз болуға тиіс. «Өнер – ұлт келбеті» дейді дана халқымыз. Баршамызға ортақ құндылық – домбыраны жан-жақты насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру өте маңызды. Домбыра аспабы – қайталанбас асыл дүние. Сондықтан, мектепте домбыра үйрену сабақтарын енгізу – қажетті әрі дұрыс бастама. Себебі, қазіргі жаппай жаһандану уақытында халқымызға тән бірегей құндылықтарды жаңғырта беруіміз қажет,...
Толығырақ... Оқылды: 373 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 11.07.2019

Қаласаңыз, бойды өсіре аласыз

Ұзын бойлы, сымбатты болуды әркім-ақ қалайды. Дегенмен жас кезде болмаса, ересек адамдарда бойдың өсуі белгілі бір шамаға жеткесін тоқтайтыны белгілі. Одан кейін қандай амал қолданса да бой өспейді. Дегенмен оны түрлі тәсілдермен 2-3 сантиметрге дейін ұзартуға болады екен. Төменде сол жайлы айтылады. Жас ұлғая келе омыртқааралық дискілер нығыздалып, бойды 5 сантиметрге дейін аласарта алады. Ал қалаған адам осыған жол бермей, тіпті бойды аздап өсіре де алады. Оған дене жаттығулары, дұрыс тамақтану, толыққанды ұйқы, арнайы тренажерлер көмектеседі. Бастысы – жаттығуларды кешенді әрі тұрақты түрде жүргізіп отыру. Мынадай жаттығулар жасау керек: Керіліп-созылу. Күнде жасап тұрса ол дененің созылғыштығын дамытады, сіңірлер мен бұлшық еттерді созады, соның нәтижесінде омыртқа түзеледі.Жаттығу кезінде еңкейгенде саусақтар еденге еркін жетуі тиіс. Алақанды еденге тигізсе, тіпті жақсы. Осыған ұқсас басқа да жаттығуларды жасауға болады. Соның бірі – «Аспанды көтеру...
Толығырақ... Оқылды: 354 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 11.07.2019

Атаның маған айтқан ақыл сөздері 

“Алатын кезде – алға озып, беретін кезде артта бұғып қалатын, алғаны мен бергенін жіпке тізіп санайтын адамнан аулақ жүр. Ондай адамнан құтылудың өзі – үлкен олжа” “Адам ешкімге сенбей, бәріне күдіктеніп, айналасындағыларды ылғи “алдамшы”, “қу”, “нашар адамдар” деп ойлап жүрсе, тура сондай сұмырайлар кездесе береді, қасыңа топталып, жинала береді” Өзгеден артық боламын деп арындама, шамаңды шақта. Тең түскенге қанағат ет. “Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыздық жалғыз атын сойғызар” деген ата-бабаң. Бірақ тепкіге төзбе, ешқашан аяққа басылмағын” “Адам өмірге, мынау жарық дүниеге жылап келеді. Ата-ана, туған-туыс айналасы шат-шадыман қуанады. Кетеріңде өзгелер жылап, өзің ризашылықпен қуанып кететіндей істе…” “Ғылым-білім деген – түпсіз тұңғиық. Жұмыр жердің бетінде оның түбіне жеткен жан жоқ. Дегенмен шетсіз-шексіз ілім-білім жолында әркім өзінің өресі, шама-шарқы...
Толығырақ... Оқылды: 438 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 11.07.2019

СОЙЫЛҒАН МАЛДЫҢ ТІСІН НЕ ҮШІН ҚАҒАМЫЗ НЕМЕСЕ МАҢДАЙЫ НЕ ҮШІН КЕСІЛЕДІ ?

