Жаңалықтар
Атаның маған айтқан ақыл сөздері |
“Алатын кезде – алға озып, беретін кезде артта бұғып қалатын, алғаны мен бергенін жіпке тізіп санайтын адамнан аулақ жүр. Ондай адамнан құтылудың өзі – үлкен олжа” “Адам ешкімге сенбей, бәріне күдіктеніп, айналасындағыларды ылғи “алдамшы”, “қу”, “нашар адамдар” деп ойлап жүрсе, тура сондай сұмырайлар кездесе береді, қасыңа топталып, жинала береді” Өзгеден артық боламын деп арындама, шамаңды шақта. Тең түскенге қанағат ет. “Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыздық жалғыз атын сойғызар” деген ата-бабаң. Бірақ тепкіге төзбе, ешқашан аяққа басылмағын” “Адам өмірге, мынау жарық дүниеге жылап келеді. Ата-ана, туған-туыс айналасы шат-шадыман қуанады. Кетеріңде өзгелер жылап, өзің ризашылықпен қуанып кететіндей істе…” “Ғылым-білім деген – түпсіз тұңғиық. Жұмыр жердің бетінде оның түбіне жеткен жан жоқ. Дегенмен шетсіз-шексіз ілім-білім жолында әркім өзінің өресі, шама-шарқы... |
Толығырақ... Оқылды: 450 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 11.07.2019 |
СОЙЫЛҒАН МАЛДЫҢ ТІСІН НЕ ҮШІН ҚАҒАМЫЗ НЕМЕСЕ МАҢДАЙЫ НЕ ҮШІН КЕСІЛЕДІ ? |
Ертеде Сараман мен Қараман деген екі дос өмір сүріпті. Бірде Сараман досына ренжіп қалады. Бірақ онысын тамырына айтпайды. Бір күні Қараман атқосшысын ертіп, оған қонаққа келеді. Сараман досын құшақ жая қарсы алады. Іштегі назын бетіне шығармайды. Досы да құшағын тосады. Сараман досына арнап үлкен қошқарын сойып, батасын алады. Ет пісірім уақыт болды дегенде алдына бас тартады. Қараса, қойдың тістері қағылмаған екен. Досы оны байқамайды. Етін жеп, қымыз ішіп, арқа-жарқа болып, үйіне қайтады. Жолай атқосшысы: – Мырза, досыңыз бас тартқанда қойдың тісін қақпай әкелді. Сізге бір реніші бар екен, – дейді. Бай шошып кетіп: – Қалайша? Реніші болса, бас тартып сыйламас еді, – деп жауап береді. Атқосшы: – Марқұм әкем айтушы еді. Қазақ біреуге ренжісе, бетінен алмаған. Өзгенің көңіліне қаяу, жүрегіне қылау салармын деп сақтық еткен. Назын тұспалмен, ыммен білдіреді. Мұсылмандықта біреудің көңілін қалдырған, мың Қағбаны бұзғанмен бірдей екен. Сондықтан, дәу... |
Толығырақ... Оқылды: 436 Санат: ДӘСТҮР ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ Уақыты: 11.07.2019 |
Бауырыңның кемшілігін түзеудің әдептері |
Адам баласының кемшіліксіз болуы мүмкін емес. Алайда, саналы адам өмірінің соңына дейін өзін-өзі қадағалап, ізгілерден өнеге,сын-ескертпелерден пайда, оқиғалардан ғибрат алып отыруы тиіс. «Мен ешқашан қателеспеймін» деп ойлайтын адам - ең үлкен қателесуші. Өйткені, «жаңылмайтынжақ,сүрінбейтін тұяқ жоқ». Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Адам баласының бәрі қателесуші. Қателесушілердің ең жақсысы ‒ тәубеге келгендері», ‒ деген. Ақылды адам өз нәпсісінің «жамандыққа бұйырушы» екенін біліп, оны тәрбиелеуі арқылы кемелдікке талпынады. Ал, сол жолда оған көмек беретін тек өзінің ақылы ғана емес. Кемелдікке жету үшін жанашырларың сыйға тартқан өз кемшілігіңді қабыл алуың да маңызды. Мұсылман адам өзіне қалағанды өзгеге де қаламайынша, шынайы иман келтірген болып саналмайды. Сондай-ақ, иманды адамның, әуелі өзін, кейін мұсылман бауырын ғапылдықта қалдыруына болмайды. Жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтарып отыру ‒ әрбір... |
Толығырақ... Оқылды: 412 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 11.07.2019 |
Бітімге шақырған билердің бәтуасы |