Ертеде Сараман мен Қараман деген екі дос өмір сүріпті. Бірде Сараман досына ренжіп қалады. Бірақ онысын тамырына айтпайды. Бір күні Қараман атқосшысын ертіп, оған қонаққа келеді. Сараман досын құшақ жая қарсы алады. Іштегі назын бетіне шығармайды. Досы да құшағын тосады. Сараман досына арнап үлкен қошқарын сойып, батасын алады. Ет пісірім уақыт болды дегенде алдына бас тартады. Қараса, қойдың тістері қағылмаған екен. Досы оны байқамайды. Етін жеп, қымыз ішіп, арқа-жарқа болып, үйіне қайтады. Жолай атқосшысы: – Мырза, досыңыз бас тартқанда қойдың тісін қақпай әкелді. Сізге бір реніші бар екен, – дейді. Бай шошып кетіп: – Қалайша? Реніші болса, бас тартып сыйламас еді, – деп жауап береді. Атқосшы: – Марқұм әкем айтушы еді. Қазақ біреуге ренжісе, бетінен алмаған. Өзгенің көңіліне қаяу, жүрегіне қылау салармын деп сақтық еткен. Назын тұспалмен, ыммен білдіреді. Мұсылмандықта біреудің көңілін қалдырған, мың Қағбаны бұзғанмен бірдей екен. Сондықтан, дәу...
Толығырақ... Оқылды: 419 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 11.07.2019

Бауырыңның кемшілігін түзеудің әдептері

Адам баласының кемшіліксіз болуы мүмкін емес. Алайда, саналы адам өмірінің соңына дейін өзін-өзі қадағалап, ізгілерден өнеге,сын-ескертпелерден пайда, оқиғалардан ғибрат алып отыруы тиіс. «Мен ешқашан қателеспеймін» деп ойлайтын адам - ең үлкен қателесуші. Өйткені, «жаңылмайтынжақ,сүрінбейтін тұяқ жоқ». Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Адам баласының бәрі қателесуші. Қателесушілердің ең жақсысы ‒ тәубеге келгендері», ‒ деген. Ақылды адам өз нәпсісінің «жамандыққа бұйырушы» екенін біліп, оны тәрбиелеуі арқылы кемелдікке талпынады. Ал, сол жолда оған көмек беретін тек өзінің ақылы ғана емес. Кемелдікке жету үшін жанашырларың сыйға тартқан өз кемшілігіңді қабыл алуың да маңызды. Мұсылман адам өзіне қалағанды өзгеге де қаламайынша, шынайы иман келтірген болып саналмайды. Сондай-ақ, иманды адамның, әуелі өзін, кейін мұсылман бауырын ғапылдықта қалдыруына болмайды. Жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтарып отыру ‒ әрбір...
Толығырақ... Оқылды: 402 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 11.07.2019

Бітімге шақырған билердің бәтуасы

Төсекте басы қосылмаса да, төскейде малы қосылып, қатар жусап, бірге өрген қазақ жұртының әу бастан-ақ көздеген арманы мен діттеген мақсаты бір. Ол – ел бірлігі. Ел бірлігі, тұтастық, татулық туралы сөз етпеген ақын-жазушылар кемде-кем. Себебі, Балаларыма өсиет, Қылмаңыздар кепиет, Бірлігіңнен айырылма, Бірлікте бар қасиет, - (Ақтамберді) деп кеткен бабаларымыз қашаннан ырысы мен бақытының кілтін тек ынтымақтан іздеген. Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын):«Уа, Алланың құлдары! Өзара тату, бауырмал болыңдар...»- деген (Муслим). Жыраулар поэзиясындағы«Еділ бол да, Жайық бол, ешкімменен ұрыспа», «Мұсылманның баласы,сірә, бір кеңес құрыңыз,бірауызды болыңыз!» дейтін жолдар, міне, осы хадистерге негізделсе керек. Бірде елге жөн сілтеп, жол көрсетер ауыл ақсақалы қатты ауырып, қадірлі қарияның халін білмекке ауыл адамдары ағыла бастайды. Араларында үстеріне қару-жарақ асынған,...
Толығырақ... Оқылды: 371 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 11.07.2019

Баланы айқайсыз тәрбелеуге 6 қадам

Алаштың аяулы Абайы айтқандай, «өмірдің бір қызығы бала деген». Бала – Алланың адамға берген үлкен нығметтерінің бірі. Ол - ата-ананың жүрегінің, көзінің қуанышы, қиындықтарын ұмыттырушы, ұрпағын жалғастырушы. Бала – ең үлкен капитал. Ол сенің соңыңнан дұға жасайды, үйреткен біліміңді амалына асырып, артыңнан сауабы барып тұруына себепкер болады. Сондықтан болар, қасиетті хадис мәтіндерінде «Әкенің балаға беретін ең үлкен сыйы – жақсы тәрбие» делінген (Тирмизи). Ал бауыр еті баласын айқай-шусыз, қол жұмсаусыз, қорқытусыз тәрбиелеу – әрбір ата-ана үшін ең қалаулы да аңсаулы амал. Баласымен патшадай сөйлесетін аналар мен әкелерге қызығып жатуымыздың бір себебі де – осы. Ендеше, мамандар ұсынған әдістерге бір көз жүгіртейік: Дер кезінде өзіңе сауал қою. «Алысқанды алып ұрған мықты емес. Нағыз мықты ашуланғанда өзін ұстай білген адам» (Бұхари) деген даналық бала тәрбиесіне де тікелей қатысты екен. Бал...
Толығырақ... Оқылды: 353 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 11.07.2019