Төсекте басы қосылмаса да, төскейде малы қосылып, қатар жусап, бірге өрген қазақ жұртының әу бастан-ақ көздеген арманы мен діттеген мақсаты бір. Ол – ел бірлігі. Ел бірлігі, тұтастық, татулық туралы сөз етпеген ақын-жазушылар кемде-кем. Себебі, Балаларыма өсиет, Қылмаңыздар кепиет, Бірлігіңнен айырылма, Бірлікте бар қасиет, - (Ақтамберді) деп кеткен бабаларымыз қашаннан ырысы мен бақытының кілтін тек ынтымақтан іздеген. Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын):«Уа, Алланың құлдары! Өзара тату, бауырмал болыңдар...»- деген (Муслим). Жыраулар поэзиясындағы«Еділ бол да, Жайық бол, ешкімменен ұрыспа», «Мұсылманның баласы,сірә, бір кеңес құрыңыз,бірауызды болыңыз!» дейтін жолдар, міне, осы хадистерге негізделсе керек. Бірде елге жөн сілтеп, жол көрсетер ауыл ақсақалы қатты ауырып, қадірлі қарияның халін білмекке ауыл адамдары ағыла бастайды. Араларында үстеріне қару-жарақ асынған,... |
Толығырақ... Оқылды: 383 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 11.07.2019 |
Баланы айқайсыз тәрбелеуге 6 қадам |
Алаштың аяулы Абайы айтқандай, «өмірдің бір қызығы бала деген». Бала – Алланың адамға берген үлкен нығметтерінің бірі. Ол - ата-ананың жүрегінің, көзінің қуанышы, қиындықтарын ұмыттырушы, ұрпағын жалғастырушы. Бала – ең үлкен капитал. Ол сенің соңыңнан дұға жасайды, үйреткен біліміңді амалына асырып, артыңнан сауабы барып тұруына себепкер болады. Сондықтан болар, қасиетті хадис мәтіндерінде «Әкенің балаға беретін ең үлкен сыйы – жақсы тәрбие» делінген (Тирмизи). Ал бауыр еті баласын айқай-шусыз, қол жұмсаусыз, қорқытусыз тәрбиелеу – әрбір ата-ана үшін ең қалаулы да аңсаулы амал. Баласымен патшадай сөйлесетін аналар мен әкелерге қызығып жатуымыздың бір себебі де – осы. Ендеше, мамандар ұсынған әдістерге бір көз жүгіртейік: Дер кезінде өзіңе сауал қою. «Алысқанды алып ұрған мықты емес. Нағыз мықты ашуланғанда өзін ұстай білген адам» (Бұхари) деген даналық бала тәрбиесіне де тікелей қатысты екен. Бал... |
Толығырақ... Оқылды: 361 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 11.07.2019 |
Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 11 шілде |
Бүгін – Бүкіләлемдік шоколад күні. "Тәтті" мерекені алғаш рет 1995 жылы француздар ойлап тапқан. Шоколадты алғаш болып ацтектер жасап үйренді деген болжам бар. Олар оған "құдайлар асы" деген атау берген. Шоколадты Еуропаға алғаш жеткізген испаниялық басқыншылар оны "қара алтын" деп атап, дене күшін нығайту үшін пайдаланған. Кейінірек бұл тәттіні Еуропада тек ақсүйектер жей бастады. Зерттеу нәтижелеріне сүйенсек, қара шоколад адамның есте сақтау қабілетін жақсартады. Сонымен қатар, көзі нашар көретін жандарға да септігін тигізеді екен. Сондай-ақ, бүгін Халықтардың бүкілдүниежүзілік күні аталып өтеді. Өткен ғасырдың 60-шы жылдарында адамзат әлем халқының қарқынды өсіп келе жатқанын байқады. Бұл мәселе Біріккен ұлттар ұйымына мүше елдердің алаңдаушылығын туғызды. БҰҰ мәліметінше, 1987 жылы 11 шілдеде Жер шары халқының саны 5 миллиард адамға жуықтаған. Осылайша бұл күн шартты түрде Бес миллиард күні деген атау алды. 1989 жылы БҰҰ халықаралық мереке &n... |
Толығырақ... Оқылды: 358 Санат: ЛАЙФСТАЙЛ Уақыты: 11.07.2019 |
ЖАУАПТЫ ЖОБА - "ҚҰТТЫ МЕКЕН" |
Бәрімізге белгілі, Елбасы – Nur Otan партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның XVIII съезінде «Құтты мекен» жобасын іске асыруды тапсырған болатын. Бұл жобаның басты мақсаты - жергілікті жерлерде инфрақұрлымды нығайту, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту, газ, су құбыры, электрмен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуді және моноқалаларды дамыту жұмыстарын жалғастыру екені аян. Осы жоба аясында біз көтергелі отырған бірқатар мәселелер бар. Көксу ауданының "Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің" 2019 жылдың бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарын саралап, жасалынған жолдар бойынша талдау жасадық. Жалпы аудан жолдарына күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруға ағымдағы жылы 383 776 мың теңге қаражат бөлінді. Атап айтсақ, Балпық би ауылындағы Амангелді көшесіне күрделі жөндеу жұмысын ұйымдастыруға 99 888 мың теңге, Амангелді көшесі бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпаз болып «Гор Дор Строй&raq... |
Толығырақ... Оқылды: 630 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.07.2019 |
ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАУ – ОЛ БАҚЫТ |
Мейірім мен жанашырлық болмаса бұл дүниедегі не нәрсе де мәнсіз, әрі суық сезіліп тұратыны шындық. Мұндайды қазақ атамыздың «Жылуы жоқ жүрек – құр кеуде», «Мейірім барда, мұңдық жоқ» немесе «Жайылым болмаса, мал азады, қайырымы болмаса, жан азады» деген нақыл сөздерінен де көруге болады. Қасиетті Құран Кәрімдегі барлық сүренің «Бисмиллаһир-Рахманир-Рахим» деп басталуы бәрінен бұрын Алланың рақымды, мейірімді сипатынан хабар беріп қана қоймай рақымдылық пен мейірімділіктің жалпы жаратылыстың түп негізі екендігін паш етеді. Жалпы ғаламдағы барлық нәрсе терең мейірім мен ыстық рақымның негізінде бар болып, өсіп-өнетіні белгілі. Бір сөзбен айтқанда, мейірімділік, рақымдылық, қайырымдылық деген мағыналы сөздердің түп төркіні біреу ғана. Адамның айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегі оның адамгершілігі мен иманының өлшемі болмақ. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адамдарға мейірімділік танытпағандарға Алла мейірімділік жасамайды&ra... |
Толығырақ... Оқылды: 475 Санат: ИМАНАШАР Уақыты: 10.07.2019 |
Талдықорғанда "Печа куча" форматында конференция өтті |
Еліміздің қалалары Елордаға қарап бой түзейді. Бас қаладағы бастамалар басқа аймақтарда да қолға алынып жатыр. Соның бірі келешекте Талдықорғанда жаңа сипатпен жүзеге аспақ. Бұл мәселе Жастар саябағында "Печа куча" форматында өткен конференцияда талқыланды. Онда әр аймақтан келген спикерлер өздерінің ауқымды жобаларын таныстырды. Ал, "Алматы байк" компаниясының өкілі Әнуар Жүсіпов велоспортты дамыту бойынша тың жобасын көпшілік назарына ұсынды. Егер ол жүзеге асатын болса, арнайы веложолдар мен велотұрақтар салынбақ. Осылайша адамдар арасында салауатты өмір салтын насихаттау көзделген. Сонымен қатар, бұл жоба экологиялық ахуалды да жақсартуға сеп болады. Жобаның жүзеге асуына қанша ақша кететінін айта алмаймын. Бірақ, Талдықорған үшін көп қаржы қажет емес. Веложобаны жүзеге асырған дұрыс. Себебі, экологиялық жағынан тиімді және адам денсаулығы үшін де пайдалы,-деді "Аlmaty bike" компаниясының өкілі Әнуар Жүсіпов. Жүз сексен мың халқымыз 5 жылда жарты... |
Толығырақ... Оқылды: 368 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.07.2019 |
Қаратал ауданында 100 отбасыға пәтер кілті табысталды |
Бүгін Елорда күні қарсаңында Үштөбе қаласы Шаңырак шағын ауданында жəне Акын Сара көшелерінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйлер пайдалануға берілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Амандық Ғаббасұлы қатысып, 100 отбасыға пәтер кілтін табыстады. Облыстық бюджеттен бөлінген 200 млн теңге қаржыға Шаңырак шағын ауданындағы қырық пәтерлі тұрғын үй сатып алынған. Сондай-ақ 2018 жылдың 15 наурызында Үштөбе қаласындағы Акын Сара көшесіндегі 60 пәтерлі жалгерлік тұрғын үй «Нұр-Шапағат-Құрылыс» ЖШС-мен келісім-шарт жасалып, биыл құрылысы толықтай аяқталды. Аталған үй аудан бойынша кезекте тұрған мұқтаж азаматтарға берілді. «Мереке қарсаңында қоныстанғалы отырған баспаналарыңыз құтты болсын. Мемлекеттің осындай игі істері алдағы уақытта да жалғасын табатын болады»,- деді облыс әкімі. Жаңа пәтерге жайғасқандардың басым көпшілігін көп балалы және мүгедек балалары бар отбасылар құрайды. Пәтер кілтін иеленгендер облыс, аудан басшылығына ризашылығын білдіріп, алғыстарын... |
Толығырақ... Оқылды: 425 Санат: ӘЛЕУМЕТ Уақыты: 10.07.2019 |