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 шілде

Бүгін – Бүкіләлемдік шоколад күні. "Тәтті" мерекені алғаш рет 1995 жылы француздар ойлап тапқан. Шоколадты алғаш болып ацтектер жасап үйренді деген болжам бар. Олар оған "құдайлар асы" деген атау берген. Шоколадты Еуропаға алғаш жеткізген испаниялық басқыншылар оны "қара алтын" деп атап, дене күшін нығайту үшін пайдаланған. Кейінірек бұл тәттіні Еуропада тек ақсүйектер жей бастады. Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, қара шоколад адамның есте сақтау қабілетін жақсартады. Сонымен қатар, көзі нашар көретін жандарға да септігін тигізеді екен. Сондай-ақ, бүгін Халықтардың бүкілдүниежүзілік күні аталып өтеді. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарында адамзат әлем халқының қарқынды өсіп келе жатқанын байқады. Бұл мәселе Біріккен ұлттар ұйымына мүше елдердің алаңдаушылығын туғызды. БҰҰ мәліметінше, 1987 жылы 11 шілдеде Жер шары халқының саны 5 миллиард адамға жуықтаған. Осылайша бұл күн шартты түрде Бес миллиард күні деген атау алды. 1989 жылы БҰҰ халықаралық мереке &n...
Толығырақ... Оқылды: 350 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 11.07.2019

ЖАУАПТЫ ЖОБА - "ҚҰТТЫ МЕКЕН"

Бәрімізге белгілі, Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның XVIII съезінде «Құтты мекен» жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Бұл жобаның басты мақсаты - жергілікті жерлерде инфрақұрлымды нығайту, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, газ, су құбыры, электрмен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуді және моноқалаларды дамыту жұмыстарын жалғастыру екені аян. Осы жоба аясында біз көтергелі отырған бірқатар мәселелер бар. Көксу ауданының "Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің" 2019 жылдың бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарын саралап, жасалынған жолдар бойынша талдау жасадық. Жалпы аудан жолдарына күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға ағымдағы жылы 383 776 мың теңге қаражат бөлінді. Атап айтсақ, Балпық би ауылындағы Амангелді көшесіне күрделі жөндеу жұмысын ұйымдастыруға 99 888 мың теңге, Амангелді көшесі бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпаз болып «Гор Дор Строй&raq...
Толығырақ... Оқылды: 618 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.07.2019

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУ – ОЛ БАҚЫТ

Мейірім мен жанашырлық болмаса бұл дүниедегі не нәрсе де мәнсіз, әрі суық сезіліп тұратыны шындық. Мұндайды қазақ атамыздың «Жылуы жоқ жүрек – құр кеуде», «Мейірім барда, мұңдық жоқ» немесе «Жайылым болмаса, мал азады, қайырымы болмаса, жан азады» деген нақыл сөздерінен де көруге болады. Қасиетті Құран Кәрімдегі барлық сүренің «Бисмиллаһир-Рахманир-Рахим» деп басталуы бәрінен бұрын Алланың рақымды, мейірімді сипатынан хабар беріп қана қоймай рақымдылық пен мейірімділіктің жалпы жаратылыстың түп негізі екендігін паш етеді. Жалпы ғаламдағы барлық нәрсе терең мейірім мен ыстық рақымның негізінде бар болып, өсіп-өнетіні белгілі. Бір сөзбен айтқанда, мейірімділік, рақымдылық, қайырымдылық деген мағыналы сөздердің түп төркіні біреу ғана. Адамның айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегі оның адамгершілігі мен иманының өлшемі болмақ. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адамдарға мейірімділік танытпағандарға Алла мейірімділік жасамайды&ra...
Толығырақ... Оқылды: 466 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 10.07.2019
{BLOCK:banners}
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.